Топырақ жамылғысы. Топырақтың ауданы экономикалық қызметке байланысты деградацияға ұшырауын қарастыру



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті: География және табиғатты пайдалану.
Кафедрасы: География, жерге орналастыру және кадастр.
Мамандығы: Ғылыми география 4 топ
СӨЖ
Тақырыбы: Топырақ жамылғысы. Топырақтың ауданы экономикалық қызметке байланысты деградацияға ұшырауын қарастыру

Орындаған: Тәжі Дархан
Тексерген: Бисенбаева Саним Бегимовна

Алматы 2020 жыл
Мазмұны:
Кіріспе
В.В.Докучаевтың топырақ жамылғысына берген сипаттамасы
Топырақ-климаттық белдеулер
Жеке топырақ алабы (ЖТА)
Топырақ жамылғысына антропогендік факторлардың әсері
Радиоактивтік элементтердің топырақта таралуы.
Әлемнің топырақ жамылғысы
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Топырақ планетарлық қабаттардың (литосфера, атмосфера, гидросфера, педосфера, биосфера) шекарасында жайғасып, солардың бір-бірімен өзара қатынасынан дамып, геосфераның ерекше қабығы педосфераны, яғни Жердің топырақ жамылғысын түзеді.
Жер шарының топырақ жамылғысы алуан түрлі. Өйткені кеңістікте топырақ түзуші факторлар да өзгермелі болып келеді. Өсімдік дүниесі, климат, топырақ түзуші тау жыныстары, жер бедері жəне олардың уақыт өткен сайын өзгерістерге ұшырауы əр мекенде, жер аумағында əртүрлі. Жер бетінің топырақ жамылғасын топырақ географиясы салыстырмалы-географиялық əдіспен, яғни топырақтың кеңістікте таралуы мен топырақ түзуші факторларды бірге қатарластыра салыстыру арқылы зерттейді. Осы əдісті қолдану нəтижесінде Жер шарында топырақтардың таралу заңдылықтары ашылды.
Жер үстінде топырақтардың географиялық таралуының заңдылықтарын тұжырымдай келе топырақ жамылғысы көп факторлардың əсерінен түзіліп, құрылысы мен қасиеттерін географиялық ортаның ықпалынан қалыптастыратынын байқаймыз. Сондықтан табиғатта топырақ жамылғысы Жер бетінің кеңістігінде əр түрлі топырақтардан қалыптасқан болады
В.В.Докучаевтың топырақ жамылғысына берген сипаттамасы
XIX ғасырдың аяғында топырақтану ғылымының негізін қалаушы орыс ғалымы В. В. Докучаев Орыс жазықтығында топырақ қасиеттері мен оның таралуының топырақ түзуші факторлармен байланысын салыстыра зерттеп, топырақ географиясының басты заңын топырақтардың ендіктерге сəйкес орналасуын ашты. Ол өзінің Табиғаттың аймақтары туралы ілімі кітабында: топырақ түзуші негізі факторлар жер бетінде белдік болып, созылып, географиялық ендіктерге параллель бағытта орналасқандықтан, топырақтарда қара топырақтар, күлгін топырақтар, т.б. - жер бетінде, климатқа, өсімдік дүниесіне сəйкес тəртіппен аймақ бойынша таралуы тиіс, - деп жазған. Топырақтардың ендік бойынша аймақтар болып таралу заңдылығы тек қана топырақтанудың дамуына ғана емес, сонымен қатар физикалық географияның табиғат зоналары мен географиялық ландшафттар бағыттарын дамытуға үлкен үлес қосты. 1899 жылы В. В. Докучаев бүкіл терістік жарты шардың топырақ аймақтарының нұсқалық картасын дайындап, оны 1900 жылы Парижде əлемдік көрмеде көрсетті. Осы картада:
1) бореалды немесе арктикалық;
2) орманды;
3) далалық қара топырақты;
4) аэралды (олар тасты, құмды сорланған жəне лессті шөлдерге бөлінеді);
5) латеритті бес əлемдік аймақтар көрсетілді. Бұл картада аймақтар Солтүстік жарты шар материктерінде ендіктерге сəйкес орналасқан болып келеді. Топырақтану ғылымының əрі қарай дамуына, жəне Жер шары топырақтары туралы көптеген жаңа мағлұматтардың жиналуына байланысты В. В. Докучаевтың ашқан топырақтардың ендік бойынша аймақ болып таралу заңдылығын жаңаша кеңірек мағынада топырақтардың таралуының көлденең аймақтық заңдылығы, - деп атау ұсынылды. Өйткені жер шарында топырақтардың белдік болып созылып орналасуы кейде меридиан бағытына да сəйкес келуі байқалды. Осындай құбылыстардың басты себебі, əрбір алқаптың мұхиттарға немесе орталық құрлық аймақтарға, таулы өлкелерге жақын немесе алыс орналасуына, яғни аймақ климатының ылғалдылығы мен температурасының өзгеруіне байланысты болып келетіні. Кейінгі жылдары дайындалған əлемнің топырақ карталарында топырақтардың көлденең ендік немесе көлденең меридиан бағытына сəйкес орналасуы жəне басқа да топырақ таралу құбылыстары көрсетілді (Л. И. Прасолов, 1937; И. П. Герасимов, 1956; В. А. Ковда, Е. В. Лобова, 1976).
В. В. Докучаев топырақтың аймақтарға бөлініп таралуы таулы 30 өлкеде де байқалатынын анықтады. Кавказ тауларында етегінен бастап жоғары көтерілген сайын оның табиғатының жəне топырақ жамылғасының өзгеруін бақылап, зерттеп топырақтардың таулы өлкеде тік аймақ болып, таралу заңдылығын ашты. В. В. Докучаевтың айтуынша, жер үстінің биіктігі өскен сайын əрқашанда топырақ түзуші факторлар - климат, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі заңды түрде өзгереді. Сондықтан топырақтар да тау етегінен бастап, оның үстіне көтерілген сайын заңды түрде өзгеріп отыруы тиіс. Яғни, топырақтар таулы өлкеде де аймақ болып кезектесіп орналасады, бірақ ол көлденең бағытта емес, тік бағытта байқалады.
Топырақ-климаттық белдеулер.
Қазіргі кезде құрлық бетінде топырақ-климаттық белдеулер анықталған. Оларды анықтап жіктеу үшін климаттың ерекшеліктері ескеріледі. Осындай белдеулерге полярлық, бореалдық, суббореалдық, субтропикалық жəне тропикалық белдеулер жатады. Бұл белдеулерде оларға тəн, басқа белдеулерде жоқ топырақ типтері кездеседі. Ол типтердің түзілуінің термоэнергетикалық режимі ұқсас болып келеді. Топырақ - климаттық белдеулер топырақ-биоклиматтық облыстарына бөлінеді. Топырақ - биоклиматтық облыстары келесідей:
- орман, тайгалы орман немесе тундра өсімдік жамылғысы бар ылғалды облыс;
- далалық, ксерофитті-орманды немесе саванналы өсімдік жамылғысы бар далалық облыс;
- шөлейттің немесе шөлдің өсімдіктері жамылғысы бар құрғақ облыс.
Топырақ-климаттық белдеулерге қарағанда биоклиматтықтопырақ облыстардың топырақтары біртектес болып келеді. Соның өзінде де бұндай облыста бірнеше аймақтық топырақтар жəне оларға сəйкес интра аймақтық топырақ типтері кездеседі. Сондықтан əр биоклиматтық топырақ облысы ішінде 2-3 топырақ аймағы кездеседі. Топырақ аймағы бір немесе екі аймақтық топырақ типінің жəне осыларға сəйкес интрааймақтық жəне аймақ ішіндегі топырақ типтері таралған жер кеңістігі. Топырақ аймағы топырақ типшелерінің аймақшаларына, топырақ фацияларына жəне провинцияларына бөлінеді. Топырақ аймақшасы - топырақ аймағына сəйкес таралған бір топырақ типшесі таралған жер аумағы. Топырақ фациясы - жылу режимінің жəне жыл мерзімдері ішінде ылғалдылығының ерекшелігі бар топырақ аймағының бір бөлігі. 31 Топырақ өлкесі (провинциясы) - жылу режимі жəне жыл мерзімі ішінде ылғалдылығының айрықша ерекшелігі бар топырақ фациясының бір бөлігі. Топырақ округы жəне топырақ ауданы - жер бедерінің жəне топырақ түзуші тау жыныстарының ерекшелігіне байланысты қалыптасқан топырақ жиынтығы бар топырақ өлкесінің бөлігі.
Жеке топырақ алабы (ЖТА)
Белгілі бір аумақта кездесетін топырақтардың түрлерінің құрамын, олардың таралу пішінін жəне біріне-бірі сəйкестесе орналасу ерекшелігін топырақ жамылғысы құрылымы ұғымы сипаттайды. Топырақ жамылғысы құрылымының негізі болып жеке топырақ алабы (ЖТА) саналады. Ол - топырақ жамылғысының əрі қарай бөлінбейтін бөлігі. Топырақ классификациясының ең кіші қатарына жататын топырақ түрінің алып жатқан ауданын жеке топырақ алабы дейміз. Жеке топырақ алабы ұғымын жəне оның басты сипаттарын В. М. Фридланд (1965) ұсынды.
Жеке топырақ алабын сипаттау үшін:
1) топырақтың толық атауы;
2) топырақ алабының морфологиялық сипаты - оның ауданы, шекарасының пішіні мен сипаты;
3) топырақ алабының топырақ түзуші факторлармен биоклиматтық жағдайымен, жер бедерімен, ылғалдылықпен, аналық тау жы- 32 ныстарымен, топырақтың жасымен, топырақтың түзілу тарихымен жəне адамдардың əрекетінің ықпалымен байланысын сипаттау сияқты көрсеткіштер қолданылады. Жеке топырақ алабы ауданы бірнеше шаршы метрден жүздеген гектарға дейін болуы мүмкін. Ауданына байланысты жеке топырақ алабы ұсақ контурлы (1 га-дан кіші) орташа контурлы (1-20 га-ға дейін) жəне ірі контурлы (20 га-дан үлкен) болып бөлінеді. Жеке топырақ алабы пішіні дөңгелекше (ұзындығының еніне қатынасы 2-ден кіші), созыңқы (қатынасы - 2-ден 5-ке дейін), ұзынша (қатынасы 5-тен үлкен), тарамданған жəне қалақша тəрізді болады.
Жеке топырақ алаптарының заңды жиынтығы - топырақ жамылғысықұрылымын (ТЖҚ) қалыптастырады. Оның бастысипаттаушы көрсеткіштері: құрамы (топырақ түрлері), күрделілігі (жеке топырақ алабы кеңестікте өзгеруі) жəне ерекше айырмашылығы (генетикалық жəне агрономиялық тұрғыдан жеке топырақ алабы өзгешеліктері) жатады. Жер бедерінің өзгешелігіне, аналық тау жынысының қасиеттеріне жəне басқадай жағдайларға байланысты топырақ жамылғысы құрылымы микро, мезо жəне макрокомбинациялар құрап, топырақ жамылғысы құрылымының белгілі бір түрін қалыптастырады.
Микрокомбинациялар ұсақ ауданды (бірнеше немесе ондаған шаршы м) ЖТА-ның кезектесіп орналасуымен сипатталады. Көбінесе, ол жер бедерінің ұсақ өзгешелігіне байланысты.
Мезокомбинациялар ірілеу ауданды жеке топырақ алабы мен микрокомбинациялардың кезектесіп орналасуымен сипаттала- 33 ды. Олар жер бедерінің орташа өзгерістерімен немесе аналық тау жынысының кеңістікте өзгеруімен сыбайлас келеді.
Макрокомбинациялар - мезокомбинациялардың жер бедерінің ірі өзгерістеріне байланысты алмасып отыруы. Жоғарыда аталып өткен топтар ерекше айырмашылықты жəне сəл айырмашылықты комбинацияларға бөлінеді.
С. С. Неуструев (1915) жер бедерінің өзгеруіне байланысты комбинацияларды топырақ кешендеріне (комплексы) жəне топырақ үйлесушіліктігіне (сочетания) бөлді. Топырақ кешендері жер бедерінің микроөзгешеліктеріне байланысты қалыптасқан болып келеді. Ал топырақ үйлесушіліктері мезо жер бедеріне байланысты қалыптасып, үлкенірек аумақты алып жататын топырақтар жамылғысы құрылымын құрайды.
В. М. Фридланд (1973) микрокомбинациялар ішінде топырақ кешендерін (ерекше айырмашылықты) жəне шұбар (сəл айырмашылықты) топырақтар жамылғысы құрылымын бөліп қарауды ұсынды. Мезокомбинациялар ішінде жер бедеріне байланысты қалыптасқан ерекше айырмашылықты топырақ жамылғысы бар үйлесушілікті жəне сəл айырмашылықты топырақ жамылғысы бар вариацияларды бөліп қарауды көрсетті. Сонымен бірге мезокомбинациялар ішінде топырақ түзуші тау жыныстарының кеңістікте өзгеруіне байланысты қалыптасқан ерекше айырмашылықты топырақ жамылғысы құрылымын өрнекті жəне сəл айырмашылықты топырақ жамылғысы құрылымын ташеттер деп атады.
Топырақ жамылғысына антропогендік факторлардың әсері
Антропогенді факторлар деп адам қызметінің қоршаған ортаға тигізетін əсерінің жиынтығын айтады. Табиғатты қорғаудың түрлі аспектілерін ескермей жүргізген адамның шаруашылық іс-əрекеттері қоршаған ортаның соның ішінде топырақтың да ластануына əкеп соғады. Нəтижесінде топырақ өндірістік, құрылыстардың қалдықтарымен жылу электр станцияларының күлімен, пайдалы қазбалар мен құрылыс материалдарын өндіру кезіндегі жердің бетіне шығарылып тасталған жыныстар тау-тау болып үйілген, мұнай өнімдері жиналған, т.б индустриялық далалар пайда болады. Индустриялық далалардың топырақтарында ештеңе өспейді. Бұның себебі, ластаушы заттардың құрамында табиғи күйде топырақта өте аз мөлшерде кездесетін химиялық элементтер болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ жамылғысының физикалық қасиетін трансекта бойынша зерттеу
Аридтену үрдісінің Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы топырақтардың шөлденуіне әсері
Cu, Pb, Ni, Cr ауыр металдарының күріш алқаптарындағы топырақтардағы сандық және сапалық құбылымдары (Қызылорда облысы, Шиелі ауданының мысалында)
Сырдарияның төменгі ағысындағы және Аралдың жалаңаштанған тағандарындағы топырақтардың өзгеру процестері
Қазақстанда шөлдену мәселесі
Жер ресурстарын басқарудың теориялық негіздері
Сырдария өзені төменгі ағысы ландшафттарының құрылымдық өзгерістері
Қазақстанның шөлді аймақтары туралы
Қазақстан топырағының экологиялық мәселелері
Теміржол көлігінің қоршаған табиғи ортаға теріс әсерінің жіктелуі
Пәндер