Қазақстанның ұлттық ерекшеліктері


Қазақстанның ұлттық ерекшеліктері
Қазақтың негізгі басқа ұлттардан ерекшеліктері ұлттық патриотизм болып табылады. Сонау 1465 жылдан бастап ҚАЗАҚ деп аталған сәттен бастап ұлттық рухымыз биік болған. Атап өтетін ерекшеліктерінің тағы бірі бұл - қонақжайлылығымыз. Сол бір аштық заманында қолындағы соңғы бір үзім нанына дейін бөліп берген. Қуғын сүргін кезінде басқа ұлт өкілдерін өз қанатттарына алған. Мейірімділігінің көп болғаны сонша астық теріп жүрген, қуғын сүргінде шекара асып жүрген әйелдерге құрт лақтырып, тамақтандырған. Салт-дәстүріміздің өзі ерекшелікке жатады.
Қазақ халқы- салт- дәстүрлерге бай ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт- дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген.
Салт- дәстүр - әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс- тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы, қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез- құлықтың үлгілері. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи-әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы-мәдениеттің байлығы.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері Қазақстанның барлық өңірлерінде бірдей емес. Кейбір аймақтарда олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл жағдай түрлі себептерге байланысты қалыптасқан. Енді соларға толығырақ тоқталсақ.
Бас тарту -кәде, жиын-той, аста, қонақ күткенде сойылған малдың басын қадірлі адамға сыбағалы, кәделі, сыйлы мүше ретінде тарту. Бас мүшесін дүниенің, жаратылыстың, әлемнің бастаушы күші деген ежелгі наным-сенімге байланысты оны жасы үлкен, сыйлы қонаққа немесе мәртебесі жоғары адамға Бас тарту байырғы ортада ежелден орныққан. Үйтілген қойдың басын піскен соң маңдайынан айқастыра тіліп, табаққа салып әкеліп тарту ырыымы қазақ арасында біркелкі атқарылады. Шығыс Қазақстандамұны бастың жолын ашу деп атайды. Онысы тігінен түскен біздің жол, көлденең түскен сіздің жол дегенді ырымдағаны. Бұл қонаққа жасаған құрметтің белгісі болып табылады. Қазақ арасында қой басының құйқасын тілуді қасқалдақтау деп те атайды. Айқас тілу немесе қасқалдақтау (қас таңбасы) ұқыптылықты қажет етеді. Яғни қасқалдақтағанда бас сүйегі құйқа арасынан ырсиып көрінбеуі тиіс. Бас тартудың аймақтық ерекшеліктері қалыптасқан. Сырдың төменгі ағысы бойындағы Қазалы өңірінде, Арал бойында қазақтар қонаққа бас тартқанда оң жақ құлағын кесіп алып, оны үйдің кішкене баласына береді де, қонаққа оң құлақсыз тартады. Бұл ырысым, несібем өз үйімде, өз босағамда қалсын дегенді ырфымдағаны. Бұл жоралғы көршілес қарақалпақтарда да дәл солай атқарылады және этномәдени байланыс барысында олардың Қазалы өңіріне ықпалы болғанға ұқсайды. Оң құлақтың орнын жілік толтырады. Солтүстік, Орталық және Оңтүстік, Батыс қазақтарында қандай малдың басы болса да, тісі қағылмаған бас тарту «арам» деп саналады. Ал Жетісу, Шығыс қазақтары мал басының тісін қақпай, арасын шимен мұқият тазалам жуып асады. Осы өленің қазақтар бас тартылған қонақ тісіне қарап, «жас мал сойылды ма, кәрі мал сойылды ма, соны аңғартады» деп түсіндіреді және малдың тісін қағу, жалпы сүйек шағу мал басын кемітеді деп санайды.
Батыс Қазақстанның халқы 22-Наурыз, ұлыстың Ұлы күнін басқа қңірлерге қарағанда, өзгеше тойлайды. Еліміздің батыс өңірлерінде бұл мереке ертерек басталады. Осы мерекеге орай 14-наурыздан бастап көрісу дәстүрі басталады. Көрісу - Батыс Қазақстан аймағында ғана сақталған ежелгі дәстүр. Жаңа жылды Байбақты Қазыбек күнтізбесі бойынша қарсы алатын аймақ тұрғындары 14 наурызды «Көрісу(яғни қауышу) күші» деп те атайды. Қыс ызғары кетіп, көктемнің шуағымен бірге келетін бұл дәстүрдің адамзат үшін маңызы зор екендігіне дау жоқ. Бұл күні ауыл балалары мен жастары үй-үйді аралап, жасы үлкендерге барып қол алысып көріседі, тәтті тағамнан дәм татады, қарттардың батасын алады. Осы күні көшеде, мектепте, қай жерде болсын кездескен ауыл тұрғындары бір-біріне қос қолын ұсынып көріседі. «Бір жасқа шығуыңмен!», «Бір жасқа есеюіңмен) », «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!», «Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» деп құттықтап жатады. Әр үй 14-наурызда бар дәмдісін шығарып, жеті шелпегін пісіріп, дастарқан жайып отырады. Наурыздық жасап, ата-баба рухына дұға бағыштайды. 14-наурыздан бастап көрісу салты еліміздің батыс аймақтарында. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында жақсы сақталған. Жасы кішілер үлкендерге барып көріседі, көрші- қолаң, ағайын-туыс бір-біріне құшақ жайып, мерекемен құттықтайды. Бұл күнді «Көрісу күні», «Амал күні», «Жаңа жыл» деп те, «Наурыз» деп те атай береді. Көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмай, жыл бойы жалғаса береді. Әлдеқандай себептермен 14-наурыз күні сырт жақта жүріп, көрісе алмаған адам ауылға жолы түскен бойда ақсақалдарға, әжелерге, ағалар мен апаларға, құда-жекжатқа барып кқріседі. Қалай десек те, көрісу имандылыққа, жақсылыққа үндейді.
Сәлем салу. «Сәлем - сөздің анасы, сөз- сарасы». Қазақ халқының ұғымы бойынша сәлем беру - тәрбиелік пен адамгершілік белгісі. «Ауылдан алты жасар бала келсе, алыстағы шал келіп сәлем береді» дегендей сәлем беру қалыптасқандай ұлттық дәстүріміз. Келіннің жанұядағы қызметі мен әдептілігінің белгісі, ата-енесіне, қайын жұртына деген құрметі мен сәлемі. Беташар кезінен бастап сәлем салу басталады. Сәлемді ата-баба салтымен иіліп немесе тізесін бүгіп салады. Ал сәлемге ие болған адам: - Бақытты бол, балам!- деп ықыласын білдіреді немесе қарт аталар мен аналар жас келіннің маңдайынан иіскеп, бақыт пен берекет тілейді. Жас келін бір үйдің берекесін кіргізетін болашақ ана болғандықтан, ата-ене үйлі-жайлы болып, бала-шағалы болуларына үлестерін қосады. «Жақсы келін - қызыңдай, жақсы күйеу - ұлыңдай» деп қазақ даналары бекер айтпаған. Бұл дәстүрдегі аймақтық айырмашылық, солтүстік және орталық өңірлерде Беташарда ғана сәлем салады, бірақ сәлем салу келін болып түскеннен кейін өз жалғасын таппайды. Ата- енесімен амандасқанда, кәдімгі өз әке - шешеңмен амандасқандай беттерінен сүйіп, құшағына алады. Ал оңтүстік және батыс аймақтарда мүлдем басқаша, бұл аймақта «сәлем салу» келіннің отбасыдағы басты міндеті десек те болады. Келін тек ата-енесіне сәлем салып қоймайды, ағайын-туысқандарға да сәлем салады.
Қол ұшын беру (дәстүр) . «Бітер істің басына, мжақсы келер қасына» дегендей жұмыс істеп жатқан жерге келген әр адам қанша асығыс болса сәл аялдап, қол ұшын беруге тиіс. Мысалы, үй салып жатқан жерде, ағаш, кесек әперу, егін жинап жатқан жерде екі-үш күрек дән тасып әкелу тағы сол сияқты көпшілік жұмылған іске өз үлесін қосу азаматтық борыш, міндет болып саналады. Егер мұндайда кейбіреу еңкеймей тұрса, онда оған «еңкей, ұол ұшын бер, балаңның белі бүкір болады» деген әзіл-шыны аралас ескерту жасайды. Осындай көп жұмылған жерде бос тұру тәрбиесіздік болып саналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz