Оқулықтағы мәтінді талдау оқушы шығармашылығының жетістігі


Оқулықтағы мәтінді талдау оқушы шығармашылығының жетістігі
Жакенова Лаура Тулеутаевна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Әсет Бейсеуов атындағы орта мектеп КММ
Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылы
zhakenova_laura@mail. ru
Аңдатпа
Шығармашылықпен еркін әңгімелеу оқушылардың қиялын, арманын ойын дамытады, қабілетіне әсер етеді. Оқушылар мәтіннен негізгі ұғымды толық меңгеріп, талдау жұмысы жүргізілгеннен кейін, осы әңгімелеуді орындауға болады. Оны барлық баладан талап ету де міндетті емес. Оқушылардың өз тілегі, ынтасын ескере отырып, шығармашылықпен әңгімелеу көркем мәтін негізінде жатқан авторлық ойдан ауытқымауды, қайта сол ойды дамыту қажеттігін көрсетеді. Сонымен қатар, көркем мәтінді талдауда композиция, сюжет, жазушы стилі, көркем туынды негізінде жатқан идея, оның көтерген мәселесі ерекше назарға алынады. Әдеби талдау арқылы оқушылардың әр түрлі реңдегі эмоциясына, сезіміне әсер етеді, ойларына ой, пікірлеріне пікір қосып, бүкіл жан дүниесін оятады.
Аннотация
Свободное творческое повествование развивает воображение, фантазию учащихся, влияет на их способности. После того, как учащиеся полностью усвоили основное понятие из текста и была проведена аналитическая работа, данное повествование можно выполнить. Требовать его от всех детей тоже не обязательно. Творческое повествование с учетом желания, мотивации учащихся показывает, что необходимо не отступать от авторской мысли, лежащей в основе художественного текста, а развивать эту мысль. Кроме того, при анализе художественного текста особое внимание уделяется композиции, сюжету, стилю писателя, идее, лежащей в основе художественного произведения, поднимаемой им проблеме. Через литературный анализ воздействует на эмоции, чувства учащихся разных оттенков, вкладывает в их мысли мысли, мнения, пробуждает всю душу.
Annotation
Creative free storytelling develops students ' imagination, dreams, and games, and affects their abilities. After the students have fully mastered the basic concept from the text, and the analytical work has been carried out, this conversation can be completed. It is also not necessary to demand it from the entire child. Creative storytelling, taking into account the desire and desire of students, shows that it is necessary not to deviate from the author's idea underlying the artistic text, but to develop this idea again. In addition, when analyzing an artistic text, special attention is paid to the composition, plot, style of the writer, the idea underlying the work of art, and the problem raised by it. Through literary analysis, it affects the emotions and feelings of students in different shades, adds thoughts to their thoughts, comments to their opinions, Awakens the whole soul.
Көркем мәтінді талдау шығармашылық жұмыстарды талап ететіндігі айқын. Көркем мәтінді оқыту мен талдауда оқушының мәтін мазмұнын меңгеруіне көңіл бөлу керек. Көркем шығарманы оқығанда, оқушылардың ол туралы өзіндік әсері, пікірі туындайды. Оқушылардың зейіні, есте сақтау, қабылдау қасиеттеріне қарай мұғалім мәтінді тұтастай емес, ең негізгі басты мәселелерін ғана мазмұндатып, оны меңгеруді одан әрі жалғастырғаны тиімді болады. Үзіндіні мазмұндағанда, оқушыларды мүмкіндігінше жазушы тілімен мазмұндатуға икемдеу керек. Оқушыларды әңгімелеу, мазмұндау кезінде жиі мәтінге үңілдіріп, кейбір негізгі мәселелерді мәтінге жуық айтуды талап етемін. Көркем шығарманы үйге тапсырма ретінде бергенде, түсініксіз сөздерді, сөйлемдерді оқушылардың алдын ала белгілеп келуін талап еткен жөн. Сабақ барысында шығарманың мазмұнына талдау жұмысын жүргіземін. Күрделі, түсініксіз сөздерге түсінік беремін. Мысалы: қыстау, атан, шам, ру, шариғат бұйрығы, ердің құны. Кейбір диалогтерді оқи отырып, ең басты мәселелерді түсіндіремін.
Әдеби талдаудың басты мақсаты-оқушылардың өзіндік қабылдауларын, пікірін әдебиеттану ғылымының талабына сай ғылыми арнаға бағыттау болып табылады. Әдебиет сабағының күре тамыры көркем мәтінмен жұмыс істеу деп санаймын. Оның ерекшелігі сол-ол оқушының жүрегіне, сезім қылына әсер етуі. Оқушылармен бірге көркем шығармамен жұмыс істей отырып, олардың ойлауына, толғауына, пікір айтуына ықпал жасаймын. Оқушылар көркем шығарманы оқып біткен мерзімде, ауызша, жазбаша сұрақтар арқылы мазмұнын айтқызамын, өзіне ұнаған бір эпизодты қысқаша баяндатамын, бір кейіпкердің іс-әрекетінен мысалдар келтірткіземін, ең негізгі деген жерлерден үзінді жазып, «Ол қай оқиғадан алынды, кімнің сөзі?» деген сұрақтарға жауап аламын, әр түрлі әдеби ойындар жүргіземін.
Көркем мәтінді терең түсіну, талдауда әңгімелеудің де маңызы ерекше деп санаймын. Әңгімелеу әдісінің тәжірбиемде қолданып жүрген мынадай түрлері бар: мәтінге жуық, көркем мәтін ізімен әңгімелеу, оқушының өзіне ұнаған эпизодын, әсерін әңгімелеу, шығармашылық жолмен әңгімелеу болып табылады. Мәтінге сәйкес әңгімелесу баланың еске ұстау қабілетіне әсер етеді, зерделілікке, ұғымдылыққа, алғырлыққа баулиды. Сондай -ақ ең бастысы, оның сөздік қорын, тіл байлығын, өз сөйлеу тілінде пайдалануға үйретеді. Көркем мәтінді дұрыс, нақты түсінуге жетелейді. Тұжырымды әңгімелеудің өзіндік басты ерекшелігі-оқушылар ең басты, негізгі мәселелерді бөліп алып, тиянақты, қысқа ғана айтулары керек. Әңгімелеудің бұл түрі оқушыларды нақты сөйлеуге, ойын шашыратпай, қысқа ғана, негізгісін айтуға баулиды. Шығармашылықпен еркін әңгімелеу оқушылардың қиялын, арманын ойын дамытады, қабілетіне әсер етеді. Оқушылар мәтіннен негізгі ұғымды толық меңгеріп, талдау жұмысы жүргізілгеннен кейін, осы әңгімелеуді орындауға болады. Оны барлық баладан талап ету де міндетті емес. Оқушылардың өз тілегі, ынтасын ескерген жөн. Шығармашылықпен әңгімелеу көркем мәтін негізінде жатқан авторлық ойдан ауытқымау керек, қайта сол ойды дамыту қажет. Көркем мәтінді бірінші не екінші жақта әңгімелеуде, автор баяндауын өзгертіп, мәтін мазмұны, негізгі айтар ойы өзгертілмейді. Тек бірінші жақта жазылса, оны үшінші жақта әңгімелеу талап етіледі. Әңгімелеудің бұл түрінің маңыздылығы оқушының тілін дамытады, кейіпкерлер іс -әрекетін түсінуге, талдауға баулиды. Әсіресе, бас кейіпкер атынан сөйлеу қызықты да, күрделі де болып келеді. Бұл жұмыста оқушылар кейіпкер іс-әрекетін тереңірек түсінеді, өз сезімін, толғанысын да арқау етеді.
Шәкірттерді сөздің алуан сырына үңіле білуге үйрету - әдебиет шығармасын танытудың басты жолы. Ақын шығарма құрылымында сөздерді қандай кәдесіне жарата білген, сөз кірпіштерін қаншалықты қиыстыра қалай білген, шығарманың бүкіл бітімін қалай сомдаған, қандай жаңа поэтикалық жаңалықтар әкелген, қандай сом образдар жасаған, мұғалім осыған үнемі, сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта шығармашылық тапсырмалар беру арқылы үйретіп, баулып отырса, шәкірттер өнер туындысының қадыр қасиетін танумен, астарлы сырына үңіле білумен қатар, жазушы стилін, шығарма стилін аңғарар еді.
Ахмет Байтұрсынұлы шығарма тілін ақын тілі және әншейін тіл деп жіктей келіп: «Бұл екі тілдің арасындағы айырмасы мынау: әншейін тіл көбінесе сөздің дұрыстығын, анықтылығын, тазалығын дәлдігін талғайды. Ақын тілі сөздің дұрыстығының, тазалығының, дәлдігінің үстіне көрнекті, әуезді болу жағын талғайды» деп жазады. [1]
Көркем туындының құрылысы әртарапты көптеген компоненттердің бірлігінен тұрады. Олар көркем шығарма тілінің заңдылығына бағынады және тілдік жүйе түзеді. Осы жүйені жасайтын жазушының өзі. Осыдан «автор бейнесі» мәселесі туындайды». «Автор бейнесі»-көркем әдебиет тілінің ішкі сапалық қасиеттері мен заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік беретін категориялардың бірі әрі негізгісі болып табылады. Автор өзі жазып отырған шығарманың өн бойында ойы мен идеясын, көзқарасын, психологиясын танытып отырады, яғни әрбір көркем шығарманы оқығанда автор бейнесін де байқауға болады. Көркем мәтінде жазушы өз идеясын, көзқарасын жеткізуде оқырман қажетіне жарайтындай, түсініп оқитындай тілдік бірліктерді қолданады. [2]
Көркем мәтінді талдауда композиция, сюжет, жазушы стилі, көркем туынды негізінде жатқан идея, оның көтерген мәселесі ерекше назарға алынады. Әдеби талдау арқылы оқушылардың әр түрлі реңдегі эмоциясына, сезіміне әсер етеді, ойларына ой, пікірлеріне пікір қосып, бүкіл жан дүниесін оятады.
Көркем шығармадағы кейіпкерлердің орнын, ой-мақсатын оның сөйлесу тілі арқылы айқындауға болады. Көркем шығармадағы сюжет пен композициядан бастап, әрбір деталь, көркемдік тәсіл белгілі бір ойға, мақсатқа құрылады. Көркем мәтінді талдауға байланысты оқушы дағдысы, икем машықтарына қойылатын талаптар, осыған байланысты істелетін жұмыстар:
а) Өз бетімен, жеке талдау. Мұндай талдауда мұғалім талдау сұрақтарын, тапсырмалар береді. Сондай-ақ, көмек-карточкалар ұсынылады.
ә) Ұжымдық талдау. Ұжымдық талдау мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі. Ол оқушыны көркем туындыны қабылдау, бағалау жұмыстарына баулиды, бірігіп бір пікірге келуге, қорытынды жасауға жетелейді. Ұжымдық талдау сұрақ-жауап, мәтінмен практикалық жұмыс, пікірлесу, әдеби айтыс негізінде жүзеге асады.
Көркем мәтінді талдаудың жолдары мен бағыттары Рәбиға Сыздықова мен Бердібай Шалабай еңбектерінде жан-жақты сараланады. Ғалымдар көркем мәтінді талдаудың жолы мен жүйесін айқындайды.
Көркем шығармаларды оқытудың тиімді де өнімді жолдарын іздеудегі әйгілі ұстаз, әдіскер Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның еңбегі зор. Әдіскер ұстаздың қаламынан М. Әуезов шығармашылығын оқыту мәселесіне байланысты үш кітап жазылған. «Оқулықта… талдаудың бір түрі-образдық талдау жүйесі негізге алынған». Көркем шығарманы талдау жүйесі, ең алдымен алдымен көркем туындыда жазылған, баяндалған оқиғалардың тарихи негізіне назар аудартады. [3]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz