Дақылдың халық шаруашылығындағы ролі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе
2. 1. Дақылдың халық шаруашылығындағы маңызы
2. 2. Биологиялық ерекшелігі
2. 3. Өсіру технологиясы
Қорытынды

Кіріспе

Қара бидай қоңырбастар (Poaceae) тұқымдасына және Secale туыстығына жатады да 12 түрді біріктіреді. Дақылда негізінен күздік қара бидай өсіріледі, ал жаздық қара бидай - төмен өнімді, Қазақстанда мүлде өсірілмейді десе де болады. Қазақстанда 2 түрі бар: жабайы қарабидай (Secale sylvestre) және мәдени қарабидай (Secale cereale) .
Мәдени қара бидай (лат. Secale cereale) - қара бидай тұқымдасының бір түрі және тағамдық дақыл. Құнарлы мал азығы ретінде де пайдаланылады. Республикада негізінен күздік қара бидай Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында өсіріледі.
Күздік қара бидайдың тамыр жүйесі қуатты дамыған, шашақты, ұрықтық және түйін тамырлардан тұрады, топыраққа 1, 0-1, 5м дейін бойлайды, алайда негізгі массасы топырақтың беткі қабатында шоғырланады. Күздік қара бидайдың тұқымдары көбінесе 3-4 ұрықтық тамырмен өнеді, олар өсімдіктер тіршілігінің алғашқы кезеңдерінде қоректенуде өте үлкен рөл атқарады. Негізгі өркеннің төменгі түйінінен түйін (екіншілік) тамырлар тарайды, олардың даму деңгейі топырақ-климат ерекшеліктері мен өсіру жағдайларына байланысты өзгереді

2. 1Халық шаруашылығындағы маңызы .

Қарабидай - бидайдан кейінгі маңызды астық дақылы болып есептелінеді. Ұндық-нандық сапасы бойынша, ол тек бидайға ғана орын бергенімен, нанының калориялығы одан кем емес, тіпті кейбір дөрумендер (рибофлавин) мөлшері артық. Қарабидай дәнін крахмал мен спирт алуға, ұнын нан дайындауға, ұн қалдықтарын малға концентратталған жем ретінде пайдаланады. Дәнінің құрғақ затында орташа 12, 8 % ақуыз, 80, 9 % көмірсулар болса, қалған заттар мөлшері бойынша бидайдан айырмашылығы шамалы. Қарабидай дөнінің қоректік қүндылығы мен химиялық құрамы бойынша арпадан айырмасы жоқ, бірақ оның органикалық заттары жақсы қорытылады.

Әдетте малазықтық мақсаттарға стандартты емес, ұсақ, семік дәндері пайдаланылады. Онда протеин (орташа 11-13%-дың орнына 15 % дейін) және жасунық (орташа 2 %-дың орнына 4 % жуық) біршама көбірек; азотсыз экстракталы заттар аз. Қарабидай дәніндегі азотты заттар көбіне ақуыздық сипатта, ал азотсыз экстрактивтілер негізінен крахмалдан тұрады. Дәні басқа азықтармен қоспаланып пайдаланылады. Малдардың барлық түрлері үшін дәндерді ұнтақталған, немесе түйіртпектелген түрде беру керек. Қарабидайдың көк балаусасы өсіп-жетілуінің тек қана ерте фазаларында жақсы жем, кейін ол қатайып кетеді. Тіпті онда ақуыздың мөлшері мен азықтың желінуі 2 есеге төмендейді. Өсімдіктің өсіп-жетілу фазалары бойынша, көк балаусаның химиялық қүрамы (құрғақзатқа) : түтіктену фазасында протеин 16, 2%, жасунық 28, 6 %; масақтануда - сәйкес 11, 6; 6, 3; 29, 2. Қарабидайдың 100 кг шөбінде 17 малазықтық өлшем және 4, 5 кг қорытылатын протеин болады.

Қарабидай сабаны малғақатты азық пен төсеніш, сондай-ақ ол жоғары сапалы қағаз, себет, бас киім және құрылыс материалдарын жасау үшін қолданылады.

Күздік қарабидай көп түптенуі мен тез өсуінің арқасында арам шөптерді жақсы тұншықтырып басып тастайтындықтан, көптеген ауыл шаруашылығы дақылдары үшін ең жақсы алғы дақылдардың бірі.

Масақтануға дейін орылған қарабидай гектарына орташа 80-150 ц көк балауса өнімін береді. Дән өнімі - 18-20 ц.

2. 2 Морфологиялық сипаттамасы және. Сорттары.

Қарабидай біршаматүрлерімен (12 түрі бар) - туысына жатады. Оның өндірісте жалғыз түрі - мәдени қарабидай ғана таралған. Осы түрдің 13 түр тармақтары бар. Тамыр жүйесі көбіне топырақтың беткі қабаттарында орналасатын шашақты. Жеке тамырлары 100-150 см және одан да тереңге енеді.

Сабағы - іші қуыс, 5-6 буынаралықты, биіктігі 1, 5-2 м жетеді.

Жапырағы - таспалы, бидайдікіне қарағанда жалпақтау. Қынап пен жапырақ тақтасының арасында қысқа жарғақты тілше мен ерте кеуіп кететін құлақшалар болады. Жапырақтың үстіңгі жағы көбіне тікенекшелер жене түктермен көмкерілген.

Гүлшоғыры - күрделі масақ. Масақшалары екігүлді.

Жемісі - ұзынша, немесе сопақтау дөнек, бүйірінен шамалы қысыңқы, терең ойықты, үшында айдаршасымен. Дәнінің түсі жасыл, сары, сүр, қоңыр, сондай-ақ аралас - сары-жасыл. 1000 дәннің салмағы 18-ден 35 г аралығында (4-сурет) .

Қарабидай дәні 1-2°С температурадаөніп шыға бастайды, бірақ дәнінің өнуіне қолайлы температура 6-12°С. Қарабидай өскіні бастапқы кезде қызыл-күлгін түсті болғандықтан, басқа астық дақылдары өскінінен тез ажыратылады. Күзде түптенеді, бірақ салқын ауа райында (4-5°С) оның түптенуі мен өсуі тоқтап қалады. Қарабидай қыстың суығын жақсы

көтереді, тіпті қарсыз қыстарда 25-30°С, түптену буынында 18-20°С дейінгі аязға шыдайды.

Күздік қара бидай-құрғақшылыққа салыстырмалы төзімді дақыл, бірақ күздік бидайға қарағанда ылғалды көптеу қажет етеді. Оның транспирациялық коэффициенті - 340-420. Қарабидайға ылғал күздегі түптену кезеңінде, әсіресе сабақтану мен масақтану фазаларында өте қажет. Тамыр жүйесінін, күшті жетілу мен өте мықты сіңіру қабілетінің арқасында күздік қарабидай қүнары аз қүмдақтопырақтар-дың қоректік заттарымен және ылғалымен өзін жақсы қамтамасыз етеді. Ол қышқыл-дылығы жоғары топырақтардада (рН5, 3) өсе береді. Бірақ сонысына қарамастан, қараби-дайға топырақ қүнары мен жоғары агротех-никақажет.

Тамыр жүйесі . Күздік қара бидайдың тамыр жүйесі қуатты дамыған, шашақты, ұрықтық және түйін тамырлардан тұрады, топыраққа 1, 0-1, 5м дейін бойлайды, алайда негізгі массасы топырақтың беткі қабатында шоғырланады. Күздік қара бидайдың тұқымдары көбінесе 3-4 ұрықтық тамырмен өнеді, олар өсімдіктер тіршілігінің алғашқы кезеңдерінде қоректенуде өте үлкен рөл атқарады. Негізгі өркеннің төменгі түйінінен түйін (екіншілік) тамырлар тарайды, олардың даму деңгейі топырақ-климат ерекшеліктері мен өсіру жағдайларына байланысты өзгереді

Сабағы - сабан, іші қуыс, биіктігі 0, 6-1, 8 м дейін және буынаралығы төрттен жетіге дейін, оның жапырылуы сабақтың биіктігі, төменгі буынаралығының ұзындығы мен жуандығына қарай өзгереді.

Жапырақтары - ланцетті, бидаймен салыстырғанда ендірек.

Гүл шоғыры - күрделі масақ, ақшыл-сары, масақ білігі мен масақшалар бекитін тұғырдан құралған. Масақ білігінің тұғырлары қысқа, түкті келген, сопақ, сатылы орналасқан. Әрбір тұғырда бір бірден масақша орналасқан, ал қос гүлді, үшіншісінің сілемдері анық байқалады. Гүл қауыздары бес жүйкелі және бір-екі килі болады. Масақта 30-40 масақшалар дамиды.

Жемісі - жіңішке ұзынша келген немесе сопақша келген дән, жасыл, сары, сұр және басқа түсті, 1000 санының массасы - 18-25 г. Қара бидай - айқас тозаңданатын өсімдік (желмен немесе бір бөлігі жәндіктермен) .

Биологиялық ерекшеліктері . Жылуға қажетсінуі. Күздік қара бидай тұқымы жеткілікті ылғал жағдайында 0, 5-2, 0 0 С-да өне бастайды, ал температура 30 0 С-дан асып кетсе - өнуі тоқтатылады.

Күздік қара бидай ауаның, 5 0 С тәуліктік орташа температурасында жақсы түптенеді, жоғарырақ температурада оның түптенуі тездетіледі, алайда өркен саны аз қалыптасады. Күздік дақылдардың ішінде күздік қара бидай төменгі температураға барынша төзімді. Тіпті қар қабаты төмен болған қыстың өзінде ол - 25-30 0 С аязды көтереді, ал қар қабаты 30-40 см болғанда күзгі шынығудан өткен өсімдіктер бір апта бойы - 40-43 0 С аязды көтере алады. Қалыпты масақтану және гүлденуге қолайлы температура 14-15 0 С. Ол гүлдену кезеңінде жоғары температураға өте сезімтал, дегенмен бидай мен сұлыға қарағанда шамалы деңгейде зақымданады. Жоғары температуралар дәннің байлануын күрт төмендетеді де босдәнділік пайызын арттырып жібереді. Пісу кезеңінде күздік бидайға оңтайлысы - 22-25 0 С. Тұқымның өнуінен дәннің пісуіне дейінгі қажетті температура жиынтығы күздік қара бидайдың ерте пісетін сорттарында - 1000-1700 0 С, орташа мерзімде пісетіндерінде - 1200-1800 0 С, ал кеш пісетіндерінде - 1300-1850 0 С.

Ылғалға қажетсінуі . Күздік қара бидайды негізінен ылғалды өңірлерде өсіреді, алайда оны құрғақшылыққа төзімді дақылдар қатарына жатқызады. Ол бидай мен сұлыға қарағанда ылғалды аз талап етеді. Транспирациялық орташа коэффициенті - 400-420, сортына топырақ-климат жағдайлары мен себу мерзіміне байланысты ол көрсеткіш 240-тан 585-бірлікке дейін өзгереді. Ол үшін өте маңыздысы күзде түптену кезеңінде жеткілікті ылғал мөлшерімен қамтамасыз етілуі. Күздік қара бидай алғашқы даму кезеңінде ылғалға қажетсінуі шамалы, бірақ түптену кезеңінде ылғалды 3 есе артық шығындайды. Түптену кезеңінде ылғал жеткіліксіздігі байқалғанда қысқа қарсы жақсы түптеніп үлгермейді де егістіктің селдір болуына және астық өнімінің төмендеуіне әкеліп соғады. Күздік бидайдың ылғалмен салыстырғандағы қиын-қыстау кезеңі түтікке шығудан толық масақтануға дейін созылады, бұл кезеңдегі жеткіліксіз ылғал қоры, дәннің толысу кезеңінде де, босдәнділікке ұрындырады және өнімді төмендетеді.

Жарыққа қажетсінуі. Күздік қара бидай ұзақ күннің өсімдігі. Күзгі шынығуды өткенде ол жарыққа жоғары талап қояды. Күннің пәрменділі жарығы күзгі түптену кезеңінде күздік бидай жапырақтары мен түптену түйінінде көп мөлшерде пластикалық заттарды, әсіресе қантты, жинақтауды қамтамасыз етеді. Бұл уақытта органикалық заттарды белсенді синтездейді, нәтижесінде күздік қара бидайдың аязға төзімділігін арттыруға мүмкіндік жасайды. Көктемгі ұзақ ашық күн оның шапшаң өсуі мен дамуын қамтамасыз етеді және ауаның температурасы 15 0 С-дан жоғары болғанда масақтануы және кейінгі кезеңдері тездетіледі. Органикалық заттарды толассыз түзу үшін басқа кезеңдерде де жарық күннің жеткілікті болғаны абзал.

Топыраққа және қоректік элементтерге қажетсінуі. Күздік қара бидай басқа дәнді дақылдарға қарағанда топыраққа азырақ талап қояды. Оның тамыр жүйесі жоғары сіңіру қабілетімен ерекшеленеді, әсіресе қиын еритін фосфор қосылыстарынан қоректік фосфорды жақсы сіңіреді. Оған жақсысы қара, күңгірт-қоңыр топырақтар, бірақ ауыр саз және батпақтанған топырақтардың жарамдылығы шамалы. Әрбір центнер астық пен соған сәйкес сабанды қалыптастыру үшін күздік қара бидай топырақтан 3 кг азот, 1, 5 кг фосфор және 2, 5 кг калий шығындайды. Күздік қара бидай өсімдіктері фосфор қоректік затын бүкіл тіршілік үрдісінде біркелкі пайдаланса, азот пен калийдің барынша жоғары мөлшерін күзде және ерте көктемде талап етеді.

Күздік қара бидайдың пісуі күздік бидайдан 8-10 тәулік, ал жаздық бидайдан 13-16 тәулік бұрын болады. Ал бұл егін жинаудағы қарбаластықты бәсеңдетіп, техника мен жұмыс қолын тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Жалпы оның вегетация кезеңінің ұзақтығы 270-тен 350 тәулікке дейін созылады.

Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген сорттары:

Саратовская 5 - Ресейдің Оңтүстік-Шығыс АШҒЗИ-да шығарылған. Түршесі - вульгаре, орташа мерзімде пісетін сорт, қысқа, құрғақшылыққа, шашылып қалмауға төзімді (Қостанай, Павлодар, СҚО, Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, Батыс Қазақстан облыстарында) .

Саратовская 4 - Ақтөбе, ШҚО, Батыс Қазақстан облыстарында.

Чулпан - Солтүстік Қазақстан облысы мен Павлодар облыстарында.

2. 3 Күздік қара бидайдың астыққа өсіру технологиясы

Ауыспалы егістіктегі орны. Күздік кара бидай қолайсыз жағдайларға төзімділігінің арқасында, күздік бидайға қарағанда, көптеген алғы дақылдардан кейін егіле береді. Ылғал жеткілікті аудандарда оны екпе сүрі жерлерге себеді-ас бұршағы, сиыр жоңышқа мен сұлы қоспасы, картоп ж. б. Құмдауыт, жеңіл құрамды топырақтарда да екпе сүрі жерлерге себілген күздік қара бидай жоғары өнім түзеді.

Оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтардың қуаңшылық жағдайларында екпе сүрі жерлердің екпе дақылдары толық жетіліп үлгермейтініне байланысты күздік қара бидайды таза сүрі жерге сепкен тиімді.

Күздік қара бидай бір орынға қайтара сепкенде де жоғары өнім түзеді.

Солтүстік Қазақстанның шаруашылықтарында күздік қара бидайды таза сүр танабына, дұрысы ықтырмалы сүрі танабына орналастырған абзал.

Күздік қара бидай басқа дақылдар үшін жақсы алғы дақыл: жүгеріге, картопқа, қант қызылшасына, мал азықтық тамыржемістілерге ж. б.

Тыңайтқыш жүйесі. Күздік кара бидай тамыры 2 м тереңдікке дейін кететін, топырақ кұнарлылығын аса кажет етпейтін құмды, сазды жерлерде өсе беретін дақыл. Басқа күздік дақылдарға карағанда қуаңшылық пен аязға төзімді.

Күздік кара бидайдың 1 тонна астығы және соған сәйкес мөлшердегі сабаны топырақтан шамамен 25-30 кг азот, 10-15 кг фосфор жене 20-25 кг калий пайдаланады. Қоректік заттарды түптену кезеңінен бастап түтіктену кезеңіне дейін өте көп мөлшерде қажет етеді.

Негізгі тыңайтқыш ретінде көң пайдаланылады, қуаңшылық жағдайында гектарына 15-20 тонна енгізіледі. Топыраққа көңмен бірге фосфорит ұнын енгізген жақсы нәтиже береді, мұндай компост 10-15 тонна көңнен, 3-4 ц фосфорит ұнынан тұрады.

Азотты ерте көтемде тыңайтқыш түрінде қосымша беру-оның өнімін арттырудың бірден-бір қолайлы шарасы. Күзде топырақта фосфор мен калийдің жеткілікті болуы оның суыққа төзімділігін күшейтеді, бұл дақылдың топырақтағы фосфорды пайдалануы көптеген дақылдардан жоғары.

Қолданылатын тыңайтқыш мөлшері топырақ типіне, алғы дакыл түріне және жоспарланған өнім деңгейіне байланысты. Қазақстанның ылғал жеткіліксіз далалық аймағында азот тыңайтқьшының тиімділігі төмендеп, керісінше, фосфор тыңайтқышының тиімділігі жоғарылайды. Мысалы, таза сүріге берілген 40-60 кг Р 2 О 5 күздік кара бидай өнімін 2-2, 5 центнерге арттырады. Тұкыммен бірге қолданған 10-15 кг P 2 O 5 гектарынан 1-1, 5 центнер қосымша өнім жинауды қамтамасызетеді.

Топырақ өңдеу. Топырақты дайындау шамамен күздік бидайға ұқсас. Күздік қара бидай екпе сүрі алғы дақылынан кейін себілгенде оның күздік бидайдың топырақ өңдеу жүйесінен еш айырмашылығы жоқ.

Күздік қара бидай картоп және басқа отамалы дақылдардан кейін себілетін болса жер жыртудың орнына, бірге тырмалаумен 8-10 см-ге сыдыра қопсытылады.

Себу алдында топырақты себу тереңдігіне РВК-3, 6, ВИП-5, 6 немесе басқа агрегаттармен культивациялайды.

Тұқымды себуге дайындау. Себуге жақсы тазаланған, егістік кондициясы I-II классқа жататын тұқым пайдаланылады. Қазақстанда тұқымды себу алдында ауруларға қарсы өңдеуге 80% ТМТД (1, 5-2, 0 кг/т), Винцит, 5% к. с. (1, 5 л(кг) /т), Дивиденд, 030 к. с. (2, 5 л(кг) /т), Фундазол 50% с. п. (2, 0-3, 0 л(кг) /т) препараттарының бірін қолдануға рұқсат етілген, өңдеу ПС-10, ПСШ-5, «Мобитокс» машиналарымен жүргізіледі.

Себуге өткен жылғы өнімнен алынған тұқымды пайдалану керек, өйткені күздік қара бидай тұқымының піскеннен кейінгі физиологиялық жетілу кезеңі күздік бидайдікіне қарағанда біраз ұзақ. К. А. Тимирязев атындағы а. -ш. академиясы ғалымдарының деректері бойынша бастырғаннан кейін бірден себілген тұқымның өнгіштігі 38%, бір жұмадан кейін 69%, екі жұмадан кейін 74, үш жұмадан кейін 89%, бір айдан кейін 96% болған.

Жаңа бастырылған тұқымды себуге мәжбүр болған жағдайда 3-5 күн күн көзінде қыздырған жақсы нәтиже береді немесе тұқым кептіретін қондырғыларда 45-50°С температурада белсенді вентиляция жасау арқылы тұқымның ылғалдылығын 14-15%-ға дейін төмендету керек.

Өте ерте себілген күздік қара бидай егістігі швед және гессен шыбындарымен жарақаттанады. Төменгі температураларға төзімділігін жоғалтады. Тым өсіп кеткен өсімдіктері, нәзік үлкен вегетативтік массасының әсерінен, ақұнтақ (мучнистая роса) ауруымен залалданады да кейіннен ақ зең (снежная плесень) ауруынан зардап шегеді. Мұндай егістіктер күз құрғақ болғанда топырақты кептіріп жібереді. Өте кеш пісетін егістіктер түптеніп үлгермейді. Және өсімдіктері қорғаныштық қорлық заттарды жинақтай алмайды, нәтижесінде күздік қара бидай нашар қыстайды. Көктемде нашар түптенетіндіктен күздік қара бидайдың кеш себілген егістіктері селдір өседі, 5-7 тәулік кешігіп піседі, өнімі төмендейді, әрі астық ысырабы артады және күзгі жұмыстар созылып кетеді.

Себу мерзімі. Күздік қара бидайдың себу мерзімі күздік бидайға қарағанда ұзақ болғанымен, дер кезінде себілгенде ол жоғары өнім түзеді. Көптеген зерттеулер нәтижесіне қарағанда қолайлы себу мерзімі - тәуліктің орташа температурасы 10°С-қа жеткен кезең болып есептеледі. Күзде күздік қара бидай 45-50 тәулік ішінде 420±60°С белсенді температуралар жиынтығын қабылдап, 3-4 сабақ түзіп қысқа кеткен жағдайда оның қыстың қолайсыз

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күздік бидай және қара бидай
Атбас бұршақ және бөрібұршақ дақылдарын өсіру технологиясы
Арпа аурулары
Күздік арпа жапырақтарының түрлері
Сұлы және қарақұмық
Өсіру технологиясы
Бұршақты көкөністер
Дақылдың халық шаруашылығындағы маңыздылығы
Дақылдың халық шаруашылығындағы маңызы
Ауыл шаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алуды қамтамасыз ететін агротехникалық шараларды жоспарлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz