САЛМА ҚӨЛШЕУІШ ЖАБДЫҚ
САЛМА ҚӨЛШЕУІШ ЖАБДЫҚ
Таразыға қойылатын талаптар Салма қөлшеуіш аспаптар белгіленген
метрологиялық, саудапайдаланушылық және санитариялық-гигиеналық талаптарға
сай болуы тиіс.
Метрологиялық талаптарға өлшеу дәлдігі, өлшеу көрсеткіштерінің
сезгіштігі, тұрақтылығы және бірқалыптылығы жатады.
Сауда-пайдаланушылық талаптарына өлшеудің жоғары жылдамдығы, өлшеу
көрсеткіштерінің көрнекілігі, таразының өлшенетін жүк сипатына сәйкестігі
және таразының беріктігі жатады.
Санитарялық-гигиеналық талаптар бұл — таразының теткітері жасалған
материалдың өлшенетін жүкке қатысты бейтараптығы және таразыны күтіп ұстау
ыңғайлылығы.
Өлшеу дәлдігі — бұл таразының салмақтың көрсеткішін рұқсат етілетін
дәлсіздік нормасы шегіндегі ауытқумен беру қасиеті. Таразылар дәлдік
дәрежесі бойынша 17 сыныпқа бөлінеді. Саудада және қоғамдық тамақтандыруда
негізінде 1а дәлдік сыныбындағы таразылар қолданылады. Осы таразылардың
рұқсат етілетін дәлсіздігі өлшеудің максималды шегінен 0,1 % құрайды.
Сезгіштік — бұл таразының жүк салмағы ұлғайған кезде тепе-тең күйінен
шығу қасиеті. Таразылар сезетін салмақ айырмашылығының өлшемі неғұрлым аз
болса, соғұрлым олар сезгіш болады. Мысалы, циферблаттық таразылар үшін жүк
салмағының рұқсат етілген дәлсіздікке тең өлшемге өзгеруі, тілдің кемінде
ең кішкентай бөліктің жартысына ауытқуын шақыртуы тиіс.
Тұрақтылығы — бұл жүктелмеген таразылардың оларды тепе-тең күйінен
шығарған кезде бірнеше тербелістен кейін бастапқы тепе-тең күйіне өз
бетімен қайта оралу қасиеті.
Өлшеу көрсеткіштерінің бірқалыптылығы— бұл таразылардың бір жүкті көп
мәрте өлшеген кезде бірдей көрсеткіштер беру қасиеті. Өлшеудің максималды
жылдамдығы — бұл таразының өлшеген кезде тепе-тең күйіне тез келу қасиеті.
Өлшеу көрсеткіштерінің көрнектілігі: таразылардың көрсеткіштері жақсы
көрінетін және оқылатын болуы тиіс (кәріптің жеткілікті өлшемі және
кереғарлығы).
Таразының өлшенетін жүк сипатына сәйкестігі: тауар алаңшасы өлшенетін
жүктің өлшеміне және сипатына сәйкес болуы тиіс. Тұтас таразының және оның
жекелеген бөліктерінің беріктігі осы таразы типіне белгіленген максималды
жүктемелер үшін жеткілікті болуы тиіс.
Материалдың бейтараптығы: таразылардың тетіктері өлшенетін жүкпен және
қоршаған ортамен өзара әрекеттеспейтін материалдардан жасалған болуы тиіс.
Таразыларды күтіп ұстау ыңғайлылығы: таразылардың құрылымы
санитариялық өңдеу үшін ыңғайлы болуы тиіс.
Сыныптамасы.
Мақсаты бойынша салмақ өлшеуіш аспаптар бес топқа бөлінеді:
▪ жалпы мақсаттағы;
▪ технологиялық;
▪ зертханалық;
▪ метрологиялық;
▪ арнайы өлшеулерге арналған.
Жалпы мақсаттағы тобына тамақтандыру кәсіпорындарында, саудада,
қоймаларда қолданылатын таразылар жатады.
Технологиялық таразыларөнеркәсіпте пайдаланылады. Зертханалық
таразылар — бұл өлшеуді ерекше жағдайларда жүргізетін және арнайы әдістерді
қолданатын жоғары дәлдіктегі таразылар. Олар салмағы 1,5 кг аспайтын жүкті
өлшеу үшін пайдаланылады.
Метрологиялық таразылар тексеру жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады,
олар, сондай-ақ жоғары өлшеу дәлдігін қажет ететін зертханаларда, саудада,
өндірісте қолданылады. Арнайы өлшеулерге арналған салмақ өлшеуіш аспаптар
салмақты өлшеуге емес, басқа өлшемдерді, мысалы, өнім құрамындағы қандай да
бір заттың пайыздық мөлшерін, сұйықтықтың меншікті салмағын және т.б.
анықтау үшін қолданылады.
Теңгеруші құрылғының түрі бойынша салмақ өлшеуіш аспаптар екі топқа
бөлінеді: механикалық (иінтіректі және серіппелі);( электр механикалық
(электрондық).( Иінтіректі таразыларда жүкті теңгеру үшін иінтірек немесе
иінтіректер жүйесі, ал серіппелі таразыларда жүк серіппе көмеігмен
теңгеріледі. Электромеханикалық таразыларда өлшенетін жүктің ауырлық
күшінің механикалық әсері электр сигналға өзгереді, ол цифрлық мағынада
индикаторға шығарылады. Ауырлық күшін электр сигналға өзгерту үшін түрлі
датчиктер 40 қолданылады. Тензометриялық датчик ең көп таралған.
Орнату әдісі бойынша салмақ өлшеуіш аспаптар үш топқа бөлінеді:
үстелдегі;
▪ жылжымалы;
▪ стационарлық.
▪ Үстелдегі таразылар 20 кг дейінгі жүкті өлшеуге арналған,
сондықтан олар өндірісте және кулинариялық өнімді өткізген кезде
кеңінен пайдаланылады.
Жылжымалы таразылар үлкен жүктерді өлшеу үшін қолданылады. Олардың
өлшенетін жүкті салуға арналған платформасы бар және олар тауар
қабылданатын жерлерде еденге орнатылады. Стационарлық таразылар арнайы
қуыста немесе іргетаста стационарлық орнатылады. Оларға автомобиль және
вагон таразылары жатады.
Көрсеткіш (өлшеуіш) құрылғының түрі бойынша салмақ өлшеуіш аспаптар
төрт топқа бөлінеді: гірлік;
▪ шкалалық;
▪ циферблаттық:
▪ цифрлық электрондық.
▪ Шкалалық таразыларда жүктің салмағы шкала бойынша анықталады,
тепе-теңдікке жету үшін шкалада алынбайтын жылжымалы гір
жылжытылады. Циферблаттық таразыларда жүктің салмағы циферблаттың
шкаласы бойынша аспап тілі көмегімен анықталады. Цифрлық
электрондық таразыларда көрсеткіштер жүктің салмағы, бағасы және
құны көрсетілетін экраннан алынады. Көрсеткіштерді алу әдісі
бойынша салмақ өлшеуіш аспаптар төрт топқа бөлінеді: визуалды
(көзбен көру);
▪ құжаттық (көрсеткіштер қағазда басылады);
▪ жергілікті (көрсеткіштер тікелей таразыдан алынады);
▪ қашықтықтан (көрсеткіштер таразыдан қашықтықта алынады).
▪ Таразылардың түрлі типтерін сыныптама негізінде белгілеу үшін
әріптік-цифрлық индекстеу қабылданған, ол осы таразылардың
техникалық және пайдаланушылық сипаттамалары туралы белгілі бір
ақпаратты қамтиды. Бірінші әріп теңгеруші құрылғының түрін,
екіншісі – орнату әдісін сипаттайды. 41 Цифр өлшеудің ең жоғары
шегін белгілейді: 1 000 кг дейін — килограмда, 1 000 кг астам —
тоннада. Келесі әріп көрсетуші құрылғы түрін , ал соңғы сан —
көрсеткіштерді алу әдісін способ (1 — визуалды, 2 — құжаттық, 3 —
жергілікті, 4 — қашықтықтан) белгілейді. Кейде индекстің соңында
таразылардың қандай -да бір ерекшелігін көрсететін әріптер тұрады
(А — автомобильдік, В — вагондық, М — шағын платформа). Мысалы, РН-
6Ц13 таразының таңбасы: иінтіректі, үстелдегі таразы, ең жоғары
өлшеу шегі 6 кг, циферблаттық, көрсеткіштерді алу әдісі - визуалды
жергілікті. РС-150Ц24В — иінтіректі, стационарлық, ең жоғары өлшеу
шегі 150 т, циферблаттық, көрсеткіштерді алу әдісі — құжаттық,
қашықтықтан, вагондық. Алуан түрлі электрондық таразы типтерінің
пайда болуы қосымша сыныптау белгілерін шарттайды: датчиктің
құрылымы бойынша: тензометриялық, дірілжиілікті;
▪ дисплейдің құрылымы бойынша: жарықдиодты, сұйық кристалды,
▪ алюминесценттік, флуоресценттік; сканердің құрылымы бойынша:
фотоэлектрлік, лазерлік;
▪ сыртқы ақпарат тұтынушыны қсоу мүмкіндігі бойынша:
▪ интерфейссі, интерфейспен (бақылау-кассалық машинаға, принтерге,
серверге қосылатын орнының болуы); электр қоректендіру көзі
бойынша;
▪ толымдылығы бойынша: таразылар принтермен, кассамен,
▪ сканермен, компьютермен толымдалуы мүмкін, кейбір таразыларда
заттаңбалар термиялық басылатын болуы мүмкін.
Түрлі таразылардың құрылымы және оларды пайдалану қағидалары
Таразылардың түрлі типтері 1.14-суретте көрсетілген РН-3Ц13 үстелдегі
циферблаттық таразы. Таразының дөңгелек циферблаты бар, онда циферблаттың
тілімен өлшенетін жүктің салмағы бекітіледі. Барлық тораптар төрт бұрандалы
аяққа орнатылған тіреу тақтасына монтаждалған. Тауар алаңшасы астында
циферблаттың тілін нөлдік қалпына келтіру үшін балластпен толтырылған
дәлдікті белгілеуші камера бар. Тауар алаңшасы май тербеліс
тыныштандырғышының соташығымен қосылған. Көлденең қалпында орнату үшін
таразы деңгеймен жабдықталған. Ыдыстың салмағын алып тастау үшін ыдыс
өтемдеуіші бар. Изолир иінтірек жүйесін тасымалдаған және сақтаған кезде
оны бекітуге арналған.
РН-10Ц13 үстелдегі циферблаттық таразы. РН-3Ц13 таразысымен
салыстырғанда РН-10Ц13 таразысының екі алаңшасы бар — тауарлық және гірлік.
Салмағы 1 000 г дейінгі жүкті гірсіз өлшейді. Салмағы 1 000 г мен 10 кг
аралығындағы жүктің килограмдағы салмағын гірлердің салмағын қосып
есептейді, ал граммдарды циферблат тілінің көрсеткіштері бойынша анықтайды.
Таразының ыдыс өтемдеуіші жоқ.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz