Ахмет Байтұрсынұлының стилистикалық қағидалары мен олардың жазба тілдегі маңызы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ахмет Байтұрсынұлының стиль жөнінде айтқан қағидаларын өмірде, жазуда пайдаланудың мәні мен маңызы

Қазақ тіл білімінің іргетасын қалап, тілдік ерекшеліктердің аражігін ажыратып берген ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлы. Ол өзінің "Әдебиет танытқыш" еңбегінде сөз өнері ғылымын зерттеп, өлең мен қарасөз, ауыз әдебиеті жайлы ой толғаумен қатар, жазба әдебиетіміздің заңдылықтарын айқындап берді. Ғалым "Тіл қисыны дегеніміз асыл сөздің асыл болатын заңдарын, шарттарын танытатын ғылым", - деп топшылады. Шебер сөйлеп, сөз арқылы айтпақ ойдың көркін аша түсуді үйреткісі келді.

Ахмет Байтұрсынұлының "Әдебиет танытқышында" баса назар аударылатын тақырып - шығарма сөз. Кітаптың төртінші бөлімі теориялық поэтиканың негізгі бөлігі деп қарастырылатын стилистикаға арналған. Ал «Сөз талғау» тарауына кіретін «Сөз дұрыстығы», «Тіл тазалығы», «Тіл анықтығы», «Тіл дәлдігі» деген тараушалар көбіне поэтикалық синтаксис баламасы ретінде алынған.

Байтұрсынұлы ХХ ғасыр басындағы орыс әдебиеттану өкілдерінің, атап айтқанда, Эйхенбаум, Шкловский, Томашевский, Винокур, Жирмунский деген ғалымдардың көзқарастары мен теорияларын жіті сүзгіден өткізіп, өз еңбектерінің мазмұндық сипатын ашу үшін мысалға алды. Ол "Әдебиет танытқышта" В. М. Жирмунскийдің тіл қисынының лебіз ғылымына тікелей қатыстығы жөнінде айтқан пікірлерінің орынды екенін жазды, Томашевский зерттеген "Троптың жасалу тәсілдерін" талдады. А. Байтұрсынұлы троп пен фигураны бірлікте қарайды. Классикалық мысал ретінде, Мағжанның «Толқын» өлеңін мысалға алады. Асыл сөздің образдылығы да, эстетикалық және поэтикалық мұраты да осы өлеңде үлкен шеберлікпен берілген. Осындай сөздерді «көрнекі тіл» дейміз дейді де, оны «көріктеу», «меңзеу», «әсерлеу» деп үш әдіске жіктейді. Мұндай күрделі де қарапайым концептуальды тәсіл қазақтың кемеңгер ойшылына тән еді. Әдістемелік пайым тұрғысынан болсын не ғылымдағы өзге де жүйелілік қағидасы тұрғысынан болсын - «Әдебиет танытқыштың» бұл тарауының зерделеп, зейін қойып оқыған адамға берері мол.

Және назар аударылған мәселе «Әдебиет танытқыштағы» стилистиканың өзге де прагматикалық жетістіктері туралы. «Айтушы ойын өзі үшін айтпайды. Өзге үшін айтады. Сондықтан ол ойын өзгелер қиналмай түсінетін қылып айту керек. Оның үшін айтушы сөйлейтін тілін жақсы қолдана білу тиіс. Яғни әр сөздің мағынасын жақсы біліп, дұрыс сөйлемді тізе білу тиіс» дейді. 1 Мұнан түсінетініміз автордың шығармалық ойлары және оны жүзеге асыру тікелей стилистикалық білімге байланысты екендігі. Бұл тұжырымнан шығатын қорытынды мәтіннің құрылымы оның мағынасына әсерін тигізеді дегенге келеді.

Ахмет Байтұрсынұлы жазған «Әдебиет танытқыш» қазақ сөз өнеріндегі тұңғыш іргелі теориялық еңбек ретінде де, жеке әдеби мұра ретінде де толыққанды зерттеуді талап етеді. Бірақ оны тек тіл мамандары, лингвисттер мен журналистика саласының өкілдері емес, жазуда сауатты болып, қазақ тілінің саф таза күйін сақтағысы келетін әрбір азамат меңгергені жөн. Себебі, тіл білімін өмірде пайдаланып, оның көркемдік аспектілеріне, стильдік құрылымына назар аудару - тіліміздің тұғырлы, ғұмырлы болуына бастар жол.


  1. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. - Алматы: Атамұра, 2003. - 208 б. ↩︎
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсынұлының Әдебиет танытқыш еңбегінің әдебиеттану және фольклортану саласындағы маңызы
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы: Қырық мысал жинағының әдеби-тарихи маңызы
Ахмет Байтұрсынұлының сауат ашуға қатысты еңбектерінің бастауыш мектептегі педагогикалық маңызы мен қолданылуы
Жазудың қалыптасуы мен қазақ графикасының дамуы: Ахмет Байтұрсынұлының әліпби реформалары
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ терминологиясын қалыптастырудағы рөлі мен терминжасамдық мұрасы
Ахметтанудың негіздері: Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын зерттеу тарихы
Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық-психологиялық көзқарастары мен мысалдарды аудару әдістері
Ахмет Байтұрсынұлының 130 жылдығына арналған әдістемелік құрал
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы: қазақ әдебиетіндегі орны
Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасы: қазақ тілін оқыту теориясы мен тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz