Кәсіби маманның сенімдері мен бағдарлары
Кәсіби маманның сенімдері мен бағдарлары.
Тұлғаның ішкі құрылымының байлығы көп жағдайда адамның іс-әрекетіне байланысты, іс-әрекет оның негізгі бағыттылығын анықтайды. Сондықтан да біздің өмір сүретін қоғамымызда бұл өзекті мәселе болып тұр. Кәсіби әрекет тұлғаның дамуына үлкен әсерін тигізіп қана қоймай, адамның саналы өмірінің үш бөлігінің екеуін құрайды. Кәсіби-іс әрекет тұлғаның көптеген әлеуметтік іс-әрекеттері түрлерінің ішінде ерекше маңызға ие. Тұлғаның өмірінде Кәсіби әрекетке көп уақыт бөлінеді.
Е.А. Климовтың айтуына сүйенсек, Кәсіпкерлік - іс-әрекеттің белгілі бір саласында еңбек ететін адамның білімділік, іс-әрекет пен іскерлігінің нәтижесінің жоғары деңгейі болып табылады, сондай-ақ адамның психикасының ерекше жүйелі болып ұйымдастырылуы. Осы жүйенің келесі жақтары бар: біріншісі, адамға тән іс-әрекет пен тұлға субъектісі сипатындағы қасиеттері (зейіннің кәсіби өзгешелігі, қабылдау мен түйсіну, ес, ойлау, қиялдың кәсіпке байланысты ерекшеліктері, өзінің мінез ерекшеліктері, дағдылар, әрекеттер, іскерлік, ерекше оқиғаларда амал табу); екіншісі, кәсіпкердің мәдениеттілігі, білімділігі, тәжірибелілігі; үшіншісі, кәсіпкердің психодинамикасы (психикалық күйзелістерінің жылдамдығы, ауысуы, өзгергіштігі), кәсіби жұмыс атқаруда салаларына байланысты психологиялық қиыншылықтар; төртіншісі, әрбір қызмет саласына байланысты кәсіптің талаптарындағы өзінің гендерлік және жастық ерекшеліктерін ұғыну, сондай-ақ, денсаулық пен физикалық қасиеттердің рөлін ұғыну .
В.Д. Шадриков кәсіби әрекеттің мотивациясы схемасын көрсетіп, еңбек іс-әрекетіндегі мотивтердің пайда болуын сол кәсіптің қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты деп түсіндірген. Белгілі бір салада кәсіби қызмет атқаратын қызметкер, кәсіпке деген қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында тұлға іс-әрекет саласында өзінің орнын табады, осымен байланысты кәсіби мотивтердің құрылымы қалыптасады .
С.Г. Москвичев еңбек іс-әрекетіне қарай Маслоу сызбасын қарастырып, жұмысшылардағы еңбек мотивтері ретінде бес деңгейді көрсетеді:
табиғи қажеттіліктердің қанағаттандырылуының керектілігі (тамақ, киім, тұрақ т.б.);
кепілдендірілген жұмысты иеленуге талпыныс;
жұмыс кезіндегі қатынас, әлеуметтік байланыстар мүмкіндігі;
атақты болу, әріптестер құрметіне иелену;
жұмыста өзінің барлық қажеттіліктерін жүзеге асыруға талпыныс (еңбекте өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі таныту).
Кәсіби тұлғаның құндылықтары мен бағдарлары: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, сананың ашықтығы, ұлттық бірегейлік.
Жас мамандардағы сайыс әдісінің қолданылуы. Жас маман кәсіби өмір жолын бастағанда бірден сайысқа түсуінің салдары әрқалай. Бұл кезде ерекше назар аударатын жағдайлар бар: әрбір тұлғаның индивидуалдф қабілеттері және тұлғалық қасиеттері әртүрлі. Мұнда, сөз қозғалатын мәселе, жаңа әріптестестерге тез сіңісіп кету қабілеті, жаңа жұмыс орнындағы қысымдарды қабылдау қасиеті, өзгелер тарапынан сыни пікірлерді ішке қарай қабылдау жолы, жеке креативтілігі, өзгелерден ерекшеліктерін ашық көрсете алу. Жас маманның кәсіби тұлғасының дұрыс қалыптасуы басшылықтың да мақсаты болуы керек. Персоналдарды басқару ұйымдардың жалпы жүйесіне жас мамандармен жұмыс жасау жүйесінің қосылуы адам капиталының нәтижелі қалыптасуы үрдісі үшін қауіптілігі экономика психологиясында негізделген және айтылған.
Жас маман түсінігін анықтап алуымыз керекті. Ол жас маман статусының иегері болып табылатын ерекше құқықты орнататын тұлғаның нормаларының жиынтығына ие. Жас маманның статусы, басқа дәрежедегі жұмысшылармен салыстырғанда оның өкілі ерекше құқықтармен және қосымша кепілдіктермен, сонымен қатар, міндеттерімен сипатталады. Біріншілері, жас маманға белгілі бір әлеуметтік игіліктерді қолдану мүмкіндіктерін береді, ал екіншілері белгілі бір мінез-құлықтың құқықтық қажеттілігін алдын ала қарастырады.
Сайыс әдісінің қолданылуында назарда ұстайтын жағдайлар ретінде жеке тұлғаның типологиялық ерекшеліктер маңызды болады. Жүйке жүйесі мықты адамдар сайысу арқылы жоғары ынталанады, ал әлсіз жүйкелі адамдар керісінше, басында ынта көрсеткенімен, тез шаршағыш келеді. Сайыс әдісін тұрақты қолданатын жағдайда жоғары қарқынмен жұмыс атқармаса да, белгілі уақытта нәтиже көрсететін адамдар, тұрақты сайысудан шаршап, жұмысқа кәсіби мотивациясының өзгеру мен ауытқуына ұшырайды. Кей жағдайларда, жұмыс орнынан босауына мәжбүрлік пайда болады. Сол үшін кәсіби мекеме тек өз абыройын ойлауы тиімсіз, өйткені, бұл ары қарай мемлекеттік мәселеге ұласады.
Кәсіби өзін-өзі анықтаудағы жеке құндылықтар мен мағыналар.
Кәсіби өзін - өзі анықтау - адамның өз кәсіби қабілеттерінің даму деңгейі мен бағытын ұғынуы.
Кәсіби өзін - өзіанықтаудың басты ( ізгі ) мақсаты - адамдағы өз даму келешегін өз бетінше саналы түрде жоспарлауға және оны іскеасыруға деген іштей дайындықтың бірте - бірте қалыптасуы. ( Ізгі мақсат деп аталу себебі бұл мақсатқа қол жеткізу өте сирек кездеседі ).
Кәсіби өзін - өзі анықтаудың міндеттерінің негізгі топтарынаақпаратты-анықтамалық немесе ағартушылық, диагностикалық ( өзін - өзі тануға жәрдемдесу), моральді - эмоциялық ( таңдауда, шешім қабылдауда көмек көрсету) міндеттері жатады.
Кәсіби өзін - өзі анықтаудың негізгі белгілері.
Формализация - кәсібилікдипломдарда, сертификаттарда, еңбек кітапшасында, еңбекнәтижелерінде жәнет. б. көрінеді.
Қолайлы жағдайлар - әлеуметтік сұраныс, талапқа сай ұйымдар, құрал - жабдықтар және т. б.
Е. А. Климов кәсіби өзін -өзі анықтаудың гностикалық және практикалық деңгейлерін ажыратып көрсетті.
Гностикалық деңгей дегеніміз сананы және сана сезімді қайта құру.
Кәсiби өсудегі кедергiлер, оларды болдырмау және жеңу жолдары. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz