Ғұмар Қараш - публицист
Ғұмар Қараш - публицист
Әуелі, газет- халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау, көзі жоқ соқыр сықылды.
Ахмет Байтұрсынов
Осы күнге дейін аз зерттеліп, біз түбіне терең бойлай қоймаған сөз өнерінің бір саласы - публицистика. Қазақ тілінде қоғамдық деген мағынаны білдіретін бұл сөздің төркіні өте ерте кезден бастау алатын шешендік өнермен тығыз байланысты.
Қазақ публицистикасы эволюциясында оның дамуы үшін барын салып еңбек еткен біртуар азаматтар көп болған-ды. Халқымыз үшін аса ауыр да соқпақты кезең болып мәңгілік тарих бетінде қалатын патшалық Ресейдің озбыр саясаты күшіне еніп бастаған шақта, есімі белгілі зиялы қауым өкілдерімен қоса, қазақ қоғамының қамын ойлап, мүддесін қорғаған, қаламымен қанша дөкейді қан қақсатқан, бүгінде аты жиі атала бермесе де, заты өшпейтін, яғни, артына қалдырған алтындай еңбектері ел мұрасына айналған халық арасынан шыққан қайраткерлер бар.
Менің бүгінгі азды-көп ізденісіме арқау болып отырған тұлға - Алаш қозғалысына белсене араласқан ақын, қоғам қайраткері, публицист Ғұмар Қарашев. Оның мақалалары XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақ дұрыстығы, Қазақстан, Айқап, Дұрыстық жолы, Шора, Абай сияқты газет-журналдарда жарияланған. Ол өз шығармаларын Ғұмар Қараш баласы, Ғұмар Қарашұлы, Ахунд Ғұмар Қарашұлы, Ғұмар әл-Қараши, Бөкей елінің бір баласы, Ғұмар Қараш, Ғ.Қ., Ғ. Мұштақ, Ғабдолла Мұштақ, Оразақай, Қазақаев, Ғұмар Қарашев деген есімдермен жариялап отырған. 1907 жылдан бастап татар және қазақ тіліндегі мерзімді басылымдарға мақала жариялай бастаған Алаштық азаматтың бірнеше мақаласын оқып шығып, оның бұқара жұрттың бақыты мен болашағын ойлағандығына риясыз көзім жетті. Ұлт зиялысының: "Мәдениеті, салты озық елдерге ақыл иесі адамдардың бір ауыз сөзі газет арқылы екі-үш күнде елінің ба - сынан-аяғына оқылып, тыңда - лып қалады. Пайдалы істі ынты - мақпен істей қойысады... Залал - ды істің зардабын күнілгері бі - ліп, сақтанысады. Бізде олай емес, елдің бір шетінде бүлін - шілік болып жау орнап жатса, екінші шетінің одан хабары жоқ, ойын-күлкімен болады. Қайғы - ны, шаттықты бірге көрмеген соң, бізде ынтымақ та жоқ, ын - ты - мақ болмаған соң күш-қуат та жоқ", - деген сөзінен түйткілді мәселелер жайлы ақпараттың қарапайым халықтың құлағына жете қоюының өзі де бір мәселе болғандығы белгілі.
Негізінен, Қарашевтің мақалаларын оқып отырғанда бірінші байқағаным - жазылған материалдардағы өткірлік. Патша өкіметінің айлалы, құйтырқы жоспарларының астарын бағамдай білген саяси сауаттылығы оның еңбектерінен айқын көрініп тұрады. Е. Ысмайлов айтқандай: Омар отаршыл патша өкіметінің жергілікті билеу системасын бірде ашық саяси түйіндеу, бірде өткір сатиралық әдіспен өлтіре сынайды. Екінші назар аударғаным - оның еңбектерінің қандай тақырыпта жазылғандығына қарамастан, түпкі идеясының саяси-әлеуметтік сипат алуы. Мысалы, Айқап журналының 1912 жылғы 9 нөмірінде Ахмет Жанталинге жауап атты, 1912 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz