Кедергіні бір аспаппен өлшеу тәсілі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың;
әдістемелік нұсқаулардың титул парағы

Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.340 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Автоматтандыру және басқару кафедрасы

Атқару механизмдер АЖБ 2
пәні бойынша

050207 – Автоматтандыру және басқару
мамандығының студенттеріне арналған
зертханалық сабақтар
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ

Павлодар

Әдістемелік ұсыныстар мен Нысан
нұсқауларды; әдістемелік ПМУ ҰС Н 7.18.341
ұсыныстарды; әдістемелік
нұсқауларды бекіту парағы

БЕКІТЕМІН
Энергетика факультетінің деканы
____________ Кислов А.П.

20__ж. _______________

Құрастырушы: аға оқытушы____________________________ ______ Б.Б. Исабекова

Автоматтандыру және басқару кафедрасы

Атқару механизмдер АЖБ 2
пәні бойынша
050702 – Автоматтандыру және басқару мамандығының студенттеріне
арналған
әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
зертханалық сабақтар

Кафедраның отырысында ұсынылды
20__ж. _________________,№__ хаттама

Кафедра меңгерушісі _____________ Хацевский В.Ф. 20__ж. ____ ________

Энергетика факультет ОӘК мақұлданды

20__ж. _________________, №____ хаттама

ОӘК төрағасы _______________ Кабдуалиева М.М 20__ж. ____ ________

1 Зертханалық жұмыс
1.1 Көрсеткіш аспаптардың жалпы қасиеттерін зерттеу
Жұмыстың мақсаты: амперметр, вольтметр, ваттметр аспаптардың
нақтылығын зерттеу. Аспаптардың вариацияларын және тынышталу уақытын
анықтау.
1.2 Негізгі мәліметтер
Құралдың нақтылығы, онда белгіленген нақтылық класымен
сипатталады.Оған сәйкестігі аспаптың негізгі келтірілген қателікті
анықтауымен және сыртқы жағдайдың нормалды жағдайдан өзгеруінен қойылады.
Аспаптың нақтылық класы, жіберілетін қателіктер шамасы және сыртқы
жағдайлардың әсерінен өзгерген көрсетулер (аспаптың қалпы, сыртқы
температурасы, сыртқы магнит өрісі және т.б.) 1845 – 59 МЕСТ “Электрөлшеуіш
аспаптар. Жалпы техникалық шарттар” қалыптасқан.
Мұнда қалқанды және алып жүретін электрөлшеуіш аспаптарға қойылатын
жалпы техникалық талаптар бар. Аспаптардың бөлек бөлшектеріне, корпусқа,
шкаласына, спиральды серіппелеріне және т.б. немесе аспаптардың жеке
категорияларына- амперметр, вольтметр, ваттметр және т.б. техникалық
талаптар арнайы жеке мемлекеттік стандарттарда жинакталған.
Құралдың дәлдігі оның қателіктерімен сипатталады:
1) Абсолюттік қателік

(1.1)
мұнда – аспаптың көрсетуі;
- өлшеуіш шаманың нақты мәні, үлгілі аспап бойынша
есептелген мәнді қабылдайды;
2) Қатысты қателік
(1.2)
3) Келтірілген қателік
(1.3)
мұнда - өлшеуіш аспаптың номинал мәні (шкаланың жұмыс
бөлгінің соңғы мәні).
Аспаптың көрсетуі қолданылатын жағдайлардан (қоршаған орта
температурасынан, сыртқы магнит өрісінен, ток жиілігінен,т.б)тәуелді
болады. Өлшенбейтін,бірақ аспаптардың көрсетуін өзгертетін барлық шамалар
әсер етуші шамалар деп аталады.
Тіректердегі үйкелулігі, сонымен қатар крендер мен табандықтардың
төзуі, параметрлердің тұрақты болмауы, созылмалар және т.б. жағдайлар
аспаптардың вариациясына әкеліп соғады. Аспап көрсетуінің вариациясы деп
аспаптың қайталама жеке көрсетулерінің арасыдағы, сыртқы жағдайлары
өзгермеген кезіндегі өлшеуіш шаманың бір мәніне сәйкес айырмасын айтады.
Аспаптың көрсету вариациясы шкаланың жұмыс бөлшегінің соңғы мәнінен
пайызбен көрсетіледі және тексеруші құралдың басты қателігін анықтауымен
қатар шкаланың әрбір белгіленуінде өлшеуіш шаманың өсу кезінде, содан кейін
кему кезінде анықталынады.
1.3 Жүмыс бағдарламасы
1.3.1 Стендтегі аспаптармен танысу. Аспаптардың тізімін құру, есеп
қағазына бұл аспаптардың құжаттық берілгендерің жазу.
1.3.2 Әдістемелік құралға сәйкес, вольтметрдің тексеруін жүргізу.
1.3.3 Амперметрдің тексеруін жүргізу.
1.3.4 Ваттметрдің тексеруін жүргізу.
1.3.5 Негізгі келтірілген қателікті анықтау және тексеретін аспаптардың
көрсетуінің вариациясын анықтау.
2 Зертханалық жүмыс

2.1Бір фазалы токтың активті энергиясының санауышын тексеру
Жұмыс мақсаты: Кернеу мен токтың бөлек тізбектерінің әдісі бойынша
бір фазалық индукциялық санауштың схемасын меңгеру. Өлшеуіш механизмнің
жұмысын тексеру.
2.2 Негізгі мәліметтер
Бір фазалық ток тізбегінде шығындалатын активті электр энергияны
өлшеу үшін, 50 Гц жиілікте жұмыс істейтін индукциялық жүйенің электрлік
санауышы қолданылады.
Жиіліктің 50 Герцтен жоғары немесе төмен ауытқуы шығындалған
энергияны есептегенде үлкен қателікке әкеліп соқтырады.
Интегралдық құрылғы болып табылатын электр санауыштарда белгілі уақыт
аралығында шығындалған электр энергия шамасы көлденен білікте бос отырған
(2.1 сурет) ролик (4-5 ролик) типтес арнайы санау механизмімен анықталады.
Жүктемені қосқанда роликтік механизм жеңіл алюминий дискі бекітілген
тік білігі бар тісті-құртты жеткізіп бергіштің көмегімен айналады.
Дискімен қоса үзіліссіз есептеу механизмінің бірінші ролигі айналады, ал
оның толық айналып болуы екінші роликтің айналуына әкеледі. Екінші роликтің
толық айналымы үшінші роликтің іске қосылуына әкеледі және т.с.с.
СО санауышында санағыш механизмде біліктен қос құртты жеткізіп бергіш
арқылы қозғалысқа келетін, сандар салынған 4 ролик және сол біліктен жай
құртты жеткізіп бергіш арқылы жетегі бар қалқада орналасқан дискінің
айналым санын меңзейтін жебесі бар. Санағыш механизм мен санауыш дискісінің
өсі аралығында орналасқан құртты беріліспен тісті доңғалақтың беріліс
санына байлынысты, әр бір тіркелген электр энергия бірлігіне санағыштың
қалқанында жеткізіп бергіш дискісінің белгілі айналым сандары жауап
береді. Ол санағыш механизмінің беріліс саны деп аталады. Мысалы: 1 кВт.
сағ – 5000 диск айналымы.
Санауыштың санағыш механизмінің беріліс санына кері және дискінің бір
айналымының нәтижесінде тіркейтін энергияның Сн шамасын санауыштың
номиналды тұрақтысы деп атаймыз.
Егер 1 кВт.сағ дискінің айналымына сәйкес келсе, онда
санауыштың Вт секайналыммен берілген номиналды тұрақтысы келесі түрде
анықталады

(2.1)

Белгілі уақыт аралығында шығындалған электр энергиясы шамасы санағыш
механизмінде қарастырмалы аралықтың соңы мен басында жүргізілген санақтың
айырмашылығымен анықталады.
2.4 Жұмысты орындау бойынша нұсқау
2.4.1 Эксперименталды қондырғының аспап, аппарат және жабдықтарымен
танысып, сынақ хаттамасына оның техникалық сипаттамасын жазып алу.
2.4.2 2.4 суретінде көрсетілген сызба бойынша тізбекті жинақтау.
2.4.3 “П” ауыстырып қысқышты – ге “В” қалпына келтіру. “К”
кілтін тұыйқтау.
2.4.4 АТ1ЛАТР көмегімен кернеуді номиналдыға дейін ақырын көтеру. АТ2
және R реостатпен санауыштың номиналды тогын белгілеу, санауыштың бастапқы
көрсетуін жазып алып, 15 минут бойы осы режимді ұстап тұру, кейін әртүрлі
жүктемедегі соңғы көрсетуін жазып алу.
2.4.5 10,25,50,100% номиналды мәнге жақын санауыштың кезекті
орамындағы токты R жүктемелі реостатпен белгілеу. Таңдаулы уақыттағы
кернеудің тұрақты мәнінде санауыш дискісінің айналым санын есептеу.
2.4.6 “П” бірполюсті ауыстырып қосқышты “С” қалпына келтіріп, дәл сол
жүктемелердегі санауыш жұмысын тексеруді жүргізу, бірақ cos(=0,5-ке.
2.4.7 Санағыштың сезімталдығын анықтау үшін “П” бірполюсті ауыстырып
қосқышты “В” қалпына келтіру, санағыш тогынның 1,5% номиналдығына жақын
токты реостатпен реттеп, номиналды кернеуді ЛАТР мен қолдай отыра, токты
өзгерту және дискінің тоқтаусыз айналымына әкелетін Pmin ең аз қуатты табу
керек.
2.4.8 Реостатқа баратын кез келген сымды ажырату арқылы санағыштың
кезекті тізбегін үзіп біртіндеп ЛАТР мен өздігінен жүргіштік яғни
жүктеменің жоқ кезіндегі дискінің тоқтаусыз айналуына әкелетін кернеуге
ауыстыру керек.

3 Зертханалық жұмыс
3.1 Үшфазалық ток тізбегіндегі активті және реактивті қуат пен
энергияны өлшеу
Жұмыс мақсаты: Үшфазалық ток тізбегіндегі активті қуат пен энергияны
өлшеу әдістерін меңгеру, бірфазалық ваттметр принципімен танысу.
3.2 Негізгі мәліметтер
Орама саны аз қалың сымды қозғалмайтын орама тізбекке бір ізді, ал
қозғалмалы сыртқы қосылған немесе корпусқа енгізілген қосымша
кедергімен тұтынылатын қуат, есептелінетін тізбек бөліміне параллель
қосылады.
Аспап шкаласында бүл аспапқа арналған ток пен кернеудің номиналды
мәндері келтіріледі. Ваттметр тілшесінің қажетті бағытқа ауыткуы үшін,
аспапты қосу заңдылықтарын қатаң сақтау қажет. Мұнда, электр энергиясы
аспапқа қысқыштары () жұлдызшамен белгіленген орамалардың генераторлық
шегі жағынан келуі керек.
3.2.1 Үшфазалық ток тізбегіндегі активті қуатты өлшеу. Үшфазалық
жүйені қосу сызбасында жүктемеге тәуелсіз t1- t2 кескінінен активті қуат P
келесі түрде анықталады

(3.1)
Толық симметрия кезінде
(3.2)
мұндағы көрсетілген кернеу мен ток арасындағы бұрыш.
Л индексі сызықты ток пен кернеуге қатысты,
Ф индексі фазалық кернеу мен токты белгілейді.

Үшфазалық жүйеде жүйе қуатының Р лездік мәні, жүктеменің үшбұрыш
немесе жұлдызша түрінде қосу сызбасына тәуелсіз, жеке фазалардың лездік
мәні сомассына теңеледі. Айтылғандар негізінде қабылдағыштарды жұлдызша
түрінде қосу кезінде келесіні жазып алуға болады
(3.3)

мұндағы фазалық кернеулердің лездік мәндері, В;
фазалық токтардың лездік мәндері, А.
Кирхгофтың бірінші заңы негізінде және екенін есепке ала
отырып, теңдеу тогының бірін алып тастауға болады. (3.3) теңдеуін үш
формада таныстыруға болады.

(3.4)
Осы қорытындыға үшбұрыш сызбасына қосқан жағдайда да келуге болады.
Сол арқылы, үшсымдық жүйенің лездік қуаты лездік мәнінен орташаға ауысатын
екі қосынды соммасымен белгіленуі мүмкін, алатынымыз
(3.5)
мұндағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электронды вольтметрлер арқылы кернеуді өлшеу
Электрлік өлшеулер және өлшеу аспаптары
МУЛЬТИМЕТРЛЕР
Элементарлы өлшеу құралдары
Ток күшін өлшеу
МЕТРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨЛШЕУ Оқу құралы
Қазіргі заманғы элеткрондық өлшеуіш техникалар
Байланыс жолдарының типтері
Электрлік өлшеудің қателіктері
Электр аспаптарының құрылымы
Пәндер