Ұлттық спорт түрлері. Ойын ережесі
НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Ұлттық спорт түрлері. Ойын ережесі.
Орындаған:Тойшибекова Қ.
Топ:Қаржы-232
Тексерген:Абитбеков Қ.
АЛМАТЫ2020
Қазақ халқының Ұлттық спорты - халқымыздың өмірімен бірге дамып келе жатқан мәдени жетістіктерінің маңызды бір саласы.
Қазақстың ұлттық спорты 1920-1930 жылдар аралығында қазіргі заманға сай бір жүйеге келтіріліп, олардың түрлері бойынша арнайы спорт жарыстары өткізіле бастады. Оған жергілікті жерлерде: ауыл, аудан, облыс көлемінде ұйымдастырылған үйірмелер мен секциялар негіз болды. 1938 жылы Алматыда колхозшылардың республикалық спартакиадасы өткізілді, ал 1944-1947 жылдар аралығында қазақтың ұлттық спорт түрлерін тұтас қамтыған жеке-жеке жарыстар ұйымдастырылды. Осы кезден бастап Қазақстанда қазақтың ұлттық спорт түрлері басқа әлемдік спорт түрлерімен қатар дамып, халқымыздың денсаулығын нығайтуға икемді де епті, күшті де төзімді болып болып өсіп жетілуіне зор пайдасын тигізіп келеді. Ұлттық спорт түрлері ойындарының өте кең тараған түрлері: Қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, ат спорты ойындары (көкпар, аударыспақ, бәйге, қыз-қуу) сияқты ойын түрлері көне заманнан осы заманға дейін халықпен бірге жасасып келеді.
Ұлт ойындары ертеден-ақ жалпы этнографиялық әдет ғұрыппен бірге дамып, жетіліп, ендігі жерде өз алдына бір бөлек зерттеуді керек ететін қазақ этнографиясының бір бұтағы, ұлт ойындарының дамуы тек қоғамның өзгеруіне байланысты әлеуметтік экономикалық жағдайдың негізінде дамып отырғанына көзіміз жетті.
Қазіргі кезде ұлттық күрес, тоғызқұмалақ және ат спорты ойындарының түрлі үйірмелері ашылып, спорт мектептерінде арнайы жаттықтырушылар жаттықтыра бастады.
Республикамызда әсіресе ат спорты ойындары кеңінен етек жая бастады. Кезінде Луговой жылқы заводынан шыққан Ақалтеке тұқымды Абсент атты сәйгүлік қазақ елінің мақтанышы болып қатарынан Рим және токио Олимпиадасында жүлдегер атанған. Қазір сол жылқының тұқымы осы заводта және Алматы облысындағы Дегерес жылқы заводында бар. Қазақстанда өткен әрбір бәйгелерге осы заводтың аттары әрдайым жүлдеген болып жүр. Ат спортындағы ең қызықты, тартымды көрермендерді қызықтыратыны осы бәйге. Бәйгеде спортшының тактикалық шеберлігінің үлкен маңызы бар, өйткені, аты жүйрік спортшы атының шамасына қарай керек жерінде басын іркіп немесе қоя беріп, жарысты дұрыс өткізген шабандоз жеңіп кететін кездері аз емес.
Бәйгеге жеткілікті дәрежеде даярланған төзімді аттар қатыстырылады. Қазақ халқы әр уақытта жылқы тұқымын қасиетті жануар деп бағалаған, сондықтан бәйге өте кең тараған ат спорты ойыны. Қазіргі кезде ірі жиын, той, астарда бәйгеден жеңіп келген аттарға қомақты жүлде тағайындалып, темір тұлпар, машиналар жүлдеге тапсырылып жүр. Өте кең тараған ойындарының бірі көкпар, бұл ойын командалық ойын. Жарыс өткізу үшін шұңқыры, тасы жоқ, топырағы жұмсақ жер таңдалып алынады. Алаңның ұзындығы 300-400 м., ені 150-200 м. Осы алаңның ортасына диаметрі 9 метр шеңбер сызылады. Алаңның екі жағына жалаушалар белгіленеді. Көкпарды екі команда қақпаға түсіру арқылы есептейді. Командалар шектеулі уақытпен ойнайды. Барлық ауылдарда көкпар ойыны кең етек алған. Бұл ойын Кеңес үкіметі тұсында тысқа ысырылып өз мәнін жоғалтып қоя жаздаған ойын.
Күрестің ұлттық түрі - қазақ күресі. Қазақ күресінің даму тарихы тереңде жатыр. Қазақ халқының өмір сүру салты көшпенді тұрмысқа бейімделгендіктен, күнделікті іс-әрекетінің өзі күрес. Тарихқа көз жүгіртсек көшпенді тайпалардың түп атасы сақ, ғұн, түркілер дәуірінде садақ атудан, ат үстінде найзаласудан тағы басқа дәстүрлі сайыстар өтетіні жайлы нақты деректер бар. Мысалы, Қытайдың осы заманғы археологтары біздің жыл санауымыздан бұрын Хан патшалығы дәуірінде тұрғызылған, Шинан қаласы маңындағы ежелгі түркілердің қонысын қазып, қабырды ашқанда зираттың ішінен екі мыс табақша табылыпты. Табақшалардың бетінде екі адам бір-бірімен қоян-қолтық ұстасып, күресіп жатқан сипаты ашық бейнеленген екен. Қытай ғалымдары бұл палуандарды түріктердің арғы тегі саналатын ғүндар деп ұйғарған. Демек, бұл заттар - күрес шежіресінің айғағы. Оның бер жағында халықтық эпостарда сайыс өнері жайлы көркем тілмен керемет баяндалса, ерте замандағы таңбалы тастардағы күресіп жатқан адам бейнелі таңбалар жайдан-жай салынбаған.
Ата-бабаларымыздан қалған жекпе-жек сайыс өнерінің бірінде қазақ күресінің өзіндік орны бар. ХХ ғасырдың басына дейін ел ішінде күрестің бірізді жүйеленген тәртібі болған жоқ. Сондықтан да әрбір өңірде күрес ішкі ерекшеліктерін сақтай отырып, қалыптасқан.
Қазақ күресінің ғылыми жүйеленуі 1920 жылдан басталған. 1936 жылы Семей қаласында қазақша күрестен Қазақстан чемпионаты өткен. Қазақ күресі бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп отырған.
Қазақ күресінде шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады. Ойынның ережесі бойынша жатып күресуге болмайды. Қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады. Адамның ептілігі мен жылдамдығы, шымырлығы мен ой жүйріктігі басым ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz