Зәр шығаруды және зәр шығаруды нейрогуморальды реттеу


Қазақстан-Ресей медициналық университеті
Зәр шығаруды және зәр шығаруды нейрогуморальды реттеу
Орындаған: Маратова Н.
Тобы: 206-Б ЖМ
Қабылдаған: Парпиева Қ.
Алматы 2020
Зәр шығаруды және зәр шығаруды нейрогуморальды реттеу
Негізгі сұрақтар:
1 Зәрдің құрамы мен қасиеттері
2 Зәрдің пайда болуындағы теориялар
3 Зәрдің пайда болуын және бөлінуін реттеу
Ағзаның зат алмасу процесінің уытты өнімдерінен, түрлі бөгде заттардан, су, тұз және органикалық заттардың шамадан тыс артық мөлшерінен арылуын қамтамасыз ететін процесті бөлу немесе экскреция деп атайды. Жануарларда экскреция қызметін бүйрек, өкпе, тері, ас қорыту жолы атқарады. Жоғары сатыдағы жануарларда негізгі бөлу мүшесі бүйрек.
Зәр сары түсті сұйық зат. Тақ тұяқтыларда көмір қышқылы кальций қосылысы және муцин тектес зат салдарынан зәр шырышты болады. Қалған малдың зәрі сұйық. Жалпы зәрдің құрамы жеген азыққа, ішкен судың мөлшеріне, малдың физиологиялық жағдайына, жыл мезгілі мен ауа райына байланысты. Зәрдің осмостық қысым мөлшері 23-30 атм, меншікті салмағы 1, 00-1, 040. Оның реакциясы шөп қоректі малда сілтілі, ет қоректі жануарларда - қышқыл, ал шошқада - амфотерлік.
Зәр кұрамының 96 пайыз су, 4 пайыз құрғақ заттар. Олар органикалық және бейорганикалық заттардан құралған. Органикалық заттарға мочевина, зәр қышқылы, аммиак, аденин, ксантин мен пурин негіздері, креатинин, эфиркүкірт қышқылдары жатады. Зәрдің сарғыш түсі урохром, уробилин мен уроэтрин пигменттеріне байланысты болады.
Бүйрек қабынған кезде зәр арқылы белоктар бөлінеді, оны альбуминурия, немесе протеинурия - дейді. Бүйрек пен зәр жолдарына қансырау болса, зәр құрамында қан бөлінеді - гематурия. Жұқпалы мен инфекциялық ауруларында зәр арқылы гемоглобин бөлінеді, оны гемоглобинурия дейді. Сонымен, қалыпты зәрде белоктар, қанттар, қан мен гемоглобиндер болмау керек. Бейорганикалық қосылыстар натрийдің, калийдің, магнийдің көмірқышқылды, хлорлы, фосфор қышқылды тұздары, кальций оксалаты және фосфаты түрінде болады.
Жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлардың зәр бөлу жүйесі қос бүйректен және олардан шығатын зәрағарлардан, қуықтан, зәр шығаратын өзектен тұрады. Бүйрек сыртқы қыртыстық және ішкі бозғылт заттан тұрады. Қыртыстық қабат нефрондар жиынтығынан құралады. Нефрон - ішінде капилляр шумағы (мальпигий шумағы) бар қапшықтан (Шумлянский-Боумен капсуласынан) басталады. Қапшық пішіні жағынан тостаған тәрізді қос қабырғалы құрылым. Оның қабырғаларының арасында қуыс болады. Қапшық қабырғалары бір қабат эпителий клеткаларынан тұрады. Ішкі қабырғасы капиллярлар шумағымен тығыз жанасып, сүзгіш мембрана құрайды. Осы капсулаға қаннан сүзіліп шыққан сұйықтық - алғашқы (провизорлық) зәр жиналады. Қапшықтың қысқа мойыны бірінші реттік ирек түтікшелермен жалғасады. Бүйректің бозғылт қабатына жеткенде олар жазылып, жіңішкереді де, төмен қарай созыла келіп нефрон ілгегінің (Генле ілгегі) төмендеу иінін түзеді. Қалың бозғылт қабаттың бітер жерінде бұл түтікше ілгек тәрізді бұрылып қайта кеңейеді де, қыртыстық қабатқа қарай жоғары көтеріледі. Содан кейін, олар екінші реттік ирек түтікшелерге айналады да жинағыш түтікшелермен жалғасады. Жинағыш түтікшелер өзара тоғыса келіп, еміздікшелер түзеді. Ал еміздікше түтікшелері зәрді бүйрек астаушасына құяды. Өз ретінде ол бүйрек қақпасынан басталатын зәрағармен жалғасады.
Зәрдің түзілу теориялар:
1 Фильтрациялық-реабсорбциялық теория. Мальпигий шумақтарындағы қан тамырларының қысым мөлшері сынап бағанасы бойынша 70-90 мм. Шумақтарға келетін тамыр, шығатын тамырға қарағанда жуан болады. Сол себептен шумақтарға біраз қан бөгеліп, одан соң сүзіліп, провизорлық немесе алғашқы зәр пайда болады. Зәрдің бұл түріне қандағы заттардың белоктардан бәрі кіреді. Белоктар коллоидты заттар болғандықтан, капиллярлар қабырғасының саңылауынан өтпейді. Иреленденген өзекті жолдар мен Генле тұйық тұзағынан микробүрлердің арқасында провизорлық зәрден амин қышқылдары, глюкоза, су мен минерал тұздары қанға қайтадан сіңеді. Осы процестің нәтижесінде ақырғы немесе дефинитивтік зәр пайда болады. 90 л провизорлық зәрден 1 л ақырғы зәр пайда болады. 1 минутына бүйрек тамырлары арқылы 750 мл, ал тәулігіне 1000 л қан өтеді. Ағзада барлық қан бүйрек тамырлары арқылы 5-10 минутте ағып өтеді. Ал, мочевина, сульфаттар мен креатинин сияқты заттар қанға қайтадан сорылмайды.
Генле тұзағынан төмен түсетін бөлімнің эпителийі қанға қайтадан суды сіңіреді, ал натрий иондарын сіңірмейді. Бұл тұзақтың жоғарғы көтерілетін бөлімнің эпителийі белсенді түрде қанға натрий иондарын сіңіреді, ал суды сіңірмейді.
Бүйректе сүзу мен қайтадан сору құбылыстарынан басқа түзілу процестері де болады. Мысалы бензой қышқылы мен гликоколдан гиппур қышқылы түзіледі. Құрамынан бөлінген амин қышқылдары мен АТФ-тен аммиак пайда болады. Глютаминаза ферменті глутаминді, глутамин қышқылы мен аммиакқа ыдыратады.
2 Боумен мен Гейденгайның секреторлық теориясы. Бұл теория бойынша Мальпигий шумақтарында қаннан тек су мен минерал сүзіледі, ал иреленденген өзекті жолдарда мочевина, зәр қышқылы мен аммиак сияқты ерекше заттар секрет ретінде бөлініп шығады.
3 Людвигтің сүзу теориясы. Бүйректің шумақтарында өте сұйық зәр сүзіледі де, иреленденген өзекті жолдарда қайтадан тек су сіңіп өзінің қалыпты жағдайындай қойылады. Сонымен, Боумен мен Людвигтің теориялары зәрдің пайда болуын ғылымның дамуына сай түсіндіре алмайды.
Зәрдің пайда болуын реттейтін орталық - сопақша мидың төртінші қарыншасында орналасып, аралық мимен байланысқан. Бұл орталықтан бүйрекке кезеген жүйке импульстері мен симпатикалық жүйкелер арқылы жеткізілінеді. Кезеген жүйкенің қозу бүйрек арқылы су бөлінуін күшейтіп, азотты заттардың
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz