Жас ерекшеліктеріне байланысты ертеңгіліктер таңдау
09.12.2020ж Лекция
Сабақ тақырыбы: Жас ерекшеліктеріне байланысты ертеңгіліктер таңдау
Ертеңгіліктің құрылымы. Әрбір ертеңгіліктің сценарийі оның негізгі идеясын қамтиды және оның өткізу дәстүрі болады.
Мысалы, қоғамдық - саяси оқиғаларға арналған мерекелік бағдарлама үш бөлімнен тұрады.
Аз уақыттан тұратын бірінші бөлім (5 - 7 минут), сәнді киінген, қолдарында жалаушалары, гүлдері, бұтақшалары бар балалардың салтанатпен залға келуін және т.б. қайта құрылу, өлең оқу, бір - екі ән айтуды қамтиды.
Екінші бөлім - едәуір ұзақ. Ол балалардың ұжымдық және жеке орындауларынан, көрініс сәттерінен тұрады. Балалар музыка сабақтарында үйренген әндерін орындайды. Мұнда балаларға таныс дәстүрлі халық әндері, ойындар, хороводтар және билер жетекші орын алады.
Үшінші, қорытындылаушы бөлімде балалардың назарын қайтадан мерекенің негізгі идеясына аударылады. Жүргізуші тағы да мерекемен құттықтайды, балалар хормен мерекеге, Отанға арналған тақырыптарын оқып береді. Сергек маршпен сахнадан кетеді.
Жаңа жылдық сценарий де үш бөлімнен тұрады, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Алғашқысында балалар әдемі безендірілген шыршаны қарайды, өлең оқиды, хоровод жүргізеді. Екінші, қызғылықты бөлімде, дәстүрлі аяз ата мен қаршақыз пайда болады, олар ертеңгілікті одан әрі жалғастырады, қуанышты орта туғызады. Балалар өлең оқиды, ән айтады, инсценировка,қызықты ойындар көрсетеді. Мерекенің бұл бөлімінде аттракцион, қат - қабат ойындар өткізіледі, жұмбақтар айтылады.
Үшінді бөлімді ертеңгілік аяқтайды. Аяз Ата мен Қарша балалармен қоштасады. Шыршаның айналасында көпшілік болып бір- екі рет билегеннен кейін балалар өз топтарына тарасады.
Балалар бақшасымен қоштасу және балаларды мектепке шығарып салу ертеңгілігі басқаша өткізіледі. Мұнда ерекше салтанаттылық болмайды, тек дайындық тобының балаларына деген достық ілтипат білдіруге мүмкіндік жасалады. Олар өздерінің сүйікті өлеңдерін айтады, ойындарын, билерін орындайды, басқа топтың балаларының өнерлерін тамашалайды, олардың құттықтауларын, гүлдерін, ескерткіш сувернирлерін қабылдайды. Ертеңгілікті қорытындылайтын әндер мен өлеңдерде балалар бақшасының қызметкерлеріне алғыстарын айтады, мектепте жақсы оқуға уәде береді.
Соңғы жылдары мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің тәжірибесінде туған күнді атап өту дәстүрге айналды, ол өзіндік семья салтанатты ретінде әр жастағы топтарда өткізіледі. Балаға өз құбылары жасаған сыйлықтар (қолдан жасалған заттар, суреттер және т.б.) табыс етіледі, шағын концерт қойылады. Мұнның бәрі күннің екінші жартысында өткізіледі және тәтті тағамды шай ішумен аяқталады.
Мерекелік ертеңгілікке дайындық және оны өткізу.
Ертеңгілік балалар бақшасында өткізілетін жалпы тәрбие жұмыстарының бір бөлігі болып табылады. Ертеңгілікте адамгершілік, ой, дене және эстетикалық тәрбие міндеттері жүзеге асырылады. Сондықтан мерекеге дайындық, оны өткізу және балалардың одан алған әсерін тиянақтау жұмыстарын педагогикалық процестің бір тармағы деп қараған жөн.
Ертеңгіліктің бағдарламасы шамамен бір жарым ай бұрын ойластырылады. Оған балаларға жақсы таныс және мерекені атап өткенге дейін қалған уақыт ішіндегі сабақтарда меңгерілетін билер, музыкалық ойындар, әндер қосылады.
Сондықтан мерекелік бағдарламаға музыкалық материал іріктегенде балалаардың мүмкіндігін ескерген абзал.
Қазақстан республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған мерекеге ертеңгіліктің сценарийі барынша қарапайым материалдардан құрылады: оған ойындар, көріністер көптеп қосылады. Егер мерекелік бағдарламаға қосымша ән, би қосу қажеттілігі туындаса, онда олар балалардың қалыптасқан дағдысына сай және олар жеңіл игеретіндей болулары керек.
Репертуарға іріктелген бағдарлама бірте - бірте музыка сабақтарының жоспарына енгізіледі. Барынша күрделі әндер, билер бір, бір жарым ай ішінде үйретіледі.
Репертуардың бір бөлігі - қызықты сәттерді, күрделі емес ойындар мен инсценировкаларды балалар мерекеге аз күн қалғанда дайындайды.
Мерекелерге, әсіресе, қоғамдық - саяси мерекеге дайындық түрлі сабақтарда, көркемдік қызметтің әр түрінде жүргізіледі. Балалардың алдағы мереке туралы әңгіме өткізіледі, соған қатысты әңгімелер оқылады, тақпақтар үйретіледі. Олармен сәнді безендірілген көшелер бойымен экскурсиялар жасалады: мереке тақырыбы суреттерде, аппликацияларда көрініс табады. Музыкалық сабақтарда келе жатқан мерекелік ертеңгілікке байланысты жалпы тәрбие жұмыстарының белгілі бір бөлігі жүзеге асырылады.
Ертеңгілікің ойдағыдай өткізілуі ең алдымен, жақсы ойластырылған сценарийге тән. Ол мүмкіндігінше тартымды көрсетулер мен орындауларға толы болып, ересек және ортаңғы топтарында 35 - 40 минуттан, ал кіші топтарда 25 - 30 минуттан аспауға тиіс.
Жақсы құрастырылған бағдарламада балалардың әрекет етуі мен дем алуы ретімен кезектесіп отырады. Сөйтіп, көңіл - күйді көтеретін салтанатты бөлімнен кейін балалар отырып өлең тыңдайды, көңілді биденсоң бірнеше бала қатысқан инсценировка көреді.
Мектеп жасына дейінгі ең кішкентайларды олардың қолдарындағы атрибуттар: жалаушылар, әуә шарлары, гүлдер қуантады. Бөлменің мерекелік безендірілуін олар бірден аңғармайды, ол үшін көруге арнайы уақыт беру керек. Балалар өз сезімдерін білдіруге алғашқы сәттері ұстамдылық көрсетеді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz