Спорт, Жоғары деңгейдегі спорт, бұқаралық, кәсіпқой, әуесқой, студенттік спорт


Cаулебеков Даулет
ГК-807
Спорт-игры
Спорт, Жоғары деңгейдегі спорт, бұқаралық, кәсіпқой, әуесқой, студенттік спорт.
Тәуелсіздігіміздің таңы атқан жиырма жылдан бергі уақыт ішінде біздің елімізде бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту жолында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшылығымен қыруар жұмыстар атқарылды. Елбасы спортқа зор көңіл бөліп, бұл саланы әрдайым мемлекеттік маңызы басым бағыттар санатына қосып келеді. 2010 жылғы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында Н. Ә. Назарбаев 2020 жылға дейінгі дамудың стратегиялық басым бағыттарының бірі ретінде қазақстандықтардың денсаулығын нығайтуды міндеттеген болатын
Мемлекет басшысы 2010 жылдың 12 наурызында облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдерімен өткізген Қазақстанды 2014 жылға дейін индустриялық-инновациялық тұрғыдан қарыштай дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі мәжілісте бұқаралық спортты дамыту бойынша жұмыстарды ширатуды тапсырды. Сондай-ақ спорт нысандарының тиімсіз пайдаланылу жағдайын сынға алды. «Шағын спорт кешенін ашуын ашады да, оларда, бірақ, не ешқандай құрал-жабдық жоқ, не оған ешкім қарамайды. Онда келгендер бар нәрсені қиратып, алаңдарында қаңғыбас иттер сайран салып жүреді. Бар нәрсені игілікке пайдалануға болады ғой», - деп орынды ескертті Елбасы. «Алматы мен Астананың аулаларында спорт алаңқайлары бар. Соны әр аудан, әр ауылда да жасауға болады», - деді Н. Ә. Назарбаев.
Былтырғы жылы спорттың материалдық-техникалық базасын нығайту, спортшыларды дайындау сапасын арттыру және бұқаралық спортты дамыту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл шаралардың барлығы Қазақстан спортының әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін көтеруге және еліміздегі бұқаралық спортты ілгері жылжытуға бағытталды.
Еліміздегі спорттық инфрақұрылымды дамытуға «Жол картасы» бағдарламасы игі ықпалын тигізді. Осы бағдарламаның аясында былтыр жоспарланған 56 спорт нысанының орнына үнемделген қаражат есебінен 12 облыста 64 нысан жөнделді. Бүгінде елімізде 31 мыңға жуық спорт нысаны бар. Дене шынықтырумен, спортпен тұрақты шұғылданатын қазақстандықтардың қатары 380 мың адамға көбейіп, олардың жалпы саны 2 миллион 900 мың адамға жетті. Бұл - ел халқының 17, 7 пайызы деген сөз. Былтыр барлығы 17 мыңнан астам спорттық-бұқаралық шаралар өткізілсе, соның жартысынан астамы ауылдық жерлерде ұйымдастырылды
Қазақ күресі, тоғызқұмалақ, ат спорты, тағы да басқа ұлттық спорт түрлерін дамытуға айрықша ден қойылуда. Ұлттық спорт түрлері бойынша былтырғы жылы 80 жарыс өткізілді. Соның ішінде, әсіресе, тоғызқұмалақтан тұңғыш әлем чемпионатын, жасөспірімдердің бірінші ауыл спорты ойындарын, қазақ күресінен әлем және Азия чемпионаттарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі жолындағы ІV халықтық спорт ойындарын атап өткеніміз орынды. Спортпен жүйелі айналысатын мүгедектер саны 13 мың адамға жетті.
2010 жылы бірқатар жаңа спорттық ұйымдар ашылды. Атап айтсақ, Оңтүстік Қазақстан облысында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен Нысана көздеу бойынша олимпиадалық даярлау республикалық орталығының тұсауы кесілді. Ал Алматы облысында Балалар мен жасөспірімдердің ат спорты түрлері бойынша республикалық спорт мектебі ашылды. Жалпы, қазір елімізде барлығы 423 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 8 республикалық және 17 өңірлік олимпиадалық ізбасарлар даярлау орталығы жұмыс істеуде.
Айта кету керек, VІІ Қысқы Азия ойындарына арнайы салынған нысандар еліміздің спорттық инфрақұрылымын едәуір нығайтты. 1972 жылы «Медеу» спорт кешені салынғаннан кейінгі аралықта Қазақ жеріне бұйыра қоймаған бірегей спорт нысандары, әлемдік деңгейдегі жарыстар өткізуге болатын ғажайып ғимараттар тұрғызылды. Енді қысқы негізгі олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстанның өз спорттық базасы бар. Осы нысандарда әлемдік жарыстарға дайындалып, жаттығу жиындарын өткізуге әбден болады.
Қазақстан спортының тарихы көрсетіп отырғандай, елімізде жақсы жабдықталған спорт ғимараттарының болуы спорттың дамуына игі ықпалын тигізіп, халықаралық спорттық ареналарда ірі жетістіктерге қол жеткізуімізге дәнекер болады. Айталық, бір ғана «Медеу» кешенінде коньки спортының өзінен жалпы саны 130 әлемдік рекорд жасалыпты. VІІ Қысқы Азия ойындарын өткізуге Астанада арнайы салынған «Алау» коньки стадионында болса, міне, Азия құрлығының 9 рекорды жасалып үлгерді. Азиада нысандары үздік технологиялар пайдаланылып, заманауи талаптарға лайықталып салынған. Шымбұлаққа дейін тартылған бірегей аспалы жол аталмыш кешенді тау шаңғысы курорты ретінде дамытуға септігін тигізері сөзсіз.
Бүгінгі қазақстандық қоғамда бұқаралық спортты дамыту - төтенше маңызға ие көкейкесті мәселе. Елдегі бала туу көрсеткіштерінің төмендігі, жүрек-қан тамырлары ауруларынан, нашақорлық пен алкоголизмнен зардап шегушілер мен өлім-жітімнің артуы, физикалық һәм ақыл-ой тұрғысынан дамудың тежелуі, айналып келгенде, ұлт қауіпсіздігіне, халықтың санасы мен парасатының өсуіне, рухани дамуына қауіп төндіретін факторлар. Осының бәрі жиналып келіп Қазақ елінің экономикалық өрлеуіне, саяси тұрақтылығына, халықаралық беделінің артуына да залалын тигізбей қоймайды. Сондықтан, саламатты өмір салтын мемлекеттік саясаттың бір бағыты ретінде жаппай насихаттау алға қойған стратегиялық мақсаттарымызға жету жолындағы басым бағыттардың бірі саналуы тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz