Сүт өнімдерін өңдеу машиналары мен аппараттары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық

университеті

«Агротехнологиялық» институты

«Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары»

жоғары мектебі

5В072700 - «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығының 3 курс білім алушыларына арналған

«Азық-түлік өнімдерін өндіру жабдықтары» пәнінен Хабарлама Тақырыбы: Сүт өнімдерін өңдеу машиналары мен аппараттары

Орындаған: ТПП-33 топ студенті Құтжан Т. Қ.

Орал 2020 жыл

Сапалы сүт дайындауда сүт ыдыстары мен жабдықтарының тазалығымен қатар, сауу аппаратының тазалығы да маңызды орын алады. Сондықтан да сүтті салқындататын аппараттарға мынадай

зооинженерлік талаптар қойылады:

-физикалық-механикалық қасиеттері әртүрлі сұйық сүт өнімдерін

салқындатуға бейімделген әмбебап болуы;

-салқындатудан кейін салқындатқыштың жұмыстық органдарын тазалау,

жуу және дезинфекциялаудың ыңғайлығы;

-өнімнің булануын болдырмау қабілеті.

РМГЦ-6 танкі алюминий көлденең цилиндрлік ыдыс, жылу оқшаулау қабаты, деңгей сигнал бергіші, су төгетін тесіктің диаметрі орналасқан танкі, өндірістік сыйымдылық аз уақыт шамасында сүт сақтау үшін пайдаланылатын алюминнен жасалынған қондырғы. Қондырғыда жылуды ішке қарай өткізбейтін сырт жағы құрыштан жасалынып қапталынған қорғағышы бар. Араластырғыш, сырттағы температураны көрсетіп тұратын құрал, термометр, жуғыш қондырғы, люк және жарықтандырғыш тұратын қондырғы бар. Көрсеткіш әйнек пен жарықтандырып тұратын қондырғысы түбінде және сүт ағызатын кран 2º-тық бұрышта еңіс етіліп төменгі жағына қарай орналасқан.

АЦМ-28 автоцистернасы ЗПЛ-164 автомобилінің шассиіне қондырылған. Ол екі секциядан тұрады. Бір секция 10 - 15 минутта толып болады. Бұл ыдыста сүт он сағат тұрғанда 3'С ғана қызады.

Таблица 147. Техническая характеристика автоцистерн

ГАЗ-53 автомобилінің шассиіне қондырылған АЦ-18 (сыйымдылығы 1800 я), "Урал-355М" автомобилінің шассиіне кондырылған. АЦМ-23 және МАЗ-20 автомобилінің шассиіне қондырылған АЦ-525 автоцистерналары пайдаланылады.

https://www.autocentre.ua/wp-content/uploads/2019/07/ais-gaz-2.jpg

Цистерна (лат. сіsterna - су бөгені) - сұйықты сақтауға арналған ыдыс; сұйық және ұнтақ заттарды тасымалдауға немесе сақтауға арналған ыдыс. Ол тастан, бетоннан не темір-бетоннан (жерге қазылып орналастырылған) немесе металдан (ірге тасқа орнатылатын) жасалады. Кейде цистерна автомобильге, темір жол арбасына орнатылып, ол арқылы сұйық заттар (бензин, керосин, сүт, спирт, т. б. ) тасымалданады. Автомобиль Цистернасының сыйымдылығы 1, 5 - 5 м3, ал темір жол цистернасының жүк көтергіштігі 60 - 120 т болады.

  • Изотермиялық цистерна- сүт, арақ-шарап т. б. - тағам өнімдерін тасуға арналған термоизоляциясы бар ыдыс.
  • Жылытылатын цистерна- жылыту құрал-жабдықтарынан тұратын термоизоляциясы бар үлкен жабық ыдыс, мысалы: 200°С температурадағы битумды тасымалдауға болады.

КАМАЗ-5350 шассиіндегі АЦПТ-56 автоцистернасы тығыздығы 1, 03 г / см³ аспайтын тамақ сұйықтықтарын (сүт, ауыз су) тасымалдауға және қысқа мерзімді сақтауға арналған, ГОСТ 15150-69 1 санатына сәйкес шығарылған өнімдерге арналған жағдайларда. «У» климаттық қойылымы. Термиялық оқшауланған цистерна екі бөлімнен, базадан және танкердің артқы жағында орналасқан қызмет бөлімінен тұрады. Резервуардың құюға, дезинфекциялауға және бактың корпусының ішкі бетін тексеруге арналған екі мойыны бар. Әр мойын жылу оқшауланған қақпақтармен жабылады.

Фермаларда сүтті уақытша сақтау және оны тасу кезідерінде флягаларды, ыдыстарды, танктерді және цистерналарды пайдалануға болады. Сүтті флягаларда сақтау - қолайлыәдіс. Алайда ол еңбекті көп қажет етеді және оның өнімділігі де аз. Мұнан гөрі тиімдірегі - сүтті арнайы танктерде сақтау. Сүт танктерінің көлденең (ТМГ-1, ТМГ-2, ТОМ-2) және тік (ТМАВ-2) түрлері кездеседі. Танктің ішкі резервуары алюминийден, сыртқы корпусы болаттан жасалған. Резервуар мен құндақтың аралығында сүттің температурасыұзақ мерзім бірқалыпты ұстауды қамтамасыз ететін жылу айырғыш бар.

Сепараторларға қойылатын зоотехникалық талаптар: Сүт айырғыш сепараторларға мынадай талаптар қойылады:

- сүт айырғыштың құрылысы сүт айыру процесін үздіксіз әрі жылдам жүргізу қажет және автоматтандыру мүмкіндігі ескерілуі тиіс;

- сүт плазмасынан майды толық айыруы көзделуі қажет;

- сүт айырғыштың мүмкіндігінше тоқтаусыз жұмыс істеу қабілеті болуы керек;

- кілегейдің майлылығын қажетті шамаларда реттеуге мүмкіндік туғызу керек;

- сүт айыру кезінде көбік болмауы тиіс;

- санитарлық-гигиеналық талаптар қатан орындалуы тиіс;

- айырғышты тез бұзып - жинау мүмкіндігі болуы керек;

- құрылысының қарапайым және қолданғанда оңтайлы болуы кажет.

Сепараторлардың жіктелімі: Сепараторлардың жұмыс принциптерінің өзі тектес әртүрлі қондырғылардан айырмашылығы - оның барабанының құрылысында ғана. Мал шаруашылығының қажеті үшін өнеркәсіп ауыспалы екі барабаны (кілегей айырғыш және сүттазартқыш барабан) бар сепараторлар шығарады.

Сепараторлардың өнімділігі мен құрылысы әртүрлі, бірақ жұмыс

істеу принципі ұқсас. Сепаратордың жұмыс органы- барабан айналғанда

ортадан тепкіш күш пайда болады да, осы күш сүттің құрамдас бөліктерінің тығыздығының әртүрлілігінің нәтижесінде оларды бөледі.

Сепараторларды өндірістік мақсатына байланысты былай жіктейді:

кілегей айырғыштар, сүттазартқыштар, сүт нормалағыштар, әмбебеп сепараторлар, арнайы сепараторлар (гомогендеуіштер) .

Конструкциялық ерекшеліктеріне қарай, олар ашық, жартылай жабық және жабық типті болып келеді.

Ашық сепараторлардың конструкциясы ең қарапайым. Бұл сепараторларарқылы өткізілетін сүт пен одан шығарылатын өнімдер

міндетті түрде қоршаған ауамен жанасады, Сепарациялау процесінде

шығарылатын өнім ауамен араласып көбіктенеді. Ол ашық сепараторлардың пайдаланылу жағдайын нашарлатады. Олардың өнім шығару мүмкіндігі 0, 3 кг/с шамасында болады.

Жартылай жабық сепараторларда сүт ашық ағынмен, ауаменжанасып келеді де, сепаратордан шығарда оның барабаны тудыратын қысымының әсерінен жабық тәсілмен ағады. Мұндай сепараторлардың өнімділігі 0, 5 - 1, 0 кг/с - қа жетеді.

Жабық типті сепараторларда сүттің берілуі мен өнімнің шығуы

ауаның қатысынсыз қысым арқылы жүргізіледі. Мұндай сепараторлар салқындатқыш - тұйықталған жүйесінде

қолданылады. Олардың бір өнім беруі 1 кг/с - тан асады.

Сепараторлар барабанды бөгде қоспалар мен тұнбадан тазарту

ерекшелігіне байланысты қолмен тазартылатын және өздігінен

тазартылатын деп бөлінеді.

Сепараторлар жетегіне қарай қолмен , механикалық және жетек арқылы іске қосылатын болып бөлінеді.

Өнеркәсіп сағатына 60 кг - нан15000 кг - ға дейін өнім беретін сепараторлар шығарады. Мал шаруашылығында COM-3-10, ОСП-3М және

ОМА-3М сепаратор - кілегейайырғыштары кеңінен пайдаланылуда. Бұлардың соңғысы ОПУ-3МТ пастерлеуіш қондырғысымен бірге қолданылады.

СОМ-3-1000 сеператоры корпустан, барабаннан, жетектен, қабылдау және шығару тетіктерінен тұрады.

C:\Users\Мирболат\Desktop\практика\1458403688_image002.jpg

СОМ-3-1000 сеператор кілегей айырғышы

Кұрамына түп-сақина (1), жүргізуші механизм, барабан және сүт тұратын ыдыс кіреді. Табаны шойын құймадан жасалынған. Кеңірдегінің ортасына барабан уигізілетін білік (2) орнатылган. Барабанның үстіңгі жағына сүт құятын ыдыс (3) қойылған. Жүргізуші механизм муфтадан, жадағай (11) және тігінен орнатылған біліктен (2) және жылдам қозғалатын бұрандалы жұптан тұрады. Сүт тартқыш - барабан қабынан (6), табақ жинағыштан (9), жадағай бөліп тұратын табақтан (8), жоғары белгіш табақтан (7), реттеуші бұрандадан (5), тығыздағыш резеңке сақинадан (10), қаптап (6) және гайкадан (4), құралады. Табақ жинағышпен белгіш табақшаларда тігінен орналасқан тесіктер болады. Табақшалардың арасында кешістік болуы үшін, табақшалардың үстіңгі жағында кішігірім дөңестер болады. Дөңестің биіктігі 0, 35-0, 45 мм. Жоғарғы жағында орналасқан сүтке арналған ыдыстар сүтті қабылдап, кілегей мен көк сүтті шығару үшін қолданылады. Жұмыс жасау реті былай жүреді: сүт құбырдан сүт таратқыштың қалқуық тұрған қуысына құйылады. Сүт артық құйылғандай болса, қалқуық көтеріліп тесікті жабады да, сүт төмен түсіп азая бастағанда сүт қайта құйылады. Қалқуык тұрған қуыстағы сүт шолақ кұбырлар арқылы айналып тұрған барабанның ішіне құйылады да табақша арқылы кеңістіктерге таралады. Ортадан тепкіш күштің әсерінен көк сүт барабанның шетіне қарай ығысады да, кілегей жеңіл зат ретінде ортасына қарай көтеріледі. Барабанға үздіксіз кұйылып тұрған суттің кысымымен көк сүт сыртқы белгіш табақша мен барабан қақпағының арасымен көтеріліп екітесік арқылы шығын көк сүт ағатын шүмектен арнайы ыдысқа құйылады.

Кілегей табақша арқылы саңылаумен көтеріліп табақ жинағышқа ығысады да жалпы ағынға қосылым жоғары көтеріліп, реттеуіш винт бар тесік арқылы кілегей ағатын шүмектен арнайы ыдысқа құйылады. Сүттегі механикалық қоспалар қақпақтың ішкі қабырғасына жиналып сонда қалады.

Техникалық сипаттама

Жіберу мүмкіншілігі, кг/сек. 0, 28 1000, Барабанның бұрыштық жылдамдығы: рад/c, 850, Бөлгіш табақтың саны, дана 52±4, Эл. мотордың қуаттылығы, кВт. 1, 0, Барабанның массасы, кг. 16

Сүтті таратқыштың технологиялық режимі: кілегейдің қоюлығын реттегіш винт арқылы реттейді. Винт оңға бұрылса, солға бұрылса сұйылады.

Зауодтағы стандарт бойынша кілегейдің майлылығы 12% болуы керек. Барабанның айналу жиілігі азайған сайын кілегей бөлінуі нашарлайды. Кілегей жақсы бөліну үшін 308 . . . 313К, қышқылдығы 22ºТ болуы керек. Сүттің ластығы жоғары болса кір жиналатын бөлік тез толады да май түйіршіктері көк сүтке араласып кетіп отырады. Екі сағаттан артық үзбей жұмыс істеген жағдайда табақшалар арасындағы кеңістіктер толып қалады да кілегей айыру нашарлайды. Тақ жинағыштың түбі орнына түспесе де сүт кір жиналатын қуысқа кіреді де кілегей ажырамайды.

Жұмыс аяқталған соң көк сүт құйып айдап алу керек, сонда барабанда қалған кілегей жуылып кетеді. Содан кейін барабанды алдымен қызуы 312 . . . 333 К ыстық сумен 15 минут жуып, каустикалық сода қосылған ерітіндімен 30 мин, соңынан қызуы 293 . . . 238 К сумен 20 минут шаю керек.

Гомогендеуіш станинадан, оның бір жағына орнатылған айналшақ бұлғақты механизмі бар май астауынан және екінші жағына орнатылған

гомогендеуші қалпақшасы бар цилиндрлер блогынан тұрады, Цилиндрлер блогында үш сорушы, үш айдаушы клапан және үш плунжер қондырылған, 60…70° С температураға дейін қыздырылған сүт плунжерлі сораптар арқылы 25 МПа қысыммен цилиндрлер блогының сорушы қуысымен өтеді, ал плунжерлер сүтті айдаушы клапандар және гомогендеуші қалпақша саңылаулары арқылы 200 м/с жылдамдықпен өткізеді. Бұл жылдамдықпен май түйіршіктері ыдыратылып, ұсақталады.

Май өндіру үшін сепаратор мен пастерлеуіштен басқа кілегейді

бұлғауға дайындайтын және бұлғайтын, май өңдейтін жабдықтар

қолданылады.

Стандартты сары майдың құрамында - 83% май, 16% су және 1%

минералды тұзды ақуыз болады. Майды екі түрлі тәсілмен дайындайды:

кілегейді бұлғау және майлылығы жоғары кілегейді түрлендіру . Бірінші

тәсілде майлылығы орташа кілегейді бұлғау арқылы май дәнін алады да,

механикалық әсер нәтижесінде оны майға айналдырады. Екінші тәсілде

сүтті екі қайтара айыру нәтижесінде майлылығы өте жоғары кілегей

алады да, оны май түзгіште бұлғаусыз механикалық өңдеу арқылы май алады.

Тәтті сары майды кілегейді бұлғау нәтижесінде алу мынаоперациялардан тұрады: сүтті қабылдау, сорттау, оны айыру, кілегейді

бұлғауға дайындау және бұлғау, дәнін жуу, өңдеу, сақтау.

Майшайқауыштарды үздікті және үздіксіз деп жіктейді. Үздікті

әрекеттегі шайқауыштарға жанышпабілікті және жанышпабіліксіз қондырғылар жатады. Оларды іске қолмен және электрмеханикалық

жетек арқылы қосады. Бұл қондырғылар сыйымдылығы 50…400 л ағаштан немесе тоттанбайтын болаттан жасалған ыдыс түрінде болады. Оның ішіне қалақшалар орнатылады. Майшайқауыштың бірқалыпты жұмыс істеуі үшін, оны кілегеймен 40…45% толтырады.

Май шайқау зауыттарында сары май өндіру үшін үздіксіз әрекеттегі

майшайқауыш колданылады. Майшайқауыш тізбекте орнатылған және өнімділігі жағынан үйлестірілген кілегей кабылдағыштан, бұлғауыштан және май шығатын саптамасы бар майөңдеуіштен тұрады. Мұндай май шайқағыштардың өнімділігі жоғары, гигиеналық тұрғыдан таза.

Майшайқауыштың айналу жиілігі былай анықталады, мин¹:

n = 24 / r n\ = \ 24\ \slash \sqrt{r}

мұнда r - ыдыстың ішкі радиусы, м.

Практикада айналу жиілігі n = 20…36 мин¹ аралығында болады. Майшайқауыштың өнімділігі жоғары болған сайын, оның айналу жиілігі соғұрлым төмен болады.

Қышқылсүт өнімдері диеталық және емдік касиеттерімен ерекшеленеді. Қышқылсүт өнімдерінің қоректік заттары жеңіл қорытылады, себебі сүт қоректік заттарының ыдырауы сүткышкылды әсерінен өнім аши бастағанда басталған.

Қазіргі кезде қышқылсүт өнімдері халықты тамақтайдыруда ғанаемес, сонымен бірге малдың төлін азықтандыруда да кең қолданылады. Қышқылсүт өнімдерімен мал төлін азықтандырғанда, олардың тәуліктіксалмақ қосуы 10…15% артады және мал шығыны төмендейді.

Қышқылсүт өнімдерін малдың барлық түрінің сүтінен өндіреді. Сиыр сүтінен қышқыл сүт өнімдерін алу үшін оның қышқылдылығы20°T-ден аспауы, бөгде қоспалар мен иісі болмауы, құрамы бірқалыптыболуы қажет және ақуыздың мөлшері барынша көп болғаны абзал.

Ашу ерекшелігіне қарай қышқылсүт өнімдері екі топқа бөлінеді :сүт қышқылдық ашу өнімдері - қатық, ацидофилин және қою айран; аралас сүтқышқылды және спирттік ашу өнімдері - кефир, қымызжәне айран.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүт өндірісіндегі құбырлы жылу алмастырғыштар қондырғылар
Сүтке арналған пастеризациялы-суытқыш қондырғылар
Шәкәрім университетінің қысқаша тарихы
Тамақ өнеркәсібіндегі технологиялық үрдістердің қауіпсіздігі
Балмұздақ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Процестер мен аппараттарды модельдеу негіздері
Шикізатты ұсақтауға арналған машиналар
Сары май өнімі
Балмұздақты өндіру технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz