Қазақстан газеті мен Айқап журналы жайында


«Қазақстан» газеті мен «Айқап» журналы жайында
« . . . Жұртты билеп тұрған ұлықтардың жұрт пайдасына деп шығарған жолдарының пайдалы-пайдасыз екендігін көрсететұғын да баспасөз. Осыған қарағанда қай жұрттың болса да ең үлкен қорғаушысы баспасөз болып табылады . . . »
«Айқап» журналы, 1914 жыл
Қазақ тіліндегі мерзімді баспасөздердің библиографиясы күні бүгінге дейін толық жасалып бітпесе де, ұлт тарихында айрықша маңызға ие басылымдар бар. ХХ ғасырдың бас кезінде орын алған толассыз толқулар уағында жарық көрген газет-журналдарға көз жіберіп, сырын ашып, ақтарып көретін болсақ, олар революцияның үскірік желі шалып өткен Қазақстанның тарихынан, әдебиетінен, мәдениетінен, шаруашылық жайларынан деректер беретіні даусыз. Патша өкіметі алдында қазақтың «қап!» деп неше жерден қапы қалғанын, қапияда өткен істердің де көп болғандығын көрсететін «Айқап» журналы соған дәлел-ақ.
М. Сералиннің редакторлығымен және жауапкершілігімен шығып отырған «Айқап» сол кездегі көкейтесті мәселелерді хал-қадірінше көтеруге, халыққа таныстыруға тырысты. Бұл журнал - күрмеуі көп, шешуі қиын күрделі құбылыстар туралы сан алуан ойларын батыл ұсынған халық жанашырларын көпшілікке таныта білді. Елдің қара қазанында бұрқырап қайнап, ернеуінен төгілуге шақ тұрған бай әдебиетіне, медицина мен агротехникаға, халық ағарту жұмыстары мен тілдің дамуына да көңіл бөлген журналдың ғұмыры ұзақ болмаса да, ұлт болашағы үшін айтарлықтай еңбек сіңірді.
Мен «Айқапта» басылып шыққан бірнеше тақырыптағы мақалалар жайлы сөз қозғамақпын. Журналда саяси сарындағы материалдардан бөлек көптеген қоғамдық, әлеуметтік тақырыптағы мақалалар болған. Оған дәлел - Тілеубайқызы Сақыпжамалдың «Қазақ қыздарының аталарына» атты мақаласы[1] . «Ер баланы оқытасыз да, бізді оқытпайсыз, қыздар оқыса бұзылады дейсіз. Бұзылған әйелдер оқығаннан бұзыла ма екен. Оқу адамды бұза ма екен?! Біле білсең қыз баланы көбірек оқыту керек. Қыз бала түбінде бала-шағаның анасы болады. Ана надан болса, балаға жақсы өнеге бере алар ма?! Қыздарыңызды көріне жәбірге ұстап бересіз. Екеуі тең бе, тең емес пе оған қарамайсыз. Шырылдатып ұстап бересіз. Егерде тең болса 14-15-тегі ұлдарыңызға 50-60 жастағы кемпірді неге алып бермейсіз?» деп тоқтайды Сақыпжамал. Бұдан артық жеткізіп, бұдан артық ашынып жазу мүмкін емес сияқты. Бұл мақала сол кездегі миллиондаған қазақ қыздарының намысын жанып, ар-ұятын оятқан, қазақ даласын дүркіреткен ұлы жаңалық болды. Сонымен қатар әйел мәселесі хақында газетке материалдары жарық көрген С. Жолаушин, Ә. Ғалимов, Т. Қиямбетов, А. Мәметов сынды авторлар болған.
«Айқап» журналының осындай ірі әлеуметтік мәселені халық алдында проблема етіп көтеруі, қоғамдық пікірді қалыптастыруы сол кездегі басылымның жаңа өмірге деген талпынысы еді.
Екінші назар аударғаным, «Айқаптың» қазақ халқының әдет-ғұрпы, дәстүр-салттарының дәріптелуіне ат салысқандығы. Оған журналдағы «Біздің дертіміз», «Қазақ жайынан» атты мақалалар дәлел болмақ.
Үшінші мәселе - оқу-ағарту ісіне деген құлшыныс. Бұл туралы Б. Ержанов, Ғ. Жеменеев, М. Жолдыбаев, Ж. Сейдалин қалам тербеген.
Мысалы, журналда басылып шығарылған Құлмат Бектұров деген азаматтың «Ашық хатында» былай деп жазылған: «Біздің қазақ деген сахарада мал бағып, ақыл-ойымызды сол малға жұмсап, қайда соны жер, қанық су болса, сонда кіре қыстап, шыға жайлап жүрген бір ел едік, сол қалыппен өнер-білім судай тасыған жиырмасыншы буынға келіп, оқулы-білімді ел надан халықты басып-жаншып, жерін-суын алып жатқан бір заманға кез болдық . . . ».
«Айқаптан» бөлек, демократиялық бағыт ұстанған 1911-1913 жылдар аралығында шығып тұрған басылым - «Қазақстан» газеті. Негізінен отырықшылық, оқу-ағарту, өнер-білім, мәдениет, тұтынушылар коперациясын құру мәселелерін көтерген. Редакторы - Елеусін Бұйрин. Газет білім, мәдениет, отырықшылық мәселесін жиі қозғаған. Мұнда Е. Бұйрин, Б. Қаратаев, Ғ. Қараш, Ш. Бөкейұлы, Ғ. Мұсағалиев, А. Мәметов, Ғ. Көпжасаров т. б. -лардың мақалалары жарияланған. Бұл газет те ұлттың оянуына, саяси қозғалыстарға жіті қарауына себепші болды. [2] [3]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz