Әдіс пен технология



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Әдіс пен технология
Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз,-деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.
В.Кларин технология сөзінен қандайда болсын істегі шеберлікті, оқыту-үйретудегі амалдардың жиынтығы, ал педагогикалық технология (тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, оқыту технологиясы) педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығымен жұмыс істеудің реті - деп түсінік берді. Педагогикалық жаңа технология - іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс-тәсілдер. Ендеше педагогикалық технология - оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі, технология - ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын өмірге енгізуге ұмтылуы. Педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, тұрпаттары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әрбір құрамның басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды
Жаңа технология түрлерін сабақ үрдісінде пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.
Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:
І кезең: оқып-үйрену;
ІІ кезең: меңгеру;
ІІІ кезең: өмірге ендіру;
IV кезең: дамыту.
1. Жаңа педагогикалық технология мақсаты - оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп.
2. Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
3. Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту - мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.
4. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:
- ассоциация;
- бірлестік қызмет;
- көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Бұл технология бойынша:
- оқу үрдісінде қызығушылық артады;
- оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;
- оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі.
Әдіс - нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы. Педагогикада білім беру мен тәрбие әдістерін жасау мен оларды жіктеу проблемасы негізгілердің бірі болып табылады.
Бақылау әдісі
Белгіленген ережелерді сақтауға, сондай-ақ қойылған талаптар мен міндеттерді орындауға үйрету мақсатымен оқушылардың іс-әрекеті мен мінез құлығына байқау жүргізу.
Бақылау құралдары:
оқушылардың мінез құлқы мен жұмысын күнделікті қадағалау;
тапсырманы немесе қоғамдық жұмысты орындағаны жөнінде жеке әңгіме, жүргізу;
оқушылардың жолдастары алдын да өз жұмысы мен тәртібі жөнінде есеп жасаулары.
Байқап көру мен қателер әдісі
Үйретудің бір типі. Оны өткізгенде бір білімді үйретуге қажет дағдыға соған байланысты әрекетті бірнеше рет қайталау мен жіберілген қателерді түзеу арқылы қол жеткізіледі.
Жобалар әдісі
Оқушылардың білімдері мен дағдыларын үнемі күрделендіріліп отырылатын практикалық тапсырмаларды, яғни жобаларды жоспарлауы мен орындауы процесінде қалыптастыратын оқыту жүйесі. XIX ғ. екінші жартысында АҚШ-та пайда болған. 1920-жылдары кеңестік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектепте технология пәнін оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамаларын талдау
Әлеуметтік жұмыс технологиясының түсінігі
Көркем еңбек сабағында оқушылардың жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы шығармашылығын дамыту
Оқушыларды шығармашылық жоба жұмыстарын орындау барысында инновациялық технологияларды пайдалану
Сабақ - оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы
Көркем еңбек сабағында жобалау әдісін қолдану
Оқу әрекетін ұйымдастырудың инновациялық сипаты
Педагогикалық технологиялардың қазіргі білім беру саласындағы маңызы
Инновациялық педагогикалық технология ұғымының мәні
Пәндер