Қазақ тіліндегі халықтық өлшемдердің ерекшеліктерін анықтап, мән-мағынасын айқындап, танымдық тұрғыдан зерттей отырып, олардың ұлттық сипатын ашып, этностың ұлттық санасына, наным-сеніміне, тілдік табиғатына тереңірек үңіліп, жан-жақты зерттеу



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда әрбір халық үшін оның өткен
өмірі, тарихы, болмыс-бітімі, салт-дәстүрі өте маңызды болып табылады.
Сонымен қатар ықылым заманда халық қолданысына енген тілдік ерекшеліктер
де жан-жақты дамуымызға,мәдениетімізге, әдет-ғұрпымызға айтарлықтай әсер
етті. Тумасынан қызығушылығы зор ата-бабамыз еш жазудың, кітаптың
көмегінсіз-ақ өлшем бірліктерді ойлап таба білді.Неліктен біз өлшем
бірліктерді халықтық өлшем бірліктер деп атаймыз?Өйткені дарындылығы
басым халқымыз ұзындықты, салмақ-көлемді, мезгілді, ара қашықтықты, санды
табиғат сыры, адамның дене мүшелері, төрт түлік мал, әдет-ғұрыпқа
байланысты өлшеудің өзіндік ұтымды тәсілін ұсынды.Аршын, құлаш, түйе көш
жер, ат шаптырым жер, сүт пісірім уақыт, бір қора қой, бір үйір жылқы,
бір айдам жер, бір мая шөп, бір қарын май, түн ортасында, таң аппақ
атқанда, бір құшақ, қол созым жер, бір табан жақын, сала құлаш жіп, таяқ
тастам жер, бір елі, үш елі, аспан мен жердей, бір үзім нан, бір асым ет.
Шындығында, қазіргі математикалық өлшемдердің астарында қазақ халқының
ойлап тапқан өлшемдік атаулары жатыр. Бұл халықтық өлшем атаулары қазіргі
таңға қалай жетті?Халық ауыз әдебиеті тәрізді ауызша, халықтан-халыққа,
ұрпақтан-ұрпаққа тарады.
Өткен өмірімізді, салт-дәстүрімізді бүгінгі ұрпаққа насихаттайтын өлшем
атауларында төрт түлік малдың кездесуі тегіннен-тегін емес. Мәселен, түйе
көш жер, ат шаптырым жер, қозы көш жер деп аталатын ара қашықтықты
білдіретін өлшем атауларынан ата-бабамыздың төрт түлік малды қастерлеп,
жауға шапқанда-көлік, жесе-тамақ, кисе-киім ретінде қолданып,өз пайдасына
жаратқанын түсінеміз.
Қазақ халықтық өлшем атауларының ұлттық-мәдени ерекшеліктеріне көңіл
бөліп, олардың ортақ айшықтарын тауып, қазақ халқының рухани мұрасы
болған халықтық өлшемдердегі құнды деректер мен мәліметтерді ғылыми түрде
зерттеуге деген қажеттілік осы жұмыстың өзектілігін айқындайды. Бүгінгі
таңда әрбір ұлт, әрбір халық етек-жеңін жинап, өз дүниесін өзі түгендеп
жатқанда түрлі өлшем атауларын қалыптасқан математикалық қасаң атауларға
сүйеніп қолдана бермей, халықтық қолданыстағы атаулармен атасақ нұр
үстіне нұр болар еді. Жұмыстың мақсат - міндеттері.
Қазақ тіліндегі халықтық өлшемдердің ерекшеліктерін анықтап, мән-
мағынасын айқындап, танымдық тұрғыдан зерттей отырып, олардың ұлттық
сипатын ашып, этностың ұлттық санасына, наным-сеніміне, тілдік табиғатына
тереңірек үңіліп, жан-жақты зерттеуді жұмысымыздың басты мақсаты етіп
белгіледік. Осы мақсаттың мүддесінен шығу үшін төмендегі міндеттерді шешу
көзделді:
- құрамында ұлттық-мәдени компонеттері бар, қазақ тіліндегі халықтық
өлшемдерді жинақтап, тақырыптық-мағыналық топтарға бөлу;
- анықталған топтардан қазақ тіліндегі халықтық өлшем атауларының
қолданыс аясының аз-көптігінің негізін қарастыру;
- қазақ тіліндегі халықтық өлшем атауларының шығу тарихының дерек
көздерін, мағыналық қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттеу;
- қазақ тіліндегі халықтық өлшем атауларының қолданылу аясын айқындау;
Жұмыстың зерттеу нысаны. Тіліміздегі уақыт, салмақ-көлем, ұзындық,
арақашықтық пен жақындық және сандық өлшем бірлігіне жататын байырғы
өлшем атауларының тақырыптық,семантикалық ерекшеліктерін анықтау.
Жұмыстың дереккөздері. Халықтық өлшем атауларына байланысты қазақ тіл
біліміндегі тақырыпқа сай зерттелген түрлі материалдар мен сөздіктер,
мәдени-танымдық ақпарат құралдарында жарық көрген мақалалар және ғылыми
зерттеу еңбектерінен қажетті мәліметтер алынды. Сондай-ақ,
лексикографиялық деректер: Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 1-10 т.,
1974-1986; Қазақ әдеби тілінің сөздігі, 2006; І. Кеңесбаев. Қазақ тілінің
фразеологиялық сөздігі,1977;Лингвистикалық сөздіктер:
А.Салқынбай.,Е.Абақан. Лингвистикалық түсіндірме сөздік, 1998;
Сүлейменова Э.Д. Тіл білімі сөздігі, 1998. Сонымен қатар қазақ ауыз
әдебиетінің нұсқалары, көркем әдебиет туындылары мен баспасөз
материалдары негізінде жинақталған картотека.
Жұмыстың әдістері. Жұмыста сипаттау, жүйелеу, этимологиялық,
тақырыптық, танымдық, семантикалық талдау әдістері қолданылды.Сонымен
қатар жалпы тіл біліміндегі, қазақ тіл біліміндегі өлшемдік атауларға
байланысты теориялық тұжырымдар алынды.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден,екі бөлімнен, қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ
СИПАТЫ
1.2. Қазақ тіліндегі халықтық өлшем бірліктер
Өлшем – бір нәрсенің көлемін,салмағын анықтайтын өлшеу бірлігі. Өлшем
категориясын философия тарихында алғаш кең түрде талдаған немістің ғұлама
ойшылы Гегель, оны мәңгіліктің ең алғашқы нышаны деп анықтаған. Жер бетін
мекен еткен басқа этностар сияқты қазақ халықының танымында да сан –
мөлшер мен өлшем – межені анықтап белгілеуде ешкімге ұқсамайтын өзіндік,
этнотанымдық, ментальдық, мәдени символикаға негізделген.
Заттарды сандық тұрғыдан анықтау,оның сапалық қасиеттерін тану негізінде
біртектілігін, мөлшерін, көлемін ажыратудан басталады. Бір-біріне
ұқсамайтын нәрселердің айырмашылығында сапалық, ал бір-біріне ұқсас
нәрселердің айырмашылығында сандық сипат бар.
“Сан дегеніміз – заттың біртекті бөліктерге бөлуге (реалды немесе ойша)
және осы бөліктерді қайта қосуға болатындығын білдіретін оның
айқындамасы” деген Аристотельден бастаған түсінік, сандық категориясын
күні бүгінге дейін анықтайды. Сандық айқындылық заттардың бөлшектік
сипаты көптік ұғымында есептеледі, ал тұтастық сипаты көлемдік қалпында
өлшенеді, мөлшерленеді.
Бөлшектік сандық, айқындылық сандық категория тұлғасында көрінсе,
тұтастық сандық ұғым сапа-сындық қасиеттердің мөлшерлік тұлғасында
көрініс табады.Олай болса, болмыстың әрбір өзгеше формасы, ол – өлшем
екен. Демек, өлшем – даму процесінде сапаның бұрынғы қалпын қайтадан
орнықтыру емес, сол сапаның сандық өзгерістердегі толыса өзгерген
дәрежесі. Сонымен, Гегельдің анықтауынша “өлшем дегеніміз сапаның
анықталған саны, өлшемі бәрінен де бұрын тұрмыс-тіршіліктің аясында
анықталған сандар, мөлшерлер, межелер, шамалар жүйесі” [ 1, 5 б.].
Өлшем бірліктері бүтіннің бөлшегі ретінде кеңістік
қатынасының құрамдас бөлігі болып саналады. Кеңістік пен уақыттың
айқындылықтары мен өлшемдері тек заттық, табиғи құбылыстарға ғана тән деп
қабылдау адамдардың күнделікті үйреншікті сезімдеріне, ойлау салтында
берік бекінген. Сондықтан халықтық өлшем адамның айналадағы құбылыс пен
заттардың алыс жақындығын, ауқымын, көлемін, мөлшерін, жылдамдығын, уақыт
мөлшерін, аласа-биіктігін,тар-кеңдігін, тағы басқа жағдайын шартты түрде
болса да анықтауға арналған. Халық өлшемі ғасырлар бойы қалыптасқан
қажеттіліктен пайда болған тілдің көмегімен, бейнелі тәсілмен дүниеге
келген, реальды өмір құбылысы іс-әрекетпен тікелей жалғасты, олардың
күнделікті істерінде, қатынастарында болды, оларды атау сөздермен
бекітті. Сандық ұғымның мәні көпшілік жағдайда
есептеп дәл бір сандық мөлшерде айқындала бермейді, кей тілдік
жағдаяттарда, айтылымдарда сандық мағынаны түрлі себептерге байланысты
дәл беруі мүмкін болмаса, екінші бір жағдайда ондай дәлдік қажет те
болмайды. Мысалы, үй айналасында үш-төрт түйе, төрт-бес жылқы жайылып
жүр. Бұл айтылымда автор малдың сандық мөлшерін дәл беруді мақсат
тұтпаған, олардың аздық мөлшерін тек шамамен аз сандар қатарымен көрсетіп
отыр. Бұл құбылыстардың баршасы қалай болса солай көрінген құбылыс пен
заттың әрекетіне, қимылына, ісіне, мөлшеріне қарап, соны атаудан туған
дәл өлшем емес, сол заттар мен құбылыстардың образдылығына арналған
шамамен айтылған өлшем. Бірақ, шамамен айтылса да, халықтық өлшемдер өмір
тіршіліктің барлық саласында қолданылатын, қажеттікті өтейтін өлшемдердің
санатында болғандығын атап айтқан жөн. Осыған қарағанда қазақ халқы
өзінің өмірінде шамалап өлшеп, нақты өлшеуден қашуды қалаған.
Халық өлшемдері – ұлт
мәдениеті мен этнографиясының қызықты салаларының бірі болып саналады.
Халық айтса қалып айтпайды дегендей халық өлшемі анық өлшем десек
қателеспейміз.Өйткені оны ата-бабаларымыз бірнеше ғасырлар бойы
қолданып және сол арқылы өлшем негіздерін жасаған. Енді халық
өлшемдерінің негізгі түрлеріне жеке –жеке тоқталайық. Мұны халықтың
өзі белгілегеніндей салмақ өлшемдері, көлем өлшемі мен мөлшері, ұзындық
өлшемі, қашықтық өлшемі, уақыт және мезгіл өлшемдері деп бөлуге болады
[10, 56 б.]. Халықтық
өлшемдер тым ерте кездерден қолданыла бастаса да, күні бүгінге дейін тіл
қолданысынан шықпай өлшем мағынасындағы ұғымды бейнелеп, баяндаудың бір
тәсілі болып саналады. Халықтық өлшемдерге байланысты Ә.Қайдар,
Е.Жанпейісов, Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев, Б.Қиянатұлы, Е.Аққошқаров және
басқа көптеген ғалымдардың танымдық мақсаттағы зерттеулері мен ғылыми
мақалалары жарық көрді. Мысалы, өлшем мәселесіне қатысты Е.Н.Жанпейісов
Этнокультурная лексика казахского языка атты монографиясының III-
тарауында М. Әуезовтың Абай жолы роман-эпопеясында кездескен халықтық
өлшемдердің шығу төркініне, этнолингвистикалық мәні мен мағынасына тілдің
даму барысындағы қолдану аясына тоқталған [5, 135 б.].
Ә. Хасенов сан мағыналы сөздерді үш топқа
бөліп қарастырады: 1)Сан есімнің тура мағынасындағы, яғни дәл
сан мағынасын білдіретін сөздер: жарты, жалғыз, жарым, қос, егіз, сыңар
т.б.; 2)Абстрактылы сан ұғымды сөздер: бір үйір жылқы, бір кем
түйе, бір табын сиыр, бір отар қой, таяқ тастам жер, көз көрім жер, ат
шаптырым жер, қоралы қой т.б.;
3)Счеттік сөздер: бір үзім нан, бір қарын май, бір жұтым су,
бір уыс бидай, бір құлаш арқан, т.б. [11, 300 б.]. Сол сияқты, қазақ тілі
оқулықтарында да зат есімдерден құралған сөз тіркестерінің мағыналық
қатынастары туралы мағлұмат берілген. Ол заттың өлшемдік мағынасын
білдіретін бір асым ет, қап-қап астық, бір атым насыбай, т.б. мысалдарды
келтіріп, бірқатар зат есімдер қосарлана айтылғанда ғана басқа зат
есімдермен тіркесіп қолданылады: қора-қора қой, үйір-үйір жылқы, т.б.
Арнайы ғылыми тұрғыдан түркі тілдерінде нумеративті сөздерді арнайы
зерттеу объектісі етіп, қарастырған алғашқы ғалымдардың бірі –
Ж.Ш.Ахмедова. Ол, диссертациялық жұмысында тек халықтық нумеративті
сөздерді негізге алған және төмендегідей тұжырым жасаған: Есептік сөздер
(счетные слова) заттың өзін білдірмейді, оның санауымен байланысты
ұғымдарды білдіреді, - деп есептік сөздерді үш топқа бөліп көрсетеді: 1)
Зат немесе нәрсе бірліктерінің есебі: бас, тал, түп және т.б.; 2)
Адамдардың тобының есебі: тайпа, топ, қауым және т.б.; 3) Малдардың
тобының есебі: үйір, табын, қора және т.б.[12, 148 б.].
Соңғы жылдары К.Қ.Күркебаев тарапынан қорғалған кандидаттық диссертацияда
тіліміздегі ұзындық, арақашықтық, салмақ-көлем ұғымдарын білдіретін
байырғы өлшем атауларының этнолингвистикалық, когнитивтік-
концептуалдық,лексика-семантикалық сипаттары зерттелген.“Өлшем атауларына
байланысты қолданылатын терминдер” атты тараушасында өлшем мәнді
нумератив сөздердің қазақ тілінде мол ұшырасатыны көрсетілген [6,15-20
б.].
Сөйтіп, ол өз еңбегінде халықтық өлшем атауларын үш топқа бөліп
қарастырған, атап айтқанда ұзындық, арақашықтық, салмақ-көлем.
Біз осы диплом жұмысында қазақ тіліндегі халықтық өлшем атауларын
төмендегіше топтарға бөліп қарастырдық:
1. Уақытты білдіретін өлшем атаулары
2. Салмақ-көлем өлшем атаулары
3. Ұзындықты білдіретін өлшем атаулары
4. Қашықтық пен жақындықты білдіретін өлшем атаулары
Ендігі ретте халықтық өлшем атауларының мағыналық топтарына жеке –жеке
тоқталамыз.

2.2. Уақытты білдіретін өлшем атаулары.
Уақыт — өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және
араларындағы интервалдарын сипаттауда, және нәрселердің қозғалысын
сипаттауда пайдаланатын маңызды мүшесі.
Қазақ халқы үшін уақыт аса маңызды болып есептелген. Уақыттың көз
ілеспес жылдамдығын, оны босқа өткізіп, өмірді өксітпеуді, алтын мезетті
пайдалы іске арнауды уағыздайтын тілдерінде уақытқа қатысты уақыт
–білгенге қазына, білмегенге – быламық. Ерте тұрған әйелдің бір ісі
артық, ерте тұрған еркектің ырысы артық деген мақал-мәтелдері уақытты
ұтымды пайдаланып, тынбай еңбек етсең, мол қазынаға кенелесің деген
ұғыммен уақыттың негізінде қалыптасқан.
Қазақ халқы көшіп-қонып, көшпенділік дәуірді ұзақ уақыт
басынан өткізгендігі белгілі. Олардың жаз жайлауда, күз күзекте, қыс
қыстауда бірден-бірге көшіп-қонып жүргенде уақыт мерзіміне қатысты, сол
уақыттың тұрмыс-тіршілігіне лайық өз өлшемдері болған. Мәселен, ол
замандарда секунд, минут, сағат, күн, ай, жыл деген ұғымдардың
болмағанымен, олар дене мүшелері арқылы шамамен болжай білген. Мысалы,
секунд ұғымын былай деп шамалап айтқан: көзді ашып жұмғанша, қаспен
көздің арасында деген дене мүшелерінің қимыл-қозғалысы арқылы секунд
ұғымын айнытпай дәл білдірген. Сағат.Қазіргі кезде
тәуліктің шақтары сағат тілімен өлшенетіні белгілі. Күнделікті тұрмыста
мезгілді көбіне сағат бойынша айту дағдыға айналды. Алайда құрал ретінде
сағаттың тұрмыста қолданыла бастағанына айтарлықтай көп уақыт бола
қойған жоқ. Олай болса, сағат сыртылына дейін,тіпті одан көп бұрын,тәулік
қандай шақтарға бөілініп,олар халық тілінде қалай аталады?
Алдымен назар аударатын нәрсе, тілімізде сағат деген сөздің өзі қалта
сағат, қол сағат, қабырға сағаттардың тұрмысымызға бауыр басуынан көп
бұрын қолданылған деуге болады. Халқымыздың байырғы жыр мұрасының бірі -
Қыз Жібекте. Пұл жібердім қалаға бисағат күні, құдая дейді. Сөзбе
–сөз айтсақ: мұндағы би –бей –сағат – сағатсыз (сәтсіз) деген сөз.
Бұған қарағанда сағат әуелде уақытты көрсететін құралдың атауы емес,
сәт деген мағынаны білдіретін сөз екенін байқаймыз. Шақ сөзімен
мағыналас сәт атауы –бастапқыдағы сағаттың дыбыстық өзгеріске ұшыраған
түрі (тілімізде араб тілінен енген кейбір сөздердегі[ғ], [қ], [х]
дыбыстары сөз басында, дауыстылардың аралығында көмескіленіп, айтылуынан
сөздің жуан тұрқы өзгеріп, жіңішке сапаға көшеді: хакім –әкім,ғылым
–ілім, һауа –әуе т.б.) Қолданыла келе сағат,сәт варианттарын қызмет
бөлісті: сағат –мезгілді көрсететін құралдардың атына айналды да, сәт
сөзі шақ атауымен синонимдік қатар түзді [2;31 б.].

Мынадай уақытқа қатысты өлшем атаулары бар:
Бір сәт – 1 секунд
Сүт пісірім – 5 –10 минут
Бие сауым – 1,5 сағат
Ет пісірім  – 2,5–3 сағат
Бір түн, бір күн – 24 сағат
Апта – 7 күн
Ай 30 – 31 күн
Тоқсан – 3 ай
Жыл – 365 күн
Ғасыр – 100 жыл
1 мүшелмен – 12 жыл
1 мүшел – 13 жас
2 мүшел – 25 жас
3 мүшел – 37 жас
4 мүшел – 49 жас
Қазақтар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқаны соншалық мал
шаруашылығымен байланысты көптеген уақытты білдіретін бие сауым биені
сауғанда өтетін минуттың шамасын білдіреді, шамамен 30 минуттық уақыт,
сиыр сауым сиырды сауап біткенге дейінгі уақыт шамамен 15-20 минут, мал
өргенде таң ертең малдарды өріске айдайтын уақыт деген өлшемдер
тілдерінде қалыптасқан.Жылқыға қатысты уақыт өлшемдері: бие байлар кезде,
биенің бас сауымында, бие ағытарда, бие сауым уақыт.
Жылқының дене мүшелері қатысқан өлшем бірліктері де баршылық.
Көшпелі өмір салтымен көшпелі өмір тұрмысымен бірге пайда болған киіз үй
– көшпелілер дүниетанымының, даналығының туындысы, көшпелілер әкелген
күмбез типті архитектурасы, әлем кіндігі: Киіз үйдің құрылымдарына
байланысты өлшемдік мәнді білдіретін құрылымды тіркестер, халық ауызекі
тілінде, әдеби шығармаларда уақыт пен биіктік өлшеміне байланысты
қолданым да әрдайым кездеседі. А. Ока өз еңбегінде киіз үй уығымен
уақытты белгілегендігі туралы былай дейді: ... Осылай ағашы үнемделген,
қолданым мерзімі ұзарған, сапалы және мал-шаруашылығы үшін ыңғайлы үйдің
түрі пайда болды. Әсіресе, уықтың тік болуы үйді күн сағатымен
үйлестірді. Уықты күн сағаты ретінде пайдалану мүмкіндігінің тууымен уық
дамуының үшінші сатысы басталды...Манғолдардың ерте кезде түзу уықтың
ұшын керітіп белгілеуі, оны жасыл бояумен бояуы, бұл халықта күн
сағатының жақсы дамығандығын көрсетеді. Яғни, күн сәулесінің уық ұшынан
кереге басына дейін ауысу сәті, сол күндегі мерзімді дәлме-дәл өлшеуге
көмектескен. Ал қазақтар арасында уақытты есептеу көбіне шаңырақтан
түскен күннің жүрген жолымен есептеген.
Аспан денелерінің әрбір қимыл-қозғалысын мал баққан
қазақ жақсы таныған. Сол арқылы тәулік бойындағы таң, күн, түн
мезгілдерін айнытпай, дәл және болжамды шамамен ажыратып отырған.
Мәселен, таң мезгілін Үркер туа, Үркер төбеге (маңдайға) келгенде, Үркер
жерге түспей, Шолпан туғанда деп анықтаса, аспан денелерін жақсы ажырата
білмеген жұрт, көбінесе таңның қалай ату көзінің көрінісімен белгілеген.
Сол арқылы тілде фразалық көптеген алагеуімде, таң қылаң бере, құлқын
сәріде, таң сібірлей, таң арайлана, торғай шырылдап келе жатқанда, апақ-
сапақта, таң сыз бергенде т.б. тіркестер қалыптасқан.
Үркердің батуы – Үркердің түсуі. Үркер
батқанда күн ашық болса, Үркер жерге батты, жаңбырлы болса Үркер суға
батты дейді. Есепшілердің айтуынша, Үркер төмен туса, қыс жайлы болады.
Үркер жоғары туса, қыс қатты болады [2;17 б.].
Таң. Қазіргі тіл
қолданысымыздағы таң атқанда,таң құланиектегенде, таң бозарып атқанда
деген тіркестер бар. Ал халық тілінен таң мезгілін білідіретін сөздердің
бұдан басқа да небір түрін кездестіреміз.Ереуіл таң. Шолпан жұлдыз
батқанда, пәлінің алды қайтқанда, Ереуіл таңдар атқанда, қызара келіп күн
шықты (Ер Қосай). Көгалаң таң. Желпіндіріп ту байлап Ерлерім тұрды
ат сайлап, көгалаң таң болғанда (Қашаған Күрімжанұлы ), Рауан таң.
Рауан таң біліне, жемісті сайдың бойына бастап келді ол енді Құбығұл)
Ерен –параңда ерте,таң ерте.Таң мезгіліне байланысты қолданылатын
сөздің бірі – сахар (арабша таң шапағы, жарық түскенге дейінгі
шақ).Сахар сөзі халық тілінде тек діни салтқа байланысты ғана емес, таң
ерте деген мағынада да жұмсалған: Сары атанға сахарда жүк арттырдың
(Алпамыс).Таң сөзімен тіркесе айтылатын сәрі (таң сәрі)-осы сахар
сөзінің дыбыстық өзгеріске ұшыраған түрі (сахар –сәрсәрі) екені
зерттеушілерге мәлім. Діни салтқа байланысты сахар, сәре сөзі таң
ертеңгі тамақ дегенді білдіреді. Кейбір қария адамдар ораза ұстамаған
жай күндері де сәре сөзінің таң ертеңгі тамақ мағынасында
қолданады.Ораза тұтқан діндар адамдар сәресін (сахарын) құлқын сәріден
ішеді. Құлқын – арабша мағынаны білдіреді. Бұл сөздің тіліміздегі
ауыспалы мағынасы – тамақ. Осы сөз құлқыны құрыды деген бейнелі сөз
тіркесінде де кездеседі. Осындай салыстыруға қарағанда құлқын сәрі
тамақ сахары (сәрі), Таң мезгіліндегі тамақ дегенді аңғартады.
Құлқын қолданылатын белгілі: Құлқын сәріден қыстауға барып, қыстыгүні
несін жейді[29,209б.].
Таң аппақ атқаннан кейін, уақыт мерзімі күннің қимыл-қозғалысы арқылы
өлшенген. Мысалы, күн шығар алдында, күн шыға келгенде, күн арқан бойы
көтерілгенде, күн найза бойы көтерілгенде, сәскеде, шабдар сәскеде, сәске
түсте, күн еңкейгенде, күн ұясына кіргенде (отырғанда), күн батқанда т.б.

Күн ұясына кіргеннен кейін түн мезгілі басталады. Мұны да халық
бірнеше кезеңге бөліп қараған: жеті түнде, қас қарайған кезде, күннің
қызылы сөне, ақшам жамырай, екі кештің арасы, алагөбеде, ел орынға отыра,
көз байлана, қас қарая, ымырт жабыла, апақ-сапақта, іңірде т.б.
Аталған сөз тіркестері Ислам дінінің қазақ даласында
таралуымен байланысты намаз оқу, ораза тұту мерзімдері де қазақтар үшін
уақыт өлшеміне айналып кеткен. Мәселен, таң намазы кезінді, бесін,үлкен
(ұлы) бесін, кіші бесін, екінді, екінді мен бесіннің арасы, ақшам, ауыз
ашар, құтпан, намаздыгер, намазшам, сәресі (сахар) дегендердің бәрі де
дін адамдары үшін уақыт өлшемдері болып есептелген. Бұл сөздердің
бірсыпырасы қазақ тілінде қазіргі кезде көнеленіп, архаизмге (пассив
сөзге) айналды. Сәске. Мәл.Күн ұясынан
көтеріліп, қыза бастаған шақтан сәске басталады. Сәске мезгілі байырғы
жылдарда сәске маһал деп айтайтындығын ұшыратамыз: Сәске маһал
болғанда, қыз іздеген Төлеген ... көшкен бір елге жолықты (Қыз Жібек).
Мұндағы маһалдың мағынасы –кез,шақ, қырғыз тілінде маһал,
время,момент.Маһал сөзі дыбыстық өзгеріске ұшырап, кейбір тұрақты сөз
тіркесінің құрамында мәл түрінде айтылады. Сәске мезгілінің өзін халық
бірнеше шаққа бөледі. Күн ұясына құрық бойы көшірілген шақ -сәске немесе
ерте сәске. Бұдан кейінгі мезгіл –Ұлы сәске –қан сәске деп те, жалған түс
деп те аталады. Еліміздің батыс аймағында тәуліктің осы мезгілін
білдіретін сиыр түсі деген атау да қолданылған.
Сөз тегін айтылмайды.Сәскенің бұл мезгілі неге төрт түліктің бір
түлігімен аталған? Ұлықбектің келтірген ұйғырлар, тәулікті он екіге
бөліп, әр үлесін чағ деп атаған. Чағдың ұзақтығы екі сағат болды.
Ұйғырлар кешкі чағ,ут (сиыр) чағ,барыс чағ т.с.с.деген.Моңғолдар да
тәулікті он екіге бөліп,бөліктерді цағ деп атаған. Оларда хулугун цағ
(тышқан шақ), хукар цағ (сиыр шақ),барыс цағ т.с.с. болған деген қызықты
дерек келтіре отырып, М.Ысқақов: Бірақ бұл цағтарды абыздар ғана білген.
Байырғы қазақ календарында тышқан шағы,сиыр шағы,барыс шағы т.с.с.
болғандығы немесе жұлдызшалар мен есепшілер ғана біліп, ұмыт болуы
мүмкін -дейді. Бұл жерде зерттеушінің түркі –моңғолдарда қолданылған
он екі шақ туралы қызықты дерегі қазақ тіліндегі сиыр түсі деген атауды
ут (сиыр) шағымен байланысты қарауға түрткі болатын тәрізді. Халық
тіліндегі бұл атаулардың бәрі түске дейінгі мезгілге қатысты. Халық
ақындарының жыр кестесінде кездесетін түсі мәлі сөзі түскі шақ,түс
кезі дегенді білдіреді.
Өлшем жүйесіндегі уақытты білдіретін өлшемдердің біріне діни
тұрғыдан қалыптасқан уақытты білдіретін бірліктерді жатқызуға болады. Бұл
өлшемдер қазақ даласына ислам діні кіргеннен кейін, халқымыз
мұсылманшылықты қабылдағаннан кейін пайда болды. Соның негізінде қазақ
халқының тілінде діни тұрғыға байланысты айтылатын, уақытты білдіретін
өлшемдер қалыптасты. Ол өлшемдер күні бүгінге дейін діни ұстанымдарда,
яғни намаз оқу, ораза тұту т.б. қатысты қолданылады. Мысалы, күннің
еңкейген мезгілін бесін деп атаған. Осылайша, ұлы бесін (бесін намазын
оқитын кез), кіші бесін (ұлы бесін мен намаздыгер арасындағы мезгіл),
құлама бесін (күн еңкейген кез), екінді (түс ауып, күн батуға жақындаған
мезгіл, бесін мен ақшам арасы), намаздыгер (күн еңкейіп, ұясына кіруге
таяған кез), ауыз ашар кез (күн ұясына кіргеннен кейінгі уақыт), сәресі
(таңғы уақыт, шамамен сағат 4-5 арасы) т.б. деп күн уақыттарын бөліп
қарайды. Бесін. Түстен
кейінгі күн қақ маңдайға келген шақ –бесін. Әрине, бесін атауын сыртқы
ұқсастығына қарап бес сөзіне қатысты деуге болмайды. Бесін мешін
(маймыл) атауымен байланысты дейтін де пікір бар. Бірақ бұл сөз түркі
тілдеріне парсылардан ауысқан деуге болады. Парсы тілінде пишин түс
мезгілі , намаз пишин бесін намаз дегенді білдіреді. Парсыша пеш
маңдай деген сөз. Пешенесіне жазылған дегендегі пешене маңдай. Бесін
мезгіл –күн маңдайға келген шақ [2; 36 б.].
Халық тілінде бесін мезгілін екі шаққа бөліп атайтындығын
байқаймыз. Бірінші –ұлы бесін. Жырларда кездесетін айна бесін осы ұлы
бесінмен мағыналас деуге болады. Әлде өтірік, әлде рас,мен жоқ едім
қасыңда,Айна бесін болғанда,батырың елге құлады(Ер Қосай). Екінші
–кіші бесін. Бесінге қатысты тағы бір атау –Қожа бесін. Қожа бесін
болғанда, Қобыландыдай батырың бір төбеге барады(Қобыланды)
Екінді. Екіндіде елге сүйкімді
қонақ келеді дейді қазақ мақалында. Бесін ауып, күн батуға таянған шақ
–екінді.
Халық тілінде екінді мен жарыса қолданылатын сөздің бірі намаздыгер. Діни
салт бойынша оқылатын үшінші намаздың аты есебінде қолданылған бұл сөз
де ертеректе мезгіл –шақты білдіретін атауға айналған.Намаздыгер
мезігілінде Шу бойында дігер намаз шағында деп те айтпайтындығын
кездестіреміз. Күн батқаннан кейінгі мезгіл
іңір,ымырт,ақшам,намазшам.Іңірде жатқан,ырыссыз қалар дейді халық
мақалы. Іңір мезгілінің өзі қызыл іңір (қоңыр іңір) және іңір қараңғысы
деп екі шаққа бөлінетіндігі белгілі. Намазшам. Намазшам діни салтта
төртінші намаздың аты, Парсы тілінде шам кеш деген мағынаны
білдіреді. Бұл сөзде де шаруа адамы байырғы кезде мезгілді білдіру
мақсатында қолданған. Намазшам мезгілінде бие ағытып, екі айғыр желі
басында жатып қалды (Қозы Көрпеш Баян Сұлу). Кеш мезгіліне қатысты,
оның шақарын нақтылай түсетін ымырт жабылды, шам жамырады,сам
батты,ақсам батты т.б. тұрақты тіркестер бар. Ақ сам батпай түн шықпас,
ажал жетпей жан шықпас(Бұқар). Құптан мезгілі. Ел
ұйқыға жетер шақ –құптан мезгіл. Құптан парсыша: а) ұйықтау, жату,б)бес
уақыт намаздың ең соңғысы. Құптан намазы еліміздің Атырау аймағында
жасиық намаз деп те айтылады. Шақтың діни салттағы бес парызға
байланысты атаулары байырғы жырларда, эпостарда жиі қолданылған.М
Намазшамнан өткенде, құптан мезгіл жеткенде. Құлағына батырдың бір
дауыс келіп шулайды (Қобыланды батыр). Марқа туған.
Тілімізде күн сипатына қарай айтылатын айдың жарығында,айдың қараңғысында
тәрізді атаулармен бірге бұрынырақта айдың көрінуіне байланысты марқа
туған деген тіркестің қолданылғанын кездестіреміз. Айсыз қараңғы түнді
тастай маң қараңғы деп те атаған: Ел ұйқыға жатқаннан кейін, шамамен екі
сағат өткен кез түннің бір ұйқысында делінсе, бұдан кейінгі екі сағат
түннің екі ұйқысында деп айтылады. Түн жарымда, түн ортасы ауған кез,жеті
түнде тәрізді қолданыстар түннің осы айтылған мезгіліне қатысты деуге
болады. Ал таңға бір ұйқы қалғанда деген тіркес Жетіқарақшы жұлдызының
қозғалысына қарап ажыратылады. Түн ұйқысын төрт бөлді деген фразелогизм
түннің осындай төрт бөлігіне орайлас айтылған деуге болады.Ал түннің
таңға ұласар шағы таң қараңғысы деп аталады.
Халық тәуліктегі уақыт мерзімін
қалай жақсы ажыратса, жыл мезгілдерін де жете тани білген.Бір жылды, ең
алдымен көктем, жаз, күз, қыс деп төрт маусымға бөліп, онан соң әр
маусымды іштей әлденеше кезеңге бөліп қараған, мұнымен қоса, маусымның
өзіне тән тіршілік көрінісімен де бейнелей білген. Мәселен, жазды: жаз
шыға жаз шыққанда, жаз ортасында жаз мезгілінің ортасында, яғни шілде
айы, қырық күншілік шілдеде жазда қырық күн шілде дегеніміз жаздың ең
ыстық сәті, ол маусым айының жиырма бесінде кіреді де тамыз айының
бесінде шығады, осыған байланысты қырық күн шілде деген: сол аралықты
білдіре отырып өлшем түрінде қолданылып кеткен, жаз бойы бүкіл жаздағы
үш ай бойы, ұлан жазға жазда, ала жаздай жаздың үш айында білдіреді,
пішен шауып жатқанда қысқы малдардың шөбін жазда жинайды, сол себептен
жаз мезгілінде шөп жинайтын сәтті білдіреді. Осыған байланысты халық әні
бар: Жатыр едім далада пішен шауып, Ақ көйлегім су болды жаңбыр жауып
(халық әні), ел жайлауда отырғанда қазақ қыста қыстауға, жазда жайлауға
көшкен, сол себепті жаз айында жайлауға орналасқан кезі, жәрмеңке
кезінде жеміс жидектер пісіп базарға шығарған кезі т.б. деген тіркестер
жаз маусымын білдірсе керек. Халық
уақытты анықтауда бай тәжірибе жинақтаған, оны қолданудың сәті мен
жолдарын және соған лайықты сөз өрнектерін де таба білді. Жылды,тоқсанды,
айды,аптаны,тәулікті бөлудің шаруашылыққа сай реті мен ыңғайын
орайластыра келтіре білді. Ал мерзім, мезгіл өлшемдеріне келгенде халық
өлшемі мен атауы да бай. Ұлттық ұғымда мерзім – уақыттың, мезгілдің
шамасы мен ұзақтығын білдіреді [10,48б.].
Мезгіл сол уақыттың бәр сәтін ғана айқындайды. Мысалы: елең
-алаң,түс,кеш,түн ортасы,т.б. Қыс,көктем,жаз,күз –мезгіл өлшемдеріне
жатады. Мерзім өлшемдері: бір сәт,қас қағым,ә дегенше (1сек), сүт пісірім
(5-10мин.),бие сауым (1,5 сағат),ет пісірім (2,5-3 cағат), жарты
күн,бір түн (тәуліктік) 24сағат , апта (7),ай (30-31күн),тоқсан (3ай),жыл
(385күн) немесе 12ай,ғасыр (100жыл). Адам өмірі де жас (бір жыл),мүшелмен
(12 жас) есептелетін,бір мүшел (13 жас),екі мүшел (25жас), үш мүшел
(37жас) төрт мүшел (49 жас) ... т.с.с. бөлінеді. Мерзім өлшеміне күн, ай
аттары да жатады. Уақыт мезгілдерін анықтауда және оның жиіліктерін
жіктеп,айыруда халық теңеулері мен өлшемдері әрі қызық, әрі анық, әрі
түрге де өте бай. Мысалы: елең –алаң, құланиек, таң сәрі, құлқын сәрі,
таң бозара алакеуім, таң біліне, таң ата, күн шыға, күн қызара, күн
қыза,күн көтеріле, күн арқан бойы көтеріле,түске жақын, тал түс, шаңқай
түс, талма түс, сәске түс,түс ауа, түс қайта, бесін,екінді, кеш,көлеңке
басы ұзара, күн бата,ымырт, іңір,апақ-сапақ,жөппелдеме, намаздыгер,
ақшам, (намазшам),ақшам жамырай, бей уақыт, қас қарая, түн қараңғысы,ай
туа,түн ортасы, жұдыз сөне т.б. Мұнан тек уақыт шамасы ғана емес
халқымыздың таным –түсінік, ойы, әр істің байыбына терең бойлау,
бағдарлау,тіл қабілетінің жоғары тұрғанын дәлелдеп береді. Мезгілді
қазақтар күндіз көлеңкеге, түнде жұлдызға қарап та анықтаған.
Күн санау. Шығыстық ғылым мен дәстүрге сай қазақтар да
жоғарыда айтылғандай уақытты ғасырдан бастап
жылға,тоқсанға,айға,аптаға,күнге бөлген де оған жеке –жеке ат берген. Оны
жыл санау,ай санау, күн санау, деп атайды. 1.Дүйсенбі 2. Сейсенбі 3.
Сәрсенбі 4.Бейсенбі 5. Жұма 6. Сенбі 7. Жексенбі. Күн санауды халқымыз
өткен күндерді -алдынғы күні, кеше,бүгін,келер күндерді –ертең,арғы күн
деп атайды. Құдайдың күннің бәрі сәтті дейтін қазақ жұманы ислам
дініне сәйкес қасиетті күн санайды. Ай санау.
Көшпенді өмір сүретін,мұсылман болмаған түркілер жылды маусымға бөліп,
әр үш айды бір атпен атайды. Жылдың өтеуін сол тәсілмен белгілейді.
... Ай –отыз күннен тұратын уақыт өлшемі. Бір айлық уақыттың өтеуі
–айдың дәуір сүруімен есептелгендіктен, жылдың он екіден бір бөлігі де
ай деп аталады [2,56 б.].
Халқымыз жылды он екі айға бөледі де оны ай санау деп айтады. Бұл ерте
замандардан қалыптасқан дәстүр.Түркі халықтары жылды тағы да төрт
маусымға (яғни тоқсанға) бөледі. Әр айдың атаулары немесе оны тоқсанға
яғни әр маусымға бөлуде табиғат құбылыстары,ауа райы ескертілген. Сондай
–ақ оның шаруашылық жағынан мән –маңызы бар. Бұл жағынан халқымыз
үлкен шеберлік пен білгірлік танытқанын да айта кету керек.
Ай –уақыт өлшемі, жылдың бөлігі. Айдың жері бір айналып шығатын
уақытына тең [3,1-том. 158 –б].
Шығыс елінде жыл басы наурыздан басталады. Ежелгі
астрономиялық есепте әр айға сәйкес келетін жұлдыз аттары да бар. Мұны
жұлдыз ай деп атайды. Кейбір елдерде, сол сияқты Қазақстанның кей
аймақтарында қазіргі азаматтық айлары жұлдыз ай атымен де атай береді.
Сол сияқты рамазан айы деген де бар. Бұл қазақша жеке айы аты емес:
ораза айы осылай аталады.
Төрт тоқсан немесе маусым.Түркі халықтары жылды төрт тоқсанға
бөледі.Оны қыс тоқсан, жаз тоқсан, шілде тоқсан, күз тоқсан дейді.
Қазақтар төрт маусымға бөледі де оны қыс, көктем, жаз, күз деп атайды.
Мұны жылдың төрт мезгілі дейді. Әр тоқсан мен маусымда үш ай немесе
тоқсан күн болады. Тоқсан деген сөз осыдан шыққан. Маусым жыл мезгілдерін
анықтап көрсетеді. Оны қыстыгүні, жазғытұры, жаздыгүні, күздігүні деп
атаған.Данышпан Абайдың жылдың осы төрт мезгіліне арнаған өлеңдері бар.
Жыл санау. (немесе жыл қайыру). Халық жыл санау
дәстүрін он екі жылдан қайырып отырады да оған жыл басын тышқан, соңын
доңыз деп атайды.Жыл аттарына сәйкес аңыздар да шығарған.Жыл қайыру жылды
есептеуге де,сол сияқты адам жасын анықтауға да өте ыңғайлы.Біріншісін 13
жылдан, одан кейінгілерін 12 жылдан қосып есептеп,оны бір мүшел деп санап
адам жасын да оңай шығарып ала берген.Бұрынғы қариялар
жетпістемін,сексендемін демейді алты мүшелге толдым немесе жеті мүшелден
астым деп отырады. Қазақ есепшілерінде Айдың Үркерді басып
өтуі тоғыс деп аталады. Тетелес екі тоғыстың арасында өтетін уақытты
қазақ халқы тоғыс айы деп атайтыны белгілі. Ол іштей бір тоғыс айы, төрт
тоғыс, алты тоғыс т.с.с Сонымен, уақытқа байланысты халықтық өлшем
бірліктер қазақ тіліндегі халықтық өлшем бірліктердің біршамасын
құрайтынын анықтап өттік. Уақытқа қатысты халықтық өлшем бірліктер
халықтың тұрмыс –тіршілігі, ежелгі дүниетанымы, наным –сенімінен пайда
болғанын аңғардық. Мезгілді бұрын қазақтар күндіз көлеңкеге, түнде
жұлдызға қарап та анықтаған.

2.3. Салмақ-көлем өлшем атаулары
Шығыс халықтарының көбісінде ең кіші салмақ өлшеміне арпаның дәні
алынған. Түрік жазба әдебиеттерінде және соңғы жылдардағы зерттеулер
нәтижесінде арпа дәні алтын мен асыл тастардың салмағын бағалауға
арналған қазыналық өлшем ретінде қолданған. Зергерлік өлшем бірлігі
ретінде орташа үлкендікте қабықсыз, екі ұшы кесілген салмағы 0,045 гр.
бір арпа дәні алынған, сонымен бірге, түріктер тарапынан осы арпа дәні
бұрыннан 2,16 мм ұзындық өлшемі ретінде де пайдаланылған. Мысалы, Дешті
қыпшақта арпа дәні үшін аттың қатар қойылған алты талы жалы алынған.
Тайлан Татлының зерттеуінде анықталған мысқал өлшемі,
бүкіл Ислам өлшем жүйесінің негізін гректердің драхмасына тірелетін
дирхем мен Рим, Византия өлшемі солидустың негізінде мысқал құралған.
Шариғатқа сай мысқалдың дирхемге арақатынасы 710 болса, ал қолданыста
23-тен аспады. Яғни мысқал 100 арпа салмағына теңестіріліп 4,5 гр тең
болды, ал салмақтың дирхем Осман стандарты бойынша 2,97 гр
құрады[1,14б.].
Алтын Орда тұсында Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген халықтар
арасында мысқалдың бірнеше варианттары ұшырасады: Хорезмде – 4,55 гр, XIV
ғасырда Қыпшақтарда 4,41 гр, Самарқанда 4,46 гр алынған.
Ерте кездің өзінде-ақ мысқалдың дәл мәнін өзгеріссіз ұстау үшін оның
баламасы болып табылатын шыны сауыттар жасалған. Бертініректе б.з.б. 780
ж. жасалған осындай шыны сауыттар табылды.Қазіргі зерттеулердің көрсетуі
бойынша олар миллиграмның үштен біріне дейінгі дәлдікпен істелінген. Сол
сауыттардың салмағы бойынша бағаласақ, мысқал 43 гр тең. Осы жұмыста,
ерте кездерде Шығыс халықтарында мәдени байланысы мен сауда қатынасының
негізінде тараған, тілімізде салмақ-көлем өлшемін білдіретін мысқалдан
басқа тағы шымшым, батпан, қадақ, уыс, екі уыс, жүк, дирхем, көзе, окка
өлшемдері қарастырылды. Бір
зат, нәрсе немесе құбылысты басқа бір зат, нәрсе, құбылыс арқылы тану,
ажырату үшін алғашқы заттың түрлі белгілері, қасиеттері адам санасында
бейнеленіп, жаңа туынды мағына жасалып, екінші бір заттың атауы пайда
болады. Көлем өлшемдерін білдіретін бір қарын май, бір мес қымыз, бір
саба қымыз, астау көже, бір табақ ет, бір түйір дән, бір қап астық, бір
қап бидай, бір асым ет, бір үйір жылқы, бір қайнатым шай, бір ұрттам су,
бір тілім нан, бір үзім нан, бір қап, ат төбеліндей сияқты құрылымдық
үлгісі ұқсас фразеологиялық қолданыстық образында ата-бабаларымыздың
дүниетануы мен қабылдауының концептуалдық үлгісіндегі тұрмыстық заттық
мәдениетімен байланысты халықтың білім жүйесіне сүйенген ой-тұжырымдары
мен мәдени мәнділіктері жатқаны айғақ.Әрине, көптеген халықтарда ерте
кезеңдерде бүгінгідей метр, километр, килограмм, грамм, центнер, тонна
сияқты нақты көрсетілетін салмақ-көлем өлшем бірліктері болмағандықтан,
оның шамасын ыдыс-аяқтар мен салынатын заттардың шамасымен орай соның
атауымен атап тілдік бірлік ретінде қолданылған.Адамның танымдық
санасының тармақталуына сәйкес ыдыс-аяқтардың түрлі сұйықтық, ұсақ,
шашылып-төгілетін заттарды сақтау, тасу, өлшеу сияқты қызметтерін
атқаруда қолданылуына орай семантикалық белгілері ашылғаны белгілі. Осы
жағынан алғанда өлшеу мағынасын білдіретін бір саба қымыз, бір қарын май,
бір табақ ет сияқты өлшем мәнді тіркестердің нақты өлшемін білдіруден
гөрі, шартты түрде көрсетуі басым.
Қазақ халқының мәдени ментальдық ерекшелігіне орай,
салмақ-көлем өлшемдерінің лексико-семантикалық табиғатынан парадигмалық
қатынастарды аңғаруымызға болады.Салмақ-көлем өлшемдерінің дерлік
көпшілігі өздері тұрған ыдыспен тікелей байланыста болғандықтан ыдысты
микроконцептей отырып, ол құрайтын концептуалдық өріс аясына бір саба
қымыз, бір табақ ет, бір қарын май, бір тегене сорпа, бір торсық айран,
астау-астау көже, қап-қап бидай сияқты өлшем бірліктерін жатқызуымызға
болады. Сандық ұғымның мәні көпшілік жағдайда есептеп
дәл бір сандық мөлшерде айқындала бермейді, кей тілдік жағдаяттарда,
айтылымдарда сандық мағынаны түрлі себептерге байланысты дәл беруі мүмкін
болмаса, екінші бір жағдайда ондай дәлдік қажет те болмайды. Мысалы,
көркем шығармаларда кездесетін үй айналасында үш-төрт түйе, төрт-бес
жылқы жайылып жүр. Бұл айтылымда автор малдың сандық мөлшерін дәл беруді
мақсат тұтпаған, олардың аздық мөлшерін тек шамамен аз сандар қатарымен
көрсетіп отыр. Халықтық өлшем атаулары халықтың күнделікті өмірімен, күн
көрісімен, шаруашылығымен байланысты пайда болады. Олардың көпшілігі
көшпенді халық үшін зор маңызы бар – жылқы шаруашылығымен байланысты.
Жылқының дене мүшелері қатысқан өлшем бірліктері де баршылық. Мысалы,
қазақтар ертеде қыстыгүні жауған қардың қалыңдығын: шашадан қар кешу,
аттың қара тұяғынан келу, тұсардан, тізесінен, қара қапталынан, аттың
қабырғалығынан келу (биіктік, қалыңдық өлшемі) деген сөз орамдарымен
жеткізсе, су тереңдігін ат бойымен өлшеген. Мәселен, аттың шашасынан,
толарсақтан, тілерсектен, үзеңгіден, қабырғалықтан, ат кекілінен
(құлағынан, бауырынан, бойынан) асады (келеді) деп мөлшерлеген. Кебіс
басы қар - халықтық өлшем. Жұлықтан аса жауған, тобыққа таяу, кебіс басы
батарлық қар.
Халқымыздың танымында шамадан тыс, азғантай көлем мөлшерді
білдіргенде -дай, -дей, -тай,- тей,- жұрнақтарының жалғануы арқылы да
болжам мәнді өлшемдік ұғымдар жасалынған. Мәселен,пұшпақтай, ұлпадай,
алақандай. Салмақ өлшемдерін халық былайша жіктеген. Мысқал (1 гр),
қадақ (750 гр), келі (1к), пұт (16 кг), батпан (100 кг). Бұл өлшемдермен
бірге халық салмағынан жер ойылғандай, түйеге жүк болғандай деген сияқты
бейнелеу, теңеу сияқты айшықты сөз өрнектерін қолданып ауыр, жеңіл деген
сөздерді де пайдаланады.
Қадақ.  Қадақ кей әдебиеттерде екі жүз граммға тең салмақ өлшемі.
Мысалы: Әйелдердің жол-жорасын Ұлпан оң қолынан үлестірді: кілем,
текемет, көрпе, киіз, бір-бір қадақ қашаннан жатқан қағаз шай ...- 
бәрібір таусылар емес. Батпан. Бір батпанда 100 кг ауырлық болады. 
Мысалы: Бұт болдым деп мақтанба, онан да ауыр батпан бар. Бүкіл аяғым
тұтасып, зіл батпан болып ауырлай түседі [28,383 б].
Мысқал. 
Мысқал- Шығыс елдеріне көп тараған салмақ белгісі. Мысқал бүкіл араб
елдерінде, Индияда және Шығыс Африкада, Орталық Азия мен Қазақстанда
қазыналық өлшем ретінде пайдаланылған. Б.з. басында 780ж. жасалған шыны
сауыттар табылған. Зерттеу нәтижесі бойынша, олар миллиграммның 3\1-іне
дейінгі дәлдікпен  істелген. Салмағы 431 гр- ға  тең. Бұл негізінен алтын
мен күміс ақшалардың, бағалы заттар мен бояулардың өлшемі ретінде
қолданылған.Мысалы: Бір мысқал орам еті жоқ жас денелер бүгін бір сәтке
еркіндік алып, көркемдік әнін салып келе жатқандай еді. Табақ. Табақ
– шамамен 12 орыс фунтына тең салмақ бірлігі. Орта Азия мен Қазақстанның
оңтүстік аудандарында жиі қолданылған. Ол үлкен табақ 12-17 кг шамасында,
кіші табақ 3,9-4 кг шамасында болып екіге бөлінеді. Қап.
Қап – негізінен астық мөлшерін өлшеуге арналған салмақ бірлігі. Кейбір
әдебиеттерде қаптың мынадай түрлері де кездеседі: тоқты қап-3 пұт немесе
48 кг, қой қап -6 пұт немесе 96 кг, торпақ қап -9 пұт немесе 144 кг.
Пұт. Пұт – Салмағы 16 кг тең ауырлық өлшемі.[3, 8-том,21
б.]. Кірген бетте –ақ сиыр қорадағы ақырдың ішінен шөптің астына тыққан
екі пұттай бидайды тауып алыпты [28,344 б.].
Тілімізде төмендегідей салмақ өлшемдері ұшырасады:
Титімдей, титтей
Тинақтай, тырнақтай
Оймақтай
Шүйкедей – ұршыққа ыңғай-ланып шиыршықталған жүн-дей
Бір жапырақ – бір жұлым
Бір жұтым – ауыз толтырып бір ішерлік (су, сүт, т.б.).
Бір шайнам – ауызға бір салар (тағам)
Бір тілім, үзім - өте жұқа, жарты бөлшек
Бір тартым – 1. Бір рет шегуге жетер шылым
2. Көлге, өзенге бір рет ау салып тартқанда торға ілінетін балық мөлшері
Бір шөкім, бір шымшым, бір атым (насыбай) үш саусақтың ұшымен, бір
қайнатым (шай) шымшып аларлық өлшем, бір мысқал (мысқал – 5 гр.)
Қадақ – 200 грамм (кейбір әдебиетте 400 гр.)
Бір шелек (су, сүт) – 10 литр
Бір торсық (айран) – 6-7 литр
Бір саба (қымыз) – 10-15 литр
Бір қап (ұн, қант) – 50-60 кг
Бір арқа (жүк) – 45-50 кг
Найза қап, қанар – 70-80 кг
Пұт – 16 кг, жуық
Бір құлақ су – 3- 4- текше метр
Батпан - әр елдің өлшемі әр түрлі.
Көлем өлшемдері . Ине жасуындай. Түйіршік. Түйір. Алақандай. Жапырақтай.
Ат төбеліндей. Уыс – қол саусақтарын жымдастыра бүккенде шұң-қырайған
алақан аясының іші, алақанға сиярлық мөлшер. Құшақ – қауышқан екі қолдың
ішкі жағын қамтитын адамның алдыңғы иіні, қойынТабақтай – жалпақ.
Тулақтай – мал терісінің көлемі. Үй орнындай – киіз үйдің ішкі
көлеміндей. Бір танап жер – гектардың алтыдан бір бөлігі. Бір мойын жер –
жарты гектар. Бір айдам жер – бір гектар. Көлдей – өте көлемді, кең. .
Ұлтарақтай – адам табаны-ның көлемі.

Көлем өлшемдері бір заттың немесе малдың саны, көлемі мен мөлшерін,
аумағын шамамен белгілейді. Мысалы: бір шымшым, бір шөкім, бір уыс, қос
уыс, бір тілім (нан), бір түйір, бір қолтық, бір шүйке, бір құшақ, бір
қап, бір шелек, бір қасық, бір тамшы, бір арқа, бір шана, бір арба, бір
табақ, бір шоқ (үкі, тал), бір топ (адам), бір қарын, бір сандық, бір
қалта тағы сол сияқты. Мал саны мен көлемін де осылай шамамен ажыратады.
Яғни бір отар, бір қора, бір табын, бір үйір, оншақты, жиырма шақты...
заттың көлеміне, аумағына кейде бармақтай, шынашақтай, жұдырықтай,
құмалақтай, етектей, алақандай деген теңеу сөздер де қолданыла береді.
Сұйық заттарға мөлшер сөзі қолданылып, оны мөлшерлеп есептейді.Халық
қалыңдық өлшемін де ұмытпаған. Мұны олар көбіне жылқы қазысының жұқа,
қалыңына қарай айтқан. Айталық бұлт, пышақ сырты, қылыш сырты (бұлар 3 –
5 мм шамасы), шынашақ елі, бармақ елі (бұлар 1–2,5 см), екі елі..., сере,
табан (7–10 см) т.с.с. Табан ел. Халықтық өлшем Табан қалыңдығындай;
көбіне жылқы қазысының өлшемі ретінде қолданалады.Басқа заттардың
қалыңдығы да көбінесе елімен яғни саусақ қырымен өлшенеді. Оны елі дейді.

Кейбір көне салмақ-көлем өлшемдеріне мысал келтірейік:
1 көнек сүт – шамамен 6 –7 литр
1 шелек шамамен – 12 литр
1 қап шамамен 4 пұт – 50 – 60 кг
1 мысқал – шамамен 4,46 г
1 қадақ бидай – шамамен 19,47 кг
1 жамбы күміс – шамамен 6 кг
1 кез – шамамен 62 см
1 пітір бидай – шамамен 3 кг
1 ширек шай – шамамен 250 г
1 әшімөңке шай – шамамен 50 г
1 таймөңке шай –  шамамен 25 г
1 қайнатым шай –  шамамен 6,5 г
1 шөкім тұз – шамамен 12,5 г
1 қазық бойы – шамамен 3 метрдей
1 көген – шамамен 25,5 м
1 бұршақ – шамамен 3 – 4 сүйем
1 сүйем – шамамен 18 см
Қалыңдық мағыналы сөздер:  пышақ сырты, қылыш сырты. Бұлар  жұқа,  бір
еліден аз деген мағынада, шамамен 3-5мм. Осы  тәрізді сере, қазы, екі
елі, үш елі, бес елі 7-10 см, сондай-ақ  шынашақ,  елі,  бармақ  1-2.5 см
–ге  тең  қалыңдық  мағыналы  сөздер бар. Мысалы:  Жаясының  майы тап бір
елі шықпаса, мұрнымды кесіп  берейін [41,365 б.].
Қазақ тіліндегі көлемдік өлшемдерді білдіретін тұрақты сөз
тіркестері негізінен бір деген сан есімнің көмегі арқылы жасалатындығын
аңғарамыз. Мұндағы бір сөзі әрі сандық, әрі мөлшерлік ұғымды екі жақтап
бейнелейді. Мысалы, бір қора жан, бір қора қой,- дегеннен бір сөзін алып
тастаса, қора ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салмақ өлшемдері
Ұлттық өлшем бірліктер қолданылған бірнеше есептер
Қазақ тіл біліміндегі қазіргі когнитивті парадигмала
Этнолингвистиканың теориялық негіздері
Балалар әдебиеті тілінің когнитивтік негіздері
Когнитивтік лингвистиканың лингвомәдениеттану және этнолингвистика ғылымдарымен сабақтастығы
Рабғұзидің Адам ата - Хауа ана қиссасындағы ономастикалық атаулар
Қазіргі қазақ тілінің жаңа бағыттары негізіндегі лингвомәдениеттану мәселесінің зерттелуі
Соматикалық фразеологизмдер
Қазақ антропонимдерінің зерттелуі
Пәндер