Психологияны оқыту әдістерінің типологиясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Тақырыбы: «Психологияны оқыту әдістерінің типологиясы»

Орындаған: Байниязова А. Қ

Тексерген: Сүлеймен С. Б

Алматы 2020ж

1. Психологияны оқыту әдістерінің типологиясы. Сөздік әдістер: ауызша және жазбаша, монологты және диалогты. Көрнекі әдістер. Көртекіліктер түрлері: пәндік, бейнелік (көркем, таңба, мәтін), сөздік. Практикалық әдістер: зерттеушілік және өзге жағдайларды моделдеу, іскерлік ойындар, жаттығу, тренинг. Білім алушылардың танымдық іс - әрекеті сипаты бойынша оқыту әдістерінің классификациясы: продуктивті (түсіндірмелі - бейнелік) әдіс, репродуктивті әдіс, мәселелі әдіс, жеке - ізденушілік әдіс, зерттеушілік әдіс.

«Әдіс» сөзі ғылыми білім жүйесін түзу мен негіздеудің жолын білдіреді, сонымен бірге болмысты тәжірибелік және теориялық тұрғыдан игерудің тәсілдері мен қимыл - әрекеттер тобын танытады.
Психологияға орайластыра әдісті психика жөніндегі деректерді алудың және оларды талдап түсінудің жолы деп білеміз.

4b3179ffb822182792181c956028eda5-800x.jpg

6866c3b74a76c451fba375db35a6e5ef-800x.jpg

БАҚЫЛАУ ӘДІСІ

Бақылау кезінде зерттеуші баланын мінез-кұлқын табиғи жағдайда белгілі бір мақсат көздей отырып кадағалайды және көріп байқағандарын көзден таса қылмай есепке алады. Бақылаудың табысты болуы оның мақсатының қаншалықты дұрыс тұжырымдалғандығына байланысты. Егер зерттеуші бақылау басталмас бұрын бала мінез-құлқынын қай жағына көбірек көңіл аударуы керек екенін анықтап алмаса, онда әсері бытыраңқы, тұрақсыз болады. Бала жақтағы бөлмеден бұл әйнек айна сияқты болып көрінеді де, бақылаушы жақтан терезеге ұқсайды. Жасырын бақылау үшін телевизиялық қондырғылар да пайдаланылады.

Бақылау процесінде зерттеуші бала мінез-құлқындағы сыртқы белгілерді ғана оның әр түрлі заттармен іс-әрекетін, сөйлеген сөздерін, мәнерлі қимылдарын т. б. қадағалай алады. Бірақ психологты сыртқы көріністер ғана емес, сонын астарында жасырынған психикалық процестер, сапалар, көңіл-күйлер де қызықтырады. Өйткені белгілі бір көріністердін өзі түрлі ішкі жай-күйде білдіруі мүмкін ғой. Мысалы, қандай да бір жағдайда бір бала қалжыңға күлуі, ал екінші бала жолдасына еліктеп қана күлуі мүмкін. Бақылаулар жүргізгендегі ең қиын нәрсе бала мінез-құлқындағы ерекшеліктерді елеп қана қоймай, оны дұрыс түсіндіру болып табылады.

709ff96fcf8932c617b1208cb90bd5f7-800x.jpg

Фактілерді алғаш рет жинақтау үшін бақылау әдісі өте тиімді. Бірақ ол уақыт пен күшті көп жұмсауды қажет етеді. Баланың психикалық өмірінін оны қызықтыратын фактілері өзінен-өзі пайда болғанынша зерттеушінің күтуіне тура келеді. Оның үстінде (ең маңыздысы да осы) бала өмірі мен тәрбиесіндегі күрделі жағдайлар кейбір мінез-құлықтың себебін ашуға мүмкіндік бермейді. Көптеген зерттеушілер біз бакылау жүргізе отырып, өзіміз білетіндерімізді ғана көретінімізді, ал белгісіз нәрселердің әлі де назардан тыс қалатынын байқаған.

Эксперименттік әдіс

Бақылауға зерттеушінің бала психикасындағы өзін қызықтыратын белгілерді табуына әсер ететін неғұрлым белсенді әдіс көмекке келеді. Ол - психологиялық эксперимент. Эксперимент кезінде зерттеуші баланың іс-әрекеті өтетін жағдайды әдейі жасайды және түрін өзгертеді, олардың алдына белгілі міндет қояды. Осы міндеттің қалай шешілуіне қарай сыналушының психологиялық ерекшеліктері қаралады. Мәселен, бір зерттеу кезінде мектепке дейінгі балалық шақта ойлау мүмкіндігі кимылдардың, бейнелердің, сөздердің көмегімен қалай дамитынын бақылаған. Мектепке дейінгі түрлі жастағы топтардың балаларына «тетікті» міндеттер сериясы ұсынылған. Оның мәнісі бала «тетіктің» алыс жатқан иініне бекітілген суретті алуы үшін «тетіктің» өзіне жақын жағын қалайша бұру керектігін білуі керек. Міндеттер үш түрде берілген. Бірінде нақтылы тетіктер баланың алдында, столға бекітілген. Демек, бала оны өз қолымен ұстап, қажет деген жағына карай бұра алады. Екінші жағдайда, осының бәрі сурет арқылы көрсетілген. Ал үшінші жағдайда балаға бұл туралы ауызша айтылып түсіндірілген. Сонда мыналар анықталған: үш жасар балалар міндетті нақты жағдайда ғана шешкен, сурет бойынша кейінірек, ал, ауызша айту бойынша шеше алатын мүмкіндік одан да кейін болған.

27449608e500ebcf20727a9f96bcb60b-800x.jpg

07bd0e9c292480bafee40b07cb34ea7b-800x.jpg

Тест әдісі

Тест әдісі балалардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл ойының даму ережесі, не жекелеген жан қуаттарының дамып, қалыптасуы жөнінен мағлұмат алуға көмектеседі. Мұндай салыстырулар алдын-ала белгіленген жас белгілері негізінде жүргізіледі. Тест арқылы бала өз жасына қарағанда дұрыс дамыған ба, не оның дамуында өз кезеңінен ауытқушылық (жоғары, төмен) бар ме деген сауалдарға жауап алынады. Тестке толық орындауы мүмкін болмайтындай етіп іріктеу қажет. Тапсырма жас мөлшері біркелкі балаларға (кемінде 200) бірдей беріледі де, мұндағы жауаптардың орта (барлық бала бойынша ортақ балл) есебі шығарылады. Осы орта есеп жас мөлшерлік норма болып есептелінеді. Тест тапсырмаларын тексеру, жас мөлшерлік норма белгілеу тесті стандарттау деп аталады. Мұндай тестке кейін ещқандай өзгеріс енгізілмейді. Баланың ақыл-ойының даму дәрежесін анықтауға арналған тестерді интеллектік тесттер дейді. Мұнда әр түрлі ақыл-ой әрекетін қолдануды талап ететін зерттелінушіге бұрыннан таныс емес тапсырмалар болады. Осындай тест баланың ақыл-ойға байланысты берілген тапсырманы қандай дәрежеде игергенін байқауға мүмкіндік береді.

Құжаттарды талдау әдісі - адамның қызмет, іс-әрекеттік өнімдерін талдауға арналған жалпы психологиялық әдістердің бір түрі. Құжаттарды талдау әдістері сапалықжәне сандықболып ажыралады. Сапалық талдауда баяндалған мәтіндік ақпарат сандық көрсеткіштерге келтіріліп, кейін математика-статистикалық өңдеуге түседі. Бұл ғылымда контент-талдауатауын алған.
Құрастырып жобалау әдісі - осы күнгі психологиялық зерттеулерде кең қолданымдағы жалпы ғылымдық әдіс. Оның мәні - психикалық құбылыстарды таңба күйіне келтіру немесе адам іс-әрекеттерінің әрқилы түрлерін жасанды құрастырылған ортада ұйымдастыру. Осы жолмен қабылдаудың, жадтың, қисынды ойлаудың кейбір қырларын қолдан жобалап жасауға, сондай-ақ психикалық іс-әрекеттің бионикалық модельдерін тұрғызуға болады.

67c5175b1410e975b0caebd293a11b20-800x.jpg

2. Эксперимент психологияны оқыту әдісі ретінде. Оның түрлері және ұйымдастырылуы.

Эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып, психологиялық процесті әдейі зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады. Экс­перимент зерттеулердің нәтижелері әдеттегі жағдайда жүргізілетін психологиялық жұмыспен салыстырылады. Сондықтан эксперимент мәліметтерін салыстыру үшін екі объект алынады. Олардың бірі - эксперименттік, екіншісі - бақылау объектісі деп аталады.

«Эксперимент» сөзі латын тілінен аударғанда «тәжірибе» деген мағынаны білдіреді. Психологиялық экспериментті зерттеуші өзі жүргізсе активті эксперимент, ал зерттеушінің ғылыми жазба ұсынысы бойынша екінші бір адам жүргізсе пассивті эксперимент деп атайды.

Эксперимент әдісінің маңызды артықшылығы - зерттеушінің керекті құбылыстың көрініс беруін тосып отырмай, оны өзі туғызатындығында.

Белгілі жағдай жасай отырып, зерттеуші, біріншіден, осы жағдайдың тексеріліп отырған психикалық құбылыстарға тигізетін әсерін өте дәл ескеруге, екіншіден, бір жағдайды өзгертіп, басқасын өзгертпей сақтауға, сол арқылы белгілі бір психикалық құбылыстардың себептерін ашуға, үшіншіден, тәжірибені қайталауға, сөйтіп зерттеліп отырған психикалық құбылыстардың типтілігі немесе кездейсоқтылығы солардың негізінде анықталатын сандық деректерді жинақтауға мүмкіндік алады.

Психологияда ғылыми-зерттеу жүргізуде эксперименттік әдіс кеңінен қолданылады. Эксперименттік әдістің артықшылығы, бізге керекті үрдіс пен құбылыс қашан көрінеді деп күтіп отырудың қажеті жоқ. Эксперимент жасағанда психикалық үрдістерді неғұрлым дәлме-дәл көрсететін олардың уақытын, өту шапшаңдығын т. б. өлшейтін арнаулы аспаптар, аппараттар қолданылады.

Эксперименттің екі түрі бар: лабораториялық және табиғи.

Лабораториялық эксперимент арнаулы жағдайда жүргізіледі, жүргізу кезінде сыртқы әсер ерекшеліктері мен адамның оған жауап ретіндегі психикалық күйін айнытпай жазып алып отыратын құрал-жабдықтар қолданылады. Лабораториялық эксперименттің адамның белгілі бір психикалық көріністерінің физиологиялық механизмдерін зерттеу барысындағы маңызы үлкен. Лабораториялық эксперимент кейбір танымдық процестерді (қабылдау, түйсік, еске түсіру) зерттеу үшін де табысты қолданылады. Лабораториялық экспериментті алғашқы рет В. Вундт, Лейпциг қаласында 1879 жылы жүргізді. Лабораториялық эксперимент, мысалы, балалар зейінінің қасиеттерін, сезгіштік қасиеттерін, ақыл-ойының даму деңгейін, белгілі мамандыққа икемділігін анықтайтын құрал-жабдықтарды қолдана отырып, арнайы жабдықталған орындарда өткізіледі.

Табиғи жағдайдағы эксперименттің барысында қызметтің (ойын, оқу, еңбек) әдетті жағдайы сақталады. Табиғи жағдайдағы экспериментті жүргізу кезінде алдын-ала баланың белгілі іс-әрекеттері зерттеледі және онда қандай психикалық ерекшеліктер айқынырақ көрініс беретіндігі анықталады. Табиғи жағдайдағы эксперименттің артықшылығы оның байқау методтарының және эксперименттің жақсы қасиеттерін - біріншісінің табиғилығы мен екіншісінің белсенділігін үйлестіретіндігінде.

Табиғи жағдайдағы экспериментті одан әрі дамыту оның мынадай, психологиялық-педагогикалық эксперимент сияқты екінші түрінің тууына әкелді. Мұның мәні - оқушыны зерттеу тікелей оқыту және тәрбиелеу процесінде, зерттеу объектісі болып табылатын психикалық ерекшеліктердің белсенді қалыптасуы процесінде атқаралатындығында.

Табиғи экспериментті психологияға 1910 жылы А. Ф. Лазурский енгізді. Табиғи эксперимент бойынша психологиялық зерттеулер адамның өмір тіршілігіндегі үйреншікті жағдайына сәйкес жүргізіледі. Кейбір жағдайларда бұл әдіс психологиялық және педагогикалық эксперимент деп те аталады. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер бойынша әр түрлі жас кезеңдерінде адамның қалыптасуы қарастырылады. Әр түрлі кезеңдерге сәйкес зерттеу арқылы түрлі жастағылардың айырмашылықтары шартты түрде алынған белгілерге негізделеді. Соңғы кезде психологиялық зерттеулерде эксперименттің бірнеше түрлері қолданылып келеді. Олардың бірі - табиғи эксперимент - бұл психологиялық мәселелерді зерттеу үшін әдеттегі жағдайларда жүргізіледі.

Психологиялық құбылыстарды жаңадан құру үшін - арнаулы эксперимент жүргізіледі.

Психологиялық құбылыстарды ұқыптылықпен бақы­лау үшін сынып ұжымынан бір топ бала бөлініп алына­ды да, олармен арнаулы эксперимент жүргізіледі. Эксперименттің мұндай түрін зертханалық эксперимент деп атайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойын – психологияны кәсіби тұрғыда оқыту құралы
Психологияны оқыту әдістемесі психология ғылымының негізгі базалық саласы
Психологияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құрал
Студенттердің оқу процесін бағалаудың психологиялық ерекшеліктері
ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ
Индивид ­биологиялық түр өкілі, жеке тірі пенде
«Психологияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша практикалық сабақтар дәрістер жинағы
Дамуында ауытқуы бар балалардың түрлері
Мектептанудың негізгі мәселелері
Жоғарғы оқу орынныдағы психологияны оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz