Азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы мен ұлт зиялылардың қызметі туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

2-тақырып. Азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы мен

ұлт зиялылардың қызметі

1 Ресей империясының қоныстандыру саясаты. Қазақ жеріндегі өндіріс ошақтарының қалыптасу ерекшеліктері және отарлық сипаты.

Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін көп салалы өңдейтін өнеркәсіптер дами бастады. Жер өнімдері мен мал шаруашылығы заттарын өңдеу қазақтарға бұрыннан белгілі болды, бірақ бұл қосымша кәсіп ретінде, қазақтардың негізгі кәсібі-көшпелі мал шаруашылығы болды. Қазақстанның өңдеуші өнеркәсіптерінің кен-зауыт өнеркәсібінен айырмашылығы, ауыл шаруашылық шикізатын ұқсату жөніндегі өнеркәсіп жергілікті қажеттермен тығыз байланысты болды және өлкенің әлеуметтік-экономикалық өміріне белгілі бір ықпал жасады. Өңдеуші өнеркәсіптің кәсіпорындарын мынадай екі топқа бөлуге болады.

1. Ресейдің еуропалық бөлігіне және шет елге шығару үшін мал шаруашылығы шикізатын алғашқы өңдеу жөніндегі кәсіпорындар: жүн жуатын, мал майын қорытатын, ішек-қарын тазартатын және басқа кәсіпорындар жатты;

2. Ауыл шаруашылық өнімін оны жергілікті жерде тұтыну үшін ұқсату жөніндегі кәсіпорындар: бұлар былғары, май шайқайтын, спирт-арақ зауыттары, темекі фабрикалары және тағы басқалары. Толық емес деректерге сүйенсек, Қазақстанда 1886 жылы 1028 ұсақ өнеркәсіп өндірістері болса, 1895 жылы бұл ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдейтін өндіріс саны 2124 болып, соған сай жұмысшы саны 3432 - ден 5493-ке дейін өсіп, айналымдағы өнім бағасы 2395, 1 мың сомнан 3929 мың сомға жеткен.

Темекі шығаратын да фабрикалар пайда болды. Ең бірінші темекі плантациясы Верный қаласына жақын жерде Үлкен станциада Гаврилов деген фабрикант іргесін қалап, осы жерден табак фабрикасын ашты. 1883 жылы плантацияда 67 жұмысшы, фабрикада 15 жұмысшы, 2 шебер жұмыс жасап, 1 станок темекі жапырақтарын кесіп, қол машинамен папирос ораған.

Өңдеу өнеркәсібінің ең дамыған салаларының бірі, соның ішінде Солтүстік Қазақстанда тері өңдеу кәсібі болды. 1890 жылы Шучинск станциясында 8 тері илейтін зауыт болса, тура осындай кәсіпшіліктер жоғарғы Бұрлық пен Төменгі Бұрлық станцияларында да болды, ал олардың орталығы, ең ірісі Петропавл қаласында болды (10 зауыт) . 1898 жылы Солтүстік Қазақстанда жалпы зауыттар саны біршама азайды [6] . Олар 23 болды, оның онында әр түрлі механизмдер-көбінесе 1-3 ат күші бар ат қозғалтқыштары мен 2 ат күші бар су қозғалтқыштары болды. Егер Ақмола облысы мен Орынбор Губерниясындағы жұмыс істеп тұрған былғары зауыттарынның санын салыстыратын болсақ, 1890 жылы мынадай көрініс береді. Ақмола облысында 21 зауыт жұмыс істесе, Орынбор губерниясында 68 зауыт әрекет етті. Сонымен қатар Ақмола облысындағы зауыттар аз өнім шығарды. Осындай өндіріс саласы Торғай облысында біркелкі дамыған жоқ. 1897 жылы «Қырғыздар календары» мәліметінде 1889 жылғы облыста небәрі 2 былғары зауыты болғандығын және оның Қостанай уезінде орналасқанын айтады.

Оңтүстік Қазақстанда былғары өңдеу ісі мал шаруашылығы шикізаттарын өңдейтін өңдірістің басты бір тармағы болды. Былғары өңдірісі Түркістанда Өлкенінің Ресейге қосылғанына дейін пайда болды және 1870 жылдың аяғына дейін қолөнер кәсібі түрінде сипат алды. ХІХ ғасырдың 70 жылдарының басында Жетісу облысында 8 былғары өңдірісі, ал Сырдария облысында 12 өндіріс жұмыс жасады [10] . Сырдария мен Жетісу облысында 1916 жылы 65 мекеме болған. Революцияға дейін ірі және ұсақ тері өнімдерінен Қазақстанда 3 059000 дана тері өңделіп, 13 034 800 сомға қаржы түсткен. Қазақстанда барлығын қосқанда, 8 ірі, 100-ге жуық ұсақ өндіріс болып, 683 500 тері өңдеп, 1200 дейін жұмысшылар болды.

2 Қазақтардың Ресейдің І - ІІ Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы. Жер мәселесі.

Қазақтардың саяси сана-сезімінің өскенін қазақ зиялы қауым көшбасшыларының Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуынан көруге болады.

1905 жылғы тамызда II Николай патша Ресейдегі революциялық күштердің қысымымен империяның заң шығарушы және өкілетті органы ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифеске қол қойды.

Бірақ ол манифест бойынша Ресей империясының бірқатар халықтарының, соның ішінде Орта Азия мен Қазақстан халықтарының да сайлауға және сайлануға құқығы жоқ болып шықты. Жергілікті билік органдарына сайлау науқанының алғашқы күнінен бастап-ақ қазақтарды «көшпелі және қаңғыбас бұратана халық» ретінде сайлауға үзілді-кесілді қатыстырмауға айрықша нұсқау берілді. Мұның өзі қазақтардың арасында бұрқ ете қалған наразылық пен ашу-ыза тудырды. Жергілікті халық өздерінің өкілдерін Ресейдің Мемлекеттік Думасына қатыстыруды батыл талап етті. Өлкенің бүкіл аймағын түгел қамтып өткен қуатты наразылық толқыны патша үкіметін халықтың талабына құлақ асуға мәжбүр етті. Сонымен қазақтар сайлауға қатысатын болып шықты.

1906 жылғы I Мемлекеттік Думаға қазақтардан Торғай облысынан - Ахмет Бірімжанов, Уфа губерниясынан - Сәлімгерей Жантөре, Орал облысынан - Алпысбай Қалменұлы, Астрахан губерниясынан - Бақтыгерей Құлманов, Ақмола облысынан - Шәймерден Қосшығұлұлы, Семей облысынан - Әлихан Бөкейхановтар сайланды. Бұлардың барлығы да сауатты, халықтың сый-құрметі мен сеніміне бөленген зиялы азаматтар еді. Бірақ Ресейдің I Мемлекеттік Думасы небары 73-ақ күн жұмыс істеді. Депутаттардың көтерген бастамалары көңілінен шықпай, риза болмаған II Николай Думаны таратып жіберіп, қайтадан сайлау туралы жарлыққа қол қойды. [1]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық зиялылардың қызметі және азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы
Қазақ ұлттық-демократиялық зиялыларының 1908 – 1916 жылдардағы қоғамдық-саяси қызметі және алаш қозғалысы
Алаш қозғалысының ұлттық идеясы
Азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы мен ұлт зиялылардың қызметі
Отандық тарихты зерттеу мен насихаттау
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының мәселелері қазақ зиялылары еңбектерінде
Мұсылмандық қозғалыс және ұлттық зиялылардың саяси платформасының қалыптасу кезеңі
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Кеңес үкіметі кезіндегі қазақ зиялылары
Алаш қозғалысы және оның қазақ халқының ұлт-азаттық күресіндегі рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz