Жүйе қауіпсіздігінің формальді моделі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Алматы қаласының Инновациялық техникалық колледжі

https://lh4.googleusercontent.com/VzEP6zVSkW6YUz8Fx0XmxvmWTj6IAlxog2-Wq78a9D-SBbDgNsQbxlTYBolXzhPoprTlYaMtQ8qDqEOyj1mITj16a4oZUBHMzdg86Mhpxrz4J2HzZBudTxpY738Lu-l58y14wuM

Реферат

Тақырыбы : Жүйе қауіпсіздігінің формальді моделі

Орындаған:Мынбай А. М

Тексерген: Мисебай А. M.

Алматы 2020

Жүйе қауіпсіздігінің формальді моделі

Ақпаратты қорғау - ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.

АЖ-нің ақпараттық қауіпсіздігі жүйенің мына күйлерінде:

  1. жүйенің сыртқы және ішкі қауіп-қатерлердің тұрақсыздандыру әсеріне қарсы тұра алу қабілеті бар кезіндегісі;
  2. жүйенің жұмыс істеуі және жүйенің бар болуы сыртқы ортаға және оның өзінің элементтеріне қауіп келтірмеуі кезіндегісі қарастырылады.

Тәжірибе жүзінде ақпараттық қауіпсіздік қорғалатын ақпараттың келесі негізгі қасиеттерінің жиынтығы ретінде қарастырылады:

  • конфиденциалдылық (құпияланғандық), яғни ақпаратқа тек заңды пайдаланушылар қатынай алатындығы;
  • тұтастық, біріншіден, тек заңды және сәйкесті өкілдігі бар пайдаланушылар ғана өзгерте алатын ақпараттың қорғалуын, ал екіншіден ақпараттың ішкі қайшылықсыздығын және (егер берілген қасиет қолданыла алатын болса) заттардың нақты жағдайын бейнелеуін қамтамасыз ететіндігі;
  • қатынау қолайлығы, қорғалатын ақпаратқа заңды пайдаланушыларға бөгетсіз қатынаудың кепілі болуы.

Ақпаратты қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық әдістері нормалар үлгілерін жетілдіру үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі қызметтерді ұйымдастырады.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық әдістері өз кезегінде екі негізгі мәселені шешеді. Біріншіден, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі процесстерді формализациялау.

Осыдан екінші мәселе туындайды - ол, қорғалу деңгейін талдағанда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жүйелер қызметінің қисындылығы мен адекваттығының қатаң негізделуі.

Ақпараттық қауіпсіздіктің қауіптері[өңдеу]

Автоматтандырылған жүйенің ақпаратық қауіпсіздігіне қауіп дегеніміз - бұл АЖ өңдейтін ақпараттың конфиденциалдығы, тұтастығы мен қатынау қолайлығының бұзылуына әкеліп соғатын әсерлердің жүзеге асырылуы және де АЖ құраушыларының жоғалуына, жойылуы мен қызмет етуін тоқтатуына келтіретін мүмкіндігі. Қауіптердің жіктелуі:

  • Пайда болу табиғатына бөлінеді. Табиғи -бұл адамға байланыссыз АЖ-ге физикалық процесстер мен табиғи апаттардың әсер ету нәтижесінде пайда болған қауіп. Өз кезегінде жасанды қауіп адамның әрекетінен туындайды. Табиғи қауіптің мысалы ретінде өрт, тасқын, цунами, жер сілкінісі және т. б. айтса болады. Мұндай қауіптің жағымсыз жағы - оны болжаудың қиындығы және мүмкін еместігі.
  • Ниеттілік дәрежесіне бөлінеді. Кездейсоққауіп қызметшілердің немқұрайдылығынан немесе әдейілеп жасалмаған қателіктерінен пайда болады. Қасақанақауіп әдетте бағытталып жасалған әрекет нәтижесінде пайда болады. Кездейсоқ қауіптің мысалы ретінде байқаусыз деректердің қате енгізілуін, абайсыз жабдықтың бүлдірілуін келтіруге болады. Ал қаскүнемнің физикалық қатынаудың белгіленген ережелерін бұзып қорғалатын аймаққа рұқсатсыз кіру қасақана қауіптің мысалы болып табылады.
  • Қауіп көзіне тәуелді келесідей бөледі:

қауіп көзі - табиғи орта. Мысалы: өрт, тасқын және басқа да табиғи апаттар;
қауіп көзі - адам. Мысалы, бәсекелес ұйымның АЖ қызметкерлері қатарына өз агенттерін енгізу;
қауіп көзі - рұқсатты программалық-аппараттық құралдар. Мысалы, жүйелік утилиттерді пайдалануды жете білмеушілік;
қауіп көзі - рұқсатсыз программалық-аппараттық құралдар. Мысалы, жүйеге кейлоггерлерді енгізу;

  • Қауіп көзінің орналасуына байланысты былай бөлінеді:

қауіп көзінің бақылау аумағынан тыс орналасуынан пайда болатын қауіп. Мысалы, жанама электромагнит сәулеленулерін (ЖЭМС) немесе байланыс арналарымен беріліп жатқан деректерді ұстап алу; қашықтан фото және бейне түсіру; бағытталған микрофон көмегімен акустикалық ақпаратты ұстап қалу;
қауіп көзінің бақылау аумағының шекарасында орналасуы. Мысалы, білдірмей тыңдау құрылғыларын қолдану немесе конфиденциялды ақпараты бар деректерді тасушыларын ұрлау.

  • АЖ-ге әсер ету дәрежесі деп бөледі.

Пассивті қауіп іске асырылғанда АЖ құрамына және құрылымына ешқандай өзгеріс енбейді, ал активті қауіп, керісінше, АЖ құрылымын бұзады. Пассивті қауіптің мысалы ретінде деректер файлдарын рұқсатсыз көшіруді келтіруге болады.

  • АЖ ресурстарынақатынау тәсілібойынша былай бөлінеді:

стандартты қатынауды қолданатын қауіп. Мысалы, заңды иеге қатысты пара беру, шантаж, физикалық қауіп төндіру арқылы рұқсатсыз парольді алу;
стандартты емес қатынауды қолданатын қауіп. Мысалы, қорғау құралдарының ресми мәлімделмеген мүмкіндіктерін пайдалану.

  • Қауіптердің негізгі жіктелуі:
  1. Ақпараттың конфиденциялдығын (құпияланғандығын) бұзатын қауіптердіңорындалу нәтижесінде құпия ақпаратпен танысу үшін өкілдігі жоқ субъектіге ақпаратқа қатынау мүмкіндігі туады.
  2. Ақпараттың тұтастығын бұзатын қауіптерге, АЖ көмегімен өңделініп жатқан ақпаратты кез келген қаскүнемділікпен бұрмалау немесе құрту жатады.
  3. Ақпараттың қатынау қолайлығын бұзатын қауіптерге, АЖ ресурсына рұқсаты бар пайдаланушының қатынауы бұғатталғанда туындайтын жағдайлар жатады.

Ақпарат қорғанысының негізгі қауіптеріне және ақпараттық жүйенің қарапайым функциялануына келесілер жатады:

  • құпия ақпараттың ағып кетуі;
  • ақпаратты компрометациялау;
  • ақпараттық ресурстарды бекітілмеген жолмен қолдану;
  • ақпараттық ресурстарды қателесіп қолдану;
  • абоненттердің арасында бекітілмеген ақпарат алмасу;
  • ақпараттан бас тарту;

Идентификация - қатынасатын субъектке арнайы идентификатор (қайталанбайтын) тағайындау және оны мүмкін болатын идентификатор тізімімен салыстыру операциясы.

Аутентификация - қатынасатын субъект пен оның идентификаторының сәйкестігін тексеру әрі растау операциясы. Аутентификацияның әдістерін үлкен 4 топқа бөлуге болады:

  1. Белгілі бір құпия ақпаратты білуге негізделген әдістер. Бұл әдістің бәрімізге таныс мысалы - парольдік қорғаныс. Қолданушы жүйеге кірер кезде пароль, яғни таңбалардың құпия тізбегін, енгізу керек болады. Аутентификацияның бұл әдісі ең кең таралған болып табылады.
  2. Қайталанбайтын зат (нәрсе) қолдануға негізделген әдістер. Қайталанбайтын зат ретінде түрлі смарт карталар, токен, электрондық кілттерді айтуға болады.
  3. Адамның биометриялық белгісіне негізделген әдістер. Іс жүзінде биометриялық белгілердің келесідей түрлері қолданылады: Саусақтың ізі, Көздің торлы қабықшасы не мөлдір қабықшасының суреті, Қолдың жылулық суреті, Беттің фотосуреті не жылулық суреті, Жазу (қолтаңба), Дауыс
  4. Қолданушымен байланысты ақпаратқа негізделген әдістер. Мұндай әдістердің мысалы ретінде қолданушының GPS арқылы алынған координаттарын айтуға болады.

Аутентификацияның парольдік жүйелерінің ерекшеліктері:

  • Жүзеге асырудың салыстырмалы түрдегі жеңілдігі. Шынымен-ақ, парольдік қорғаныс механизмін ұйымдастыруға, көп жағдайда, ешқандай артық аппараттық құралдар керек емес.
  • Дәстүрлік. Парольдік қорғаныс механизмі қолданушылардың көпшілігіне таныс, сондықтан басқа құралдарға қарағанда (м: көздің мөлдір қабықшасының сканерлеу) психологиялық жатсыну тудырмайды.

Объектінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтаммасыз етуге арналған жұмыстар бірнеше кезеңге бөлінеді:

  • даярлық кезеңі,
  • ақпараттық қорларды түгендеу,
  • қатерді талдау,
  • қорғаныш жоспарын жүзеге асыру.

Осы аталған кезеңдер аяқталған соң эксплуатациялау кезеңі басталады.

Даярлық кезең

Бұл кезең барлық келесі шаралардың ұйымдастырушылық негізін құру, түпқазық құжаттарды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ, үрдіске қатысушылардың өзара қарым - қатынастарын анықтау үшін қажет. Даярлық кезеңде ақпарат қорғау жүйесінің ақпараттың міндеттері анықталады.

Ақпараттық қорларды түгендеу

Бұл кезеңде, әдетте, объект, ақпараттық ағындар автоматтандырылған жүйелердің құрылымы серверлер, хабар тасышулар, деректер өңдеу және сақтау тәсілдері жайында мәлімет жиналады. Түгендеу анықталған соң олардың осалдылығына талдау жасалынады.

Қатерді талдау [өңдеу]

Келесі шаралардың нәтижелерді ақпараттық қорлардың қорғанылу күй - жағдайның қаншалықты толық және дұрыс талдануына тәуелді болады.

Қатерді талдау мыналардан тұрады:

  • талданатын объектілерді және оларды қарастырудың нақтылану дәрежесін таңдау;
  • қатерді бағалау әдіснамасын таңдау;
  • қауіптерді және олардың салдарын талдау;
  • қатерлерді бағалау;
  • қорғаныш шараларын талдау;
  • таңдап алынған шараларды жүзеге асыру және тексеру;
  • қалдық қатерді бағалау.

Қауіп бар жерде қатер пайда болады. Қауіптерді талдау кезеңі қатерді талдаудың орталық элементі болып табылады. Қауіптердің алдын алу үшін қорғаныш шаралары мен қүралдары қажет. Қауіптерді талдау, біріншіден, мүмкін болатын қауіптерді анықтаудан (оларды идентификациялаудан) және, екіншіден, келтірілетін болашақ зиянды болжау - бағалаудан тұрады.

Бұл кезеңнің орындалу нәтижесінде объектідегі қауіп - қатерлер тізбесі және олардың қауіптік дәрежесі бойынша жіктемесі құрастырылады. Бұлар бәрі ақпарат қорғау жүйесіне қойылатын талаптарды айқындауға, қорғаныштың ең әсерлі шаралары мен құралдарын таңдап алуға, сондай - ақ, оларды жүзеге асыруға қажетті шығындарды анықтауға мүмкіндік береді.

Қорғаныш жоспарын құрастыру [өңдеу]

Бұл кезеңде осының алдында жүргізілген талдаудың нәтижесінде анықталған қатердерді бейтараптау үшін қорғаныштың тиісті ұйымдастырушылық және техникалық шаралары таңдап алынады.

Қорғаныш жоспарын құру ақпарат қорғау жүйесінің функционалдық сұлбасын әзірлеуден басталады. Ол үшін қорғаныш жүйесінің атқаратын міндеттері анықталады және нақты объектінің ерекшеліктерін ескере отырып жүйеге қойылатын талаптар талқыланады.

Қорғаныш жоспарын жүзеге асыру [өңдеу]

Бұл кезеңде қорғаныш жоспарында келтірілген шаралармен қоса жабдықтаушылармен келісім - шарттар жасасу жабдықтарды орнату және баптау, қажетті құжаттарды әзірлеу және т. б. осы сияқты шаралар іске асырылады.

Қауіпсіздік саясаты[өңдеу]

Қауіпсіздік саясаты (ұйымдастыру тұрғысынан қарағанда) есептеу және қатынас қорларын пайдалану тәсілін, сондай - ақ, қауіпсіздік режимін бұзудың алдын алу және мән беру процедураларын дұрыс анықтайды. Қауіпсіздік саясатын қалыптастыру іс - әрекетін келесі кезеңдер түрінде қарастыруға болады:

Ұйымдастыру мәселелерін шешу[өңдеу]

Бұл кезеңде ақпараттық қауіпсіздік қызметі құралады, ақпараттық қауіпсіздік тұрғысынан қарағанда пайдаланушылардың санаттары, пайдаланушылардың барлық санаттарының жауаптылық деңгейлері, құқықтары және міндеттері анықталады.

Қатерге талдау жасау[өңдеу]

Қатерді талдау үрдісі нені қорғау керек, неден қорғау керек және қалай қорғау (істеу) керек деген сияқты сұрақтардың жауабын анықтайды. Мүмкін болатын қатерлердің бәрін қарастырып шығу керек және оларды келтіретін зиянының ықтимал мөлшеріне байланысты жіктеу керек. Қорғанышқа жұмсалатын қаржы қорғалынатын объектінің құнынан аспауға тиісті.

Жеңілдіктерді анықтау[өңдеу]

Қорларды пайдалану құқықтары, қорларды қолдану ережелері, әкімшілік жеңілдіктер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері, жүйелік әкімшілердің құқықтар мен міндеттері, жасырын ақпаратпен жұмыс істеу тіртіптері және тағы басқа анықталады.

Қауіпсіздік саясатының бұзылуына жауап қайтару шараларын анықтау[өңдеу]

Қауіпсіздік режимін бұзушыларды табуға және жауапкершілікке тартылуға бағытталған әрекеттер, сонымен қатар, ақпаратты бұрынғы қалпына келтіру және бұзулардың зардаптарын жою шаралары анықталады.

Ұйымдастыру-өкімгерлік құжаттарды дайындау[өңдеу]

Қауіпсіздік саясатының негізгі жайлары әр түрлі нұсқауларда, қағидаларда, ережелерде және өкімдерде келтіріледі.

Қауіпсіздік саясаты ақпарат қорғау жүйесінің қауіп-қатерлерге қарсы әрекет жасауға бағатталған құқықтық нормалардың, ұйымдастырушылық (құқықтық) шаралардың, программалық-техникалық құралдар және процедуралық шешімдер кешенінің жиынтығын анықтайды.

Ақпарат қауіпсіздігінің жоғарғы дәрежесіне қол жеткізу тек тиісті ұйымдастыру шараларын қолдану негізінде ғана мүмкін болады. Ұйымдастырушылық шаралар кешенінің құрамына ақпараттық қауіпсіздік қызметін құру, жасақтау және оның іс-әрекеттерін қолдау, ұйымдастыра-өкімгерлік құжаттар жүйесін дайындау жұмыстары, сонай-ақ, қорғаныш жүйесін құруға және оның жұмысын сүйемелдеуге арналған бірқатар ұйымдастырушылық және ұйымдастыру-техникалық шаралар кіреді.

Ұйымдастырушылық және ұйымдастыру - техникалық шаралар жүргізу ақпараттың сыртқа кететін жаңа арналарын дер кезінде табуға, оларды бейтараптандыру шараларын қолдануға, қорғаныш жүйелерін толық жетілдіруге және қауіпсіздік режимін бұзу әрекеттеріне жедел қарсы шара қолдануға мүмкіндік береді. Қатерге талдау жүргізу қауіпсіздік саясатын қалыптастырудың негізгі кезеңі болып табылады.

Ұйымдастыру мәселелерін шешілгеннен кейін программалық-техникалық проблемалардың кезегі келеді - таңдалған қауіпсіздік саясатын іске асыру үшін не істеу керек? Қазіргі уақытта құны атқаратын міндеті және сапасы жағынан әртүрлі болатын ақпарат қорғау құралдарының көптеген түрі бар. Олардың ішінен нақты объектінің ерекшелігіне сай келетінін таңдап алу күрделі мәселелердің бірі болып саналады.

Қауіпсіздік саясатының негізгі элементтері[өңдеу]

Қауіпсіздік саясаты мынадай элементтерден тұрады:

  • қатынас құруды ерікті басқару,
  • объектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі,
  • қауіпсіздік тамғасы,
  • қатынас құрудың мәжбүрлі басқару.
Қатынас құрудың ерікті басқару[өңдеу]

Қатынас құрудың ерікті басқару - жеке субъект немесе құрамына осы сцубъект кіретін топтың тұлғасын ескеру негізінде жасалған объектілерге қатынас құруды шектеу. Ерікті басқару - белгілі бір тұлға (әдетте, объектінің иесі) өзінің қарауынша басқа субъектілерге өзінің шешімі бойынша объектігі қатынас құру құқығын бере алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дыбыс сигналды ақпаратты сақтауға арналған радиотолқынды құрылғы
Білімнің жаңа мазмұны негізінде ана тілі пәнінің оқыту ерекшеліктер
Геометриялық интерпретация
Сапаны басқарудың концепциясына талдау
Тіршілік қауіпсіздігі сабағындағы ақпараттық технологиялар
Дерекқор жүйелерiн жобалау
Желілік әкімшілік етудің мақсаттары мен міндеттері
Әлеуметтік-экономикалық жүйелер басқармасындағы жүйелі әдістеме және үлгілеу
Сандық және символдық ақпаратты компьютерлік модельдеу
Модельдеу этаптары жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz