Экономикалық теорияның ғылым саласы ретінде қалыптасуы


НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Экономикалық теорияның ғылым саласы ретінде қалыптасуы.
Орындаған:Тойшыбекова Қ.
Топ:Қаржы-232
Тексерген:Кенесариева А. А.
Алматы 2020
Экономикалық теорияның құрылымында бұл тақырыптың алатын орны ерекше. Өйткені бұл тақырып біз зерттеп танысатын курс үшін ерекше методологиялық кіріспе болып табылады. Мұнда экономикалық теория нені зерттеп талдайды, бұл үшін қандай әдістер пайдаланылады, оның қоғам дамуында атқаратын рөлі қандай және т. б. маңызды мәселелер анықталады. Бүгінгі адам, егер ол қоғамдық дамудың заңдарын зерттеп түсінбесе, экономикалық теорияны меңгермесе, ол адам өзін білім мен мәдениетке қол жеткіздім деп айта алмайды. Қандай ғылым болмасын, ол адамдардың табиғатпен, қоғаммен, бұлардың өзара әсер етуімен байланысты мәселелерді шешуге бейімделген мақсатты талаптарының (әрекеттерінің) нәтижесінде пайда болады. Бұны толығынан экономиканы зерттейтін ғылым кешеніне жатқызуға болады. Адамдар көне заманнан бастап адамзат қоғамының дамуы немен байланысты, экономика қандай заңдармен дамиды деген сұрақтарға жауап іздеген.
Адамдар өмірі құбылмалы, күрделі және қайшылығы мол өмір. Бұл өмір экономиканы, саясатты, мәдениетті және т. б. қамтиды. Қоғам өмірінің әр салаларын жекелеген ғылымдар зерттейді. Экономикалық ғылым осылардың біреуі болып табылады. Тұңғыш экономикалық ой-пікірлер көне заманда пайда болған. Ертедегі Грекия, Рим, Қытай, Үндістан ғалым-философтары экономиканың жекелеген мәселелерін: бағанын негізінде не жатады, байлық қалай көбейеді, т. б. шешуге талаптанған. Ксенофонт (б. д. д. 430-354 жж. ), Платон (б. д. д. 427-347 жж. ), Аристотель (б. д. д. 384-322 жж. ) пайдалылық туралы экономикалық теорияның бастапқы принциптерін анықтаумен айналысқан.
Көне Рим ойшылдары Сенека (4-65 б. д. д. жж. ), Лукреций Кар (39~55 б. д. д. жж. ) құлиеленушіліктің құлдырап күйреуінің экономикалық себептерін зерттеген. Осының басты себебі материалдық ынтаның болмауы, дейді олар Сенеканың көзқарастары христианствоның экономикалық концепцияларының қалыптасуына ықпал еткен. Осы концепциялар соңынан адамзат дамуының тарихи процесінде шаруашылық өмірге көзқарасты мүлде өзгертеді. "Егер кімде-кім еңбек еткісі келмесе, ол тамақ жемесін" деп, христиандық ойшылдар және уағызшылар жабайы шаруашылық еңбекті қажетті және киелі іс деп жариялаған. Христиандық ілім әділетті баға белгілеу принципін дәлелдейді, еңбек шығындарымен есептесе отырып, мүліктер индивидуалдық емес, әлеуметтік бағаланғаны жөн дейді.
Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікірлер ғылым болып қалыптаспаған болатын. Сол замандардың ойшылдары экономикалық құбылыстарды жалпы қоғам өмірінің процестерінен бөліп алып жеке талдаған жоқ, экономика туралы ілімді жүйеге келтіріп қалыптастыра алмаған. Экономикалық теория қолданбалы ғылым болып шаруашылық жүргізуде құлиемдену құрылыста пайда болды. Экономикалық теория ғылым болып тек ХVІ-ХVІІ ғасырларда ғана қалыптасады. Алғаш бұл теория "саяси экономия" деген атқа ие болды (грекше: "политейя"- қоғам, "ойкос"- үй, шаруашылық, "номос" - заң) . Сонымен. саяси экономия - қоғамдық шаруашылықтың заңдары туралы ғылым болып табылады. XVII ғ. басында саяси экономия дербес ғылымға айналды.
Экономика ғылымы өзінің даму барысында тарихи ұзақ жолдан өтті. «Экономика» термині сонау ежелгі Грецияда философ Ксенофонт енгізген. Термин гректің екі сөзінен тұрады: «ойкос» - үй, шаруашылық, «номос» - заң. Яғни шаруашылықты (үйлерді) басқарудың заңдары, шаруашылықты пайдалана білудің, ұлғайтудың тәсілдері. Экономика ғылымы қоғамның экономикалық өмірін зерттеуді алдарына мақсат етіп қойған ойшылдардың, әр түрлі мектептердің, бағыттар мен ағымдардың еңбектерінің нәтижесінде қалыптасқан және дамыған. А. Монкретьен бұл ғылымға - «саяси экономия» деп жаңа атау берді. Ол өзінің пәні етіп абсолютті монархтар басқарып отырған мемлекет шаруашылығын зерттеуді алған. Зерттеу пәнінің ерекшеліктеріне орай бүгінгі заманғы жалпы теориялық экономикалық ғылымнан бірнеше бағытты таратуға болады: саяси экономия (маркстік), неоклассикалық, кейнстік, монетарлық, институционалдық, «жаңа саяси экономика» және т. б.
Қазіргі кезеңде экономиканы зерттеуде микроэкономика және макроэкономика деп екі бөлімге бөлу қалыптасқан, бірақ олар өзара тығыз байланысты болады. Микроэкономика - бұл негізгі экономикалық бірліктердің (фирмалар, үй шаруашылықтары) жұмыс істетудің ауқымы, олардың нарықтағы мінез-құлқын зерттейтін бөлімі. Микроэкономика фирмалар мен үй шаруашылықтарының рыноктағы мінез-құлқыні әс-әрекетін, олардың шешім қабылдауының экономикалық негіздерін және өзара байланыстарын зерттейді. Фирмалар мен үй шаруашылықтары алға қойған мақсаттарды және оған қол жеткізу үшін қойылған шектеулерді ескере отырып, олардың өз көзқарастары тұрғысынан ең жақсы шешімдер қабылдауы болып табылады. Үй шаруашылықтары тауарларды сатып алар кездерінде тұтынудың аса тиімділігін көздейді, ал фирмалар өндіріс туралы шешім қабылдай отырып, таза табыстың мол болуына ұмтылады.
Көп ғасырлар бойы экономика (ойномика) сөзі үй шаруашылығын ұйымдастырып, жүргізу ережелерін қамтыған. Сонымен қатар феодалдық бытыранқылықты жеңу, орталықтандырылған мемлекеттердің бірлесуі үй шаруашылығын жүргізу ережелері емес, жалпы ұлттың мемлекеттік шаруашылығын жүргізу ережелерінің анықталуы қажет етті. Осыған байланысты экономия ұғымы жаңа мәнге ие болып саяси экономикаға айналды, ол грек тілінде полис - мемлекет, ойкос - үй шаруашылығы номос заң дегенді білдіреді.
Экономикалық ғылымның әрбір бағытының аясында әр түрлі концептуалдық тәсілдер мен зерттеу нысандары болады. Экономика ғылымы зерттейтін құбылыстар біздің әрқайсымыздың өмір тәжірибемізге қатысты. Өз тауарларына деген сұранысты алдын ала болжап отыратын кәсіпорындардың менеджерлері тұтынушылар табысының қалай тез өсетіндігін күн ілгері біліп отырулары тиіс. Ал тұтынушыларды, әсіресе, зейнеткерлерді және табысы төмен топтарды, тауарлардың бағаларының тез өсіп бара жатқандығы алаңдатады. Жұмыс іздеген адамдар экономика өрлеу кезеңіне әлі-ақ көтеріледі, фирмалар жұмысшыларды жалдай бастайды деп үміттенеді. Сонымен экономиканың жағдайы барлығ адамдарға өз ықпалын жүргізеді, олардың тікелей қатысуымен іске асырылады, үнемі динамикалық өзгерісте болады.
Экономикалық теорияны зерттеу және оқыту әдістері. Экономикалық теорияның өзіндік пәні ғана емес, сонымен қатар, түсініктері, мәліметтері, ойлау және зерттеу әдістері болады. Кез келген басқа ғылым секілді экономикалық теория да оны білгісі келген адамдар үшін түсініксіз және жасандылау болып көрінуі мүмкін. Олай еместігін дәлелдеудің ең жақсы жолы - экономикалық экономикалық зерттеу әдістерін пайдалану қажеттігі
Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы ежелгі заманнан басталады. Алғашқы қауым адамдарының өндіріс, айырбас, тіршілік игіліктерін бөлу және тұтыну қатынастары жөнінде белгілі бір түсініктері болған. Олардың алғашқы қауымдық қоғамының экономикасын құрайтын құбылыстар туралы пікірлері әр түрлі уағыз бен тәртіп ережелерінде ресімделген. Бұл туралы бізге дейін жеткен Египет папирустары, ежелгі үнді Ведалары, Хаммурапи патшаның заңдарында көрсетілген. Бірақ бұл ғылым емес, тек қана оның ұрығы еді.
Экономика туралы ғылым табиғат пен қоғам туралы адам білімінің жүйесі ретінде дамыған құлдық қоғамда пайда болды.
Экономика туралы алғашқы түсініктер Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдардың еңбектерінде берілген. Экономия терминін алғаш ұсынған Ксенофонт, мұның мағынасында үй шаруашылығы (ойкос-үй, шарушылық; номос - заң) деген ұғымды білдіреді. Термин Аристотель еңбектерінде де кездеседі, ол шаруашылықты екі түрге бөледі: экономия және хрематистика (баю, пайда таба білу шеберлігі) . Оның түсіндіруі бойынша экономикадан хрематистика пайда болады.
Көп ғасырлар бойы экономия (ойкономия) сөзі үй шаруашылығын ұйымдастырып, жүргізу ережелерін қамтыған. Сонымен қатар феодалдық бытыраңқылықты жеңу, орталықтандырылған мемлекетердің бірлесуі үй шаруашылығынжүргізу ережелері емес, жалпы ұлтық мемлекеттік шаруашылықты жүргізу ережелерінің анықталуы қажет етті. Осыған байланычсты экономия ұғымы жаңа мәнге ие болып, саяси экономияға айналды, ол грек тілінде полис - мемлекет; ойкос - үй шаруашылығы; номос - заң дегенді білдіреді.
Саяси экономия ұғымын ғылымға алғаш енгізген А. Монкретьен болатын. 1615 жылы оның Саяси экономия тарктаты деген еңбегі жарық көрді, мұнда мемлекеттік шаруашылықты жүргізу кеңестері мазмұндалған.
Саяси экономия ғылым ретінде XVI-XVII ғасырлар аралығында пайда болған. Бұл кезеңде қалыптаса бастаған еді.
Бұл кезеңнің алғашқы экономикалық ілімі меркантилизм болды.
Экономикалық теорияның дамуында оның пәні әр түрлі анықталды. Меркнатилистер бұл пәннің қызметі сыртқы саудамен және мемлекеттің ақша қорын молайтумен байланыста деп санады. Классикалық саяси экономия мұны байлық туралы ғылым деп қараған. Максистердің қорытындысы бойынша, саяси экономия адамзат қоғамының түрлі даму сатысындағы өндірісті, тіршілік игілігін бөлу, айырбастау мен тұтынуды басқару заңдарын зерттейді. Меркантилистер мен неоклассииктер бұл әркетті нарықтық шаруашылық жағдайындағы сирек ресурстардың пайдалануымен байланыстырған. Кейнсиандықтар бұған мемлекеттің экономикалық саясатының зерттелуі мен құрылу қажеттілігін қосқан; институционалистер бұл саясаттың әлеуметтік аспектісіне көңіл аударған.
Ғылымның
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz