Білім беру мазмұнын қалыптастыру теориялары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі мектептегі білім беру мазмұны.
Мақсаты - білім беру мазмұны ұғымының мәні мен оның жасаудың принциптерін түсіндіру.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Білім беру мазмұны түсінігіне сипаттама.
2. Білім беру мазмұнын қалыптастыру теориялары.
3. Білім беру мазмұнын анықтайтын негізгі құжаттар.
4. Жалпы, политехникалық, кәсіби білім берудің өзара байланысы.

1. Халыққа білім беру ісін жетілдіру - мемлекеттің білім беру саясатының өзекті мәселелерінің бірі.
Білім беру мазмұны - оқыту процесінің компоненттерінің бірі. Білім беру мазмұны - жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, педагогикалық адаптацияланған білім, іскерлік, дағдылардың, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен эмоционалдық-жігерлік қатынас тәжірибесінің жиынтығы немесе жүйесі.
Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде нені оқыту керек? сұрағына жауап береді. Оқушыларды дамыту үшін оларға адамзат жинақтаған дер, іскерліктер мен дағдылардың жүйесін меңгерту керек.
Білім беру мазмұнын құрайтын компоненттер төмендегідей болып табылады:

Білім беру мазмұнының компоненттері
Білім
Іскерлік
Дағды
Шығармашылық
іс-әрекет тәжірибесі
Эмоционалдық-жігерлік
қатынас тәжірибесі
Білім беру мазмұнының компоненттері
Білім
Іскерлік
Дағды
Шығармашылық
іс-әрекет тәжірибесі
Эмоционалдық-жігерлік
қатынас тәжірибесі

Білім беру мазмұны тарихи сипатқа ие, өйткені адамзат дамуының әрбір кезеңінде, білім берудің мақсаты мен міндеттері қоғам талабына сай өзгеріп отырады, сәйкесінше білім беру мазмұны да өзгеріске ұшырайды.
рррооооооЖас ерекшеліктер
Қоғам
қажеттіліктері
Ғылым мен
техниканың
дамуы
Қоғамның әлеуметтік-
экономикалық
жағдайы
Білім беру
мазмұнын анықтауға
әсер етуші факторлар
Ұлттық және
жалпыадамзаттық
құндылықтар
Жас ерекшеліктер
Қоғам
қажеттіліктері
Ғылым мен
техниканың
дамуы
Қоғамның әлеуметтік-
экономикалық
жағдайы
Білім беру
мазмұнын анықтауға
әсер етуші факторлар
Ұлттық және
жалпыадамзаттық
құндылықтар

Қазіргі дүние жүзі бойынша білім беру мазмұнын гуманизациялау, компьютерлендіру, интеграциялау (кіріктіру), тұлғаның даму ережелеріне негізделе отырып құрастырады.
Мектеп халық шаруашылығының әр түрлі саласында белсенді, қызметке қабілетті, саналы, жоғары білімді адамдарды тәрбиелеу үшін қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындайды. Білім беру мазмұнының деңгейін көтеруде төмендегідей принциптер қолданылады:

Білім беру мазмұнын қалыптастырудың принциптері
Білім беру мазмұнын қалыптастырудың принциптері

Білім беру мазмұнын фундаментализа-циялау
Білім беру мазмұнын фундаментализа-циялау
Білім беру мазмұнын гуманитариза-циялау

Білім беру мазмұнын гуманитариза-циялау

Білім беру мазмұнының қоғам дамуының талаптарына сай болуы
Білім беру мазмұнының қоғам дамуының талаптарына сай болуы
Оқытудың мазмұндық және процессуал-дық жақтарының тұтастығы
Оқытудың мазмұндық және процессуал-дық жақтарының тұтастығы

Білім беру мазмұнының қоғам дамуының талаптарына сай болу принципі:
Ол білім беру мазмұнына дәстүрлі қажетті білім, іскерлік, дағды мен қоғамның қазіргі дамуына, ғылымның, мәдениеттің даму деңгейіне сай білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруды талап етеді.
Оқытудың мазмұндық және процессуалдық жақтарының тұтастығы принципі:
Ол білім беру мазмұнын іріктеуде оны меңгерту технологиясын ескеруді талап етеді, яғни реалды педагогикалық жағдайда меңгертілетін білімдерді ғана таңдауды қажет екенін ескертеді.
Білім беру мазмұнын гуманитаризациялау принципі:
Ол оқушылардың барлық пәндерді оқу барысында шығармашылық және практикалық әрекет негізінде жалпыадамзаттық мәдениет құндылықтарын меңгертуді талап етеді.
Білім беру мазмұнын фундаментализациялау принципі:
Бұл принцип гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарын интеграциялауын, пәнаралық байланысты түзеуді талап етеді.
Білім беру мазмұны оқушыларды қоғам субъектісі ретінде қалыптастыруда маңызды орын алатындықтан, оны іріктеу, күрделі мәселе болып отыр. Сондықтан педагогикалық ғылым мен тәжірибесінде білім беру мазмұнын іріктеудің негізгі критерийлері анықталған.
Білім беру мазмұнын іріктеу критерийлері:
Оқушыларды біліммен қаруландыруда табиғатты қорғау, еңбек, өмірге жауапкершілікті қатынасты тәрбиелеу қажеттілігі;
Білім беру мазмұны негізінде ұлттық, мәдени, тарихи байлықты жалпыадамзаттық мәдени мұрасымен ұштастыру;
Білім беру мазмұнында әлеуметтік-экономикалық жағдайларын ескерудің маңыздылығы;
Пәнаралық және пәнішілік байланыстарды ғылыми-әдістемелікнегізде жүзеге асыру;
Білімнің ғылыми және практикалық маңыздылығы;
Оқу пәндерінің мазмұны оқушылардың жас мүмкіншіліктеріне сай болуы;
Оқу пәнінің көлемі оны меңгеруге бөлінген мерзімге сай болуы;
Білім беру мазмұнының халықаралық тәжірибеге сай болуы;
Білім беру мазмұнының мектептің оқу-әдістемелік және материалдық базасына сай болуы.
Жалпы алғанда мектептегі білім берудің мазмұнын анықтау мына мәселелерді қамтамасыз етуі тиіс:
табиғат, техника, мәдениет, адам жайындағы білім ді қалыптастыру;
диалектикалық-материалистік көзқарасты қалыптастыру;
адамды жан-жақты дамыту міндеттерін тиянақты шешу;
жастарды өмірге, еңбекке, мамандық таңдауға даярлау.
Сонымен, білім беру мазмұны дидактикалық талаптар негізінде қай сыныпта, қандай көлемде, қандай пәндер оқытылуы керектігін белгілейді.

2. Білім беру мазмұнын қалыптастырудың негізгі теориялары XVIII ғ. аяғы - XIX ғ. басында пайда болды. Ол материалдық және формалдық теориялар.
Материалдық теорияны дидактикалық материализм немесе энциклопедизм теориясы деп те атайды.Оның ұстанушылары, білім берудің мақсаты - оқушыларға ғылымның әр саласынан неғұрлым көп мөлшерде білім беру деп есептеді. Бұл көзқарасты сонау ХVІІ ғасырда Я.А.Коменский де ұстанған болатын. Өз өмірінің біршама уақытын ол, оқушыларға қажетті барлық білімді қамтитын оқулықтарды құрастыруға арнады.
Білім беру мазмұнын қалыптастырудың материалдық теориясын ұстанушылар - ХІХ ғасырдың көптеген әйгілі педагогтары еді. Бұл тұжырымдаманың ұстанушылары бүгінгі күні әлі баршылық. Оған дәлел, кейбір оқу бағдарламалары мен оқулықтарды талдайтын болсақ, олар оқушылар меңгеруі мүмкін емес білім көлемін қамтиды.
Формалдық теория немесе дидактикалық формализм теориясы, оқытуды оқушылардың қабілеттіліктері мен таным қызығушылықтарын дамытудың құралы ретінде қарастырды. Оқу пәндерін іріктеуде басымдық, дамытушылық құндылығы бар пәндерге, яғни математика мен классикалық тілдерге берілді.
Дидактикалық формализмнің ұстанушылары ежелгі заманда да болды. Оның біреуі Гераклит еді, оның пікірінше көп білім ақылды қалыптастырмайды. Осы көзқарасты Цицерон да ұстанған болатын. Дидактикалық формализм теориясының жаңа замандағы ірі өкілі - Песталоцци болды. Оның айтуынша, оқытудың басты мақсаты - оқушылардың ойлауының дұрыстығын қамтамасыз ету. Германияда бұл теорияның ірі өкілі - А.Дистервег болды.
Формалдық теория ұстанушыларының маңызды жетістігі - олардың оқушылар қабілеттіліктері мен танымдық қызығушылықтарын, есте сақтауын, ойлауын дамыту қажеттілігін көрсетіп беруінде. Бұл тұжырымдаманың кемшілігі, онда тек инструменталдық пәндер (тілдер, математика) ғана көрініс тапты.
Фактілерді (заттарды, құбылыстарды, оқиғалар мен процестерді) тану ойлауды қалыптастыратын болса, сол сияқты ойлаудың дамуы оқушылардың фактологиялық білімдерді меңгеруі қамтамасыз етеді. Бұл екі жақты диалектикалық байланысты материализнің де, формализмнің де ұстанушылары ескермеді.
Бұл екі теорияны ХІХ ғасырдың соңында К.Д.Ушинский теріске шығарды. Оның пікірінше, мектеп, адамды біліммен байыту керек және сонымен бірге осы білімді қолдануды үйрету қажет, сөйтіп ол білім берудің мазмұнын іріктеуде материалдық және формалдық теориялардың бірлігін қамтамасыз ету идеясын ұсынды.

3. Білім беру мазмұны арнайы түрде, білім беру министрлігінде бекітілген, төмендегідей құжаттарда нақтыланады:

Білім беру мазмұнын анықтайтын негізгі құжаттар
Білім беру мазмұнын анықтайтын негізгі құжаттар
Білім беру туралы Заң
Мемлекеттік білім беру стандарты
Оқу жоспары
Оқу бағдарламасы
Оқулықтар
Білім беру туралы Заң
Мемлекеттік білім беру стандарты
Оқу жоспары
Оқу бағдарламасы
Оқулықтар

Білім беру туралы заң
Білім беру туралы заң

Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы 1999 жылы 7 маусымда қабылданған. Білім беру туралы Қазақстан Республикасының Заңы мемлекеттік білім беру саясатын анықтайды.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясат принциптері:
үздіксіз білім беру;
барлық адамдардың білім алуға тең құқықтығы;
жалпы орта білімнің тегіндігі;
орта білім нің міндеттілігі.
Мемлекеттік білім беру стандарты
Мемлекеттік білім беру стандарты

Standart (ағылшын) - норма, үлгі, мөлшер дегенді білдіреді.
Мемлекеттік білім беру стандарты - мемлекеттік нормалар деп танылған және қоғам сұраныстары мен тұлға қажеттігі мен мүмкіндіктеріне сай білім деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштер жүйесі.
Мемлекеттік білім беру стандартының атқаратын функциялары:
азаматтардың толық мәнді білім алу құқығын қамтамасыз ету;
республика деңгейінде білім беру кеңістігінің тұтастығын қамтамасыз ету, яғни оқу мекемесінің типіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру мазмұнын қалыптастырудың принциптері
Педагогика және психология мамандығына арналған Психологиялық менеджмент
Теориялық және қолданбалы әлеуметтану.
Педагогика ғылымының мазмұны оның тарихында қалыптасқан рухани мұралар мен құндылықтар әлемі
Интеллектуалды даму деңгейі
КӨШБАСШЫҒА ТӘН ҚАСИЕТТЕР
Педагогикалық менеджмент маңызы
Әлеуметтану ғылымының объектісі, оның пәні және әдістері
Жеке тұлғаға бағыттап оқытудың дәстүрлі педагогикалық оқытудан айырмашылығын анықтау
Қазіргі студенттің психологиялық портретін құру
Пәндер