Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін смартфон арқылы дамыту


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Махатова Айзада Жанатқызы

Ғылыми жетекші - Сағадатов Р. Т

(Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті)

Қазақстан, Ақтөбе қ.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін смартфон арқылы дамыту.

Кілт сөздер: интернет, мұғалім, оқушы, сыни тұрғыдан ойлау, даму, смартфон, қабілет.

Аннотация: Бұл мақалада бастауыштан оқушылардың шығармашылық қабілеттерін смартфон арқылы дамыту мәселесі қарастырылған. Оқушылардың заман ағымынан қалмай жаңа технологиямен жұмыс жасай білуге үйрету ұстаздың міндеті. Шығармашылық ұғымын зерттеген ғалымдардың пікірлерімен санасу арқылы оқушыларды шығармашылыққа шақыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту басты міндет.

Қазіргі таңда еліміздің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеу бағытындағы білім беру мәселесі - мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Осы ұстанымға жетудің бірден - бір жолы: әлемдік білім кеңістігінен орын алу, өркениетті, қуатты елдер қатарына қосылу. Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалана отырып білім сапасын арттыру, сондай - ақ рухани жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу - осы ұстанымдардан туып отырған өзекті мәселелердің бірі.

осы ұстанымдардан туып отырған өзекті мәселелердің бірі. .

«Смартфон - негізгі тәжірибе мен терең ойлаудың көпірі» - деп педагог С. Пинжи айтқандай, Смартфон - ақпарат алмастыру құралы, өмірлік проблемаларды жеңе білуді үйрену. Баланың өмірдегі түсінігі, еліктеуі, бақылауы осы смартфон үстінде көрініс табады. [1. 8]

Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.

Оқушының шығармашық іс - әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз - оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Бүгінгі таңдағы жаңаша білім беру міндеттерін негізі үш мақсат қана шеше алады. Олар-дүниетанымдылық, шығармашылық және терең білімділік.

Бастауыш сынып - оқушысы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім- үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Дамыта оқытудың ең басты мақсаты- баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту. Оқушылардың шығармашылық қызығуын ояту, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру өте маңызды іс. Мұндай іс мұғалімнен көп ізденуді талап етеді. Шығармашылық дегеніміз - адамның өмірінде өзін-өзі таңуға ұмтылуы, өз бетінше ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіндеп, өздігінен сапалы дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.

Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С. Л Рубинштейн «Оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» - дей келе, шығармашылық шешімнің нәтижесі, баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті екендігін айтады яғни, баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәрбиесімен салыстырылады. [2. 45]

Оқушылардың шығармашылығын танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашыл ой - өрісін арттыруда алатын маңызы өте ерекше.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттері ашылу үшін белсенді формалар мен әдістерді қолдану керек: әңгімелесу, пікірталас, ойындар, тартыстар, жорықтар мен сайыстар, сұхбат, байқаулар, олимпиадалар, бақылаулар, шығармашылық еңбек, жобалар, дербес сабақтар. Оқушылардың қабілеттеріне қарай әрбір баланың ойын оятып, ойландыруға, талдау жасауға, салыстыруға жетелейтін жеке шығармашылық тапсырма береміз. Осындай әдістерді жиі пайдаланып оқушылардың шығармашылыққа баулуына, шәкірт бойындағы талант көзін ашуға, тілін байытып, қиялын ұштаумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.

Сөзімнің басында айтып өткенімдей, біздің шәкірттеріміздің де әлемдік білім кеңістігінен орын алуы үшін оның заманауи құрылғыларды қолдануына бала жастан жол ашуымыз керек. Яғни, баланың қазіргі заманның құралы - смартфонды білім белестерін бағындыру үшін қолдануына жол ашуымыз керек. Өйткені, қазіргі смартфондардың басым бөлігі үлкен мүмкіндікке ие. Ол тек қана ақпарат кеңістігіне жол ашып қоймайды. Баланың ойлау қабылетін арттыратын бағдарламалар арқылы танымын кеңейтіп, табыстың кілтін ертерек игеруге мүмкіндік береді.

Смартфон ойындары арқылы оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар смартфон арқылы ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді. Ойын арқылы оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді. Сонымен қатар, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге, оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдануға мүмкіндік береді. Уақытты үнемдеуге үйретіп, өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді. [3. 56]

Рас, кейбір ойындар дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі. Бірақ, ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар смартфон арқылы, ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі.

Алайда, оқушылардың шығармашылық қабілетін танып білу үшін олардың қабілет деңгейі әр алуан болатынын ескеру керек. Қабілетін анықтау үшін психологиялық тесттер қолдануға болады. Көптеген психологтар оқушылардың жасы өскен сайын нерв жүйелерінің мүмкіндіктері кеңейіп, қалыптастырып отыратындығын, бірақ оқушының дамуы үшін ең қажетті, құнды қасиеттерінің біртіндеп жоғалып отыратындығымен түсіндіре отырып, бала қабілеттерінің дамуы үшін ең қымбатты кезеңді тиімді пайдаланып алуға асығу керектігін ескертеді. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай зейіні тұрақсыз, қабылдау мүмкіндіктері де әр алуан болады. [4. 56]

Бейімділік - бұл адамның белгілі бір іс - әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілінің аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сондықтан да біздіңше, балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктердің келешекте олардың қабілеттерінің көрсеткіштері екенін ескеріп, оқушылардың бейімділіктерін дер кезінде көре біліп, оларды соған сәйкес қабілеттерді дамыту біздің міндетті борышымыз екенін ұмытпауымыз керек.

Оқушының шығармашылықпен айналысуына қоршаған ортасы, ата - ана, мектеп қолайлы жағдай туғызуы керек. Мұғалімнің міндеті шығармашылық бағыт - бағдар беріп отыру. Шығармашылықпен жеке дара оқушы емес, сыныптағы барлық оқушылар айналысу үшін мүмкіндік керек. Мұндай іске белгілі бір тақырыпта пікір - сайыстар өткізудің маңызы зор. Күнделікті сабақта өтілген тақырып бойынша оқушының ойын білу, сол тақырып бойынша көзқарасын білдіруі, шығарманы талдауы - шығармашылық қабілетті арттырудың бір жолы. Шығармашыл қабілетті дамытуды ең алдымен, қарапайым нәрселерді суреттей білуден бастаған жөн. Бала күнделікті өмірде өзі көріп жүрген оқиғаларды баяндай білуі, оған өз түйсігімен қарап, өд жүрегімен сезініп, ішкі жан дүниесіндегі тебіреністі әңгімелей білуге үйрету керек.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалардың да маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеуге, өз бетінше іздене білуге дағдыландыру, икемділік пен шеберлілікке баулу мақсатында пайдаланылады. [5. 89]

Бастауыш сыныптағы оқытудың мазмұнында ерекше орын алатын пән - ана тілі. Ана тілін үйрету - сөздерді түсініп, меңгеріп оқу, жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйрену мен қатар, бала сансыз көп ұғымдарды, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін, ойлау жүйесін де меңгереді. Ана тілін оқып-үйрену арқылы олар Қазақстанның мәртебесін көтере туған халқының өткені мен бүгіні, болашағы жайында мол мағлұматтар ала отырып, танымдық, тәрбиелік, білім-дағдыны үйренері хақ. Өтілетін әр сабақ белгілі бір мақсатқа құралған, оқушы танымы мен дүниетанымын қалыптастыра отырып шығармашылыққа баулуы тиіс. Ол үшін мұғалім күнделікті сабаққа жете ізденіп, жаңа технологияны шебер пайдаланса, сабақ өз мақсатына жеткен шығармашылыққа бағдарланған, оқушы дүниетанмын байытатын бірден-бір сабақ болар еді. Қай сабақ болмасын «мынау оның білімдік жағы, мынау тәрбиелік жағы» - деп бөліп жаруға болмайды. Себебі білім мен тәрбие-әркез егіз үрдіс. Шебер мұғалім осы екі қасиетті оқушы бойына дарыта оқыта отырып, оқыту әдісін, жаттықтыру жұмысын, қолданылатын көрнекілік түрлерін оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, қабілеті мен ынтасына қарай таңдай білсе, өзі көздеген мақсатына жетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеу пәні - Android жүйесінде бастауыш мектеп балаларына арналған дамытушы ойындар технологиясын оқыту
Диологтық оқыту арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту
Смартфон қосымшалары
Физика сабағында оқушылардың білім, білік және дағдысын тексерудің жолдары
Жаңа өзгерістердің жоғары сынып оқушыларына қандай әсерін тигізгенін зерделеу
Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың маңызы
Бастауыш мектепте математика сабағынан сыныптан тыс жұмыстарда ойын есептердің маңыздылығы
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары
Бастауыш сынып оқушыларының Ана тілі сабағында шығармашылық қабілеттерін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz