Шешек, құтыру, арбо-, аденовирустар. Герпесвирустар. Диагностикасы, алдын-алуы және емі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан-Ресей медициналық университеті

C:\Users\Админ\Desktop\avatarjpg.png

Тақырыбы: Шешек, құтыру, арбо-, аденовирустар. Герпесвирустар. Диагностикасы, алдын-алуы және емі

Орындаған: Маратова Н.

Тобы: 206-Б ЖМ

Қабылдаған: Мақсұм Ж.

Алматы 2020

ШЕШЕК

Анықтамасы . Шешек (натуральная оспа , Variola vera ) - жоғары контагиозды қасиетімен, ауыр ағымымен, қызбамен, жалпы улану симптомдарымен, бөртпемен сипатталатын вирусты инфекция. Қазіргі уақытта табиғи жағдайда шешек қоздырғышы кездеспейді.

Тарихи мәліметтері . Адамдар шешекті 5000 жыл бұрын білген. Шешектің іздері Рамзес V фараонның мумиясында қалған (бұл ғасырға 3000 жыл дейін) . Індеттер барлық елдерде болған. Эдвард Дженнер сиыр шешегінің қоздырғышын адамдарға еңгізген кезде олар бұл аурумен жеңіл түрінде ауырып шешекпен ауырмайтынын дәлелдеді. 1-ші вакцина 1796 ж маусымның 17 жұлдызында жасалған. 1958 ж. Бүкіләлемділік денсаулықсақтау ассамблеяның XI сессиясында Совет одағының ұсынысы бойынша бүкіл әлемде шешекті аластуға бағдарлама қабылданып шешек эпидемиясына қарсы күрес басталады. 1977 ж желтоқсанның 26 жұлдызында Сомалида соңғы ауру тіркелді. 1980 ж. әлемде шешектің жойылғанын ресми жариялаған. Бүкіл әлемде вирустың 2 зертханасы қалдырылған: Мәскеуде және Атлантада, қалған жерде олар жойылған.

Этиологиясы. Вирустың 2 түрі анықталған: Variola major - шешектің қоздырғышы, және Variola minor - аластримнің қоздырғышы. Аластрим - жеңіл ағымымен сипатталатын шешек. 2 вирустың биологиялық және антигендік қасиеттері бірдей. Шешектің қоздырғышы - поксвирус тұқымдастығына жатады. Бұл ірі вирустар, вирионның көлемі 200-320 нм. Құрамында РНҚ бар.

Сыртқы ортада тұрақты, вирусты мұзды немесе лиофилизді жағдайда сақтайды.

Эпидемиологиясы. Аурудың көзі -науқас адам. Контагиозды қасиеті 1 күн бөртпе пайда болғанға дейін басталып қабыршақтың әбден түскенге дейін сақталалады. Берілу жолы - аэрогенді. Алғашкы кезеңде вирус мұрын тамақтың шырышты қабатында сосын бөртпелердің ішінде сақталады. Бірақ контакты, инокуляциялық, трансплацентарлық жолдарымен жұғуы мүмкін. Вирус киімге, төсеккке түсіп кепкен түрінде айлар бойы сақталады. Сол себептен науқас жатқан бөлменің ауасын тазартып тұру кажет.

Патогенез және патанатомиясы.

1. Вирустың кіру қақпасы жоғары тыныс жолдардың шырышты қабаттары.

2. Вирустың біріншілік көбею жері - лимфа түйіндері мен бауыр.

3. Сосын біріншілік вирусемия дамиды. Вирус мононуклеарлы фагоциттердің ішінде көбееді. Бұл сатылары жасырын кезеңге сәйкес келеді. Аурудың көрінісі екіншілік вирусемиядан басталады.

4. Екіншілік вирусемия әсерінен жайылмалы түрі дамып, гематогенді жолдармен вирус теріге еніп терілік тамырларының эндотелийін зақымдап ісік, периваскулит, некроз шақырады. Қабыну үрдісі терінің терең қабаттарын зақымдап тыртықпен аяқталады.

Аурудың ауыр жағдайларында тромбогеморрагиялық синдром дамып (қара шешек) науқастың терісі, шырышты қабаттары, ішкі ағзалары қанталап тұрады. Іріңді-септикалық аскынулар қалыптасуы мүмкін: өкпе және т. б. ағзалардың абсцессі.

Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.

Клиникалық көріністері . Жасырын кезеңі - 8-12 күн.

Ауру қалтыраудан, қызудан жедел басталады, белінің, сегізкөз тұсының, аяқ қолдарының қатты ауыру сезімі байқалады.

Аурудың 2-4 күндері алғашқы продромальды бөртпе пайда болады: науқастың төсінде, шаптарында, сандарында.

Алдынан қызылша тәрізді дақ, сосын олар бір бірімен қосылып үлкен эритемаға айналады. Сирек экзантема розеолезды немесе петехиальды болады. Бөртпе тез қайтады.

Аурудың 4-ші күні қызуы түсіп, науқастың жағдайы жақсарып айығып келе жатқан сияқты болып көрінеді. Бірақ тап осы уақытта негізгі шешек бөртпесі пайда болады. Бөртпе алдынан науқастың бетінде, сосын білектерінде орналасады. Бұл дақ, сосын папулаға, везикулаға, пустулаға қабыршыққа соңында тыртыққа айналады. Бөртпемен бірге улану симптомдары қалыптасады. Терінің бір аймағында бөртпе мономорфты - тек қана бірдей элементерден тұрады.

Аурудың 7-8 күнінен бастап везикула іріңдегенде - пустулаға айналғанда қызба одан әрі жоғарылап, науқастың жағдайы нашарлайды. Бөртпе дененің басқа аймақтарына да тарайды, бірақ көп мөлшерде бетте, білектерде орналасады.

Қабыршықтар 3 аптадан кейін түсе бастайды.

Вакцинация қабылдаған адамдарда ауру жеңіл түрінде өтеді, бөртпелердің саны 100 элементтен аспайды.

Асқынулары: Екіншілік стафилококкты инфекция, кератит, орхит, энцефаломиелит, пневмония. Диагностикасы.

Вирусологиялық әдіс - вирус дақылын бөліп алу үшін тауық эмбрионына немесе торша дақылдарына себу.

Микроскопиялық әдіс - көпіршіктің ішіндегі сусынды электронды микроскоппен зерттеу.

Серологиялық әдіс - преципитация реакциясы, РНГА, РТГА.

Емдеуі. Э тиотропты емі зерттелмеген. Патогенетикалық ем: шешекке қарсы иммуноглобулин 3-6 мл, метисазон 0, 6 г 2 рет 4-6 күн, витаминдер, десенсибилизация. Антибиотиктер - бактериальды инфекциялар қосылған жағдайда - цефалоспориндер, макролидтер. Науқасты емханадан клиникалық сауыққаннан кейін шығарады, бірақ 40 күннен бұрын емес.

Болжамы. Ауыр ағымында - болжамы қолайсыз, өлімжітімділігі - 80-100%, асқынбаған түрінде - 15%.

Алдын алу шаралары. Шешек карантинды инфекциялар тобына жатады. Науқасты бокста оңашалау қажет. Медперсонал қорғаныс костюмды қолдануы керек. Науқастың іш киімін, төсегін, ыдысын, қолданған заттарын, бөлмесін залалсыздандыру қажет. Карантин 17 күнге салынады. Контакты адамдарға вакцинация жүргізіледі. Донорлық иммуноглобулин 3 мл бір рет, қосымша метисазон 0, 6 г әр рет ересектерге; 10 мг кг салмағына балаларға 4-6 күн.

ҚҰТЫРУ

Анықтамасы. Құтыру (Rabies Hydrophobia) - Neuroryctes rabid жедел вирусты зоонозды нейроинфек-ция. Клиникасы гидрофобиямен, аэрофобиямен сипатталады, ауыр ағымды энцефаломиелиттің әсерінен өліммен аяқталады.

Тақырыптың маңыздылығы. Құтыру сирек кездесетін ауру болғанымен адам үшін абсолютті летальды инфекция. Дүние жүзінде құтырудан жыл сайын 50 000 адам өлімге ұшырайды және 1 млн жануарлар өледі.

Тарихи мәліметтері. Бұл ауру ежелгі заманнан белгілі. Клиникасын К. Цельс анықтаған. Л. Пастер 1885 ж. құтырған жануарлар тістеген адамдарға вакцина еңгізген. 1892 ж. В. Бабеш, 1903 ж. А. Негри құтырудан өлген жануарлардың ми клеткаларының цитоплазмасында оксифильды қосындыларды анықтаған - олар Бабеш-Негри денешіктері деп аталады - ретроспективті диагноз қоюға өте маңызды. 1903 ж. П. Ремленже аурудың вирустық этиологиясын дәлеледеген.

Этиологиясы. Қоздырғышы - Neuroryctes rabid - рабдовирус тұқымдастығына жататын вирус, оқ тәрізді пішінімен сипатталған. Нейротропты вирус. Вирустың аминоқышқылдарының құрылымы және кезектік орналасуы жыланның нейротоксиніне ұқсайды. Вирионның көлемі 70170 - 110-200 нм, құрамында РНҚ бар. Суық құтыру вирусын өлтірмейді, қатырғанда тіптен қасиетін жоймай айлар, жылдар бойы сақталады. Жоғары температураға сезімтал - 50° - 1 сағатта, 55° - 20-30 мин., 100°- 2 мин. Кептіруге, ультрафиолетке, күн сәулесіне төзімділігі аз. Сулема, лизол, карбол қышқылы, хлорамин вирусты жояды, ал этанолдың әсеріне төзімді. Вирус жылықанды жануарлар, құстар үшін патогеннді. Вирустың 2 түрі бар - далалық және фиксацияланған. Фиксацияланған вирус сілекей мен берілмей-ді, тіндік торшаларда, тауық эмбрионында көбееді, вакцина алу ушін қолданады. Құтыру вирусының вируленттілігі әр турлі - қасқыр мен иттің вирус вируленттілігі жоғары: жылқы, сиыр, қой, адам вирусының вируленттілігі - төмен.

Эпидемиологиясы.

Аурудың көзі және резервуары - жабайы және үй жануарлар - түлкі, қасқыр, енот тәрізді иттер, борсық, қоян, аю, жабайы ешкі, жарқанат, кеміргіштер, жылқы, ірі қара мал, ұсақ қара мал, түйе.

Берілу жолдары

  • Контактілі - жануарлар адамды тістеп және сілекейлеген кезде вирусты жұқтырады.
  • Аэрогенді
  • Алиментарлы
  • Трансплацентарлы

Патогенезі.

Жұқтыру сатысы.

Қоздырғыш организмге енгеннен соң жүйке жолдарымен, периневральді кеңестік бойынша ОЖЖ-не жетіп сұр затына жиналады. Вирустың таралу жылдамдылығы 3 мм/сағ.

Көбею сатысы - вирус мидың, жұлынның нейрондарында көбееді. ОЖЖ зақымдап -энцефалит дамиды.

Нейрогендік диссеминация - периневральды жолдарымен перифериялық жүйке жүйесіне тарап септиневрит шақырады. Периневральды жолдан басқа, лимфогенді және гематогенді жолдарымен бүкіл организмге тарайды.

Сілекей безіне жетіп жүйкелік ганглийлерінде жабысып -фиксацияланады, сілекей арқылы бөлінеді.

ОЖЖде дегенеративті өзгерістер дамып параличтердің әсерінен ауру өліммен аяқталады.

Патанатомиясы. Жедел іріңді емес шашыранды энцефаломиелит.

ОЖЖ-де рабиялық түйіндер - ұсақ тамырлар төңірегінде мезенхимальды-глиозды инфильтраттар пайда болады.

Жүйке жасушаларында, әсіресе гипокампта (cілекей бөлетін және тістейтін орталықтардың қасында) арнайы цитоплазматикалық қосындылар - Бабеш-Негри денешіктері анықталады.

Ішкі ағзаларда гиперемия, қанға толық толуы, нүктелік қан құйылуы анықталады.

Клиникасы. Құтурыдың кезеңдері:

Жасырың кезең -10 күннен 1 жылға дейін (1-3 ай)

Продромальды кезең -депрессия кезеңі -1-3 күн

Қозу кезеңі -2-3 күн

Паралитикалық (терминальды) кезең -12-20 сағат

Құтырудың ерекше белгілері:

  • Гидрофобия
  • Аэрофобия, фотофобия, акустикофобия
  • Психомоторлы қозу
  • Сиалорея
  • Параличтер - салданулар (өлудің алдында)

Құтырудың клиникалық жіктелуі

  1. Классикалық түрі
  2. Бульбарлы түрі
  3. Паралитикалық түрі - бәсеңді құтыру
  4. Мишық түрі

Продромальды кезеңінің белгілері:

  • қорқыныш сезімі
  • апатия
  • депрессия
  • тістегін аймақта ауру сезімі, қабыну, гиперестезия
  • иіс сезу және есту галлюцинациялары (бетті тістегенде)
  • температура 37, 2-37, 3°С

Қозу кезеңінің белгілері:

  • Мазасыздық
  • Тахикардия, тахипноэ
  • Гидрофобия, аэрофобия, фотофобия, акустикофобия
  • Мидриаз, экзофтальм
  • Сиалорея
  • Қозу
  • Жүрек, тыныс жетіспеушілігі

Салдану кезеңінің белгілері:

  • Температура 40-42◦С
  • Тахикардия, гипотония
  • Бұлшық еттердің салдануы
  • Парездер
  • Коллапс
  • Тыныс алу орталығының салдануы
  • Жүректің салдануы

Диагностикасы

Эпиданамнез

Клиникалық көріністер

Лимфоцитарлы лейкоцитоз, анэозинофилия

Гистологиялық әдіс - Бабеш-Негри денешіктерін анықтау

Салыстырмалы диагностикасы:

  • Сіреспе
  • Энцефалит
  • Истероневроз
  • Атропин, стрихнинмен улану
  • Алкогольды қозу

Емдеуі:

  • Аурудын емі қолайсыз
  • Науқасты қараңғы, тыныш палатаға оңашалау
  • Морфин, аминазин, димедрол, хлоралгидрат клизма арқылы
  • Өкпенің жасанды вентиляциясы
  • Антирабиалық иммуноглобулиннің ауру кезінде әсері жоқ
  • Болжамы қолайсыз, ауру өліммен аяқталады.

ГЕРПЕСТІК ИНФЕКЦИЯ

Анықтамасы . Герпестік инфекция - («герпес» грек тілінен аударғанда - жорғалаушы, жайылмалы) вирустармен қоздырылатын, жиі терінің, шырышты қабаттардың және ішкі ағзалардың зақымдалуымен сипатталатын ауру.

Этиологиясы:

Герпесвирустардың жіктелуі:

Herpesviridae тұқымдастығы:

α-, β -, γ - герпесвирустар болып бөлінеді; α-герпесвирустарға

қарапайым герпес вирусы (ВПГ-1 ВПГ-2)

желшешек вирусы

белдемелі герпес вирустары жатады; β -герпесвирустарға

цитомегаловирус (ЦМВ)

герпестің 6-шы және 7-ші типтері жатады

(экзантема, созылмалы шаршағыштық синдромы) γ -герпесвирустарға

1. Эпштейн-Барр вирусы жатады (Беркит лимфомасының, Капоши саркомасының, мұрын жұтқыншағы карциномасының қоздырғыштары)

Қарапайым герпес (син. herpes simplex) - көпіршікті герпес -оны қоздырушылар - дерматонейротропты вирустар. Бұл вирустардың 2 жалпы штаммы бар: біріншісі қарапайым герпестің ішкі генитальды қоздыру локализациясы, басқа сыртқы генитальды орналасу локализация болып табылады.

Герпес вирустары сыртқы ортада тұрақсыз, термолабильды және еріткішпен детергенттердің әсерінен тез өледі.

Эпидемиологиясы. Вирус барлық жерде таралған. Ауру көзі - залалданған адам Берілу жолдары:

  • жанасу арқылы (контактілі) ;
  • ауа-тамшылы;
  • жыныстық (ВПГ-2) ;
  • вертикальды (анадан балаға) .

Патогенезі.

Герпес вирустары адам ағзасына шырышты қабаттары арқылы енеді, олар эпителийде көбейіп залалданған жасушалардың некрозына әкеледі, бұл жерде некроз ошақтары және везикулалар пайда болады. Организмге түскен қоздырғыш бірден қанға өтеді, ішкі ағзаларға патогенді әсерін тигізеді.

Вирусемия кезінде организмде вирусқа қарсы антиденелер түзіледі. Антиденелер титрі алғашқы 2 аптада пайда болып, ауруды жеңілдетіп, өмір бойы сақталады. Ал вирустың өзі паравертебральды сенсорлы ганглийлерде лимфа түйіндерінде сақталады. Иммунитеттің күшін төмендететін факторлар әсерінен аурудың рецидивтері пайда болады (суық тигізу, артық инсоляция, стресс, жүктілік және т. б. )

Клиникалық көріністері. Бұл аурулардың кең тараған түрі - қарапайым герпес. Қарапайым герпестің элементтері жиі ауыз айналасында, еріннің шетінде, құлақ маңында байқалады. Алғашында бөртпелердің орнында қызу және шаншу сезімі, кейін қызару және ісіну пайда болады. Кейін тері немесе шырышты қабаттарда везикулалар пайда болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екі жіпті үзілмелі РНҚ
Вирустардың жіктелуі принциптері. Олардың номенклатурасы
Вирустың ДНҚ құрылымы
Вирустардың морфологиясы және биохимиясы
Аурудың қоздырғышы - сүзгіленуші вирус
Вирусология вирустардың жіктелу принциптері. Вирустарлың көбеюінің биогенетикаоық ерекшеліктері және көбейу сатылары
Вирустар. Вирустардың морфологиясы және биохимиясы
Вирус .Вирустардың табиғатта тіршілік етуі
Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық фактролары туралы ақпарат
Инфекция түрлері және оларға сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz