МЕЙРАМХАНА БИЗНЕСІНДЕГІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЖАРНАМАЛЫҚКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

МЕЙРАМХАНА БИЗНЕСІНДЕГІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЖАРНАМАЛЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУЫ

Қазақстан Республикасының экономикалық әлеуетінің дамуы көбіне әр түрлі қызмет салаларын жаңғыртумен тығыз байланысты, соның ішінде қоғамдық тамақтану саласы маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта қоғамдық тамақтану қызметінің дамуы сұранысқа тәуелді, ол өз кезегінде экономикалық, әлеуметтік-демографиялық, сондай-ақ жеке адамдардың психологиялық ерекшеліктерін өзгермелі, серпінді және жоғарғы тәуекелділікті көрсетеді. Сондай-ақ әлемдік экономикалық дамудың заманауи үрдістері қоғамдағы қызмет саласының рөлінің күшеюін айқындайды және де осы сала ұлттық, бүкіләлемдік шаруашылық байланыстар жүйесінің элементі болып табылады. Сондықтан тұтынушылар қызметінің нарығы өте серпінді дамушы сегменті-мейрамхана бизнесі болып табылады. Мейрамхана бизнесінің әлемдік айналымы жылына 1, 5-2 трлн. долларды құрайды, сондықтан ол әлемдегі жылына жүздеген миллиард доллар табыс алып келетін саланың бірі болып, 3 орынды иеленуде. [1] . Шет мемлекеттердегі мейрамхана бизнесі жүйесінде тұтынушыға деген күрес күн сайын арта түсуде, ал тұтынушы-жоғары деңгейде талап етуі артуда деген түсінік қалыптасқан. Сондықтан мейрамхана бизнесіндегі кәсіпорынға максималды тиімділік әкелетін жарнама қажет. Қазіргі уақытта Қазақстанның мейрамхана бизнесіндегі жарнамалық коммуникациялары дамыған шет елдердегі қоғамдық тамақтану саласындағы жарнамадан артта қалуда. (сурет 1) . мейрамхана бизнесіндегі кәсіпорындардың жарнамалық-коммуникациялық қызметінің дамуы Калғанбаев Нұрлан Адилович э. ғ. к., доцент Бураханова Айгерим Кайыржановна оқытушы Сурет 1. АҚШ және Алматы қаласындағы рестораторлардың жарнамасын пайдалану [2] . 17 Қазақстандық нарықта негізгі жарнама тарату құралы газет журналдар болып табылады, оған барлық жарнамалық өнімнің 55% артық үлесі кіреді, бағалары да еліміздің шағын бизнесінеде қолжетімді болып табылады. Алайда бірде-бір газетте мейрамхана бизнесіндегі кәсіпорындардың жарнамасын табу мүмкін емес. Дайын тағамды үйге жеткізу қызметі жайлы жарнама сирек кездеседі. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша еліміздің жарнамалық нарығында Қазақстан рестораторлары үшін негізгі фактор ретінде келесідей тенденциялар қарастырылады: - жарнамалық агенттіктер кішігірім тапсырыстармен айналысқанға қарағанда ірі шетелдік компанияларға қызмет көрсетуді жөн көреді; - жарнаманың ауқымды көлемі телекоммуникациялық қызметтер нарығын қалыптастыруда, бірақ рестораторлардың олармен байланысы әлсіз; - жарнамаға бағаның үнемі өсіп отыруы жарнама нарығын отандық шағын бизнес иелеріне қолжетімсіз етуде; - Алматы қаласының жарнама нарығында жарнаманы жасауда авторлық және сабақтас құқықтар дұрыс бақыланбайды; - Қазақстандағы мейрамхана бизнесінің жаранамасы схоластикалық және үстіртін кейіп алды, ол тек кәсіпорынның орналасу орнымен шектеліп отыр; - Қазақстанның көптеген жарнамалық агенттіктерінде жарнамалық қызметтердің сапасына тікелей әсер ететін кәсіби кадрлар мен заманауи технологиялардың жетіспеушілігі айқын байқалады. Қазақстанның мейрамхана бизнесіндегі жарнамалық коммуникативтік қызметі деңгейіне аталып өтілген факторлармен қатар отандық қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын біріктіретін маркетингтік қызметтер де әсерін тигізеді. Осылай, маркетингтік қызметтерінің 40%-ы ірі, 15% -ы орта кәсіпорындар кіреді. Ал шағын кәсіпорындарда маркетолог қызметін кәсіпорын менеджері өзі атқарады, оның міндеттеріне бір мезгілде ұйымдастырушылық, есептік және т. б жұмыстар кіреді. [3] . Нәтижесінде мейрамхана бизнес саласында маркетинг жүйеленбеген және ретсіз сипат алады. Бұл өз кезегінде осы саладағы жарнамалық коммуникативтік қызметтің жағдайына әсерін тигізеді.

Нәтижелі жарнама жасау үшін тек мейрамхана бизнес саласында ғана емес, әр түрлі шаруашылық салаларында ең бастысы сәйкес келетін маркетингтік зерттеулер жүргізуді қажет етеді. Алматы қаласының мейрамханаларының тұтынушыларды сұрау барысында жеке кәсіпорындардың қызметі туралы ақпаратты 60%-ы сыртқы жарнамадан, 15 % - кездейсоқ, 22 % - жай өтіп бара жатып, 3%-таныстар және бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған. Бұл зерттеу Қазақстандағы мейрамханалардың тұтынушыларына сауалнама жүргізуді ұйымдастырудың қажеттілігін көрсетеді, қаншалықты қанағаттандырылғанын тұтынушы мінез-құлқы осындай коммуникацияны қалыптастыру мүмкіндігі бар, қажетті ақпаратты басқа адамдарға тарату, мейрамханы қызметінің мүмкін болатын тұтынушылар болып табылады. Сондықтан, мейрамхана бизнесіндегі жарнамалық-коммуникативтік қызметті дамыту үшін келесідей ұсыныстар қажет. - жарнамалық-коммуникацияларды көп салалы, жоспарлы және жүйеленген мінездемелі болу керек; - жарнамалық құралдардың арасында мейрамхана қызмет нарығында жеке субьектісінің артықшылықтарын бөліп көрсету; -басты назарды БАҚ-ғы жарнамаға және оның қайталанбауына назар аудару керек; - мейрамхана қызметі мен нәтижелі жарнаманы іске асыру үшін 19 міндетті түрде жиі тұтынушылардан сауалнама жүргізу қажет. Осылайша, әр түрлі кәсіпкерлік қызметтің жетістігі бәсекелестер нарығының шартында, бизнесті басқарудағы маркетингке қаншалықты назар аудару керенк және оның даму әдісндегі тұтынушылармен қарым-қатынас орнату. Осы бағытта жарнама-коммуникациялық қызмет кәсіпкерлер өнімін соңғы тұтынушыға жеткізу, сұранысты қалыптастыру мен табысты ынталандыру болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның өндірістік қуаты
Әлеуметтік желілердің мейрамхана бизнесіндегі тұтынушылардың шешім қабылдауына әсері
Мейрамханадағы бухгалтерлік есепті жүргізу және ұйымдастыру ерекшеліктері
МЕЙРАМХАНА БИЗНЕСІНІҢ ДАМУЫН ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТА ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мейрамхана бизнесіндегі брондау және резервтеу жүйесін дамыту жолдары
МАЗМҰНЫ МЕЙРАМХАНА БИЗНЕСІНДЕГІ АДАЛДЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Алматы қаласындағы мейрамхана менеджменті («Brasserie» мейрамханасы мысалында)
Қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру және оның даму жолдары
Кәсіпорындағы еңбекті ұйымдастыру
Туризм саласы - кез келген саламен байланысы бар кешенді түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz