Ағзаның жүйесі: жүрек-қантамырлары, тыныс алу, сүйек-бұлшық ет, жүйке, асқорту. Жүрек қан тамыр жүйесі


Саулебеков Даулет
ГК-807
Спортивные Игры
Ағзаның жүйесі: жүрек-қантамырлары, тыныс алу, сүйек-бұлшық ет, жүйке, асқорту.
Жүрек қан тамыр жүйесі
Жүрек адам бойындағы сорғылық яғни насостық қызмет атқаратын бүрден бір мүше. Жүректің насостық қызметіне оның құрылысы сай келеді. Ол тұтас арқылы екі- сол және оң бөлікке бөлінген. Сонымен адамның жүрегі барлық сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камерадан, екі құлақша және екі карыншадан тұрады. Қарыншаға қарағанда құлақшаның қабырғасы әлдеқайда жұқа, бұл құлақша жұмысының оншалықты көп болмауына байланысты. Ол жиырылғанда қан қарыншаларға өтеді және қарынша бүкіл тамырларды бойлап қан айдайды. Тікелей сол жақ қарыншадан шыққан қолқа арқылы қан бүкіл ағзаларды оттегі және қоректік заттарды тасымалдайды. Жүректің насостық қызметінің реттелуі организмнің сыртқы және ішкі орта жағдайларына байланысты. Жүректің қызметінің баяулауына не артуына байланысты организмнің қан тамырларына келетін қан мөлшері өзгеріп отырады. Жүректің насостық қызметі автаномиялы нерв жүйесіне қатынасында рефлекторлы жолмен өзгеріп отырады. Парасимпатикалық нервтер арқылы келетін импульстер жүректің баяулатып әлсіретсе, симпатикалық нервтер жүрек қызметін күшейтіп жеделдетеді. Нервтік және гуморальдық жолмен реттелуі жүрек әрекетінің қоршаған орта жағдайларына өте дәл бейімделуіне мүмкіндік береді. Дене еңбегін атқарған кезде, бұлшықеттерден сіңірлерден шығатын импульстер жүрек қызметін реттеп отыратын нерв жүйесіне келеді. Бұл симпатиклық нервтер бойымен жүрекке келетін импульстер ағынын күшейтеді. Сонымен қатар қандағы адреналиннің шамасы артады.
Жүректің жиырылғыштық көрсеткіштері. Жүректің жиырылғыштық жұмысының көрсеткіштері жүректің систолалық және минуттық көлемі жатады. Жүректің систолалқ немесе соққы көлемі дегеніміз- әр жиырылу кезінде сәйкес тамырларға жүректің ығыстырып шығаратын қан көлемі. Систолалық көлем, жүректің өлшемңне миокард күйіне және ағзаға байланысты. Әр систолалық көлемі шамамен 70-80 мл-ді құрайды. Сөйтіп қарыншалар жиырылуы кезінде артериялық жүйеге қанның 120-160 мл көлемі келіп түседі. Жүректің минуттық көлемі дегеніміз жүректің өкпе өзегі және аортаға « минутта ығыстырып шығаратын қан көлемі. Жүректің орташа минуттық көлемі 3-5 л құрайды.
Тыныс алу
Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында(лат. - ойма қуыс, науа) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді.
Ересек мал қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді және бір минутта 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасап, өкпесінен 6-7 литр ауа өткізеді. Ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты, бойы ұзын және салмақты болса, соғұрлым көп ауа өтеді. Ересек адамға қарағанда балаға ауа көбірек қажет. 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л., кейде 7 л. ауа өтеді, бұл баланың дем алу ерекшелігіне жатады, сондықтан баланың денесінен бу ретінде су көптеп шығып, тершең болады.
Сүйек-бұлшық ет
Жаңа туған нәресте қаңқасының едәуір бөлігі, әсіресе омыртқасы,
білезігі және жамбас сүйегі шеміршектен тұрады. Емізулі баланың сүйек ткані химиялық құрамы жағынан судың көп және қатты заттардың аз болуымен ерекшеленеді. Оның құрылымы талшықты, қан тамырларына бай болады. Осыған байланысты сүйектері жұмсақ, иілгіш келеді.
Сүйек 2-3 жылдың ішінде тез өседі. Бұл орайда талшықты ткань дұрыс
қалыптаспаған, пластика тәрізді құрылымы бар сүйек тканіне айналады. 12
жасқа таман баланың сүйек ткані құрылымы жағынан ересек адамдардікіндей
болады. Баланың бас сүйегінің құрылымында бір қатар ерекшеліктер бар.
Бас сүйектің арасындағы тігістер жабылмай үлкен және кіші еңбектер
құрады.
Жаңа туған нәрестенің омыртқасы шеміршектен тұрады, түп-түзу,
қисаймаған, кейіннен физиологиялық қисаю байқалады.
2 ай - мойын лардозы. 6 ай - кеуде кифозы. 1 жас - бел лардозы.
Сколиоз - қолайсыз жағдайда тәрбиелеу. Кеуде қуысы бөшке формада
немесе үшкір басы кесілген конус түрінде болады. Қабырғалар сияқты көлденең жағдайда, омыртқасы тік бұрыш жасап тұрады. Кеуде қуысы ішке ауа жұтқан сияқты болады. Мұның өзі қозғалуын шектейді және өкпенің созылуынан қиындатылады.
Дені сау балалар 6-7 ай толғанда тіс жарады, төменгі күре тістен
кейін жарады. Үш жаста аяқ басқанда барлық 20 сүт тістері болады. 6-7
жасында сүт тістерінің тұрақты тіспен алмасуы басталады. Тістер 1-13 жаста
алмасып бітеді. 12 жастан 14 жасқа дейін екінші азу тістері, 18-20 жаста
соңғы ақыл тіс шығады.
Жаңа туған нәрестенің бұлшық ет жүйесі нашар дамыған. Бұлшық ет
салмағы 23 %, ал ересек адамдарда 42 %. Баланың бұлшық ет талшықтары
жіңішке болады. Жаңа туған нәрестеде бұлшық еттердің едәуір артуы
байқалады. Жас кезінде баланың бұлшық ет күш-қуаты әлсіз болады. Өсе келе
бұлшық ет күші артып жыныстық айырмашылықтар аңғарыла береді.
20-23 жасқа қарай бұлшық ет жүйесінің өсуі мен қалыптасуы байқалады.
Жас кезінде баланың бұлшық ет жүйесінің өсуі мен қалыптасуы аяқталады.
Жүйке жүйе
Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia (грек, neuron - жүйке, жүйке жасушасы; logos - ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz