Қазақ ауыз әдебиетінің түрлеріндегі және ақын- жыраулар шығармашылығындағы философиялық даналық


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы : «Қазақ ауыз әдебиетінің түрлеріндегі және ақын- жыраулар шығармашылығындағы философиялық даналық»

Орындаған: Бегалина А. Х.

Білім беру бағдарламаларының тобы: B007 Бейнелеу өнері мен сызу мұғалімдерін даярлау

Қабылдаған: Жусупова Р. К.

Көкшетау, 2020ж

Қазақ философиясының төл тарихы Асан Қайғы мен Мұхаммед Хайдар Дулаттан басталады. Асан Қайғы өз жыр-толғауларында, шешендік сөздерінде хандық мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттілігін насихаттайды. Оның Асан Қайғы атануы - ғұламаның ойшылдығының, парасаттылығының айғағы. Асанның қайғысы тек өз заманына қатысты емес, оны қайғыға салып отырған - болашақ туралы болжамдары, халық қайда бара жатыр, ертеңі қандай болады деген күрделі сұрақтар.

Асан Қайғы - түркі жұртының әйгілі ойшылы Қорқыттың дүниетанымын жалғастырушы Асан Қайғыдан басталған жыраулар легі (Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар, т. б. ) қазақ қауымында хандық мемлекет жойылғанша болды. Хандық жойылған соң жыраулар дәстүрі жалғаспай қалды. Қазақ ақын-жырауларының шығармалары көшпелі болмысты, ата-қоныс, адам, қоғам, сол кездегі әлеум. жағдайларға, батырлық, көркемдік, адамгершілік, өмір мәселелеріне байланысты бола тұра, терең мағыналы философиялық ойларға толы.

Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушылардың бірі - Шалкиіз жырау Тіленшіұлының шығармасында философиялық ой кешу, жыр толғау әдістері ерекше. Жырау дүниеде тұрақты, мәңгілік ештеңе де жоқ деп тұжырымдайды.

Ақтамберді Сарыұлы өз жыр-толғауларында елді ерлікке, бірлікке шақырады. Оның жырларынан қазақ халқының ой-арманы, мақсат-мүдделері, олардың бар болмысы, ерекшеліктері, дүниеге өзіндік көзқарасы аңғарылады.

18 ғасыр жыраулары ішіндегі аса көрнекті тұлға - Бұқар жырау Қалқаманұлы да дүниедегінің барлығы өзгеріске ұшырап отыратындығын атап көрсетеді. Шығыстық ойлау жүйесі хакімдік діни философияны теріске шығармаған. . Төрт ғасырға тарта дербес мемлекет құрып, хандық дәуірде өмір сүрген қазақ халқының заманға сай құндылықтар жүйесі қалыптасты («Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Ер Едіге», «Қамбар батыр», «Ер Қосай», «Қырымның қырық батыры», т. б. жыр-дастандарындағы ерлік философиясы) .

Ерлік философиясы Махамбет Өтемісұлы жырларында өз жалғасын тапты. Шығыс поэзиясының, сопылықтың ықпалы және төл түсініктер негізінде қалыптасқан ғашықтық философиясына қатысты құндылықтар «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Еңлік - Кебек», «Қалқаман - Мамыр», т. б. жырларға негізгі өзек болды. Қазақтың дербес мемлекеттілігі жойылғаннан кейін жүз жылға созылған Зар заман дәуірінің ақындары (Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, т. б. ) халықтың басына түскен отаршылдық нәубетін сары уайымға салыну, торығу сарынымен жырлады.

Дулат Бабатайұлы өз шығармаларында қайырымдылық пен зұлымдық, мырзалық пен сараңдық, білім мен надандық мәселелерін талдап, шығармаларына негізгі арқау етті. Дулаттың әлеуметтік философиясы - жер, суды, елдің бірлігін сақтап қалу идеясы, басқа жұртқа күш көрсетпеу философиясы.

Зар заман ақындарының ірі өкілі Мұрат Мөңкеұлы шығармаларындағы басты сарын - жер мәселесі, ата қоныс, бас бостандығынан айырылған тұтас елдің мұң-зары. Шортанбай заманақыр таяғанда табиғат та азады десе, Мұрат керісінше, заманның азуын адамнан көреді.

Қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі Ы. Алтынсарин бала дүниетанымының философиялық мәселелерімен алғаш шұғылданып, осы бағытта тамаша үлгі жасады.

Хикмет сөз, яғни даналық айту дәстүрі Абай Құнанбаев заманына дейін үзілмеген. Абай адам болмысын тануда тың дүниетанымдық ойлар айтты. Адамзатты Алла махаббатпен жаратқан, демек, махаббат адамға дейін болған, Алланың тек өзіне ғана тән құдіреті деп білген Абай Адам мен Алланың арасындағы қатынасты сүю деп атайды. Өзін махаббатпен жаратқан Алласын адамның сүюі парыз. Абай сүюдің үш түрін айтады, олар: Алланы сүю, оның жаратқан кереметі - адамды сүю және хақ жолы деп әділеттілікті сүю. Осы үш сүюді Абай имани гүл дейді. Хакім Абай «толық адам» немесе кәмелетті адам тұжырымдамасын жасады. Олар: нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зар заман философиясы
Қазақ философиясы
Түркі дүниетанымы - қазақ философиясының бастаулары
Қазақ философиясының тарихи ерекшеліктері
Қазақ философиясының қалыптасып-дамуының негізгі кезеңдері
АҚЫНДАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ШЕШЕНДІК ОРАЛЫМДАР
Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар шығармашылығындағы тарихи мәселелер
Философияның даналық және адамзат қоғамының дамуы
Жабаев Жамбыл– қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz