Тыныс алу жолдары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Начало формы

«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ
КРМУ
НУО «КАЗАХСТАНСКО - РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ»

Конец формы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Тыныс алу жолдары

Орындаған: Маратова Н.

Тексерген: Джунусова Р.

Тобы: 206Б ЖМ

Алматы 2020

Тыныс алу жүйесі

Тыныс алу жолдары

Жоғарғы тыныс алу жолдары

Мұрын қуысы- cavum nasi мұрын пердесімен екі бөлікке бөлінген, сонымен қатар мұрын қуысын мұрынға кіреберіске vestibulum nasi және меншікті мұрын қуысына cavum nasi бөлуге болады.

Мұрын қуысы алдынан танаумен ашылады, артынан хоаналар арқылы жұтқыншақтың мұрын бөлігімен байланысады. Мұрын қуысының әрбір бөлігенде төменгі, ортаңғы, жоғарғы мұрын қалқаландарының көмегімен жоғарғы, ортаңғы, төменгі мұрын өтістері қалыптасады.

Әрбір мұрын өтісіне мұрын маңы қойнаулары ашылады.

1. Төменгі мұрын өтісіне-мұрын жас өзегі.

2. Ортаңғыға-жоғарғы жақ, маңдай қойнаулары, торлы сүйектің алдыңғы және ортаңғы ұяшықтары.

3. Жоғарғыға-сына тәрізді сүйектің қойнауы, торлы сүйектің артқы ұяшықтары.

Төменгі мұрын өтісі өмірдің 3-ші айында, жоғарғы 2-ші айында қызмет атқарады.

Тыныс алу ортаңғы мұрын өтісі арқылы жүреді.

Мұрын қуысын екі аймаққа бөлуге болады:

1. Иіс сезу аймағы-жоғарғы мұрын өтісі.

2. Тыныс алу аймағы-ортаңғы және төменгі мұрын өтістері.

Дем алғанда ауа жоғарғы мұрын өтісі арқылы, дем шығару төменгі мұрын өтісі арқылы жүреді. Сондықтан біз иісті дем алғанда сеземіз.

Мұрын қуысының қызметтері:

1. Дем алу қызметі-ауаны өткізу (дем алу жоғарғы мұрын өтісі, дем шығару төменгі мұрын өтісі арқылы) .

2. Қорғаныш:

· Ауаны тазарту-мұрынның кіреберіс талшықтары ауаны фильтрден өткізіп, ірі шаң тозаңдарды (50 мкм) ұстап қалады.

· Залалсыздандыру-бокал тәрізді клеткалар бөлетін сулы секреттің бактерициттік қасиеті бар.

3. Кондиционерлік:

· Ауаны жылыту және суыту 36-37 градусқа дейін ( суық ауаны 40 градусқа жылытады. +50 градус ыстық ауаны суытады) . Керемет мүмкіншілігі секундына ауа температурасын 40-70 градусқа өзгерту.

· Ауаны ылғалдату, сулы секреттің әсерінен ауа ылғалдайды. Тәуліген ылғалдатуға 500 мл-1 л. Сұйықтық кетеді.

· Ылғалдану көтеріледі 95% -ке дейін.

4. Мимикалық, ымдау қызметі-ымдауға қатысады.

5. Косметикалық қызметі-мұрын пішіні және мұрын қанатының пішіні.

6. Резонаторлық қызмет-мұрын қуысы мен мұрын маңы қойнаулары резонатор тәріздес, олардың шығып қалуынан дауыс сүйкімсіз, қарлығып шығады.

7. Иіс сезу қызметі.

Мұрын маңы қойнауларының қызметтері:

1. Резонаторлық-дауысты ашады.

2. Ауаны кондиционерлеуге қатысу (жылытады, ылғалдатады) .

3. Термоизоляторлық, қойнауларда ауа бар, ауа жылуды өткізбейді. Сондықтан қойнаулар сыртқы ортадағы температураны бір қалыпты ұстап тұрады.

4. Бас сүйегі салмағын жеңілдету.

5. Қорғаныш, мидың шайқалуына кедергі жасайды, механикалық толқындар мен үйкелістерді сөндіреді.

Төменгі тыныс алу жолдары:

Көмейдің қызметтері:

· Дем алу қызметі-ауаны жұтқыншақтың ауыз бөлігінен кеңірдекке өткізу.

· Қорғаныш қызметі:

Лимфа ұлпаларының болуы.

Төменгі тыныс жолдарының бөтен денелерден қорғанышы (ларингоспазм) .

Көмейдің сфинктерлері:

· көмейге кіру, өту.

· кіреберіс қатпары деңгейіндегі сфинктер.

· дауыс жалғамаларынан пайда болған сфинктер.

Екі соңғы сфинктер көмей ішкі сфинктерлері болып саналады, және барлығы бөтен денелерге механикалық кедергі болып саналады.

· Дауыс шығару-фонация.

· Сөйлеу қызметі-дауыс шығару қызметімен тығыз байланысты.

Көмейдің құрылысы:

Көмейді тірек-қимыл аппаратымен салыстыруға болады, оның құрамында барлық негізгі элементтер: скелет, буын, жалғама, бұлқықеттер бар көмейдің скелеті шеміршектерден тұрады. Шеміршектері жұп және тақ болып бөлінеді.

І. Тақ шеміршектер:

1. жүзік тәрізді-cartilago cricoidea

2. қалқанша - cartilago thyroidea

3. көмей қақпағы -cartilago epiglottis

ІІ. Жұп шеміршектер:

1. ожау тәрізді- cartilago arytenoidea

2. мүйіз тәрізді cartilago cornuculata

3. сына тәрізді cartilago cuneiforme

«Көмейдің шеміршекті негізі» 16 жасқа дейін, кейін шеміршек сүйектенеді. Көмейдің буындары көмей шеміршектерінің қосылуынан пайда болған, екі буын бар.

· білезік-қалқанша буыны-art. cricothyroidea

· білезік-ожау тәрізді буыны-art. cricoarytenoidea

Кеңірдек - ол түтікше мүше, ауаны көмейден бронхыларға өткізу, ұзындығы 10-12 см., диаметрі 22 мм. Екі бөліктен тұрады:

1. Мойын бөлігі-4, 5-5, 5 см;

2. Кеуде бөлігі-6-7 см.

Нәрестенің кеңірдегінің формасы-5 жасқа дейін цилиндр пішіндес, 5 жастан -коникалық. Ол 6 мойын омыртқасы дейгейінде басталып, 5-ші кеуде омыртқасы деңгейінде 2 негізгі бронхыға бөлінеді. Бөліну жерін бифуркация деп атайды. Бронхылардың аралығындағыбұрыш-67 градус.

Кеңірдек негізін 18-20 шеміршекті жартылай сақиналар құрайды, олар артынан дәнекер ұлпамен бірігеді. Ұлпа кеңірдектің ¼-ін құрайды. Дәнекер ұлпалы мембрананың құрамында бұлшықеттік пластинка орналасқан. Ол жиырылып кеңірдек қуысын кішірейтеді.

Кеңірдектің кілегейлі қабығы көптеген бездері бар кірпікшелі эпителимен жабылған.

Кілегейлі қабығында сіңірілу мүмкіншілігі-бар. Кеңірдек қабырғасымен, оның эпителиіне байланысты, сілекей көмейге спиральді түрде қозғалады. Бұл қозғалыс дем алғанда баяулайды және дем шығарғанда жылдамдайды.

Бронхиальды ағаш:

Бронхылар-кеңірдек 2 негізгі бронхыға бөлінеді, оны бастыпқа, біріншілік деп атайды. Оң бронх-ұзындығы 3 см, ені-20мм, 6-8 шеміршектік жартылай сақинадан тұрады;

Сол бронх-ұзындығы 4-5 см, ені-14мм, 9-12 шекміршектік жартылай сақинадан тұрады;

Бронхиальды ағаш - бронхылар дихотомия түрінде бөлінеді.

1. Негізгі бронхылар-І реттік бронхылар

2. Бөліктік бронхылар-ІІ реттік бронхылар

3. Сегментарлық бронхылар-ІІІ реттік бронхылар

4. Субсегментарлық бронхылар-ІҮ-ХІІ реттік бронхылар

5. Бөлшектік бронхылар-ХІҮ-ХҮІІ реттік бронхылар

6. Терминальды бронхиолалар, соңғы-ХІХ реттік, олардың саны екі өкпеде 20 000 жуық.

1. Деамалатын, респираторлық бронхиолалар-ХХ реттік бронхылар

2. Альвеола жолдары- ХХІ реттік бронхылар

3. Альвеола қапшықтары- ХХІІ реттік бронхылар

4. Альвеолалар- ХХІІІ реттік бронхылар

Өкпе,

Өкпе өкпе паренхимасынан қалыптасқан. Өкпенің құрылымдық-функциональдық бірлігі-ацинус.

Өкпенің қызметтері:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың тыныс алу жүйесінің анатомиясы, физиологиясы
Көмей қызметі
Тыныс алу жүйесі жайлы
Тыныс алу жүйесі. Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметі жайлы
Балалардың тыныс алу жүйесінің ерекшеліктері
Қанның өкпе альвеолаларында ауамен қанығу процессі
Тыныс алу мүшесі
Сыртқы тыныс алу жүйесінің патофизиологиясы
Ірі қара малдың асқорыту органдары
Әртүрлі физиологиялық жағдайдағы тыныстың ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz