Оқшауланған математика



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
12 МӨЖ Оқшауланған математика
Даралау немесе даралап білім беру (индивидуация, индивидуум, индивидуальность, индивидуация сөздерінен) - білім берудің барлық сатысында әрбір жек тұлғаның бейімділіктерінің деңгейін анықтау, оларды барынша дамыту мақсатында оқушылардың жеке тұлғалық жағын қалыптастыру технологиясы. Мұндағы: индивидуация (лат. individuatio)) сөзінен аударғанда - жалпыдан жекені бөліп шығару дегенді білдіреді. Даралау қағидасы (индивидуации (лат. principium individuationis)) - томизм қабылдаған Аристотель философиясының ұғымы; кеңістіктің негізі ретіндегі алғашқы материя, заттардың жиындылығының бөлу уақыты. К. Г. Юнгтың аналитикалық психологиясында бұл - жеке тұлғаның қалыптасу үрдісі, оның қалыптасуы, өзіндік және ұжымдық санадан тыс мазмұнын сананың ассимиляцилауының қорытындысында пісіп-жетілуі. Даралық (Индивидуальность) - қандай да бір құбылыстың, жеке тірі нәрсенің , адамның қайталанбас өзіндік ерекшелігі; жалпыға ортақтылыққа, біртиптілікке, әлеуметтік психологияда - ұжымдылыққа (топталғанға) қарама-қарсы пікір. Фәлсафалық ұғым ретінде атом, монада жөніндегі оқуларда қолданылған. Бірінші кезеңде даралау - математиканы тиімді оқытудың негізгі құралы екендігі жөніндегі әдебиеттерді зерттеу жұмыстары жүргізілді. Екінші кезеңде қазіргі уақытта оқу материалын даралап оқытудың ерекшеліктері қарастырылды. Үшінші кезеңде математика пәнін даралап оқыту мен дәстүрлі оқытудың нәтижелерін салыстырып, өзіндік ұсыныс (оқыту әдісі) жасалады, қорытынды шығарылады.
Шығармашылық жұмысының орындалу нәтижесінде мүмкін болатын ғылыми жаңалықтары төмендегідей: математиканы тиімді оқытудың құралы негізінде оқытуды даралау мен саралау әдістері айқындалады; математика материалын даралап оқытудың белгілі қағидалары іске асырылады. Даралау - математиканы тиімді оқытудың негізгі құралы ретінде Қазіргі кезде мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асыру - білім мазмұнын және білім берудің Қазақстан Республикасының Білім туралы жаңа заңына сәйкес қайта қарауды талап етеді. Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Математиканы даралап оқытуда әрдір оқушының білім деңгейі, біліктігін және дағдысын уақтылы тексеріп отырудың маңызы үлкен. Дұрыс ұйымдастырылған тексеру жұмыстары тек оқушылардың білім деңгейін білу мен бағалау үшін емес, ол мұғалімнің өз еңбегінің жетістіктері мен сәтсіздіктерін байқап отыруына да жәрдемдеседі. Оқыту барынша тиімді болу үшін мұғалім әр оқушының әлсіз және күшті жақтарын, кемшілігі мен қол жеткізген табыстарын жақсы білуі керек. Даралап оқыту тек жаңа тақырыпты даралау бабымен түсіндіру ғана емес, ол әр оқушының атқарған қызметінің барлық түрлері мен нәтижелері дараланған түрде екенін қатаң есепке алу болып табылады. Осы қағида әр мұғалім тәжірибесінде орныққаны дұрыс. Оқу материалын қорытындылап, деңгейлеп жүйеге келтіру іскерлігін қалыптастыру үшін, күрделілігі әртүрлі тапсырмалар беріледі. Оқушылардың білім сапасын көтеру үшін үйге берілетін тапсырмаларды даралаудың ролі зор. Үй тапсырмаларын даралау күрделілігі жағынан да әр алуан. Оқушылардың жеке ерекшеліктеріне қарай үй тапсырмаларын даралағанда тапсырмалардың: көлемі, әр түрлі әдістерді пайдалану, тапсырманың толықтық және тереңдік дәрежесі, орындау мерзімі ескерілуі міндетті. Жоғары сыныптарда математиканы даралап оқытуда төмендегі шарттарды ескеру қажет. Мұғалім: әр оқушының мінездемесін анық білуі тиіс; әр оқушыға қандай жалпы оқу мазмұны мен қандай білік пен дағдыны игертуі керек екендігін толық түсінуі тиіс; дараланған тапсырмаларды ойластыра және құрастыра білуі тиіс; әр сабақты ұйымдастыру мен оқыту әдістерінің тиімді түйісулерін таба білуі тиіс. Даралау мен ұжымдық оқытуды органикалық ұйымдастыра білу - оқыту мен тәрбиелеудегі басты талаптардың бірі екендігін, әр мұғалім жадында ұстауы тиіс. Математика пәнінің оқу материалын даралап оқыту Оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім ең алдымен олардың ықыласы мен жігерін, темпераментін, есте сақтау қабілетін, ойлау ерекшеліктерін, ынтасын зерттеуі қажет. Оқушылардың бұл ерекшеліктерін сабақта немесе сабақтан тыс уақытта оқушылармен, ата-аналармен басқа пән мұғалімдерімен әңгімелесе отырып, бақылау жасау арқылы зерттейді. Кейбір жағдайда, шағын психологиялық тәжірибе жасап, анкеталар толтыруды жүзеге асырады.
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу нәтижесін анықтаған соң, мұғалім олармен жеке жұмыс жүргізу шараларын белгілейді. Бұл оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескеру мен үлгерімі төмен оқушыларға көмектесу жүйесін жасауды және олардың білім, білік және дағдыларын талаптарға сай көтеруді көздейді. Мұнда оқушылардың оқулықпен қамтамасыз етілуі, басқа пәндерден үлгерімі зерттеліп, кездескен олқылықтарды шұғыл жою жолдары қарастырылады. Үлгерімі төмен оқушылардың білімін талапқа сай көтеру үшін, игерілген білімдегі кездесетін олқылықтардың сипатын, қандай тақырып жеткіліксіз меңгерілгенін, есептердің қандай типтері қиындық туғызатынын, қандай біліктіліктер мен дағдылар кем соғып жатқанын анықтау қажет. Сонымен бірге, тақырыптардың өзіне тән қиындықтарын мұғалім алдын ала анықтап, сабақ үстінде немесе үй тапсырмаларын бергенде, оларды түсіндіруге баса назар аудару керек.
Оқыту үрдісін оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сай ұйымдастыру үшін оқу-тәрбие жұмысына әр мұғалімнің өзіндік әдісін енгізген дұрыс. Бұл әдістің мәні - әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы мен мұғалімнің бірлесіп жұмыс істеуін, олардың үйде өздігінен орындайтын тапсырмаларын, сыныпта және сыныптан тыс шараларда атқаратын жұмыстарын үйлестірудің неғұрлым қолайлы түрлерін анықтау. Өзіндік әдісті жүзеге асыру төмендегі мақсаттарды көздейді: - оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеп, типтік топтарға бөлу; - оқу үрдісінің барлық сатыларында әр түрлі топтардағы оқушыларды оқытудың, тәрбиелеудің және жан-жақты дамытудың әдістемелік тәсілдерін жасау; - әр алуан мақсатта жеке дидактикалық материалдардың жүйесін құру; - білімді бағалау, бақылау жүйелерін жетілдіру. Оқушыларды топтарға бөлгенде олардың оқуға және жұмысқа деген қабілеті ескеріледі. Оқушылардың оқуға қабілеттілігі деп, - оның неғұрлым қысқа мерзім ішінде білімнің биік деңгейіне жету қабілетін түсінеміз. Бұл белгі бойынша оқушыларды оқуға қабілеті жоғары, орташа және төмен деп үш топқа бөледі. Оқушылардың жұмысқа қабілеті жоғары деп, - белгілі бір уақыт аралығында олардың өнімді оқу қызметімен шұғылдану қабілетін айтады. Жұмысқа қабілеттілік дәрежесі оқушылардың психогиялық-физиологиялық мүмкіндіктерімен, оқуға ынтасымен және іскерлігімен анықталады. Жұмысқа қабілеттілікті арттыруда: оқу дәйектілігі, оқуға құлшыныс, денсаулық жағдайы, табандылықты дамыту, сезімталдылығы, оқудың тиімді тәсілдерін қолдану және т.б. факторлар елеулі роль атқарады. Жұмысқа қабілеттіліктің де жоғары, орташа және төмен деңгейлері бар.
Оқушыларды топтарға бөлу үшін төмендегілерді пайдалануға болады:
1) оқушының жеке құжаттарын, мінездемесін, сынып журналын зерттеуді;
2) оқушының сыныптағы және үйдегі жұмысын бақылап, талдауды;
3) оқушының орныққан білімі мен іскерлігі бойынша бақылау жұмысын ұйымдастырып, бастапқы деңгейін анықтауды;
4) оқушының пәннің теориялық материалы, әдістері және тілі (терминдері, символы) жайындағы білімін қамти отырып, оның бақылау жұмысының нәтижелерін пайдалануды;
5) оқушының білімін өздігінен көтеру іскерлігі мен машықтарының бастапқы деңгейін анықтау мақсатында арнайы тексеру жұмыстарын жүргізуді;
6) пәннің мазмұны, негізі ұғымдары, олардың қасиеттері мен өзара байланыстары бойынша ұдайы әңгіме өткізуді.
Оқу материалдарының даралаудың сынып-сабақ түріндегі қолданылуына, қиындығына, дидактикалық материалдардың нысаналы жүйесіне және әр топтағы оқушылардың жеке ерекшеліктеріне қарай әдістемелік тәсілдерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Қолдану мақсатына қарай дидактикалық материалдар: ақпараттық, нұсқаушы, жаттықтырушы, аннотациялық, бақылаушы болып бөлінеді. Бұл материалдар, әдетте: карточка-тапсырма, нұсқаушы парақтар, желілер, кестелер және т.б. түрінде беріледі. Дидактикалық материалдар: ауызша және жазбаша, лабораториялық және практикалық, аналитикалық және графиктік сияқты танымдық есептерді орындауды көздейді. Сөйтіп, дидактикалық материалдар оқу үрдісінің барлық сатыларын қамтиды. Оқу материалын даралап оқытудың әдістемелік тәсілдері: оқу материалының күрделілік дәрежесіне, оқушылардың дайындық деңгейіне, оқыту үрдісінің сатысына, мектептің материалдық базасына, оқыту мен оқудың түріне байланысты таңдалады.
Мектепте оқылатын пәндердің, оның ішінде математиканың мазмұнын мынадай құрамды бөліктерге жетуге болады:
а) теориялық материал (ұғымдардың анықтамалары, ережелер, формулалар);
ә) пәндік фактілер;
б) білім, білік және дағдылар (өздігінен білімін көтеру, өзін-өзі бақылау);
в) пәннің тілі ( терминдер, белгілеулер, графиктер, схемалар).
Теориялық материалды оқыту кезінде жеке оқушының біліміне сүйене отырып: мұғалімнің түсіндіруі, карточка-тапсырмалар, алгоритмдер, нұсқаушы парақтар бойынша жеке оқушыларды немесе топтарды өздігінен жұмыс істеуге немесе өздігінен жартылай жұмыс істеуге көшіру, - проблемалық мәселелерді шешкенде сұрақ-жауап формасын қолдану және т.б. тәсілдер пайдаланылады.
Педагогикалық жоғары оқу орынында математиканы оқытудағы даралау және саралау технологиялары оқытуда білім алушылардың дара ерекшеліктері мен оқу орынының спецификасын, сонымен бірге студенттердің білім, білік, дағдыларын әрдайым тексеру жүйесін қоса қарастырады. Педагогикалық мәселе ретінде оқытуды даралау мен саралаудың теориясы мен практикасының зерттеулерін жүргізі үшін: Қазақстан Республикасындағы педагогикалық жоғары оқу орындарында оқытуды саралау мәселесінің қазіргі жағдайына баға беру, математикадан педагогикалық жоғары оқу орындарындағы даралау және саралау технологиясын қашықтан оқыту элементінің негізінде ашып көрсету қажет, отандық және шет елдік ғалымдардың осы мәселе жөніндегі концепцияларын қарастырып, констатациялық, іздеу және қалыптастыру эксперименттерін өткізіп, олардың қорытындысы пен ұсыныстары жөнінде ақпарат беретін педагогикалық эксперименттер өткізу керек, зерттеудің негізгі қорытындыларын жариялау қажет. Жыл сайын ұлғайып отырған Қазақстан Республикасының жалпыевропалық үрдістерге ену интеграциясы отандық білім беру жүйесінің алдына жаңа және үлкен көлемді міндеттер қояды.
Жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби шеберлігін даралап оқыту арқылы қалыптастыру. Қазақстанда білім беру жүйесінің қазіргі кездегі басым бағыттарының бірі - халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау сапасын арттыру. Яғни адамды үздіксіз білім алуға, еңбек ету үрдісіне даярлау. Осы көзқарас бойынша оқыту мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарапайым тригонометриялық теңсіздіктер мен теңсіздіктер жүйесін шешу әдістері
Мектеп курсындағы тригонометриялық теңсіздіктерді оқыту әдістемесі
Термодинамика. Термодинамиканың бірінші заңы табиғаттың жалпы заңдарының бірі
Сызықты емес теңдеулерді шешу
Нормальдің теңдеуі тәсілдері
Сфералық қозғалыстағы қатты дене нүктелерінің жылдамдығы
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған математика жайлы
Канал арқылы таралатын жалғыз толқын және оның параметрлері
Математикны оқытуда іскерлік ойындарын пайдалану
Жинақтылық. Ашық және тұйық жиындар
Пәндер