Тыныс алу жүйесі туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан-Ресей медициналық университеті

СОӨЖ

Тақырыбы: Тыныс алу жүйесі
Орындаған: Маратова Н.
Тобы: 206-Б ЖМ
Қабылдаған: Омирзакова Н.

Алматы 2020
ТЫНЫС АЛУ жүйесі
Тыныс алу жүйесінің көмегімен жұтқан ауадан оттегі сіңіріліп
организмнен көмірқышқыл газы шығарылады. Тыныс алу жүйесі екі бөлімнен
түрады: ауа өткізу жолдарынан және респираторлық бөлімнен. Ауа өткізу
жолдарына мұрын қуысы, көмекей, мұрынжұтқыншақ, кеңірдек, бронхтар жатады.
Респираторлық бөлімнің құрамына бронхиолалар, альвеолярлық жолдар,
альвеолярлық қапшықтар кіреді. Бұл құрылымдар өкпе ацинусын құрайды.
Дамуы. Көмекей, кеңірдек және өкпе эмбрионалдық дамудың 3-4 аптасында
алдыңғы ішектің вентральды қабырғасының өсіндісі түрінде пайда болады.
Көмекей мен кеңірдек эмбрионалдық дамудың 3 аптасында алдыңғы ішектің
вентральды қабырғасының қап тәрізді тақ өсіндісінің жоғарғы бөлігінен
дамиды. Ол төменгі бөлігінде екіге бөлініп, оң және сол өкпені береді.
Кейін бұл қаптардың өзі көптеген ұсақ қапшықтарға бөліп, араларына
мезенхима кіре орналасады. 8-ші аптада қысқа, түзу түтікшелер түрінде
бронхтар пайда болады, 10-12 аптада олардың қабырғасы қатпарланып,
призмалық эпителиймен қапталады (бронхиалды бұтақтар жүйесі қалыптасады).
Дамудың бұл сатысында өкпе безге ұқсас болады (безді саты). Эмбриогенездің
5-6 айында терминалды және респираторлық бронхиолалардың, сонымен қатар
капиллярлар торымен және жүйке талшықтарымен қоршалған альвеолярлық
жолдардың дамуы өтеді (каналикулярлық саты). Бронхиалды бұтақтарды қоршай
орналасқан мезенхимадан жазық бұлшық ет тіні, шеміршек тіні, борпылдақ
талшықты дәнекер тіні, альвеолалардың коллаген және эластикалық элементтері
дамиды. 6-7 айдан туғанға дейін альвеолалар мен оларды қаптайтын 1-ші және
2-ші типті альвеолоциттердің дамуы өтеді ( альвеолярлық саты).
Эмбрионалдық даму барысында альвеолалар қабысқан көпіршіктер түрінде
болады. Туылған соң алғашқы дем алу кезінде альвеолалар ашылып, ауаға
толады, қабырғалары жұқарады.

ауа өткізу жолдары
Оларға мұрын қуысы, көмекей, мұрынжұтқыншақ, кеңірдек және бронхтар
жатады. Ауа өткізу жолдары арқылы жылжу барысында ауаның тазаруы,
ылғалдануы, жылуы өтеді және жұтатын ауаның мөлшерінің реттелуі өтеді.

МҰРЫН ҚУЫСЫ
Мұрын қуысының екі бөлігін ажыратады: кіреберіс және меншікті мұрын
қуысы (тыныс алу және иіс сезу аймақтары).
Құрылысы. Кіреберіс бөлігін шеміршек астында орналасқан қуыс құрайды.
Оның қабырғасы көпқабатты жазық мүйізденетін эпителиймен қапталған, ол тері
эпителийінің жалғасы болып табылады. Эпителий астында борпылдақ талшықты
дәнекер тінінен тұратын меншікті табақша орналасады. Бұл қабатта май
бездері мен қылшықты шаштардың түбірі болады.
Меншікті мұрын қуысының тыныс алу аймағын қаптайтын шырышты қабықша
бірқабатты, көп қатарлы призмалық кірпікшелі эпителийден және меншікті
табақшадан тұрады. Эпителийдің құрамыны 4 түрлі жасуша кіреді: кірпікшелі,
микробүрлі, базальды және бокал тәрізді.
Кірпікшелі жасушалардың апикалді бөлігінде ауаның ағынына қарсы
бағытта қозғалатын ұзындығы 3-5 мкм кірпікшелері болады (әр жасушада 250-ге
дейін). Бұл жасушалар ауадан шаң-тозаңдарды, мироорганизмдерді ұстауға
қатысады. Бокал тәрізді жасушалар эпителийдің бетін ылғалдауға қажет шырыш
бөледі. Шырыштың құрамында эпителий астында орналасқан борпылдақ дәнекер
тінінің плазмоциттері бөлетін иммуноглобулиндер болады. Микробүрлі
жасушалар хеморецепторлар болып табылады. Базальды (ендірме, камбиальды)
жасушалар – аз дифференцияланған жасушалар, митоз жолымен бөлінуге
қабілетті, эпителийдің физиологиялық және репаративті қалпына келуіне
қатысады.
Шырышты қабықшаның меншікті табақшасы борпылдақ талшықты дәнекер
тінінен тұрады, эластикалық талшықтары басым болады. Құрамында шырышты
бездердің секреторлық бөлімдері орналасады. Олардың шығару өзектері
эпителийдің бетіне ашылады. Сонымен қатар бұл қабатта лимфалық түйіншелер
де орналасады.

көмекей
Көмекейдің қабырғасы үш қабықшадан тұрады: шырышты, фиброзды-
шеміршекті, адвентициальды (1 сурет).
Шырышты қабықша көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен қапталған. Тек шын
дыбыс байламдары көпқабатты мүйізденбейтін жазық эпителиймен қапталған.
Шырышты қабықшаның меншікті табақшасы борпылдақ талшықты дәнекер тінінен
тұрады, эластикалық талшықтары басым, әрі ретсіз орналасады. Көмекейдің
ортаңғы бөліміндегі шырышты қабықша қатпарлары шын және жалған дыбыс
байламдарын құрайды. Шын дыбыс байламдарынан жоғары және төмен ақуызды-
шырышты бездер орналасады. Дыбыс байламдарының көлденең-жолақты бұлшық ет
тінінің жиырылуы олардың арасындағы қуыстың көлемін және дыбыс тембрін
өзгертеді. Жас балаларда жалған дыбыс байламдарында көптеген қан тамырлары
болады, олар қабыну кезінде қанға тез толып, тыныс алуды қиындатады.
Фиброзды – шеміршекті қабықша гиалинді және эластикалық шеміршектерден
тұрады. Сыртынан тығыз талшықты дәнекер тінімен қапталған. Бұл қабықша
көмекейдің қорғаныш-тіректік каркасын құрайды.
Адвентициальды қабықша борпылдақ талшықты дәнекер тінінен тұрады,
құрамында коллаген талшықтары басым болады.

1 сурет. Көмекейдің құрылысы (В.Г. Елисеев, Ю.И. Афанасьев, Е.Ф.
Котовский бойынша)
1-Көмей үсті шеміршегі
2– Шырышты қабықшаның меншікті табақшасы
3-Лимфалық түйіншелер
4 – Қан тамырлары
5 – Жалған дыбыс байламдары
6 –Көмекейдің бездері
7–Қалқанша тәрізді шеміршек
8 – Көмекейдің қуысы
9 – Шын дыбыс байламдары
11 – Көпқабатты жазық мүйізденбейтін эпителий

Кеңірдек
Кеңірдектің қабырғасы төрт қабықшадан тұрады: шырышты, шырыш асты
негіз, талшықты-шеміршекті және адвентициалды (2 сурет).
Шырышты қабықшаның (tunica mucosa) екі қабатын ажыратады: эпителий
және меншікті табақшасы. Эпителий бірқабатты көп қатарлы призмалық
кірпікшелі, құрамына кірпікшелі, бокал тәрізді, эндокриндік және базальды
жасушалар кіреді.

2 сурет. Кеңірдектің құрылысы (В.Г. Елисеев, Ю.И. Афанасьев, Е.Ф.
Котовский бойынша)
1. Бірқабатты көп қатарлы призмалық кірпікшелі эпителий
2. Шырышты қабықшаның меншікті табақшасы
3. Шырыш асты негіз қабықшасы
4. Аралас ақуызды-шырышты бездердің секреторлық бөлімдері
5. Талшықты-шеміршекті қабықша
6. Шеміршек үсті қабық
7. Адвентициальды қабықша
Кірпікшелі жасушалардың пішіні призма тәрізді, апикальды бетінде
шамамен 250-дей кірпікшелері бар. Кірпікшелер ауа ағынына қарсы бағытта
қозғалып, ауадан шаң-тозаңдар мен микроорганизмдерді ұстауға қатысады.
Бокал тәрізді жасушалар – біржасушалы эндоэпителиалды бездер –
гиалурон және сиал қышқылдарына бай шырыш бөледі. Ол шырыш асты негізде
орналасқан бездердің өнімімен бірге эпителийді ылғалдауға қатысады.
Шырыштың құрамында микроорганизмдерді залалсыздандыруға қатысатын
иммуноглобулиндер болады, оларды борпылдақ дәнекер тінінің плазмоциттері
бөледі.
Нейроэндокриндік жасушалардың пішіні пирамида тәрізді, ядросы
дөңгелек. Бұл жасушалар ауа өткізу жолдарында орналасқан бұлшық ет
жасушаларының жиырылуын реттейтін пептидтік гормондар мен биогендік
аминдерді бөледі.
Базальды жасушалар – камбиальды жасушалар – пішіні сопақша немесе үш
бұрыш тәрізді. Дифференциялану барысында цитоплазмасында тонофибриллалар
мен гликоген пайда болады, органеллалардың саны көбееді.
Шырышты қабықшаның меншікті табақшасы борпылдақ талшықты дәнекер
тінінен тұрады, құрамында эластикалық талшықтар басым және олар бойлай
орналасқан. Бұл қабатта лимфалық фолликулдар мен айналмалы бағытта
орналасқан жекелеген жазық бұлшық ет жасушаларының шоғыры кездеседі.
Шырыш асты негіз қабықшасы (tela submucosa) борпылдақ талшықты дәнекер
тінінен тұрады. Мұнда аралас ақуызды-шырышты бездер орналасады, шығару
өзектері шырышты қабықшаның бетіне ашылады. Бездер кеңірдектің артқы және
бүйір беттерінде басым болады.
Талшықты-шеміршекті қабықша (tunica fibrocartilaginea) 16-20
тұйықталмаған сақиналар түрінде орналасқан гиалинді шеміршек тінінен
тұрады. Кеңірдектің артқы бөлігінде шеміршек сақиналарын жазық бұлшық ет
жасушаларының шоғыры біріктіреді. Құрылысының осындай ерекшеліктеріне
байланысты кеңірдектің артқы қабырғасы жұмсақ, бұл оның артында орналасқан
өңеш арқылы ас түйірінің өтуін жеңілдетеді.
Адвентициальды қабықшаны (tunica adventitia) борпылдақ талшықты
пішінделмеген дәнекер тіні түзейді.

ӨКПЕ
Өкпе кеуде қуысының көп бөлігін алып жатады және оның пішіні тыны салу
сатысына байланысты өзгеріп отырады. Сыртынан өкпе сірлі қабықшамен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тыныс алу жүйесі туралы
Оқушылардың тыныс алу жүйесінің анатомиясы, физиологиясы
Ірі қара малдың асқорыту органдары
Мұрын - тыныс жолдарының басталар алдыңғы бөлігі
Спирограмма,спирография туралы түсінік және қолданылуы
Тыныс алу және патологиясы
Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларының дәрілік өсімдіктері
Спортшының сыртқы тыныс алу жүйесі
Қан айналым жүйесі
Дене жаттығуларының шұғылданушылардың физиологиялық көрсеткіштеріне әсері теориясын негіздеу және ғылыми-әдістемелік талдау
Пәндер