Туберкулез. Алапес. Дифтерия, көкжөтел. Жалпы сипаттамасы. Диагностикасы, емі, алдын-алуы. Спирохеталар, микоплазма, хламидия, риккетсия. Жалпы сипаттамасы. Диагностикасы, емі, алдын-алуы
Қазақстан-Ресей медициналық университеті
Тақырыбы: Туберкулез. Алапес. Дифтерия, көкжөтел. Жалпы сипаттамасы. Диагностикасы, емі, алдын-алуы. Спирохеталар, микоплазма, хламидия, риккетсия. Жалпы сипаттамасы. Диагностикасы, емі, алдын-алуы
Орындаған: Маратова Н.
206-Б ЖМ
Қабылдаған: Мақсұм Ж.
Алматы 2020
Дифтерия микробиологиясы
Дифтерия - жедел дамитын жұқпалы ауру, жиі жас балалар ауырады, организм дифтерия токсинімен кұрт улануымен бірге қоздырғыш еңген орнында фибринозды қабыну процесін тудырады. Аурудың аталуы грек сөзінен dіphthera - тері, қабыршақ, себебі, қоздырғыш көбейген орнында тығыз ақшыл-сүр түсті қабыршақ пайда болады.
Дифтерия қоздырғышы - Corіnebacterіum dіphtherіae алғаш рет 1883 жылы Э.Клебс ашты, Ф.Леффлер 1884 ж. қабыршақтан қоздырғыштың таза дақылын бөліп алды. Э.Ру және А.Иерсен дифтерияның этиологиясы және патогенезінде маңызды роль экзотоксин атқаратындығын дәлелдеген. 1892 ж. Э.Беринг антитоксикалық сары су тапты және 1894 жылдан бастап оны дифтерия еміне қолдана бастады, қатерлі жағдайлар санын төмендетті. 1923 ж. Г.Рамон дифтерия анатоксинін бөліп алатын әдісті ұсынды.
Дифтерия қоздырғышы тудыратын аурулар
Жұтқыншақ дифтериясы
Мұрын дифтериясы
Көздің дифтериясы
Құлақтың дифтериясы
Қынап дифтериясы
Жара беткеіндегі дифтерия
Дифтерия қоздырғышы - коринеформды бактериялар сыртқы қоршаған ортада кең таралған, Corіnebacterіum туыстастығына жатады. Морфологиялық сипаттамасы - клетка шеттері бұршіктелген (грек сөзінен coryne - түйреуіш), тұрып қалған дақылдарда тармақтары болады, және цитоплазмада қосымша дәндері бар.
Corіnebacterіum туысы көптеген түрлерден құралған, оларды негізгі 3 топқа біріктірген:
Адамға және жануарларға патогенді коринебактериялар
Өсімдіктерге патогенді коринебактериялар
Патогенді емес коринебактериялар.
Осылардың көптеген түрі тері, мұрынжұтқыншақ, көздің, тыныс алу жолдары, уретра мен жыныстық мүшелердің кілегей қабығында қалыпты микрофлора құрамына кіреді.
Морфологиясы. Corіnebacterіum dіphtherіae - тік немесе имектелген қозғалмайтын таяқшалар, ұзындығы 1.0-8.0 мкм және көлемі 0.3-0.8 мкм., спора, капсуласы жоқ, кей штаммдарында микрокапсула бар. Таяқша бір немесе екі шетінде бұршіктері бар, волютин дәндерінен тұрады, олар метилен көкпен бояғанда көгілдір-пурпур түс береді. Нейссер әдісімен бояғанда таяқша сары түсте, ал волютин дәндері - қоныр-қара түсте боялады. Коринебактериялар грам оңды таяқшалар, бірақ полиморфты - тұрып қалған дақылда және антибиотиктер әсерінен грам теріске ауысуы мүмкін. Бір дақылда әр түрлі көлемді таяқшалар рим әріптері V, X немесе түйіршек секілді орналасады. Ал патогенді емес коринебактериялар - дифтероидтар және жалған дифтериялық таяқшалар - бір-біріне жабысқан күйінде, волютин дәндері тек бір жағында орналасады немесе мүлдем болмайды.
Дақылдық қасиеттері. Дифтерия коринебактериясы аэроб немесе факультативті анаэроб, оптимальді өсу температурасы 35-37[0]С, рН 7.6-8.0. Қоректі ортаға талғампаз емес, бірақ сары су немесе қан қосылған орталарда жақсы өседі. Селективті орталары Клауберг, Ру немесе Леффлердің ірітілген сары су орталары, колониялар 8-12 сағ. дөнес ақшыл-сүр немесе сары түсте. Беттері тегіс немесе сәл дәнді, шеттері сәл мөлдір ортасына қарағанда. Колониялар бір-бірімен тығыз өспейді, сондықтан дақыл түрі "шагрен терісіне" ұқсас. Сүйық орта лайланады немесе мөлдір болады, ал бетінде нәзік қабықша, біршама уақыт өткен соң қалындайды, ұсақталып түбіне түседі.
Дифтерия коринебактериялардың ерекшелігі теллурит калий қосылған қанды және сары су орталарында жақсы өседі, себебі қоринебактерий теллурит калийді қалпына - темірлі калийге ауыстырады, ал олар бактерийде жиналып қалып оларға қоныр сүр немесе қара түс береді. Осындай орта қолдану дифтерия бактерийлер бөлінуін жоғарлатады.
Тексерілетін материалды Бучин ортасына егуге болады (хинозольды орта). Осы ортада өскен дифтерия коринебактериялары индикаторды қалпына келтіргендіктен фиолет түске боялады. Дифтероидтар мен жалған дифтериялық таяқшалар түссіз немесе аспан-көгілдір колониялар түзеді.
Ферментативтік қасиеттері. Дифтерия коринебактериялары глюкозаны, мальтозаны, галактозаны қышқылға дейін ыдыратады, лактоза, сахароза және маннитті ыдыратпайды. Gravіs типтес дифтерия бактериялары крахмалды ыдыратады, осы белгі бойынша басқа екі биотиптерден ажыратылады. Дифтерия қоздырғышы сүтті пептонизацияламайды, уреазаны ыдыратпайды, пептонды ыдыратқанда индол түзбейді. Кей жағдайларда күкірт сутегін түзе алады. Цистиназа ферменті бар. Осы белгілері бойынша дифтерия коринебактериялары көздің шырышты қабығында кездесетін (С.xerosіs), жұтқыншақта кездесетін (C.pseudodіphtherіtіcum), және басқа дифтероидтардан ажыратылады (кесте-1).
Кесте-1
C.dіphtherіae басқа дифтероидтардан ажыратылатын дифференциялық белгілері
Коринебактерий түрлері
Ферментация
Уреаза
Гемолиз
Пизу сынамасы
Токсин синтезі
Глюко
за
Сахар
оза
Крахма
л
C.dіphtherі ae С.xerosіs C.pseudodі
phtherіtіcu
m
+
+
-
-(+)
+
-
(+)(-)
-
-
-
-
+
+
-
-
+
- -а
+(-)
-
-
Ескерту: + - оңды белгі; - - теріс белгі; (+)(-) - белгі кей жағдайда оңды, ал басқа жағдайда теріс; а - Пизу сынамасында цистиназа байқалады.
Табиғатта дифтерия таяқшасының негізгі үш варинттары (биотиптері) кездеседі: gravіs, іntermedіus, mіtіs. Олар морфологиялық, культуралдық, биохимиялық және т.б.
қасиеттерімен ерекшелінеді (кесте-2).
Gravіs биотипі жиі дифтерияның ауыр түрінде кездеседі және топтық көтерілістер береді.
Міtіs биотипі женіл спорадикалық ауру тудырады, ал іntermedіus жоғарыда аталғандардың ортасында.
Антигендік құрылысы гетерогенді. Соматикалық антигендері бойынша серотиптерге бөлінеді, Рессейде 11 серотиптерінің 7 негізгі ал 4- қосымша, сирек кездеседі. 6 серотиптері (1, 2, 3, 4, 5, 7) Gravіs биотипіне жатады, ал 5 (6, 8, 9, 10, 11) mіtіs типіне.
Corіnebacterіum dіphtherіae фаготиптеуіне түрлі схемалар ұсынылған. М.Д.Крылова схемасы бойынша 9 фагтар жиынтығымен (А, В, С, Д, Ғ, Н, 1, К, G) Gravіs биотипінің токсигенді және токсигенді емес штамдарын ажыратуға болады.
Физикалық және химиялық факторларға төзімділігі. Corіnebacterіum dіphtherіae төменгі температураға тұрақты, бірақ жоғары температурада тез жойылады: 60[0]С - 15-20 мин, қайнатқанда - 2-3 мин жойылады. Барлық дезинфектанттар (лизол, фенол, хлорамин, т.б.) 5-10 мин. жояды. Сонымен қатар, қоздырғыш құрғап қалсада ұзақ уақыт тіршілік ете алады, әсіресе кеуіп қалған кілегейде, сілекейде, топырақ шаңында. Аэрозолда дифтерия таяқшасы 24-48 сағат тіршілік етеді, балалар ойыншықтарында 15 тәулік сақталады, ал суда - 6-20 тәулік.
Кесте-2. Gravіs, іntermedіus, mіtіs биотиптерінің дифференциалдық белгілері
Белгі
Gravіs
1ntermedіus
Mіtіs
Морфология
қысқа, шашранды орналасқан таяқшалар, волютин дәндері аз
ұзын, ала таяқшалар, дәндері
аз
ұзын қисайған плеоморфты таяқшалар,
дәндері көп
Теллуриті бар қанды агардағы колониялар
Сүр немесе ортасы қара, шеттері бүлынғыр, шеттері бір келкі емес, 24 сағатты колониялар диаметрі 2-3 мм, ілмек тигіссе шашранды
бөлінеді
ұсақ, 24 сағатты колониялар диаметрі 1 мм-ге дейін, қара-сұр,
бұдыр-бұдыр
немесе тегіс
қара-сұр, қара тегіс, жылтыр, 24 сағатты колониялар диаметрі 12 мм, шеттері біркелкі, тез алынады, жұмсақ
Сорпада өсуі
Сорпа мөлдір, бетінде қабыршақ, дәнді тұнба
бар
Нәзік дәнді сорпа, дәндер түбіне
түседі
Диффузды лайлану, тұнба бар.
Крахмалды ыдырату
+
-
-
қанды агарда: а) көжек эрит-
роциті гемолизі
+
-
+
Б) бұқа эритроциті гемолизі
-
-
+
Дифтериялық экзотоксиннің төзімділігі төмен. Формалин және жоғарғы температура әсерінен токсин улы қасиеттерінен айырылады, бірақ қауіпті емес иммуногенді анатоксинге ауысады.
Патогенді факторлары. 1. Адгезия, колонизация және инвазия факторлары Дифтерия таяқшасы клеткаға жабысуы (адгезия) қоздырғыштың клетка қабырғасы компоненттері көмегімен атқарады. Қоздырғыштың инвазивтік қасиеті гиалуронидаза, нейраминидаза және протеаза патогенді ферменттері түзілуімен байланысты.
Қоздырғыштың клетка қабырғасындағы улы гликолипид. Оның химиялық құрылысы - 6-6[,]-диэфир трегалоза, құрамында корине-микол қышқылы және коринемиколин қышқылы бар. Улы гликолипид қоздырғыш еңген жеріндегі ұлпа клеткаларын зақымдайды.
Экзотоксин, қоздырғыштың патогенділігін күшейтеді және аурудың патогенезін сипаттайды. Экзотоксині жоқ штаммдар дифтерия ауруын тудырмайды.
Экзотоксин активті емес түрде түзіледі. Оның белсенуі бактерияның протеазасымен байланысты. Экзотоксин түзетін коринебактериялар хромосомасында ортанғы конвертациялық профаг гені болу керек, сондықтан олардың активтенуіне лизогенизация процесі қажет.
Дифтерия коринебактериялардың токсигенділігін анықтау үшін келесі әдістерді қолдануға болады:
Биологиялық әдіс. Теңіз шошқаның тері ішіне еңгізген орынында некроз пайда болады. Дифтерия токсинінің теңіз шошқасын минимальді өлтіру дозасы 20-30нг, тері астына е"гізген со" 4-5 күнде өледі. Токсиннің басты әсері бүйрекбезді бұзу - олар ұлғайған және айқын гиперемиясы байқалады.
Тауық эмбрионың зақымдау - дифтерия токсині оны өлтіреді
Дақыл (культура) клеткаларын зақымдау - дифтерия токсині нақты цитопатиялық әсер береді.
Иммуноферментті анализ, пероксидаза ферментімен белгіленген антитоксин қолдануымен жүргізіледі.
Тізбекті полимеразды реакция. Дифтерия бактерияларды" хромосомасында toxоперонды ДНК-зондымен ажырату.
Серологиялық әдіс - гелде қойылатын преципитация реакциясы. Негізгі принципі: стерилді фильтр қағазын (көлемі 1.5х8 см) антитоксикалық дифтерияға қарсы сары суымен сіндіреді (1 мл - 500АЕ), тығыз қоректі ортасына салады, термостатта 15-20 мин кептіреді. Тексерілетін дақылдарды бляшка ретінде қағаздын екі жағына егеді. Контроль ретінде токсигенді штамм егеді. 24-48 сағат 37[0]С инкубациядан соң қорытындыларды есептейді. Антитоксин мен токсин байланысқан орнында нақты преципитация сызығы көрінеді, контрольдегі преципитация сызығына ұқсас болуы керек.
Эпидемиологиясы. Инфекцияның жұқтыру көзі - науқас адам, реконвалесцент немесе сау бактерия тасымалдаушы. Жұғу жолдары ауа-тамшы, ауа-шаң арқылы және бірге қолданған заттар: ыдыс, кітап, ойыншықтар, киім т.б. Егер тағамдар инфицирленсе (сүт, крем т.б.) ауру алиментарлы жолмен жұғуы мүмкін. Қоздырғыштың ең көп мөлшерде бөлінуі аурудың жедел түрінде байқалады. Науқас адам аурудың барлық уақытында жұқтырады және реконвалесценция кезінде. Реконвалесценттердің тасымалдаушылығы орташа 2-7 апта, 3 ай созылуы да мүмкін.
Эпидемиологиялық маңыздылығы жоғары - бұл дифтерия бактерияларының токсигенді штамдарын тасымалдайтындар.
Патогенез және клиника ерекшеліктері. Дифтерияға барлық адамдар сезімтал. Қоздырғыш зақымдалған тері немесе мүшелердің кілегей қабықшалар арқылы енеді. Сондықтан, процесс қай жерде дамиды, сол орында жұтқыншақ, мұрын, көмей, құлақ, көз, жыныс-тық мүшелер және тері дифтериясы анықталған. Аралас түрлері де кездеседі, мысалы, жұтқыншақ және тері дифтериясы, т.б. Инкуба-циялық кезе" - 2-10 тәулік. Клиникасы айқын көрінетін дифтерияда қоздырғыш енген орынында кілегей қабықшада фибринозды қабыну дамиды. Қоздырғыш бөлген токсин алдымен эпителиалді клеткаларды зақымдайды, әрі жақын орналасқан қан тамырларын зақымдайды, оларды" өткізгіштігін жоғарлатады. Тамырлар ішінен сыртқа шыққан фибриноген ұйып, кілегей қабықшада ақшыл-сүр түсті қабықшаға айналады, жақын орналасқан ұлпалармен бірігеді, оларды тартып алғанда қан ағады. Қан тамырлары зақымдануы жергілікті ісік пайда болуына әкеледі. Е" қауіптісі, жұтқыншақ дифтериясы дифтериялық круп дамуы көмей мен дауыс шығару байланыстарды" кілегей қабығын ісіндіреді, нәтижесінде науқас адамда асфиксиядан қайтыс болуы айқын, 50-60%. Дифтерия токсині қанға түскенде жалпы организмді уландырады. Е" алдымен жүрек-тамыр, симпато-адренал және шеткері жүйке жүйелерін зақымдайды. Сонымен, дифтерия клиникасы жергілікті симптомдар сипаттамасы қоздырғыштын енген орынымен байланысты және де жалпы симптомдары токсин әсерімен байланысты негізгі көріністері адинамия, әлсіздік, тері беті бозару, қан қысымы төмендейді, миокардит, шеткері жүйкелерді" параличі және т.б. бұзылыстар байқалады. Вакцинация жасалған балаларда дифтерия женіл түрде өтеді және асқынулары болмайды. Серотерапия мен антибиотик қолданбаған кезде қайтыс болғандар саны 5060% болса, қазір 3-6%.
Инфекциядан соң дамитын иммунитет тұрақты, өмір бойына қалыптасады, қайтадан ауыруы сирек кездеседі 5-7%. Иммунитет антитоксикалық.
Дифтерияға қарсы иммунитет деңгейін бағалау үшін бұрын соң Шик реакциясын қолданған. Дифтерия токсиннің аллергендік қасиеті жоғары болғандықтан соңғы кезде пассивті гемагглютинация реакциясын сенсибилизацияланған дифтериялық анатоксин кіретін эритроцитарлы диагностикуммен жүргізеді.
Лабораториялық диагностика. Басты диагностика әдісі - бактериологиялық, міндетті түрде бөлінген дақылдын токсигенділігін анықтау қажет. Дифтерияға бактериологиялық зерттеу үш жағдайда жүргізіледі:
Балалар мен ересектерде жұтқыншақ, мұрын, көмей аймағында өткір қабыну процесі болғанда дифтерия диагностикасы.Эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша дифтерия қоздыр-ғышы бар науқаспен қатынаста болған адамдарды дифтерияға тексеру
1. Балалар үйіне, бала-бақшаға, мектеп-интернатқа, тағы басқа да арнайы мекемелерге жаңадан келген балаларды дифтерия қоздырғышын тасымалдаушылығына тексереді.
Тексеруге жұтқыншақ, мұрын кілегейі, миндалиндерден қабыршақ және басқа кілегей қабықтардан, егер қоздырғыш енген орыны күдіктенсе. Материалды теллуритті сары сулы немесе қанды агарға, және ұйыған сары сулы Ру немесе Леффлер ортасына егеді, қорытындысын 8-12 сағаттан соң есептейді. Бөлінген дақылды морфологиялық, культуралді, биохимиялық қаситеттері бойынша, серо-, фаготиптеу арқылы идентификациялайды. Міндетті түрде токсигенділікті анықтайды. Коринебактерийлердің морфологиялық ерекшеліктерін жұғын-мазокты үш бояу әдістер қолдануымен жүргізген дұрыс: Грам-, Нейссер бойынша, метилен көкпен.
Емі. Дифтерияның арнайы емі - дифтерияға қарсы антитоксикалық сары су (1 мл 2000 МЕ). Сары суды бұлшық ет ішіне 10000-40000МЕ дозада енгізеді, дозасы ауру ауырлығына байланысты. Эффективті емі ретінде антибиотиктерді (ПЕН, ТЕТ, ЭРИ) және сульфаниламидті препараттарды қолдану.
Арнайы сақтандыруы. Тұрғындардың жалпылама жоспарлы вакцинациясы жүргізіледі. АКДС, АДС, АДС-М, АД, АД-М қолданады. АКДС - адсорбцияланған (алюминий гидроокисиде) формалин немесе мертиолятпен жойылған көкжөтел бактерия қоспасы (1 мл 20 млрд), 1 мл-де 30 флокулирленген дифтериялық бірлігі және сіреспелік 10 бірліктік анатоксиндер. Вакцинация курсы үш айлық нәрестеге салудан басталады 0.5 мл бұлшық ет ішіне енгізеді, интервалы 1.5 айдан. Ревакцинацияны АКДС-вакцинамен жүргізеді, толық вакцинация жасаған соң 1.5-2 жылдан кейін, 0.5 мл дозада. Келесі ревакцинацияларды АДС-М вакцинасымен жүргізеді - 9 және 16 жаста 0.5 мл дозада, және әр 10 жыл сайын - 26, 36, 46, 56 жаста.
АДС-М вакцина құрамында антигендер саны аз - 1 мл-де 10 флоккулирленген дифтериялық бірлік және сіреспелік 10 бірліктік анатоксиндер алюминий гидроокисиінде адсорбцияланған.
АДС вакцина тек дифтериялық және сіреспелік анатоксиндерден (1 мл-де 60 және 20 бірлік) жасалынған және көкжөтелмен ауырған балаларға және 3 жастан жоғары балаларға қолданады.
АД вакцина тазартылған, концентрленген және алюминий гидроокисиге адсорбцияланған дифтериялық анатоксин (1 мл 60 флоккулирленген бірлік). АД дифтериямен ауырған балаларға енгізеді, егер пассивті гемагглютинация реакциясында (ПГАР) антитоксикалық антидене титры төмен немесе Шик реакциясы оңды болған жағдайда.
АД-М - дифтериялық анатоксин саны төмен (1 мл 10 бірлік ғана), 12 жастан жоғары адамдарға және эпидемиялық көрсеткіштер бойынша енгізіледі.Вакцинацияның максимальдық эффективтілігі болады, егер прививканы 95% балалар алған болса.
Анатоксиннен басқа, дифтерияның алдын алу үшін токсигенді емес C.dіphtherіae штаммдарының клетка қабырғасындағы гликопептидтерден дайындалған вакцина - "Кодивак" ұсынылған. Бұл вакцинаның иммунокоррекциялайтын эффекті бар - Тлимфоциттердің активтілігін дұрыстайды.
Көкжөтел және паракөкжөтел микробиологиясы
Көкжөтел - жас балаларда кездесетін жедел жұқпалы ауру, циклдық дамуы, спазмалы ұстамалы жөтелмен сипатталады.
Қоздырғыш - Bordetella pertusіs - алғаш рет 1900 ж. бала қақырығында тапқан, сосын таза өсіндісін 1906 ж. Ж.Борде мен О.Жангу бөліп алды. Көкжөтелге ұқсас, бірақ женіл өтетін ауру қоздырғышын - Bordetella parapertussіs - 1937ж. Г.Эльдеринг пен П.Кендрик ашты, олардан бөлек осы жылы - 1937ж. У.Бердфорд пен Б.Славинде дәлелдеді. Bordetella bronchіseptіca - адамда сирек кездесетін көкжөтелге ұқсас ауруының қоздырғышы 1911 ж.
Н.Ферри иттерден тапты, ал адамдардан - 1926ж. Браун. 1984 ж. жа"а түрін анықтады - Bordetella avіum, адамға патогенділігі әлі анықталған жоқ.
Морфологиясы. Бордетеллдер грам теріс сопақша таяқшалар (коккобактериялар), көлемі 0.2-0.5х1.0-1.2 мкм. Паракөкжөтел таяқшасы осыған ұқсас, бірақ сәл үлкен (0.6х2 мкм). Спорасы жоқ, жас дақылдарда, және макроорганизмнен бөлінген бактерияларда капсула бар. Бордетеллдер қозғалмайды, ал Bordetella bronchіseptіca перитрих.
Дақылдық қасиеттері. Гемофилді бактерияларға жатады - қатал аэробтар, хемоорганотрофтар. Оптималді өсу температурасы 35-36[0]С. Көкжөтел қоздырғышы Sформа колониялар түзеді, ЕПА, ЕПС өспейді. Көкжөтел таяқшасы өсуіне 3 аминқышқыл қажет етеді пролин, цистеин, глутамин қышқылы, оларды казеин гидролизін немесе фасольді қоректі ортаға қосу керек. Көкжөтел таяқшасын өсіретін орта Борде-Жангу ортасы (картоп-глицерин қосқан қанды агар) колония бір келкі, жылтыр, мөлдір купол тәрізді жемчуг немесе металды" сынапты" жылтырын береді, көлемі 1 мм, 3-4 тәулікте пайда болады. Басқа ортада казеинді-қөмір агарында (ККА- КУА) 3-4 тәулікте тегіс дөнес колониялар сүр түсті, консис-тенциясы кілегейлі. Паракөкжөтел бактериялары көкжөтел қоздырғышына ұқсас, бірақ көлемі үлкен, 2-3 тәулікте пайда болады, ал Bordetella bronchіseptіca 1-2 тәулікте пайда болады.
Көкжөтел бактерияларыны" ерекшелігі өсу жағдай, температурасы, тағы басқа жағдайлары өзгерген кезде бактерияны" дақылдық, серологиялық қасиеттері тез өзгереді, патогенді қасиеттері жойылады.
Сүйық қоректі ортада өсуі диффузды лайлану, тұңба пайда болады, клеткалар үлкен болып келеді. Борде-Жангу ортасында өскен колониялар аймағында гемолиз байқалады.
Ферментативтік қасиеттері. Бордетеллдер көмірсуларды ыдыратпайды, индол түзбейді, нитратты қалпына келтірмейді. Паракөкжөтел бактериялары активтілігі басым, тирозиназа пигмент бөледі, ортаны және дақылды қоныр түске бояйды. Сонымен қатар уреаза, аргиназа фермент түзеді. Бордетеллдерді" дифференциялық белгілері таблицада берілген.
Антигендік қасиеттері. Бордетеллдерде бірнеше антигендік комплекс анықталған. Соматикалық О-антиген агглютиноген 7. Ауру барысында науқас сары суында агглютининдер, преципитининдер, комплемент байланыстыру, опсонинді, бактерицидті, протек-тивті антиденелер анықталған.
Кесте. Бордетеллдерді" дифференциялық белгілері
қасиеттері
B.pertussіs
B.parapertussіs
B.bronchіseptіca
B.avіum
Колониялар өсу қарқындығы (тәулік) қарапайым агарда өсуі қоныр пигмент уреаздық активтілік цитратты қолдану оксидаздық активтілік нитратты қалпына келтіру
қозғалғыштық аденилатциклаза арнайы антиген капсула
Дольда сынамасы Иммунитет ұзақтығы:
Аурудан со"
Вакцинациядан со"
Аурудан со" жөтел
Лимфоцитоз
Гипогликемия
3-4
-
-
-
-
+
-
-
+
1,2, 3
+ некроз
көп жылға
2-3 жыл ұзақ
+
+
2-3
+
+
+
+
-
-
-
+
14
-
некроз
?
? -
-
?
1-2
+
-
+(жай)
+
+
+
+
+
12
-
-
1 жыл
? -
-
-
1-2
(
?
- ?
+
-
+ ?
?
?
?
?
Ескерту: + - жағымды белгі; - - теріс белгі; ( - белгі бір жағдайда о"ды, келесі жағдайда теріс болуы мүмкін.
Физикалық және химиялық факторларға төзімділігі. Көкжөтел және паракөкжөтел қоздырғышы сыртқы қоршаған орта жағдайына тұрақты емес. 56[0]С қыздырғанда микроорганизмдер 20-30 мин. жойылады. Көкжөтел және паракөкжөтел бактериялары төменгі температурада бірден өледі. Тура күн сәулесі 1-2 сағатта бордетеллаларды жояды, ультра күлгін сәулесі бірнеше минітта. Құрғап қалған қақырықта бактериялар бірнеше сағат тіршілік ете алады. Дезинфекциялайтын ертінділер 3% хлорамин ертіндісі, сулема (1:1000) көкжөтел және паракөкжөтел қоздырғыштарын тез өлтіреді.
Екі ауруды" қоздырғыштары антибиотиктерге сезімталдығы төмен, әсіресе пенициллинге.
Негізгі патогенді фактор - термолабильді экзотоксин. Ол жүйке және қан тамыр жүйесіне сезімтал, белоктық құрылысы бар, 56[0]С бұзылады. Көжектерге тері ішіне енгізгенде некроз тудырады Дольда сынамасы. Көкжөтел таяқшасыны" термостабильді эндотоксині жалпы токсикалық әсер және сенсибилизация береді. Сонымен қатар, көкжөтел бордателлаларда гиалуронидаза, лецитиназа, плазмокоагулаза патогенді ферменттер анықталған. Капсула бактерияларды фагоцитоздан қорғайды.
Эпидемиологиясы. Инфекцияны жұқтыру көзі науқас адам, жұғу механизмі ауа-тамшы. Бордетеллалар макроорганизмні" респираторлы трактысыны" эпителийіне сезімтал. Инфекцияға барлық адамдар сезімтал, бірақ жиі жас балалар 1 жастан 10 жасқа дейінгілер.
Патогенезі және клиникасы. Көкжөтелде инкубациялық кезе" - 3-14 тәулік, жиі 5-8 тәулік. Қоздырғыш жоғары тыныс алу жолдары кілегей қабығына түскенде, эпителийде көбееді, әрі бронхогенді жолмен төменгі тыныс мүшелеріне түседі (бронхиола, альвеоларға). Экзотоксин әсерінен ұлпалар некрозданады, шеткері жүйке талшықтары ашылып қалғанда, тітіркенуі байқалады, нәтижесінде продолговатый мийды" жөтел орталығына информация түскен со" олар белсенді болғандықтан спазмалық жөтел пайда болады. Көкжөтелде бактериемия байқалмайды. Екінші реттік бактериалық флора асқынуларды дамытады.
Ауру барысында келесі кезе"дер анықталған: 1. Катаралді кезе", 2 апта өтеді - құрғақ жөтел болады, науқас қалі төмендейді. 2. Конвульсивті (қалтырау) немесе спазмалық кезе" - 4-6 апта созылады және тәулігіне 20-30 рет үстамалы жөтел "иттін үргеніне ұқсас" жөтел. 3. Сауығу кезе"і 2-4 апта созылады (сурет 3).
Иммунитеті. Аурудан со" тұрақты өмір бойына гуморальді иммунитет қалыптасады. Көкжөтелмен ауырған науқас және сауыққан адамдар қанында агглютининдер, преципитининдер, комплемент байланыстыру антиденелері кездеседі.
Лабораториялық диагностика. Негізгі микробиологиялық диагностика әдістері бактериологиялық және серологиялық. Экспресс-диагностикада иммунофлюоресценция реакциясы жүргізіледі. Таза дақыл бөлу үшін мұрын-жұтқыншақтан кілегей, қақырық тексеріледі. КУА немесе Борде-Жангу ортасына енгізеді. Сонымен қатар, жөтел рефлексін тудырып материал алуға болады. Бөлінген дақылды культуралді, биохимиялық және антигендік қасиеттері бойынша идентификациясы жүргізеді. Серологиялық реакциялардан агглютинация, комплемент байланыстыру, пассивті гемагглютинация қолданады (сурет 4). Қоздырғыштарға антиденелер 3 аптадан бастап түзіледі, диагноз антидене титрі бойынша дәлелденеді. Жас балаларда бірінші екі жаста серологиялық реакциялар теріс болады.
Туберкулез
Микобактериялар мен актиномицеттер Actinomycetales қатарына кіретін, бұтақталған және мицелиальды жасуша түзетін микроорганизмдер болып табылады. Actinomycetales өз қатарында 8 туыстыққа бөлінеді: Actinomycetaceae, Mycobacteriaceae, Nocardiaceae, Streptomycetaceae, Micromonosporaceae, Dermatophilaceae және т.б Адамда және жануарда патогенді әсер туғызатын кейбір түрлері ғана. Мысалы: Mycobacteriaceae туысы, туберкулез бен лепраны; Actinomycetaceae актиномикозды және Nocardiaceae нокардиозды тудырады. Streptomycetaceae туысының кейбір өкілдері терінің, тері асты май клетчаткасының, кейбір мүшелерде кілегей қабықтардың мицетомасын тудырады. Actinomycetaceae туысы адамның ішегінде қалыпты микрофлорасында және ауыз қуысында кездеседі.
Actinomycetales қатарындағы микроорганизмдердің көпшілігі еркін өмір сүреді, яғни топырақта және суда. Streptomycetaceae және Micromonosporaceae әртүрлі антибиотиктер жасауға пайдаланады.
Микобактериялар Mycobacterium тұқымдастығының Mycobacteriaceae туысына жатады.
Морфологиясы жағынан микобактериялар тік немесе аздап қайырылған таяқша тәрізді ұзындығы 1-10мкм және ені 0,2-0,6мкм. Кейде бұтақталған түрлері және жіп тәрізді формалары кездеседі, яғни саңырауқұлаққа ұқсас, сол себепті микобактерия деп атаған. Қышқыл- сілтіге тұрақты, грам оң. Бұл туыстықтың көп өкілдері қоректік орталарда баяу өседі. Барлық микобактериялар адамға және жануарға патогенді, шартты патогендіжәне сапрофитті болып бөлінеді. Патогенді түрлеріне жатқызамыз: M. tuberculosis, M. bovis, M. leprae, M. Africanum, M. Paratuberculosis, M. Microti, M. Lepraemurium.
Шартты-патогенді микобактериялар, микобактериоз тудырушылар, және сапрофиттер Е. Раньон зерттеуі бойынша атипті микроорганизмдерге жатады, сол себептері пигменттүзу, өсу жылдамдығы, культуралдық және биохимиялық қасиеттеріне байланысты 4 топқа жіктелінеді:
Фотохромогендік микобактериялар, жарық әсерінен пигмент тудырады, баяу өседі. Осы топ өкілі M. kansasii адам өкпесінің аурулары кезінде көрінеді.
Скотохромогендік микобактериялар, қараңғыда сары, жарықта қызыл немесе қызғыш пигмент, баяу өседі. M. scrofulaceum балаларда лимфаденит тудырады.
Хромогендік емес микобактериялар, пигмент түзбейді, баяу өседі. Бұл топ өкілі M. аvium құстарда туберкулез ауруын тудырады, кейде адамда да болуы мүмкін
Тез өсуші микобактериялар, (1-2 күннен 14 күнге дейін). Бұл топ өкілі M. Smegmatis адамда ауру туғызады.
Туберкулез (лат. Tuberculum - төмпек) - адамда және жануарда болатын кейде созылмалы түрге айналатын инфекциялық ауру. Кішкене төмпешік тәрізді қабынулық сипатта болып өкпе мен лимфалық түйіндерге локализацияланады. Туберкулез барлық аймақта таралған. Туберкулезбен ауыруда қоғамдық-тұрмыстық жағдай, туа біткен организмнің қорғаныштық қасиеті өте маңызды.
Туберкулез қоздырушысы - Mycobacterium tuberculosis - 1882 жылы Р. Кох ашқан. Оның морфологиясына келетін болсақ, жіңішке, қысқа немесе ұзын, тік немесе қайырылған таяқша тәрізді, ұзындығы 1,0-40,мкм және диаметрі 0,3-0,6мкм; қозғалуға қабілетсіз, спора, капсула түзбейді, грам оң; жоғары полиморфтылық қасиетке ие. Ескі қоректік орталарда жіп тәрізді , бұтақтанған, кейде түйіршікті формалары (Мух түйіршіктері), кейде клетка сыртында еркін немесе клетка ішінде орналасуы мүмкін. Ауру организмде химиопрепараттар әсерінен ультра ұсақ турлерге айналады, олар ұсақ саңылаулардан еркін өтіп кетеді. M. tuberculosis - аэроб, өсу температурасы 370 С, рН - 6,4-7,0. ДНК құрамында Г+Ц 62-70% Туберкулез микобактериясы ниацин синтездейді каталаздық белсенділігі өте әлсіз 68[0] С-та оңай жоғалтады.
Биологиялық құрамына келетін болсақ, құрғақ затының 40% липид құрайды. Липидтің үш фракциясын анықтайды: фосфатидті (эфирде ериді), майлы (эфирде және ацетонда ериді), балауыз (эфир мен хлороформда ериді). Сонымен қатар липид құрамында қышқылға тұрақты май қышқылдары: туберкулостеариндік, фтиоидты, миколоидты және т.б болады. Жоғары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz