Евразиялық экономикалық бірлестік


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық

университеті

«Агротехнологиялық» институты

«Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары»

жоғары мектебі

5В072700 - «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығының 3 курс білім алушыларына арналған

«Метрология, стандарттау және сертификаттау» пәнінен Эссе Тақырыбы: Евразиялық экономикалық бірлестік

Орындаған: ТПП-33 топ студенті Құтжан Т. Қ.

Тексерген: Сабырова Э. Е.

Орал 2020 жыл

Еуразиялық Экономикалық Бірлестік дегеніміз - құрамына Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы сияқты мемлекеттер кіріп, Молдавия және Украина, Армения сияқты бірқатар бақылаушы мемлекеттерден тұратын, бір Кеңестік Одақтың шеңберінде өмір сүрген мемлекеттер арасында ортақ сыртқы кедендік шекаралар мен тариф, баға және ортақ рынокты қалыптастыруға, құрамына енген мемлекеттер территориясында аймақтық интеграцияны құру жолымен біріккен экономикалық кеңістік ұйымдастыру мақсатында құрылған халықаралық экономикалық ұйым.
Ұйымның рәміздері 2002 жылы 13 мамырда ЕврАзЭС тің
мемлекет аралық отырысында бекітілген. Туыдың өзінде ресми эмблема
бейнеленген. Дәл ортасында глобус Еуразия материгінің контурымен, қиялдағы құстың қанаттары іспеттес Еуропа мен Азияны бейнелейтін көк және алтын сарғыш түсті имектелген геометриялық фигура үйлесіп бейнеленген.
КСРОның ыдырауынан кейін посткеңестік экономикалық кеңістікте Еуро Одақтың жоспарлары мен мақсаттарына ұқсайтын аймақтық интеграциялық блок құру негізінде шаралар жүргізілді. 1993 жылы Мәскеуде Экономикалық Одақ жайында келісімге қол қойылды. Бұл Одаққа ТМД құрамына кірген 12 мемлекетте енді.
Батыс Еуропалық интеграцияны үлгісі негізінде алған Келісімде еркін сауда зонасын қалыптастыру, кедендік одақ, ортақ рынок және одақтық волютаны ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Дегенмен бұл одақ - мини КСРО еркін сауда зонасын қалыптастыра алмағандықтан өз өмір сүруін тоқтатты. Себебі 1994 жылы сәуірдегі еркін сауда зонасын құру туралы шешімді біраз мүше мемлекеттер және Ресейдің өзі де қолдамады. Кейін бұл үрдісті санаулы мемлекеттер қатары ғана қолға алды. 1995 жылы қаңтарда Қазақстан, Ресей, Белоруссия Кедендік одақ құру туралы келісімге қол қойды. Кедендік одақтың мақсаттары бірден анықталыд.

Олар:

  • Еркін сауда айналымындағы кедергілерді жою;
  • ортақ экономикалық ережелерді қалыптастыра отырып, жетілген бәсекегеұмтылу;
  • келісімге қатысушы мемлекеттердің экономикалық саясатын координациялау, сонымен қатар әлемдік рыноктағы қызығушылықтарын біріге қорғау;

Мемлекеттердің бірлесе атқарған іс шаралары Кедендік Одақ келісімінің ауқымын кеңейтіп, мемлекеттер арасында келесі бір ірі құжаттқа қол қоюына себепкер болды. 1996 жылы 29 наурыз Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы президенттерімен интеграциялық мемлекеттер одақтастығын құру мақсатында экономикалық және гуманитарлық интеграцияны тереңдете қарастырған келісімге қол қойылды. Олар
экономикадағы, білімдегі, ғылымдағы, мәдениет және әлеуметтік сферадағы
интеграцияны уақытылы тереңдетуге біріккен күш жұмсауға, мемлекеттердің
өзара егемендігіне қол сұқпауға, тең құқылы, тең дәрежелі шешімдерге
келуге, шекаралық иеліктердің өзгеріссіз қалуына, бір бірінің ішкі
саясатына араласпауға келісті. 1999 жылы ақпандағы келесі Кедендік одақ
және ортақ экономикалық кеңістік жайындағы келісім шартқа, осы келісімдер
негізінмен келісе отырып Тәжікстан Республикасы да қол қойды.
Еуразиялық Экономикалық Бірлестік құру жөніндегі келісімге Астанада
2000 жылы 10 қазанда қатысушы мемлекеттер президенттері
Белоруссия -Александр Лукашенко, Қазақстан - Нұрсұлтан Назарбаев,
Қырғызстан - Асқар Ақаев, Ресей - Владимир Путин, Тәжікстан - Эмомали
Рахмоновтың қол қоюымен құрылды. Мұнда сауда мен экономика саласындағы анықталған мақсаттар мен істердің концепциялары анықталды. ЕврАзЭС тің құрылуы экономикалық интеграцияда өз жетістіктерін көрсете бастады.

Олар кедендік одақ арқылы (ұйым мүшелерінің тауарларына мүше емес мемлекеттерден
жеңілдетілген ортақ кедендік тарифтің енуі) еркін сауда нәтижесінде (тең
тарифті сауда) ортақ рынокқа (еркін тауар, капитал, жұмыс күш айналымы,
келесе мемлекеттерге қатысты ортақ сауда саясаты, ортақ валюта саясаты) қол
жеткізді. Кемшілігі ретінде тұрақты халықаралық ұйымның құрылуы келесі жаңа экономикалық келісімдердің туындауына әкеледі. Бұл ТМД ның ішінде
қайшылықтардың туындауына, жаңа экономика әлемінде ВТО ға кіруге ұмтылған мемлекеттерге өтпелі экономикалық кезеңге бейімделуіне шамалы уақыт талап етеді.
Қазір ЕврАзЭС-тің жалпы территориясының көлемі 20324 мың кв. км., орташа жалпы халқының санын 181 млн. адам.
2003 жылы мамырда Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуразиялық Экономикалық Ұйымның статусын халықаралық ұйым ретінде таныды және БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында бақылаушы статусына ие болды.
2003 жылы күзде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті

Н. Ә. Назарбаев пен Ресей Федерациясының пример министрі М. Косьянов арасында болашақта 2011 жылға дейін бірлестік щеңберінде ортақ валютаны қабылдау сияқты келісімге келді. Қазір ЕврАзЭС құрамындағы мемлекеттердің бизнесмендерінің байланысы АҚШ доллары арқылы жүзеге асуда. Ұйымның рубль ортақ ақша айналымы бола ма,
әлде басқа бірлік ене ме әлі белгісіз. Алайда интеграцияға қатысушы
мелекеттер мұндай ортақ валютаны енгізу, тек ортақ және еркін сауда зонасы
мен бір экономикалық кеңістік құрылғаннан кейін ғана қабылдануы керек
екенін анық түсінеді.
Құрылымы:

  • Мемлекетаралық Кеңес;
  • Интеграциялық Комитет;
  • Парламентаралық Ассамблея;
  • Қоғамдастық соты.

Мемлекетаралық Кеңес - мемлекеттер және үкіметтер басшылары өкілдік ететін жоғарғы басқару органы. Қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің ортақ мүдделеріне байланысты қағидаттық мәселелерді қарайды, интеграция дамуының стратегиясын, бағыттары мен келешегін белгілейді және ЕурАзЭҚ мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған шешімдерді қабылдайды.

Интеграциялық комитет - ЕурАзЭҚ органдарының өзара іс-қимылын және Мемлекетаралық Кеңес қабылдаған шешімдерді іске асыруды бақылауды қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін орган.

Парламентаралық Ассамблея ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын үйлесімдендіру (жақындастыру, бірегейлендіру) мәселелерін қарайтын парламентаралық ынтымақтастық органы болып табылады.

Қоғамдастық Соты Қоғамдастық шеңберіндегі қолданыстағы шарттардың және ЕурАзЭҚ органдары қабылдайтын шешімдердің біркелкі қолданылуын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта ЕурАзЭҚ сотының функцияларын ТМД Экономикалық Сотына жүктеу туралы шешім қабылданды. RR5111-0198R.png

Еуразиялық экономикалық қоғамдастық 2000 жылғы 10 қазанда Астана қаласында халықаралық экономикалық ұйым ретінде Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ) құру туралы шартқа сәйкес құрылды. ЕурАзЭҚ-ты құру туралы шартта бұрын Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы 1999 жылғы [26 ақпандағы шартта айқындалған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін тығыз және тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық тұжырымдамасы негізге алынған. Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың ұйымдастыру-құқықтық құралдары және жасалған халықаралық шарттардың бір мезгілде және бірдей орындалуының тетіктері, қабылданған шешімдерді іске асыруды бақылау жүйесін енгізу көзделген. ЕурАзЭҚ-ны құру туралы шартта Кеден одағы шеңберінде бұрын қабылданған шарттар мен шешімдердің сабақтастығы қамтамасыз етілген, олардың ішіндегі айқындаушылары мыналар болып табылады: Кеден одағы туралы келісім; 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Кеден одағына қосылуы туралы келісім; 1996 жылғы 29 наурыздағы Экономкалық және гуманитарлық саладағы интеграцияны тереңдету туралы шарт; 1997 жылғы 22 қарашадағы Кеден одағын қалыптастыру кезінде тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісім; «Қарапайым адамдарға қарай он қарапайым қадам» мәлімдемесі.

Мақсаттары мен міндеттері:

  • Толық еркін сауда режимін, ортақ кедендік тариф қалыптастыру және тарифтік емес реттеудің бірыңғай жүйесін тіркеуді аяқтау;
  • Капитал қозғалысының еркіндігін қамтамасыз ету;
  • Жалпы қаржы нарығын жасау;
  • ЕурАзЭҚ шеңберінде бірыңғай валютаға көшу үшін принциптері мен шарттарын үйлестіру;
  • Тауарлар мен қызметтерді сауда үшін ортақ ережелер құру және олардың ішкі нарыққа қол жеткізу;
  • Кедендік реттеудің бірыңғайланған ортақ жүйесін құру;
  • Мемлекетаралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
  • Өндірістік және кәсіпкерлік қызмет үшін тең жағдай жасау;
  • Көліктік қызмет және кешенді көлік жүйесін ортақ рыногын жасау;
  • Ортақ энергетикалық нарығын қалыптастыру;
  • Тараптардың нарығына шетелдік инвестицияларды қол жеткізу үшін тең жағдайлар жасау;
  • Қоғамдастық аясында ЕурАзЭҚ елдерінің азаматтарының еркін қозғалысын қамтамасыз ету;
  • Жалпы еңбек нарығын қамтамасыз ететін бірыңғай білім беру кеңістігін, денсаулық сақтау мәселелері, көші-қон және басқа да келісілген тәсілдерді әл-ауқатын мемлекеттердің қоғамдастық құру мақсатында әлеуметтік саясаттың үйлестіру;
  • Ұлттық заңнаманы жақындастыру мен үйлестіру;
  • Қоғамдастық шеңберінде ортақ құқықтық кеңістік құру ЕурАзЭҚ елдерінің құқықтық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
  • БҰҰ-мен өзара іс-қимыл;
  • Еркін сауда режимін толық көлемде ресімдеуді аяқтау, біртұтас кеден тарифін және тарифтік емес реттеудің біртұтас шаралары жүйесін қалыптастыру; мүше мемлекеттердің ДСҰ-мен және басқа да халықаралық экономикалық ұйымдармен өзара қарым-қатынасындағы келісілген ұстанымын тұжырымдау;
  • Қоғамдастықтың сыртқы шекараларында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, контрабандамен және кедендік құқық бұзушылықтың өзге де түрлерімен күрес; экономикалардың келісілген құрылымдық қайта құруын жүргізу; бірлескен бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру, әлеуметтік-экономикалық даму; көліктік қызмет көрсетулердің ортақ рыногын және біртұтас көлік жүйесін қалыптастыру; ортақ энергетика рыногын қалыптастыру; білімнің ұлттық жүйелерін үйлесімдендіру, ғылым мен мәдениетті дамыту;
  • Қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің азаматтарына оның барлық аумағында білім және дәрігерлік көмек алуда тең құқық беру; ЕурАзЭҚ шеңберінде жасалған шарттар бойынша мемлекетішілік рәсімдерді орындау мерзімдерін үйлестіру;
  • Қоғамдастық шеңберінде ортақ құқықтық кеңістік құру мақсатында қатысушы мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің өзара ықпалдасуын қамтамасыз ету.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТМД - ның қалыптасуы мен даму проблемалары
Еуразиялық экономикалық одақ қалыптасуы және маңызы
Халықаралық экономикалық қатынастардың негізі және құрылымы
Қазақстанның экономикасын, рыноктық жүйесі. АҚШ, СНГ, Еуропа елдерінің саясаты, стратегиясы және экономикасы
Еуразия идеясы
Шешім қабылдаудың жаңа түрі
Еуразияшылдық идея
Тәуелсіздік жылдарындағы Белорусияның саяси-әлеуметтік дамуы
Өндірістің салаларын бейнелеу
Жалпы экономикалық кеңістікті құруда жағдай жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz