Кәсіпкерлік [ дәрістер ]



«Кәсіпкер» үғымы 1723 жылы Париж қаласында жарық көрген «Жалпы сауда үғымдары» сөздігінде алғаш рет келтіріліп, «нақты бір объектіні салу немесе өндіру міндеттемесін өз мойнына алған тұлға» мағынасында қолданылды.
XVIII ғасырдың бас кезінде атақты ағылшын экономисі Ричард Кантильон осы мәселемен белсенді айналысып, кәсіпкерліктің алғашқы тұжырымдамасын (1725-1730 ж.ж.) жасады. Осы тұжырымдамада нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасында айырмашылықтың болуы нарықтық қатынастардың жекелеген субъектілеріне (кәсіпкерлерге) тауарды арзанға сатып алып, қымбатқа сатуына мүмкіндік береді деген тұжырымды ұстанды. Ғалым экономистің пікірінше, кәсіпкер -қабылдаған шешімдеріне толық жауап беретін және келешекті болжап, тәуекелге бара алатын ерекше қабілетке ие түлға дегенді білдірді.
Он жылдан кейін көрнекті ғалым Адам Смит кәсіпкерлік саласына өндіріс тұргысынан қызығушылық білдіріп, 1776 жылы жазған «Халық байлығының жаратылысы мен себебін зерттеу туралы» кітабында жер, еңбек және капитал секілді өндіріс факторларын қарас-тырып, кәсіпкерге «кәсіпорын иесі» деген анықтама берді.
1797 жылы француз ғалымы Карно Бодо кәсіпкердің кәсіпорынды басқаруға, үйымдастыруға, бақылауға және жоспарлауға әрі оган иелік етуге мүмкіндік беретін ой өрісі (интеллект) мен біліктілігі секілді қасиеттерін атап көрсетті.
1803 жылы Ж.Батист Сэй капитал түсімі мен кәсіпкерліктен алынатын табыс арасында айырмашы-лықтың бар екендігіне тоқталды. Саяси экономияның классикалың мектебі мен К.Маркс іліміне қарағанда, Ж.Б.Сэйде кәсіпкердің кәсіпкерлік табысңа қол жеткізу мақсатында өндіріс факторларын шаруашылық қызмет процесінде пайдаланып, оларды басқара білу қабілеті оның ең басты қасиеттерінің бірі ретінде қарастырылды. Сэйдің пікірінше, нағыз шебер кәсіпкер бизнес саласын жетік білу, төлем төлеу, несиені қайтару, нарықтағы жағдайды дәл бағалау және кәсіпорынды басқару қабілеттері мен жоғары адамгершілік ңасиеті арңылы өндірісті үйымдастыра білуі қажет.
Сонымен қатар, кәсіпкерлікті кәсіби менеджмент (аса шеберлікпен басңару ғылымы - 1890 ж.) түрғысынан қарастырған Альфред Маршаллдың көзқарасын да атап өтуге болады. Маршалл алғаш рет басшы (менеджер) мен кәсіпкер арасында айырмашылықтың бар екендігін және кәсіпкердің жауапкершілігі мен өкілеттілігінің тым жоғары болатындығын алға тартты. Оның айтуынша, идеал кәсіпкер - бизнес жолына аяқ басңан көптеген кәсіпкерлерге ңарағанда бойында жағымды қасиеттері көп және капитал мен еңбек күшінің қозғалысын реттейтін әрі жан-жақты талқыланған нақты іс-шаралар бағдарламасы мен жоспарын дайындай білу қабілетіне ие тұлға болуы қажет.
Кәсіпкерлік теориясының дамуына Йозеф Шумпетер үлкен үлес қосты (1910 ж.). Ол «Іскерлік белсенділіктің циклдері» атты еңбегінде кәсіпкердің жаңалық енгізу (инновацияльқ) қызметі экономикалық дамудың, яғни құрылымдық өзгерістер циклінің қозғаушы күші деген гипотезаны ұстанады. Оның пікірінше, кәсіпкерлік қызмет - қызмет

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
[gl]Тақырып 1. КІРІСПЕ[:]

Дәріс жоспары (1 сағат)

1. Кәсіпкерлік теорияның даму тарихы
2. Туризмдегі кәсіпкерлік қызмет субъектілері мен объектілері
3. Кәсіпкерлік құрылымның жіктелуі мен кәсіпкерлік формалары..
Дәріс мақсаты: кәсіпкерлік теориясының даму тарихын меңгеру
Нысанды сөздер: кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қызмет, шағын бизнес,
кәсіпкерлік субъектісі мен объектісі
Әдебиет: 1, 4, 6, 7, 8, 17

1. Кәсіпкерлік теорияның даму тарихы

Кәсіпкер үғымы 1723 жылы Париж қаласында жарық көрген Жалпы сауда
үғымдары сөздігінде алғаш рет келтіріліп, нақты бір объектіні салу немесе
өндіру міндеттемесін өз мойнына алған тұлға мағынасында қолданылды.
XVIII ғасырдың бас кезінде атақты ағылшын экономисі Ричард Кантильон осы
мәселемен белсенді айналысып, кәсіпкерліктің алғашқы тұжырымдамасын (1725-
1730 ж.ж.) жасады. Осы тұжырымдамада нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасында
айырмашылықтың болуы нарықтық қатынастардың жекелеген субъектілеріне
(кәсіпкерлерге) тауарды арзанға сатып алып, қымбатқа сатуына мүмкіндік
береді деген тұжырымды ұстанды. Ғалым экономистің пікірінше, кәсіпкер
-қабылдаған шешімдеріне толық жауап беретін және келешекті болжап,
тәуекелге бара алатын ерекше қабілетке ие түлға дегенді білдірді.
Он жылдан кейін көрнекті ғалым Адам Смит кәсіпкерлік саласына өндіріс
тұргысынан қызығушылық білдіріп, 1776 жылы жазған Халық байлығының
жаратылысы мен себебін зерттеу туралы кітабында жер, еңбек және капитал
секілді өндіріс факторларын қарас-тырып, кәсіпкерге кәсіпорын иесі деген
анықтама берді.
1797 жылы француз ғалымы Карно Бодо кәсіпкердің кәсіпорынды басқаруға,
үйымдастыруға, бақылауға және жоспарлауға әрі оган иелік етуге мүмкіндік
беретін ой өрісі (интеллект) мен біліктілігі секілді қасиеттерін атап
көрсетті.
1803 жылы Ж.Батист Сэй капитал түсімі мен кәсіпкерліктен алынатын
табыс арасында айырмашы-лықтың бар екендігіне тоқталды. Саяси экономияның
классикалың мектебі мен К.Маркс іліміне қарағанда, Ж.Б.Сэйде кәсіпкердің
кәсіпкерлік табысңа қол жеткізу мақсатында өндіріс факторларын шаруашылық
қызмет процесінде пайдаланып, оларды басқара білу қабілеті оның ең басты
қасиеттерінің бірі ретінде қарастырылды. Сэйдің пікірінше, нағыз шебер
кәсіпкер бизнес саласын жетік білу, төлем төлеу, несиені қайтару, нарықтағы
жағдайды дәл бағалау және кәсіпорынды басқару қабілеттері мен жоғары
адамгершілік ңасиеті арңылы өндірісті үйымдастыра білуі қажет.
Сонымен қатар, кәсіпкерлікті кәсіби менеджмент (аса шеберлікпен
басңару ғылымы - 1890 ж.) түрғысынан қарастырған Альфред Маршаллдың
көзқарасын да атап өтуге болады. Маршалл алғаш рет басшы (менеджер) мен
кәсіпкер арасында айырмашылықтың бар екендігін және кәсіпкердің
жауапкершілігі мен өкілеттілігінің тым жоғары болатындығын алға тартты.
Оның айтуынша, идеал кәсіпкер - бизнес жолына аяқ басңан көптеген
кәсіпкерлерге ңарағанда бойында жағымды қасиеттері көп және капитал мен
еңбек күшінің қозғалысын реттейтін әрі жан-жақты талқыланған нақты іс-
шаралар бағдарламасы мен жоспарын дайындай білу қабілетіне ие тұлға болуы
қажет.
Кәсіпкерлік теориясының дамуына Йозеф Шумпетер үлкен үлес қосты (1910 ж.).
Ол Іскерлік белсенділіктің циклдері атты еңбегінде кәсіпкердің жаңалық
енгізу (инновацияльқ) қызметі экономикалық дамудың, яғни құрылымдық
өзгерістер циклінің қозғаушы күші деген гипотезаны ұстанады. Оның
пікірінше, кәсіпкерлік қызмет - қызмет те, мамандық та емес, ол кәсіпкердің
бойында сирек кездесетін және оған тәуекелге бел буа отырып, нарыққа
жаңалықтар енгізуге мүмкіндік беретін қабілет болып табылады.
Отандық экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік теориясы әлі жете қарастырыла
қоймады. Мұны батыс елдерінде жаңашыл-кәсіпкер қызметінің еңбек және
капитал секілді негізгі ресурстарға қарағанда еңбек өнімділігі мен
экономикалың дамуға тек жанама түрде ықпал ететін дербес те тәуелсіз
көрсеткіш ретінде сипатталуы-мен түсіндіруге болады. Сондай-ақ, бүған ел
экономикасының ұзақ уақыт бойы өндірісті ірілендіру мен монополияландыру
деңгейін арттыру бағытын ұстанғандығы да өз әсерін тигізді.
Шағын өндірістерде шоғырлану мен орталықтандыру үрдісі өте төмен
деңгейде жүзеге асатындықтан, олардың тиімділігі де өте төмен болады деген
догманы негізге алу нәтижесінде шагын өндірістерге теориялық тұрғыдан аса
көп мән берілмеді.
Бүгінгі таңда, әлемнің 75 елінде кәсіпкерліктің әр түрлі 50-ден астам
анықтамасы айтылуда. Бүл анықтамалар осы елдердің, тіпті ел ішіндегі
аймақтардың, са-лалардың және қызмет түрлерінің ерекшеліктеріне қарай
түрліше қолданылуда. Әр анықтама іс жүзіндегі қажеттіліктерге қарай
шығарылып, нақты мақсатқа жетуде көмекші құрал ретінде пайдаланылуда. Яғни,
бұдан шағын кәсіпорындардың тұрақты бір анықтама-сының жоқ екендігін көруге
болады.
Ресей экономисі В.Савченко өз еңбегінде: Кәсіпкерлік бизнестің
ерекше түрі. Оның мақсаты - жалпы пайда табумен шектелмей, шамадан тыс
пайдаға, кәсіпкерлік табысқа қол жеткізу болып табылады. Кәсіпкерлік табыс
кәсіпкердің жаңалық енгізу тәуекеліне бара отырып, өндіріс факторларын
оңтайлы түрде үйлестіруге бар қабілетін жұмылдыру нәтижесінде алынатын өнім
ретінде сипатталады. Кәсіпкер басқаларга қарағанда көп пайда табу мақсатын
да біле тұра тәуекелге жүгінеді. А.Агеевтің пікірінше, кәсіпкерлік қызмет
экономикалық құбылыс ретінде ұйымдық-шаруашылық үрдістегі жаңашылдық пен
экономикалық еркіндік секілді өзара байланысқан екі жағдай туындағанда ғана
жүзеге асады. Оның бірқатар ерекшеліктері (тәуекелге бару, шешім қабылдау,
ресурстарға иелік ету, басқару және т.б.) не туынды не еркін немесе
толықтырушы сипатта болады .
Шағын кәсіпкерлік саласы өндіріс қызметінің көптеген түрлерін
қамтитындықтан, аталмыш ұғымның қан-дай да бір жүйелі анықтамасын жасауға
кедергі жасай-ды. Оның үстіне, шағын кәсіпкерлік жөніндегі ресми
анықтамалар мен қолданыстағы терминология арасын-да айырмашылықтың болуы
осы мәселені одан сайын күрделендіре түседі. Көптеген ғылыми-зерттеулердің
авторлары жұмысшы саны немесе салынған капиталдың көлемі секілді
көрсеткіштерге негізделе отырып, осы салаға қатысты аз да болса еркін
анықтаманы ұсынады. Бред форд университетінің профессоры П. Бэклидің ай-
туынша, шағын бизнеске қатысты анықтамалар авторға және контекске қарай
ерекшеленіп отырады. Олардың бәсекеге қабілетті экономикалық құрылымды
қалыптас-тырудың және экономикалық өсуді қамтамасыз етудің тұрақты құралы
ретінде қызмет атқарады. Й.Шумпетер инновация үғымына терең де мағыналы
анықтама бере отырып, оның құрамына техникалық жаңалықтар-мен қоса,
ұйымдастыру, басқару және маркетингтік ша-раларды жүргізу процесіндегі,
қаржы саласындағы, жаңа нарықтарды, жаңа жабдықтау көздерін және жаңа
ресурстар байланысын табу жолындағы жаңалықтарды енгізеді.
Кейінірек, шағын фирмалардың жасағыш-бүлдіргіш немесе құрғыш-бұзғыш
инновациялық рөлін эмпири-калық түрғыдан зерттеу мәселесін Д. Берч (1980
жыл-дар) қолға алып, инновацияның екі жақты қызметін анықтап берді. Оның
пікірінше, инновация нарықтық тепе-теңдікті құру үшін - бүзғыш; ал,
өндірушінің эко-номикалық белсенділігі мен табысын арттыру және жаңа
сұранысты қалыптастыру үшін - жасағыш қызметін ат-қарады.
Б.Кирхгоф (1990 жылдар) фирмаларды сыныптау кезінде инновацияның
аталмыш қызметтерін есепке ала отырып, фирмалардың мынадай 4 түрін атап
көрсетеді: негізгі (өзекті), атаққұмар (ambitions), тиімді
(glamorous) және қиыншылыққ ұшыраған (contained). Бұлардың арасында
екінші және үшінші түрдегі фирмалар нағыз жасағыш-бүлдіргіш сипатқа ие
фирмалар деп есептеледі.
Ғалымдар арасында туындаған көптеген пікірталастардың негізгі де
қызықты тақырыбын фирманың ауқымы (өлшемі) мен инновациялық белсенділігі
арасындағы байланыстылық дәрежесі қүрайды. Мысалы, 80-жылдардың орта
шенінде инновациялық белсенділік ком-панияның ауқымына жағымды әсер етеді
деп есептелді (Л.Соэте). Мұндай тұжырымды Й.Шумпетер де ұстанды. Кейіннен
мұндай ұстанымдар мен көзқарастар өзгеріске үшырап, кәсіпорынның ауқымы мен
инновациялық белсенділігі арасында іскерлік белсенділік циклінің фазасына
тәуелді болатын динамикалық байланыс бар деген пікір туындады
(Р.Каплинский). Мысалы, автомат-тандырылған даму жүйесінде 50-жылдары -
ірі, 60-жыл-дардың соңында - шағын, 70-жылдардың ортасында -орта, ал 80-
жылдардың бас кезінде - қайтадан шағын кәсіпорындардың инновациялық
белсенділігі жоғары деңгейде болды. Осы арада, инновациялың үрдіс барысын-
да нарықтағы кеңінен тұтынылатын жаңа тауарлардың 40%, өндірістік мақсатта
пайдаланылатын жаңа тауар-лардың 20% және жаңа қызметтердің 18%-ға дейінгі
мөлшері сәтсіздікке ұшырайтындығына қарамастан, шағын кәсіпорындардың ескі
технологияны жаңасымен ауыстыруға деген инновациялық белсенділігі бірінші
болып оянатындығын айта кеткен жөн.
А.Тюнен кәсіпкерді аса маңызды шешімдерді қабыл-дау, тәуекелге бел
буу, күтпеген жерден табыс табу және өзінің іс-әрекетіне жауап беру
қабілеті жоғары әрі ерек-ше қасиеттерге ие түлға ретінде сипаттады.
Ф.Найт (1921 ж.) А.Тюненнің көзқарасын одан әрі
дамытып, тәуекел (риск) белгісіздік секілді ұғымдарға кеңінен тоқталды.
Найт осы ұғымдардың нақты да мәнді анықтамасын жасап, кәсіпкердің
келешектің белгісіз болғандығына қарамастан, өндірісті дамыту мен
айырбастаудың негізгі көрсеткіштерін дәл тауып , қосымша кіріс табуға
мүмкіндігі бар екендігін және күтілген (жоспарланған) аңшалай кіріс пен
оның нақты қол жеткізілген мөлшері арасындағы айырмашылықтың кәсіпкерлік
табысты құрайтынын айқындап берді. Сонымен қатар, кәсіпкердің негізгі
қызметтерін жалпылама суреттей отырып, бақылау мен жоспарлау қызметіне баса
назар аударды.
1961 жылы Гарвард университетінен Давид К. Мак-клелланд: Кәсіпкер 1)
жаңалық енгізу, 2) тәуекелге бел буу, 3) өзіне-өзі сену, 4) мақсатқа жетуде
табандылық таныту, 5) мақсатты айқын құру, 6) жауапкершілікті сезіну
секілді 6 қасиетке ие болғанда ғана ірі табысқа қол жеткізеді деген
пікірді үсынды.
Кәсіпкерлік қызметтің жағымды жаңтары туралы алғаш рет Питер Друкер
(1964 ж.) кеңінен мәлімет берді.

2. Туризмдегі кәсіпкерлік қызмет субъектілері мен объектілері

Туризм саласындағы кәсіпкерлікті жүзеге асыруда мемлекет:
1) кәсіпкерлік және туризм саласында біркелкі мемлекеттік саясатты
ұйымдастыруға және іске асыруға қатысу, осы салада жергілікті мемлекеттік
органдардың қызметін үйлестіру, қоғамдық ұйымдармен және басқа да
мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдармен өзара іс-қимыл жасау;
2) бағдарламалардағы құжаттарда анықталған басымдық бағытқа сәйкес
кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іріктеу және бағалауға қатысу;
3) кәсіпкерлікті қолдауды және дамытуды ұйымдастыру қызметтерін жетілдіру,
кәсіпкерлікті дамытуда жанды нысандарды енгізуге көмектесу, бөлек санатты
кәсіпкерлерге арнайы бағдарламалар мен жобалар әзірлеу;
4) кәсiпкерлiк пен туризмдi қолдауға және дамытуға, индустриалдық-
инновациялық даму мәселелерiн қорғауға бағытталған заңдардың және
нормативтiк актiлердiң жобасына ұсыныстар әзiрлеуге қатынасу;
5) кәсіпкерлік инфроқұрылымының ұйымдастыруына және орнығуына көмек
көрсету, консультативтік, ақпараттық, техникалық, қаржылық және басқа да
салалармен қызмет көрсету;
6) кәсіпкерлік  субъектілерінің  қызметін  көрсетуге  бұқаралық ақпарат
құралдарымен іс-қимыл жасау,  ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қорын,
кәсіпкерлерге  ақпараттық  қызмет  көрсету  жүйесін,  оған қоса
нормативтік, статистикалық,   ғылыми - әдістемелік,    конъюнктуралық   
және    басқа құжаттарды құру және дамыту;
7) кәсіпкерлікті ќолдау туралы зањ мєселелері бойынша белгіленген тәртіппен
азаматтарды жеке ќабылдау, өтініштері, шаѓымдары және хаттарын ќарап,
кәсіпкерлік субъектілердің халыќ арасындағы аќпараттыќ-түсіндірме
жұмыстарын жүргізеді;
8) инновациялық қызметті дамыту мен ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарға қатысу
(аудандық экономикасын дамыту мен пайда болу әдістерін, ғылыми-техникалық
зоналар мен басқа да құрылымдар технопарктер, бизнес-инкубаторлар);
9) жергілікті бюджеттің есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың
тізіміне ұсыныстар қалыптастыру, оларды іріктеу және жылжыту;
10) шаруашылық субъектілеріне инвестициялық жобаларды дайындауда ақпараттық
және консультациялық көмек көрсету;
11) жетекшілік ететін өндірістік қызмет салаларында, инвестициялық және
инновациялық жобалар, оның ішінде осы салаларда қалыптасатын, ұйымдардың
технологиялық жағдайы деңгейіне мониторингі өткізу;
12) тауарлар мен қызмет көрсетуге арналған бағалар деңгейін және тауар
айналымының  бөлшек сауда көлеміне талдау жүргізу;
13) тұтыну рыногінің дамуын және сауда жөніндегі мәселелерін мемлекеттік
өкілетті органдармен, кәсіпорындарымен және ұйымдарымен өзара іс-қимыл
жасайды;
14) мемлекеттік      және      аймаќтыќ      бағдарламалар,      Қазақстан
Республикасы     Президенті    мен    Қазақстан     Республикасы    
Үкіметінің жарлықтары, өз құзыретіндегі мәселелер бойынша әкімият
ќаулылары, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындау жөніндегі
есептерді даярлау және бақылау жүзеге асырады;
15) өнеркәсіп, кәсіпкерлік және туризм салаларын дамыту үшін сыртқы және
ішкі инвестицияды тартуға ықпал жасайды;
16) тендерлер өткізуге қатысады, сонымен қатар өз құзыреті шеңберінде
дербес конкурстар өткізеді;
17) әкімгерлер болып табылатын бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып
алулар шегіндегі қаржы қаражатын қолдануды ќамтамасыз етеді;
18) бөлiм қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, даярлау және қайта
даярлауды ұйымдастырады;
19) конкурстық комиссияларға қатысуы, тексеру және сараптау жүргізу үшін
олардың басшыларымен келісе отырып, кәсіпорындар, ұйымдар, қоғамдық
қалыптастыру салаларының мамандарын тартады;
20) мемлекеттік өкімет органдары, статистика органдары, ұйымдар, мекемелер
және кәсіпорындарға сай келетін Бөлiмге жүктелген  ақпараттық міндеттерді
орындау үшін өз құдыреті шегінде тыйым сала алады және алады;
21) қосымша жұмыс орындарын құру, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану және
дамыту жөніндегі іс шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
22) ауданның жетістіктері мен инвестициялық мүмкіндіктерін түсіндіру және
насихаттауда мүдделі мемлекеттік органдармен бірігіп саммиттер, форумдар,
семинарлар, тұсау кесерлер, конференциялар және басқа іс шаралар
ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;

3. Кәсіпкерлік құрылымның жіктелуі мен кәсіпкерлік формалары.

Қазіргі кезде жеке кәсіпкерлік республикада шағын бизнесті
ұйымдастырудың өте кең таралған нысаны. Кәсіпкер тіркелу және басқа
үйымдастыру мәселелерімен байланысты артық қиындықсыз-ақ кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыруға құқық беретін патент негізінде заңды тұлға құрмаса
да өзінің бизнесін еркін жүргізе алады. Сонымен қатар кәсіпкердің
жауапкершілік дәрежесі шектеусіз болады, яғни қажет болган жағдайда
кәсіпкер өзінің барлық мүлкіне несие ұйымдары алдында жауапкершілікте
болады.
Кәсіпкерліктің бүл нысаны өзіндік артықшылықтарға ие болғанымен де
(тіркеудің жеңіл процедурасы, жеңілдетілген ұйымдастыру құрылымы, бизнеске
кәсіпкердің толық бақылау жасауы және т.б.), жеке бизнестің имманенттік
кері жақтарын есепке алу өте маңызды. Біріншіден, жаңа шағын кәсіпорынды
құрумен қатар жүретін жоғары тәуекелділікті әрқашан еске алу қажет. Сыртқы
және ішкі факторлардың ықпалы, басқарушының білімдарлығы, алдын ала
болжамданбаған жағдай және тағы басқа кәсіпкерлік тәуекелділікті
төмендетеді де, жоғарылатады да. Екіншіден, кәсіпкердің өзінің қызметінің
нәтижелеріне шектеусіз жауапкершілікте болуы, егер кәсіпорын қаржылық
қиындықтарға ұшыраған жағдайда кері әсер беруі мүмкін және кредиторлар
алдында тек бастапқы инвестициямен, жеке жинақтармен ғана емес, сонымен
бірге туысқандардың, достардың, банктердің қаржысымен есептесуге тура
келеді.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама
түрінде қарастыру жиі кездеседі.  Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар
болғанымен, оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. 
Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік
(предпринимательство) – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш.
Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола
алмайды.  Экономикалық ғылымда кәсіпкерлік қабілеттілік деген ұғым бар.
Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу
қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе
бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш
қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен,
коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау
қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне
қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады.
Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе
қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі.
Кәсіпкерлік – бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа
ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас
ұрады.  Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да
экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады.
Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік
қызмет термині қолданылады. 
Қазақстан Республикасы Президентінің Шаруашылық серіктестігі жайлы
және Мемлекеттік кәсіпорын туралы Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет
шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін: -
жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді; - толық, барлық мүлікке
ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі; - жауапкершілігі шектелген, салынған
салым құны шеңберінің  жауапкершілігі жүктеледі; - коммандитті, аралас
жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және біреудің салынған салымымен); -
қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен
қосымша жауапкершілік мойнына алынады; - өндіріс және тұтыну
кооперативтері; - консорциумдар; - акционерлік қоғамдар.
  Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі, шаруашылықты
жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі – оперативті басқару құқығына
негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады:
таза мемлекеттік – толық шаруашылық есеп, қазыналық – толық емес шаруашылық
есеп.  Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі
болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай кәсіпорын мен фирма
ұғымдарын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы
бар: фирма термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен
өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін
процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында
кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда:
ол барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық
және құқықтық тұрғыдан дараланған.

Кәсіпкерлік термині эволюциясының түрлі келістері

Ғалымның аты жөні, еңбегінің Өңделген теорияның негізгі тұстары
шыққан жылы
1 2
Ричард Кантиллион (1725 г.) - Кәсіпкер -өзіне жұмыс жағдайын жасайтын
адам
- Кәсіпкер -тәуекелділік пен күмәнді
жағдайларда жұмысын жүргізеді
- Кәсіпкер -рынок талаптарына бейімделуі
тиіс
Николас Бауде (1767 г.) - Кәсіпкер - бұл ең алдымен инновациялы
менеджер
- меншік иегері мен кәсіпкердің
айырмашылығы бар
- кәсіпкерлерді арнайы оқытып, қолдау керек
Жан Батист Сэй (1810 г.) - кәсіпкерлік еңбек – еңбек, жер,
капиталмен қатар өндіріс факторы
- кәсіпкерлер нақты моралды және кәсіби
білімге ие болулары тиіс
- кәсіпкер күмәнді жағдацда жұмыс істейді
және кәсіпорын алдында тұрған қиындықтардан
өтуге мәжбүр.
Карл Менджер (1871 г.) - кәсіпкер шешім қабылдауды төрт кезеңді
ұстануы тиіс: ақпаратты жинау, экономикалық
есептеу, өнімді таңдау және өндірістік
жоспардың орындалуын басқару
Альфред Маршалл (1890 г.) - кәсіпкер мен менеджердің қызметтерінде
айырмашылықтар бар, сол себептен оларға
қойылатын талаптар әртүрлі
- кәсіпкердің міндеті – еңбек, капиталды
қозғалысқа салып, жоспар құрып оның
орындалуын ұйымдастыру
Джозеф Шумпетер (1910 г.) - кәсіпкер мәні өндіріс күштерін жаңалай
ұйымдастыру
- кәсіпкер қызметінің бағыттары:
Жаңа өнімдер мен қызмет көрсетулер,
өндірістің жаңа әдістері, өткізудің жаңа
рыноктары, қамтамасыз етудің жаңа жолдары,
ұйымдастырудың жаңа формалары
- кәсіпкер әлеуметті экономикалық жаңашыл
адам
- кәсіпкер өз еңбегімен пайданың жаңа түрін
жасайды: кәсіпкерлік кіріс
Франк Найт (1921 г.) - кәсіпкер капитал иегері болуы тиіс
- кәсіпкердің негізгі қызметтері
ұйымдастыру мен бақылау
Давид Макклеланд (1961 г.) - кәсіпкер келес сипаттарға ие болуы тиіс:
тәуекелге бару, болашақты болжау, қарқынды
жұмыс істеу
Питер Друкер (1964 г.) - пайда алу мүмкіндіктерін жолдарын
қарастырады
- кәсіпкер міндеті ресурстарды тиімділігі
төменнен ортадан тиімділігі жоғары ортаға
ауыстыру
Харви Либенстейн (1978 г.) - кәсіпкер рыноктың қилы жағдайларында
жұмыс істеуге қабілетті болуы тиіс

Кәсіпкерлік қызметтің аясын жіктеу

Сұрақтар:
1. Кәсіпкерліктің даму эволюциясы
2. Кәсіпкерлік құрылымның жіктелуі мен кәсіпкерлік формалары[kgl]

        
[gl] Тақырып 2. ТУРИЗМНІҢ ІСКЕРЛІК АЯСЫНЫҢ КОМПОНЕНТТЕРІНІҢ МАЗМҰНЫ МЕН
ҚҰРЫЛЫМЫ[:]

Дәріс жоспары (1 сағат)
1. Туризмнің іскерлік ортасын талдау: өткізу концепциясы, маркетингтік
концепция
2. Іскерлік сапа концепциясы
Әдебиеттер: 1, 3, 12, 14, 16, 18
Дәріс тақырыбы: туризмнің іскерлік ортасын талдау, оның мағынасын түсіну
Нысанды сөздер: іскерлік орта, шаруашылық орта, өткізу концепциясы,
маркетингтік концепция

1. Туризмнің іскерлік ортасын талдау: өткізу концепциясы, маркетингтік
концепция
Іскерлік орта ұйымды ресурстармен қамтамасыз етуші қайнар көз болып
табылады, яғни оның ішкі мүмкіндіктерін тиесілі деңгейде ұстап тұру
маңызды. Әрбір ұйым құлдырап кетпес үшін, іскерлік ортамен үнемі қарым-
қатынаста болуы керек. Бірақ іскерлік ортаның ресурстары шексіз емес. Және
де сол іскерлік ортада қызмет ететін ұйымдар арасында ресурстар алуда үлкен
бәсекелестік орын алады. Сондықтан ұйымның қажетті ресурстарды ала алмай
қалу мүмкіндігі де бар. Мұндай жағдай оның мүмкіндіктерін шектеп,
әлсіздетіп, көптеген жағымсыз жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін. Басқарудың
мақсаты ұйымды іскерлік ортамен ара-қатынасын қамтамасыз ету, яғни, ұйымның
мүмкіндіктерін жоғары дәрежеде ұстау, оның өз мақсаттарына жету, сонымен
қатар ұзақ мерзімде қызмет жасауға мүмкіндік беру.
Іскерлік орта – ішкі ортаның құрамдық бөлігі болып табылады, оған
жеткізушілер, тұтынушылар, бәсекелестер, қаржылық ұйымдар мен билік
органдары жатады. Іскерлік орта ұйымның шаруашылық қызметі кезінде пайда
болып, уақыт өте бере өзгеріп отырады.
Егер ұйым өз стратегиясын, қызмет аясын, өндіретін тауарын, т.б.
өзгертетін болса, онда іскерлік орта да соған сәйкес өзгереді.
Іскерлік ортаның 4 негізгі мінездемесі бар:
1. іскерлік орта факторларының байланысы – бұл күш деңгейі, яғни бір
фактордың өзгеруі екінші факторға әсер етеді;
2. іскерлік ортаның күрделілігі – факторлар саны және әртүрлілігі,
ұйымға елеулі түрде әсер етеді;
3. ортаның жылжымалдылығы – бұл жылдамдық, яғни ұйымның қоршаған
ортасында болатын өзгерістер;
4. іскерлік ортаның анықталмағандылығы ақпарат көлемінің функциясы
болып табылады, мұнда ұйымды факторға , яғни сол ақпаратқа
сенімді болу функциясы.
Іскерлік ортаның маңызды компоненттері болып табылады:
- заңнамалық база;
- нормативтік актілердің заңдық жүйесі;
- стандартизациялық жүйе;
- нормативтік – методикалық қамтамасыз кәсіпорынның ішкі қызметі
ұйымдық – басқарушылық құжаттамасының кешенді түрінде болады;
- іскерлік қатынас дәстүрі, яғни, кәсіпкерлік тәжірибеде кең тараған,
заңмен бекітілмеген, сондай-ақ, кейбір құжаттарда көрсетілмеген
қызмет жүргізу ережелері.
Маркетингтік концепция.
Жалпылай алғанда концепция көзқарас жүйесі түсінігі ретінде
қабылданады. Ұйымның процесінде және белгілі бір қызметті жүзеге
асырудағы кез келген ұсынатын амалдар.
Маркетинг концепциясы кәсіпорынның жоспарланған немесе жасалынып
жатқан стратегиялық анализ негізінді жүзеге асуы тиіс. Маркетинг
концепциясын жасау негізінде бірнеше сатыдан тұрады:
- ішкі және сыртқы ортаның стратегиялық талдауын жүзеге асыру
- кәсіпорынның маркетингтік қызметінің мақсатын және кәсіпкерлік
мақсатын айқындау
- маркетингтік стратегияның негізделуі
- жоспарланған жетістіктерге жету үшін маркентингтік қызметте
құралдарды таңдау.
Маркетинг концепциясының өзгеруі нарықтық ортадағы сатушы, сатып алушы
және мемлекет сияқты субъектілердің жағдайы, олардың ара-қатынасымен
анықталады.
Әлемдік ғылым және маркетинг аясындағы практика және де кәсіпкерлік
маркетинг эволюциясындағы бірнеше концепцияны анықтаған. Олар: өндірістік,
тауарлық, өткізу, салттық маркетинг, әлеуметтік-этикалық маркетинг және ара-
қатынас маркетингі.
Ф.Котлердің түсінігі бойынша ұзақ мерзімді өткізу концепциясының
ерекшелігін келесідей көрсеткен:
- көптеген сатып алушылар өз қызығушылықтарын қорғай аламыз деп
ойлайды;
- сатып алушы өзі сатып алған тауарға қанағаттанбайды, бірақ кейіннен
оны ұмытып кетеді;
- сатып алған тауар ұнамаған жағдайда, сатып алушылар басқа сатып
алушылармен ол туралы бөліспейді;
- сатып алған тауары ұнамаған жағдайда сатып алушы өз арызымен оның
қызығушылығын қорғайтын қоғамға бармайды;
- потенциалды сатып алушылар әрдайым коп болады.
Маркетинг концепциясы – бұл тікелей тұтынушыға бағытталған, шектеу
комплексіне тіркелген, нарық қажеттіліктерін қанағаттандыруға негізделген.
Маркетинг концепциясы міндетті:
- сатуға болатын затты ғана өндіру немесе өндіруге болатын затты ғана
сату;
- өз тауарыңды емес, тұтынушыны жаксы көру;
- тауарды сатпау, қажеттілікті қанағаттандыру;
- өндірістік күшті емес, нарық қажеттіліктерін және оны қанағаттандыру
үшін жоспар жасап, зерттеу;
- мақсаттырды, тұтынушы қажеттілігін және кәсіпорынның ресурстық
мүмкіндігін шаралау;
- тұтынушының мінез-құлқына және құрылымдық өзгеруіне бейімделу;
- бәсекелестік қабілетті бағалау, мемлекеттік саралау және өзге де
кәсіпорынға іштей әсер ететін жағдайларды бағалау;
- ұзақ мерзімдік қызметке бейімделу, тұтынушының қажеттілігін кең түрде
бақылап, зерттеу.
Маркетинг комплексінің элементтері. 1978ж. Мак Карти өз концепциясын
ұсынды, яғни, баға, өнім, орын (өткізу орындары).
Содан кейін бұл концепцияны көптеген авторлар ары қарай дамытуға
тырысты. 1981ж. Буме және Битнер жоғарыда көрсетілген 4 концепцияны
өндірістік сфераға сәйкес келетіндігін дәлелдеуге тырысты, ал қызмет аясына
сәйкес тағы да 3 концепцияны қосу керек деп санады, яғни, ол – адамдар,
физикалық белгі және процесс.
Өнім. Туризм аясында жаңа өнімді дайындаумен сәтті айналысатын
туристтік компаниялар, олар өнімді дайындау үшін формальды процедура
орнатқан, нақтылай айтсақ, ол үлкен корпорациялар, оларда туристтік өнімді
өндіруге арналған жүйелік бағдарламалар бар.
Жаңа өнімді өңдеу бірнеше сатыдан тұрады. Алдымен компания туристтік
өнімді өңдеуде өзінің стратегиялық жоспарын жасайды, яғни ол өзіне қажетті
инновациялық өнімді кіргізеді, және де ресурстарды өнім өндіруге тиімді
жұмсау.
Туристтік өнімді дайындаудың келесі сатысы – ол бизнес-талдау, мұнда
бастапқы және қайталанған сатылымдарды болжайды, бағаларды және
ұсынымдарда жоспарлайды. Содан соң өнім дайындалады, әр өнім сапа тексеріс
сынағынан өтеді. Бұл саты ұзақ уақытты, күшті талап етеді және өте бағалы.
Баға белгілеу. Туризм аясында баға белгілеу – бұл кешенді шара, өнімнің
түрлілігіне негізделген, индустриядағы жоғары деңгейлі бәсекелестік және
болашақ сұраныстың нақты бағасы. Түристтік индустрияда баға белгілеу
саясаты бірнеше фактормен айқындалады. Төменде олардың түрлері келтірілген:
Қосымша шығындар – бұл баға қалыптасу методикасы, ол өнімді дайындау
және нарыққа ұсыну үшін шығындарды жапқаннан кейін шығындарға қосылатын
белгілі бір пайыз мөлшерімен бекітіледі. Бұл методика өте қарапайым және
оның өз кемшіліктері де бар. Ол қонақүй кешені бизнесында үнемі жоғары
шығындардардың болуына байланысты, бәсекелестер ұсынған баға мен сұранысты
есептемейді.
Рентабельділік нормасы. Бұл методика тікелей қаржылық талдаумен
байланысты, яғни, туристтік фирмалар салынған инвестицияны қайта жаңғырту
үшін қалай қызмет жасап жатқанын анықтайды
Қайта бағалау – бұл методика өнімнің нарықтық бағасы мен жоспарланған
пайдасына негізделген. Осы методиканың көмегімен компания өнімге кететін
компоненттердің шығынын төмендетуге тырысады. Сондай-ақ, өніммен қызмет
сапасын, ассортиментін нығайтады.
Дискриминациялық бағалау. Бұл методика нарық сұранысын зерттейді,
уақыт, орын, өнңм түрі мен көлеміне сәйкес баға өзгеруін ұсынады.
Қозғалыс. Жылжу – маркетинг компоненттерінің бірі болып табылады,
сондықтан туристтік фирма немес туристтік ұйымдар өнімді сату кімге тәуелді
болса, соларға осы методика арқылы әсер етуге тырысады. Ол өзіне негізгі 4
элементті кіргізеді:
Жарнама – көптеген мақсаттарға жету үшін қолданылатын форма, Жарнама –
ол журнал, газеттер, т.б. ақпарат көздері арқылы сөйлесудің ақылы қызметі,
яғни, өнім және демеушіні таныту, ұсыну.
Ұжымдық сату. Бұл методика негізі сатушы мен сатып алушы арасында "тет-
а-тет" немесе телефон арқылы сұхбаттасуды зерделейді.
Өткізу. Туризм аясында компания сатып алушыларды тарту үшін бірнеше
амалдар қолданады.

2. Іскерлік сапа концепциясы

Кәсіпкерлік орта – бұл қоғамдық жағдайлар, мұнда кәсіпкерлік
қалыптасады және кәсіпорын көрсеткішіне әсерін тигізеді. Оның шарттары:
- экономикалық шарттар – туристтік тауарлардың ақиқаттық ұсынымы, және
оның төлемқабілеттілік сұранымы.
- әлеуметтік шарттар – бұл кәсіпорынның даму жолдары туралы қоғамның
ұсынылымы, қызметтік қарым-қатынаста мамандардың білім дәрежесі, т.б.
- құқықтық шарттар – заңдар мен заңнамалық актілер, кәсіпорынның
кәсіпкерлік қызметін реттейді және оның дамуына тиімді шарттар туғызады.
Туристтік маркетинг тек қана соңғы тұтынушы туристтерге ғана емес,
сонымен қатар қоғамдық туристтік ұйымдарға, мемлекет органдарына, туристтік
агенттерге, демеушілерге бағытталуы тиіс.

1. Маркетинг концепциялары қандай?
2. Іскерлік сапа дегеніміз не? [kgl]

[gl]Тақырып 3. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ЛОГИКАСЫ, КӘСІПКЕРЛІК ШЕШІМДІ ҚАБЫЛДАУ
ПРОЦЕСІ[:]

Дәріс жоспары (1 сағат)
1. Кәсіпкерлік қызмет түрлері мен формалары
2. Дәстүрлі және инновациялық кәсіпкерлік
3. Делдал түсінігі мен функционалды нысаны
дӘРІС МАҚСАТЫ: кәсіпкерлік қызметтің типтерін және формаларын оқып-білу
НысанДЫ сөздер: туристік қызмет, туристік өнім, туристік агенттік,
туристік операторлар, кәсіпкерлік идея, кәсіпкерлік орта, делдалдық
Әдебиеттер: 1, 3, 4, 7, 8, 9, 10

1. Кәсіпкерлік қызмет түрлері мен формалары
Қазақстан Республикасы Президентінің Шаруашылық серіктестігі
жайлы және Мемлекеттік кәсіпорын туралы Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет
шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:
- жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;
- толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;
- жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің
жауапкершілігі жүктеледі;
- коммандитті, аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және
біреудің салынған салымымен);
- қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын
мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнына алынады;
- өндіріс және тұтыну кооперативтері;
- консорциумдар;
- акционерлік қоғамдар.
Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік немесе акционерлік түрде болуы
мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын ақшаға емес, жеке тұлғаның пайлық негіздегі
мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді:
- акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционр меншігінің
негізінде қызмет жасайды;
- мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік міндеттерді
шешу үшін құрылады;
- құрылтайшылар мүлігінің 0осылуы негізінде біріккен кәсіпорындар
құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтарына енеді.

Ұйымдық-құқықтық Шаруашылық сипатынаСалалық қызметінеМеншік нысаны
нысаны бойынша қарай қарай бойынша
Картелдер, Өндірістік, Өнеркәсіп, Мемлекеттік,
Синдикаттар Саудалық, Ауыл шаруашылығы,Қазыналық,
(консорциумдар), Делдалдық, Сауда, Ұжымдық,
Трестер, Банктік, Байланыс, Жалгерлік,
Концерндер, Сақтандырушылық Көлік Кооперативтік,
Концерн-конгломераИнвестициялық, Қаржы, Акционерлік,
ттар, Инновациялық, Несиелік, Жекелеген,
Холдинг-компаниялаИнжирингтік, Мәдениет, Аралас
р, Венчурлік Өнер, (біріккен),
Акционерлік (тәуекелділік), Білім, Мемлекеттік
қоғамдар Консалтингтік, Ғылым, Денсаулық кооператив-
(корпорациялар), Аудиторлық, сақтау, тікпен бірге,
Кооперативтер, Трастолық. Тұрғын үй Ұжымдық жекемен
Серіктестіктер. шаруашылығы. бірге,
Мемлекет аралық
(біріккен
кәсіпорын)

Өтпелі экономикада жаңа өркен жайған шағын кәсіпкерлікті дамыту және
қолдау үшін мынадай жағдайлар қажет:
- еркін бәсекені құру негізі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың
кешенді мемлекеттік ғылыми негізделген бағдарламаларын жасау;
- оның дамуы мен қаржылық жеңілдіктер үшін қаржы базасын қалыптастыру
(жеңілдетілген несиелер, жеңілдетілген салықтар, ақысыз сипатты жәрдем
ақшалар);
- бағдарламада ғылыми-техникалық прогресстің басымдық бағыттарында шағын
кәсіпкерліктің орны ерекше анықталуы керек;
- шағын бизнесті ұйымдастыруда, елдің әртүрлі аймақтарында шағын
кәсіпорындардың арнайы орталықтары басты ролде болуы керек.;
- ірі және шағын бизнес ынтымақтастығының жүйесі негізінде, әсіресе
сауда мен қызметтер саласында шағын бизнесті дамыту мақсатында ірі
кәсіпорындардың ресурстарын тарту.
Турагенттер делдал функцияларын орындайды – тур сатушылары. Сондай-ақ,
олар жеке қызмет түрлерін көрсетеді, мысалы, сақтандыру, т.б. Бұл
кәсіпкерліктің аралас түрі болып келеді.
Контрагенттер – туристік қызметтерді орындаушылар, олар турпродуктты
пайдаланған сатып алушыларға қызмет етеді.
Кәсіпкерлік идея – ол кәсіпкердің жаңа экономикалық белсенділік
танытуы.
Әр кәсіпкердің шешім қабылдауы өз жеке тенологиясы, бір ғана нұсқаны
таңдауды қамтамасыз етеді, бірақ жалпы этапы мен олардың қолданылуы
келесідей:
1) кәсіпкердің идеясын бірінші эксперттік бағалау
2) идеяны бағалау үшін нарық жағдайлары жайында ақпарат жиынтығы
3) Сұраныс объектілерін айқындау мақсатында туристік нарықтағыы
кәсіпкерлік есептілік жүргізу
4) екінші эксперттік бағалау арнайы мамандармен және идеялар қосындысын
орнату кәсіпкерлік мүмкіндіктермен.
Қабылданған идеяларды жүзеге асырудың сатылары:
1) бизнес-жоспар;
2) ақша қаражатын жалға алу мүмкіндігі;
3) мемлекеттік тіркеу, өз фирмасын, егер ол бірінші рет құрылмаса;
4) фирманың тауар өндіру үшін ұйымдық-техникалық дайындығы
5) фирманы функциялық бақылау
Туристік ұйымдарды бірнеше белгілері бойынша классификациялауға болады:
- ұлттық-аймақтық – халықаралық, жергілікті, ұлттық ұйымдар.
- қоғамдық-мемлекеттік: мемлекеттік, қоғамдық, жеке меншік
- қызмет түрі бойынша: делдалдар, жеткізушілер, нарық агенттері,
өңдеушілер, консультанттар, оқытушы ұйымдар, баспалар, мамандандырылған
ассоциациялар, сауда және ұсыным ұйымдары
- қызмет саласы бойынша: транспорттық, туристік агенттер, туроператорлар,
локльдық өкілеттіліктер.

2. Дәстүрлі және инновациялық кәсіпкерлік
Инновациялық кәсiпкерлiк экономикалық қызметтiң ерекше түрi ретiнде
инновациялық процестің негiзгi қозғаушы күшi болып табылады.
Инновациялық кәсiпкерлiктiң субъектілерiне инновациялық қызметтi
жүзеге асыратын кәсiпорындар мен ұйымдар жатады. Инновациялық
кәсiпорынның қызметi технологиялық немесе өнiмдiк инновацияларды
пайдаланудың нәтижесiнде пайда табудан көрiнедi. Дамыған елдерде
кәсiпорындардың 70%-на жуығы рыноктың жаңа сегменттерiн игеру мақсатында
өнiмнiң ассортиментiн кеңейтумен байланысты инновацияларды жүзеге
асырады. Осы ретте ҒЗТКЖ-ға арналған шығыстар инвестициялардың 30%-на
жуығын құрайды.
Инновациялық кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметi мыналарға:
- жаңа ғылыми идеяларды әзiрлеуге немесе iздеуге және оларды
бағалауға;
- қажеттi инвестициялық ресурстарды iздеуге;
- жобаны немесе кәсiпорынды басқарудың тиiмдi модельдерiн құруға;
- ақшалай табыс алуға негізделген.
Инновациялық кәсiпкерлiктiң басты функцияларының бiрi ғылыми-
техникалық және өндiрiстiк сала арасындағы байланыстырушылық (делдалдық)
рөлдi жүзеге асыру болып табылады. Инновациялық кәсiпкерлiктiң жұмыс
iстеуi ғылыми-техникалық ұйымдар және шаруашылық субъектiлер көтеруге
мәжбүр инновациялық өнiмдi құрумен немесе жаңа ғылыми-техникалық
шешiмдердi олардың коммерциялық пайдаланылу мүмкiндiктерiне дейiн
жеткiзумен байланысты шығындарды азайтуға мүмкiндiк бередi.
Қазiргi уақытта Қазақстанда негізiнен шетелдiк капиталдың қатысуымен
iрi корпорацияларда, ұлттық компанияларда, екiншi деңгейлi банктерде,
қаржылық-өнеркәсiптiк топтарда менеджменттiң жоғарғы деңгейi бар.
Сонымен қатар, технологияларды, теорияларды және құқықтық қорғаудың
тәжiрибесiн және зияткерлiк меншiктi пайдалануды коммерциялизациялаудың
iскери қағидаттарын кәсiби меңгерген, инновациялық және жоғарғы
технологиялық жобаларды басқара алатын кәсiби инновациялық менеджерлер -
мамандардың институты мүлдем жоқ.
Кез келген елде және бизнестiң кез келген түрiндегi инвестордың
негiзгi тәуекелi барабар емес менеджментпен байланысты болғандықтан бұл
тәуекелдi барынша азайту басқару және кәсiпкерлiк мәдениеттi көтерумен,
барлық деңгейдегi менеджерлердi сапалы оқытумен және қайта даярлаумен,
оларды қажетті қолдаумен (консалтинг және ақпараттық) қамтамасыз етумен
қол жеткізіледі.
Ұлттық экономиканың дамудың инновациялық қорына көшуi барлық қоғамның
инновацияларды қабылдауынсыз және инновациялық процестердi басқару мен
инновацияларды iске асыруды жүзеге асыруға қабiлеттi кадрлар жеткілікті
санының болуынсыз мүмкiн емес.
Қолда бар ғылыми-технологиялық әлеуетке қарамастан Қазақстанда
инновациялық қызметтің мынадай инновациялық өнімді құру және инновациялық
өнімді рынокқа жылжытумен байланысты делдалдық қызметтерді орындау сияқты
негізгі түрлерін жүзеге асыратын кәсіпкерліктің болмауы елдегі төменгі
инновациялық белсенділік себептерінің бірі болып табылады.

3. Делдалдар түсінігі
Тәуелсіз делдалдар арқылы жұмыс істеу бірнеше жағдайларды көрсетеді:
- сауда делдалдары – тәуелсіз ұйымдар, басты мақсаты – сату көлемі мен
табысын кеңейту.
- делдалдар біріншіден өз имиджінің жарнамасында қызығушылық танытады,
және сол арқылы өз тұтынушыларын таба бастайды.
- делдалдар бәсекелестік қызметтер мен туристік өнімдерді сатады.
- делдалдар қай туристік өнім тұтынушы сұранысына ие екенін анықтап,
тек сол өніммен ғана қызығушылықпен айналысады.

1. Дәстүрлі және инновациялық кәсіпкерлік дегеніміз не?
2. Делдал деген кім? [kgl]

[gl]Тақырып 4. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ШАРТТАРЫ (ӨНДІРІС
ФАКТОРЛАРЫ) [:]

Дәріс жоспары (1 сағат)
1. Туризм аясындағы кәсіпкерлік, ерекшеліктері мен даму факторлары
2. Туризм аясындағы кәсіпкерлік идея және оны таңдау

Дәріс мақсаты: туризм аясындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың
талаптарын меңгеру
Нысанды сөздер: кәсіпкерлік, туристік фирма, кәсіпкерлік идея, инновация,
туристік ресурстар, туристік агенттіктер, туристік өнім
Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 6, 11, 14

1. Туризм аясындағы кәсіпкерлік, ерекшеліктері мен даму факторлары
Қазіргі заманғы туризм рыноктық ортада қызметін жүргізеді. Мемлекет
және қаржы экономикалық институттармен ұйымдармен қызметі реттеліп және
бақылауда болады. Осыдан барлық туристік фирмалар мен ұйымдар үш негізгі
экономикалық принципке негізделіп қызметін жүзеге асырады.
Біріншіден, олар шаруашылықты жүргізуде еркіндікті қалайды және
инициатива мен жауапкершіліктің еркін болуын талап етеді.
Екіншіден, олардың шаруашылық қызметі туристік рынок заңдылықтарына
бағынады (құн заңы, сұраным және ұсыным, бәсеке, ақша айналымы, баға
белгілеу)
Үшіншіден, мемлекеттік және қоғамдық институттар туризмде рыноктык
процестерді әлеуметтік қатынастарды туристердің табиғатқа және қоғамға
қатынасын қалыптастыру мақсатымен реттеп отырады, туризмде басқа
экономикалық сфераға байланысты екі жағдайды болдырмауы тиіс:
- абсолюттік коммерциялық аяның болуы;
- ұйымның әкімшілік жүйесінің болуы.
Туристік рынокты меңгеруде негізгі аспектілер:
- туристік рынок және оның сегменттерінің қызметі;
- туризмде баға және баға белгілеуді қалыптастыру;
- туризм аясындағы сұранымға, бағаға әсер етуші факторларды зерттеу
- туристік қызмет ұсынымына әсер етуші факторларды зерттеу

2. Туризм аясындағы кәсіпкерлік идея және оны таңдау
Туризмде кәсіпкерлік идея осы салада қызметті бастаудың алғашқы қадамы
болып есептеледі. Кәсіпкерлік идея инновациялық идеямен тікелей байланысты.
Инновациялық идея ерекше тауарлар мен қызметтерді өндіру мүмкіндігі және
бұрынға өндірілген тауарлар мен қызметтердің модификациясы.
Инновациялық қызмет ғылыми техникалық идеяларды, жобаларды, жаңа
ұйымдық басқару мен ұсыныстарды практикада қолдану мүмкіндігі.
Инновациялық қызмет экономикалық категория ретінде экономикалық дамудың
негізі болып саналады. Рыноктық талаптарға сай инновация циклдік сипатқа
тән. Туристік ұйымдарда инновациялық қызметтің негізгі бағыттары:
- дәстүрлі қызметті көрсетуде жаңа техника мен технологияларды
пайдалану;
- жаңа қасиеттермен жаңа қызмет көрсетулерді енгізу
- бұрын қолданылмаған жаңа туристік ресурстарды қолдану
- дәстүрлі туристік қызмет көрсетулерді өндіру мен тұтынуды
ұйымдастыруда өзгерістер енгізу.
- туристік тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін жаңа рыноктар табу және
қолдану.
- туристік кәсіпкерлік идея келесі кезеңдерден тұрады:
- идеялар жиынтығы
- идеялар фильтрациясы
- идеяны сынақтан өткізу
- идеяны шынайы мүмкіндіктермен салыстыру
- идеяны жүзеге асыру
Сұрақтар:
1. Туризм саласындағы кәсіпкерлік ерекшілігі неде?
2. Кәсіпкерлік идея дегеніміз не? [kgl]

[gl]Тақырып 5. КӘСІПКЕРЛІК КАПИТАЛ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ[:]
Дәріс жоспары (1 сағат):
1. Кәсіпкерлік капитал, оны қалыптастыру жолдарының. Кәсіпкерлік
капиталды қалыптастыру әдістері
2. Тауар рыногы и өндірілген тауарды қолдану мүмкіндіктері.
3. Қызмет рыногы және өндірілген тауарды қолдану мүмкіндіктері.
Кәсіпкерлік қызметте тұтыну рөлі. Кәсіпкерлік қызмет тиімділігі.
Дәріс мақсаты: кәсіпкерлік капитал мәні, оны қалыптастыру әдістері
Нысанды сөздер: капитал, кәсіпкерлік капитал, негізгі капитал, айналым
капиталы, инвестиция, тауар рыногы, тауар, қызмет, қызмет рыногы
Әдебиеттер: 1, 3, 6, 7, 13, 14, 22

1. Кәсіпкерлік капитал, оны қалыптастыру жолдарыны.
Кәсіпкерлік капиталды қалыптастыру әдістері
Капитал материалды және менталды (ғимарат, әдістер, қабілеттілік,
патент, ноу хау және т.б.) формада болады. Капитал дегеніміз пайда алуға
қызмет ететін материалды, қаржылық және интеллектуалдық құндылықтар.
Кәсіпкерлік капитал құрамына келесілер жатады:
өндірістік техникалық құралдары (ғимараттар, құралдар, станоктар,
көлік, заң негізінде кәсіпкермен қолданылады. Олар меншік формасында жалға
алу немесе лизигпен алынуы мүмкін.
Айналым капиталының материалды элементтері (шикізат, маманданған жұмыс
күші)
Айналым капиталының ақша элементтері (жалақы қоры, шикізат алуға
бағытталған ақша құралдары)
Интеллектуалды меншік (кәсіпкерлік идея, өндіріс тәсілі, тауарға жаңа
қасиеттер беру, өндірістің жаңа түрі, яғни инновация түсінігіне жататынның
барлығы).
Капитал негізгі және айналымдағы болып екіге бөлінеді:
Негізгі капитал (өндірістің техникалық құралдары, жер телімдері,
құралдар, көлік, ғимарат)
Айналым капиталы Сатуға немесе жеке тұтыну үшін өндңрңлгеннің барлығы
(шикізат, материалдар, өндірілген өнім, айналымдағы ақша құралдары)
Негізгі және айналым капиталы арасындағы қатынас әо салад әр түрлі
болып келеді. Ол еңбек сыйымдылығы, күрделілігі материал сыйымдылығы
факторларына байланысты.

2. Тауар рыногы и өндірілген тауарды қолдану мүмкіндіктері. Тауар
рыногының субъектілерісатушылар мен сатып алушылар, ал объектісі тауар.
Өндірілген тауарды қолдану мүмкіндіктері тауар рыногының өнімдік
шекарасымен көрсетіледі:
Рыноктың өнімдік шекарасын анықтау, тауар аластырушыларды анықтау,
тауарлық топты қалыптастыру;
Рыноктың өнімдік шекарасын анықтаудың негізінде тұтынушылардың талғамы
жатады. Олардың талғамы тұтынушыларды сұрау барысында анықталады және
сараптамамен бекітіледі.
Тауарды анықтауды оның классификациялық (жіктемелік) тобы анықталады.
Тауарды анықтау оның орнын алмастырушы тауарлық топтармен жүзеге
асырылады.

3. Қызмет рыногы және өндірілген тауарды қолдану мүмкіндіктері.
Кәсіпкерлік қызметте тұтыну рөлі. Кәсіпкерлік қызмет тиімділігі.

Қызмет көрсету саласы алуан түрлі. Қызмет көрсету аясындағы салаларға
мыналар жатады: туризм, еңбек биржасы, жинак банкілері, халыққа тұрмыстық
қызмет көрсету, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім,
мәдениет және онер, орттен коргау, пошта жэнс басқалар жатады. Қызмет
көрсетулер коммерциялык үйымдар авиакомпаниялар, банкілер, қонақ үйде,
сақтандыру компаниялары және т.б., сол сияқты музей (мұражай), дәріхана,
қайырымдылык корлары (қызыл жарты ай, Бөбек балалар қоры) үлгісіндегі
коммерциялык емес ұйымдар үсынады.
Қызмет көрсету - бұл бір жақ екінші жаққа ұсынатын, негізінен сезілмейтін
жэне бір затка ие болуга әкелмейтін кез-келген шара немесе пайда. Қызмет
көрсету материалдық түрдегі тауармен байланысы болуы, не болмауы да мүмкін.
Тұтастай алғанда қызмет көрсету төрт сипатқа ие, сезілмеушілік, сақтауға
қабілетсіздік, көзден бөлінбеушілік және сападағы өзгергіштік сияқты бұл
сипаттар оларды тауарлардан ерекшелеп тұрады.
Қызмет көрсетудің сезілмеушілігі оларды көрудің, дәмін
татып байқаудың, естудің, алуға дейінгі сәтте иіскеудің мүмкін еместігін
білдіреді.
Көптеген қызмет көрсетулердің сакталмаушылығы олардың алдағы уақытта
өткізу мақсатымен сақтауға болмайтындығын білдіреді. Мысалы, егер шаштараз
қандай бір себеппен бүгін жүмыста болған жок, ертеңінде ол жоғалтқан
уақытының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Мұнай кенорынды игеруге және пайдалануға салынған ақша қаражаттарының тиімділігін талдау»
Нарықтық экономика және кәсіпкерлік негіздері
Ветеринариялық кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
Мектеп кезеңі
Кәсіпкерлік қызмет
Коммерциялық банктердің сыртқыэкономикалық қызметтері
Басқару еңбегінің мәдениеті және этикасы
Университеттің ғылыми кітапханасы
Кәсіпорынның өндірістік қуаты
«Бастапқы есеп және құжат айналымы» пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныс
Пәндер