Тоталитаризм жағдайындағы Қазақстанды модернизациялау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Тоталитаризм жағдайындағы Қазақстанды модернизациялау

1917 жылғы қазан төңкерісі Ресей империясының астанасы - Петроградта мемлекеттік билікке большевиктер партиясының келуімен басталып, жаңа мазмұн мен тұрпаттағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани қатынастарды орнықтырудың алғашқы қадамына айналды. Орталықта және жер-жерлерде билік жұмысшы, солдат, шаруа өкілдері басқарған Кеңестерге өткендіктен ел де, өкімет те кеңестік деген атауға ие болды. Бұл билікті жүзеге асырған Ресей социал-демократтар партиясының солшыл тобы - большевиктер еді.
Қазақстан қалаларында, темір жол бойындағы елді мекендерде кеңес билігі тез орнықты. 1917 жылдың қазан-желтоқсан айларында Перовск (Қызыл Орда), Әулиеата (Тараз), Шымкент, Петропавловск, Семей, Қостанай, Ақмола қалаларында, Ордада, 1918 жылдың көктеміне дейін Ақтөбе, Атбасар, Павлодар, Алматы қалаларында ресми билік кеңестер қолына көшті. 1918 жылдың жазында Қазақстанның оңтүстік облыстары қараған Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланып, ол РКФСР құрамына кіретін болғандықтан большевиктердің бұрынғы отар аймақтағы ықпалы айтарлықтай күшейді. Бірақ, кеңес билігі ауылдарға кешеуілдеп жетті және жергілікті халық бұл билікті бірден қабылдамады.
Социалистік идеяның қазақ даласында осыншалықты шапшаң тарауы мен пәрменді күшке айналуының әлденеше себебі бар еді. Бірінші кезекте большевиктер көсемі Ленин халықтың санасы мен жүрегін мазалап жүрген көкейкесті мәселелерді шеше алды. Төңкерістің бірінші күнінде қабылданған Бітім, Жер туралы декреттер Ресей азаматарына!, Жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға! үндеулер барлық соғысушы елдерге демократиялық бітімді ұсынды, жерге помещиктік меншікті жойды, өндіріске жұмысшы бақылауын енгізуді. Іле-шала қабылдаған Ресей халықтары құқықтарының Декларациясында ұлт араздығы саясатына тыйым салынатыны, барлық халықтардың тең құқылығы, олардың өзін-өзі билеуге, дербес мемлекет құруға еріктілігі, ұлттық және ұлттық-діни артықшылықтар жойылатындығы, шағын ұлттар мен этнографиялық топтар еркін дамитыны жарияланды.
Большевиктік бастамалар қолдау да тауып жатты. 1918 жылы 28 ақпан-1 наурыз аралығында өткен Ақмола уезі Кеңестерінің бірінші съезінде барлық егіншілерге қолайлы егіндік, шабындық жер беруге, мұқтажына қарай халықты мал азығымен, тұқыммен ..., сауынмен және құрал-сайманмен қамтамасыз етуге, ірі капиталды және капиталистік мүлікті кәмпескелеуге, оны кеңес өкіметінің қарауына тапсыруға, халықтың революциялық сотын ұйымдастыруға, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізуге, пролетарлық-шаруалық республика үкіметі шығарған заңдар мен декреттерді ешқандай кедергіге қарамастан дереу жүзеге асыруға шешім қабылданды.
Қазақстанға социалистік идеяның орнығуы Қызыл әскер штыгымен де жүзеге асырылды. 1918 жылдың мамыр айында басталған кеңестік Ресейге қарсы шетел интервенциясы мен азамат соғысы Қазақстанды қамтымай қалмағаны белгілі. Большевиктермен соғысқан Колчак, Дутов, Толстов армияларына қарсы тұрған Арал, Ақтөбе, Жетісу майдандарының Қызыл әскерлері Кеңес өкіметін қалпына келтіру барысында Қазақстанға социалистік идеяны да бекемдеді. Азамат соғысының аласапыранында өлке тұрғындары ақтардан да, қызылдардан да зор жапа шекті. Дегенмен, жеңіс большевиктер жағында қалғандықтан социалистік қоғамды құру жалғаса берді. Қазақ зиялы қауымы бұл саясатты сын көзбен қабылдап, сенімсіздік танытқан кез мол болды. Бірақ, ұлт теңдігі, автономия алу, еркіндік идеялары халықты баурап алды.
Бұл бағыттағы іргелі өзгеріске 1920 жылғы 4 қазанда Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы мен 1921 жылдың көктемінен жаңа экономикалық саясатқа көшуді жатқызған жөн. Қазақ АКСР-ін құруға даярлық 1919 жылғы 10 шілдеде В.И. Ленин қол қойған Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет (Казревком) туралы декретпен басталды. Казревкомның басқаруына Астрахан губерниясы аумағының қазақтар мекендеген бөлігі Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары кірді. 1920 жылы 26 тамызда Бүкілодақтық Атқару Комитеті мен РКСФР Халық комиссарлар Кеңесі Декретімен астанасы Орынбор қаласында орналасқан Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы құрылатын болды. Құрылтай съезі 1920 жылғы 4-12 қазан аралығында Орынбор қаласында өтті. 4 қазан күні қазақ кеңестік ұлтық мемлекеті дүниеге келді. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болып Сейтқали Меңдешев сайланды, Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағалығына В.Радус - Зенькович тағайындалды.
Ал, жаңа экономикалық саясаттың мәні Азамат соғысы жылдарында қолданылған ерекше іс-шаралардан - өндіріс пен бөлуді орталықтандырудан, мемлекеттің қолына азық-түліктің, шикізаттың ресурстарын шоғырландырудан бас тарту еді. Әскери коммунизм саясаты атанған сол іс-шаралар аясында ақшалай жалақының орнына коммуналдық қызмет, көлік, т.б. үшін карточкалық паек берілетін, ірі кәсіпорындармен қатар орта, тіпті ұсақ кәсіпорындар да национализацияланған еді, астық монополиясы мен азық-түлік салғырты, жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігі енгізілген болатын. 1921 жылғы наурызда РКП (б) Х съезі мақұлдаған жаңа экономикалық саясат бойынша заттай салықтың орташа мөлшері азық-түлік салғырты мөлшерінен 30-50%-ға төмендетіліп, егілген егін көлемі мен топырақтың құнарлығы да есепке алынды. Салық заттай түрінде салынып, оның мөлшері ертерек, алдын ала, егін себу жұмыстары басталғанға дейін хабарланды, жиналатын бүкіл өнімнің 5%-ын ғана құрады. Егін шаруашылықтарынан тыс мал шаруашылығына да заттай салық салынды. Бастапқыда 13 салық енгізілгенімен, кейінірек олар бірыңғай ауыл шаруашылық салығымен алмастырылды. Осылайша, нарықтық қатынастарға мүмкіндік молайды.
Бірақ, 1921 жылғы аштық жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыруға көп кедергі келтірді. Осы жылы Қазақстанның басым бөлігінде қуаңшылық орын алып, жұт жайлаған еді. Жұттан малдың 80%-ы қырылып қалды. Елде ашаршылыққа ұшыраған адамдар саны 2 млн 300 мыңнан асып түсті. Қазақстанды аштық қысып жатқанына қарамастан Орталық үкімет азық-түлік отрядтарын шығарып, халықтың қолындағы ауыл шаруашылық өнімдерін - етті, майды, астықты зорлықпен тартып алып, Мәскеу, Петроград, Самара, Қазан қалаларына жіберіп жатты.
Жаңа экономикалық саясат өзін ақтап шықты. Жер-су реформасы жүзеге асып, казак әскерлеріне берілген, 1916 жылғы көтерілісте кәмпескеленген жерлер қазақтарға қайтарылды. Мал басы көбейіп, жер шаруашылығының өнімділігі артайын деді. Сауда айналымының өскендігі байқалды, жыл сайын 128 жәрмеңке жұмыс істейтін болды.
Ертіс, Орал, Сырдария өзендерімен кемелер жүзуі қалпына келді. 1927 жылы мүйізді ірі қара басы 1922 жылмен салыстырғанда 253%-ға, қой-ешкі - 286%-ға, жылқы - 220%-ға, түйе - 215%-ға өсіп, төрт түліктің жалпы саны 30,5 млн бастан асып түсті. Баяу да болса, өнеркәсіп саласы нығайды. Алдымен ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін кәсіпорындар қатарға қосылды. Ауыр өнеркәсіп саласы бойынша мұнай өндіру мен алтын шығару тез көтерілді. 20 жылдардың екінші жартысынан аса бере мұнай өңдіру 1913 жылғы көрсеткіштен екі есе асып түсті. Петропавл-Көкшетау, Бурное-Әулиеата темір жолдарын пайдалануға берумен Қазақстан аумағындағы темір жолдар ұзындығы 1913 жылғы 2081 шақырымнан 1928 жылы 3480 шақырымға ұзартылды.
Жұмысшы табының саны артуға бет бұрды. 1927 жылы олар 62,3 мың адамның басын құраса, әрбір бесіншісі қазақ ұлтының өкілі еді.
20 - жылдардың айтулы оқиғасына Қазақстанның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси режим сипаттамасы
Саяси режимнің негізгі түрлері, типтері және принциптері
САЯСИ РЕЖИМ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Саяси модернизация
Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
Саяси модернизация туралы ақпарат
Орталық Азия ынтымақтастық ұйымы
Демократиялык саяси режим
Қазақстан Республикасының саяси жүйесі туралы
Қазақстандық қоғамды демократияландыру аясындағы саяси жаңарту үрдісі
Пәндер