физика пәнін ағылшын тілінде жүргізу арқылы үш тілді оқыту



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Сырбек Кәттебеков атындағы жалпы орта мектебі

Баяндама
Тақырыбы:

Пән мұғалімі: Жанаева Перизат

2018-2019 ж
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай көздеген әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер қатарынан орын алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздерінің бірі-жастарымыздың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашылықта, әрқашан ізденісте болып шығармашылыққа талпынған жас ұрпақты тәрбиелеу біздің басты міндетіміз. Әлемдік білім беру жүйесінде және білім алу кеңістігінде бәсекеге барынша қабілетті болудың тиімді жолдарының бірі - әрбір қазақстандықтың кемінде 3-4 тіл білуі және алған білімдерін өмірдегі түрлі жағдаяттарда қолдана отырып, өмірде өз орнын тауып дұрыс бейімделу және техникалық білімді жетілдіре отырып, тілдік даму сатысын жалғастырып, әлемдік білім арнасында нақты орынға отырып, жан-жақты бағытта дамыған азамат пен азаматшаларды дайындау. Осы көздеген биік мақсаттарға жетелеу, қалыптастыру кезеңі адам өмірінің мектептегі өткізген жылдарына сай келетіні - осыған орай жаңа бағдарлама бойынша ағылшын тілі пәнін бастауыштан енгізілуі, тілге деген қызығушылық мектеп қабырғасынан жүргеннен-ақ байқалатыны және осыған қоса тілдің тазалығын сақтай отырып үш тілді оқушы бойына біртіндеп сіңіріп, білім беру саласында үлкен жауапкершілікпен білім алуға сенім артады. Ағылшын тілін бастауыштан жақсы игерген оқушы жоғары сыныпқа келгенде тілді түрлі пәндермен байланыстыра отырып төмендегі жағдаяттарды шешу кезеңінде еш қиналмастан өз сауаттылығын қолдана отырып, білім деңгейін дәлелдейді.
Осыған орай физика пәнін ағылшын тілінде жүргізу арқылы үш тілді оқыту,терминдерді, физикалық формулалар мен анықтамаларды, жекелеген тараулар мен тақырыптарды жете түсінуді бағдарламада іске асырылады. Физика және Астрономия 7 сынып оқулығы бойынша аптасына 2 сағат (барлығы 68 сағат). Жұмыс барысындағы басты мәселе - ағылшын тіліндегі оқу материалын қазақстандық стандартқа сай сәйкестендіру және игерту жолында түрлі тапсырмаларды сапалы ұсыну. Бұл бағдарлама 7-сыныптағы физика курсын оқуды толық қамтиды. Негізінен практикалық жұмыстарға баса көңіл бөлінеді. Себебі оқушы 7 сыныпта жаңа физика пәнінің негізін түсініп, физикалық шамаларды танып, өлшем бірліктерін ажыратып, формулаларға назар аударып, оларды түрлендіріп есеп шығаруда қолдануды үйреніп, есептерінің түрлерін ажырата біледі. Оқушылармен бірге міндетті түрде практикалық, бақылау, лабораториялық және өздік жұмыстар жүргізіледі. 7 сыныпта оқушыларға әр тақырып бойынша тарау мақсаттары, міндеттері, негізгі түйінді мәселелер және тірек ұғымдар мен қоса тарау мақсаттарына жетудің негізгі кезеңдері келтірілген. Олар: қызығушылықты ояту, жаңа ұғымдарды енгізу, оқушының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру, түрлі жағдаяттарда үйренген білімін қолдану және оқушының танымдық, зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру кезеңдері. 7 сынып оқушылары пәннің ерекшелігін түсініп, осы пән негізінде болашақ мамандығын осы физикамен байланыстырып, түрлі маман иесі болуға болатындығын түсінеді. Қоғамның жан - жақты дамуы негізінде қазіргі ХХІ ғасырдың жас буыны бұл пәнді тек қазақ тілінде ғана игеріп қоймай , ағылшын және орыс тілінде де меңгеріп, өз білімін үнемі жетілдіре отырып ауызша, есеп шығаруда қолдана алуы керек. Ағылшын тілі - халықаралық тіл. Ағылшын тілін оқып үйренуді бастауыш кезеңнен бастай отырып, иеруді жеңілдетуге болады. Себебі бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау, ұғымдарды, ережелерді жаттауды жүйелі жүзее асыра алады. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдердің ана тілі болып саналады. Ағылшын тілі дүние жүзіне ең кең таралған қатынас тілі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында үш тілді меңгеру қазақстандықтардың өздері үшін міндетті шарт екендігі 2020 жылға қарай ағылшын тілін меңгерген халықтың үлесі кем дегенде 20 пайызды құрауы қажет екендігін атап өтті. Себебі қоғамның дамуы, ондағы жас буынның білімділігі, заманға сай білім ала отырып, өз білімін елінің көркеюіне, өз елінің білім деңгейін түрлі халықаралық сайыстарда дәлелдей отырып, елінің намысын биік қойып, сол елге қызмет атқарған білімді ұрпақтың болғаны көңілге қуаныш орнатары анық. Қазіргі кезде заман талабына сай мектептерде ағылшын тілін меңгеруге аса көңіл бөлініп отыр. Барлық мектептерде ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Мектеп оқушылары ағылшын тілінде еркін сөйлеуді мақсат етеді, себебі олар өзінің болашақ оқуы мен қызметіне шетел тілінің қажет екендігін өзге елдермен және тілді меңере отырып, шетелде де қызмет атқарып, түрлі зерттеушілік жұмыстарына қатынасып, ғылыми жобалық жұмыстарды жүзеге асырып, өз дәрежелерін жоғары деңгейге көтеруге болатындығын жақсы түсінеді. Қазіргі таңда ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдерінің басты мәселесі оқушылардың шетел тілін оқуға деген қызығушылығын арттыру және тілді оқыту барысында оқушының сөздік қорын байыту арқылы тілін дамыту, игерген білімін жекелеген пәндермен байланыстыру болып табылады. ХХI ғасыр жаңа технологияларды игеру ғасыры. Сондықтан қазіргі күні шетел тілін жылдам әрі тиімді үйреніп алуға болады. Заман талабына сай қазақстандық әрбір азаматтың тілді қай жаста да иеруіне мүмкіндік жасалып отыр. Қазіргі таңда түрлі ағылшын тілін сатылай меңгертетін курстардың бар екендігі бәрімізге таныс. Сондықтан тілді меңгеруде еш қиындық туындамайтындығы анық. Тілді дамытуда атқарылатын жұмыстың ең негізгі түрі - сөздік жұмысын жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту көзделеді, оқушы ауыз екі сөйлей отырып есте сақтау дағдысы қалыптасатыны анық. Сөздік қоры бай адамның өз ойын қай салада да анық жеткізуге мүмкіндігі бар. Екінші бір тілді меңгеру сөз үйренуден басталады. Тіл үйрету дегеніміз- кез келген сөзді еш мағынасыз құрғақ жаттап алу емес, жаңа сөздің мағанасын түсініп, саналы түрде есте сақтау,жаттау, ауызша, жазбаша сөздерді дұрыс қолдана білу, сөздік қорды дамытып, сөйлеу сауаттылығын қалыптастыру, осы тілдің негізгі ережелерін сақтау болып табылады. Ал, оқушының саналы түрде есте сақтау үшін сабақта түрлі көрнекіліктер, кесте сөздердің ағылшын тіліндегі аудармасын айту, әдіс-тәсәлдердің түрлерін қолданып сабақты жүйелі, қызығушылықты оята отырып, пәнді екінші пәнмен сатылай байланыстыру, дұрыс баяндап, түсіндіру сияқты тәсілдерді қолдану қажет. Оқушылардың тілін дамытуда өткен сабақтарда үйренген сөздерді қайталап, жаңа сөздермен бірге ауызша, жазбаша сөйлем құрастыру аса маңызды, себебі оқушы қайталай отырып есте сақтау жүзеге асады. Оқушыларға жаңа сөздерді үйретуде төмендегідей әдістемелік саты сақталу керек:
* Жаңа сөздерді ести отырып дұрыс айтуға дағдыландыру. Сөздердің мағынасын түсініп есте сақтаумен бірге, дұрыс айтып үйренудің мәні зор.
* Заттың өзін көрсету арқылы меңгерту. Затты нақты көрсеткенде оқушының көру қабілеті арқылы сөздің мағынасын түсініп, есте сақтау мүмкіндігі артады. Физика пәнін ағылшынмен байланыстыруда түрлі демонстрациялық практикумдар жүрзізіп, өту барысын ағылшынша баяндау жүзеге асса оқушының есте сақтау дағдысы арта түседі.
* Жаңа сөзді ана тіліне аудару арқылы да білімді игертуге болады.
Физика пәнін ағылшын тілінде оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге, ғылыми жобалар мен зерттеушілік жұмыстарын жүргізуге құлшындырады. Қарапайым көрсетулер оқушыны өз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды. Сонымен қатар, алған білімі өмірге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгерілуі қажет екендігі оқушы санасына сіңіріледі. Ең бастысы оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қоры толығады, сөйлеу дағдысы қалыптасады. Оқушы өмір бойына оқушы болып қалмайтыны анық. Ол ер жетіп жоғары оқу орнында білім алып түрлі салада қызмет етеді. Техникалық білім алған оқушы өндірістік зауыттарда қызмет жасары анық. Қазіргі таңда техниканы меңгеру шетел тілінде жүргізіліпғ түрлі өндірістік машиналардың шетелден келіп жатқаны анық сондықтан ағылшын тілін мектеп қабырғасынан игеру үлкен жетістік екені анық. Сабақ барысында қосымша берілетін физика-техникалық терминдер сөздігі оқушының сөз қорын қалыптастыруда өз көмегін тигізеді деген сенімдеміз. Оқушыларды төменгі сыныптан бастап ағылшын тілінде оқыта отырып, олардың жүйелі ойлауына тиімді білім алып, өз білімін жоғары сыныптарда, жоғары оқу орындарында сабақты дұрыс игеруде пайдасы мол болатындығы анық.
Сонымен қатар оқушыларды 10-11 сыныпта физика пәнін ағылшын тілінде оқыту барысында мыналарды ескерген жөн:
1. Өз пәнін өте жақсы көру. Ағылшын тілінде сөздік қоры жеткілікті болу. Тілдің мүмкіндігі мен құдіретін көрсету, анықталған қиындықтардың шешу жолдарын жан- жақты талқылау;
2. Сабақты иерту барысында жағымды атмосфера орнату жылы қатынас пен достыққа баулу:
* Оқушының пәнді иерудегі жеке басындағы сенімсіздікті жоюға көмек беру;
* жеке дыбыстарды, сөзді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді, грамматикалық түрлерді дұрыс қолданбаған жағдайда оқушыны тоқтатпау, сөзін бөлмеу, қателіктеріне акцерт жасамау, керісінше дұрыс түсінуіне жағдай жасау, пән мұғалімі мен үнемі байланыс орнату;
* оқушының кез келген жауабын қабылдай отырып, баяндап түсіндіруде жіберген қателіктерін еш негізсіз кінәлауға болмайды, керісінше кішігірім қиындықтардан өткеннің өзінде қолдау жасау, енді үлкен жетістікке де жететініне сендіру, қолдау көрсету;
* оқушының қате жауабына ескерту жасамау, қатені түзеткен оқушының мәртебесі басқалардың алдында жоғары деген жалған пікір қалыптастырмау;
* тек қайталау әдісі арқылы қателерді жою, қиындықтардан өту.
Жаңа тақырып материалын игертуде тек жағымды үлгі арқылы ұсыну. Оқушының шығармашылық өсуіне және сенімділік жағдай орнату үшін көтеріңкі көңіл атмосферасын орнату, оқушы бойына сенімділік орнатып, өз ойын анық жеткізуге мүмкіндік жасайды. Оқушыға білімін баға үшін көрсетпей, керісінші осы алған білімін өмір сүру барысында тиімді қолдану деген ойды қалыптастыру керек. Сондықтан оқушыны төмен бағамен үрейлендірмеу керек. Тіпті керек болған жағдайда сабаққа сынып журналынсыз келіп, тек білім берудің жолын көздеу қажет. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту
Пән мен тіл туралы бастапқы білімдерін жандандыру
Пәнді шет тілі арқылы зерделеу
Кіріктірлген оқыту бағдарламасы
МЕКТЕПТЕ ХИМИЯНЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТӘЖІРИБЕЛІК ЗЕРТТЕУ
Білім беруді цифрландыру
Химия мен ағылшын тілі пәндерімен кіріктіре оқыту
Пәнді және тілді кіріктіріп оқытудың негізгі сипаттамалары
Үштілділік-заман талабы
Биология пәнін ағылшын тілінде оқытудың ерекшеліктері
Пәндер