Өлшеу құралдарын мемлекеттік метрологиялық бақылау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы № 15: Өлшеу құралдарын мемлекеттік метрологиялық бақылау

Сабақтың мақсаты: мемлекеттік метрологиялық бақылау туралы негізгі түсінікті қарастыру.

Сұрақтары:

1. Өлшеу құралдарын сынау.

Өлшем құралдарын мемлекетгік сынақтан өткізудің мақсаты - елімізде өлшем бірегейлігін сақтау, өлшем құралдарының ұтымды номенклатурасын және тиімді қолданылуын белгілеу, сонымен бірге, сапасы жағынан отандық және шет елдік ең жоғары үлгілерге сай болатын өлшем құралдарын жасап өндіріске енгізу. Жаппай өндіруге, айналымға және шеттен әкелуге рұхсат етілген өлшем құралдары тек қана мемлекеттік сынақтан өткен, мемлекеттік стандарт бекіткен және өлшем құралдарының мемлекеттік тізіміне енгізілген құралдар болуы қажет. Мемлекеттік сынақтың міндеттері:

- өлшем құралдарын шығарудың мақсатқа сәйкестілігі мен мүмкіндігін және шет елден тасымалдаудың қажеттілігін анықтау;

- өлшем құралдарының тексеру мен жөндеудің тиісті ірекеттерімен және құралдарымен қамтамасыз етілуін анықтау;

- өндірілетін және шет елден алынатын өлшем құралдарының нормативтік-техникалық құжаттардағы талаптарға сәйкестігін тексеру.

Мемлекеттік сынақты ұйымдастыруды Мемлекеттік стандарт басқарады. Сынақты метрологиялық институттар, мемлекеттік сынақтың жоғары ұйымдары, министрліктердегі метрологиялық қызметтің жоғарғы (базалық) ұйымдары жүргізеді.

Еліміздің аумағында сериялы өндірілетін немесе еліміздің аумағына сериялы жеткізілетін өлшеу құралын қабылдап бақылау сынауларынан өтеді.

Өлшеу құралын қабылдап бақылау сынауы бекітілген жоспарға сай « Технкалық реттеу және метрология жөніндегі » уәкілетті органмен немесе оның аймақтық бөлімшелерімен жүргізіледі. Тексеру нәтижесі бойынша сертификат беріледі, оның мерзімі бес жыл.

Тексеру нәтижесінде теріс нәтижелері байқалса келесідегідей ескертулер көрсетіледі:

1. өқ матефикациясы бойынша анықталатын кемшіліктер

2. оны жоюдың іс шаралары мен мерзімі.

Шет елдерде жүргізілген сынақ нәтижелері халықаралық келісімдерге сай келсе, онда ҚР техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті сынақ нәтижесін мойындайды.

Өлшеу құралы түрлері бойынша матификациялауда сынақ нәтижелері бойынша уәкілетті орган өқ типін бекіту туралы шешім қабылдау үшін жүргізілетін сынақтар көлемі аз болса, онда қосымша сынақтар жүргізуге шешім қабылданады.

Егер қабылдап бақылау барысында өқ типі өзгерсе, онда типтің сипат талаптарына және тексеру әдістемесіне өзгерістер енгізіледі. Сынақ өткен өқ немесе өқ әр данасын сипаттамаларын пайдаланатын құжаттарды өтініш беруші үлгіге сай белгіге қояды. Егер өлшеу құралы белгі қою конструкцияларына байланысты тиімді болмаса, онда белгіні өқ әр данасын сипаттамаларын пайдаланатын құжаттарына қояды.

Мемлекеттік бақылау өқ мадификациялау кезінде іске асырылған тексерудің теріс нәтижелері жағдайлары жүргізілген сынақтар бойынша төлем ақыны ынталы болып табылатын өлшем беруші төлейді.

Егер қабылдап бақылау сынауын құқықтық қорғау органдарының жазбаша талаптарын жүргізетін болса, онда өлшеу құралын сынауға төлем ақыны құқықтық қорғау органы белгілеген тұлға төлейді. Өлшеу құралын өндіруші болып табылатын заңды тұлға немесе қайта құру түрінде қабылдап бақылау сынауы туралы сертификаттаудың мерзімі аяқталғанға дейін отыз күн ішінде қайта рәсімдеу себептерін көрсетіп және көрсетілген қайта құруды растайтын сәйкес құжаттармен қоса өтініш болып табылады.

ҚР аймағында өндірілетін өқ үшін қайта құру кезінде бақылау сынауда қайта рәсімделеді.

Қабылдап бақылау нәтижесі бойынша сертификатты қайта рәсімдеу кезінде ертеректе берілген сертификат нөмірі, тіркеу нөмірі және сертификаттау қолданылатын мерзімі сақталады

2. Өлшеу құралдарын тексеру.

Өлшем құралдарына бастапқы, мерзімдік, кезектен тыс, инспекциялық және сараптамалық салыстырып тексерулер жүргізіледі.

Бастапқы салыстырып тексеру

Бастапқы салыстырып тексеруге Қазақстан Республикасының аймағында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аймағына әкелінетін, ҚР СТ 2. 21 сәйкес типті бекіту мақсатында және бекітілген типке сәйкестікке сынаудан немесе ҚР СТ 2. 30 сәйкес метрологиялық аттестаттаудан өткен және ҚР МӨЖ тізіліміне енгізілген, сондай -ақ, жөндеуден шығарылған өлшем құралдары жатады.

Қазақстан Республикасының аймағына әкелінетін өлшем құралдары Қазақстан Республикасында бастапқы салыстырып тексеруден өтуге тиістіемес. Егер басқа елдерде жүргізілген салыстырып тексеру нәтижелері, ҚР СТ 2. 40 халықаралық келісімдерді іске асыру мақсатында әзірленген нормативтік құжаттарда белгіленген тәртіп бойынша халықаралық келісімдерге сәйкес уәкілетті органмен танылады.

Өлшем құралдарының әр бірлігі бастапқы салыстырып тексеруден өтуге тиіс.

Кейбір жағдайларда, салыстырып тексерудің әдістемесінде көрсетілген өлшем құралын таңдап алып салыстырып тексеруге болады. Таңдап салыстырып тексеру ГОСТ 18242 және ГОСТ 20736 талаптарының нұсқауы бойынша жүргізілуі керек.

Таңдап салыстырып тексерудің оң нәтижесі салыстырылып тексерілетін партияның барлық бірлігіне таралады.

Бастапқы салыстырып тексеруді мына жағдайларда жүргізеді:

-өлшем құралдарын дайындау орнында;

-Өлшем құралдарына жөндеу жүргізу орнында;

-өлшем құралдарын пайдалану орнында;

-өлшем құралдарын өндіру орнында біршама және жартылай өлшем құралдарын қолдану орнында біршама.

Салыстырыптексеру орнын салыстырып тексеруді жүргізетін мемлекеттік метрологиялық қызметтің бөлімшесі және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері бекітеді.

Өндірістен және жөндеуден шыққан өлшем құралдарын бастапқы салыстырып тексеруден өткізу үшін, олар алдымен техникалық бақылау міндеті жүктелген бөлімшенің қабылдауында болуы керек.

Ескерту -жылжымалы бригада өлшем құралына жөндеу жүргізу кезінде өлшем құралын алғашқы салыстырып тексерудіңтехникалық міндеті жүктелген бөлімшенің алдын -ала қабылдауынсыз -ақ, өлшем құралына жөндеу жүргізген тұлға салыстырып тексеруге жіберуіне болады.

Бастапқы салыстырып тексеруді өлшем құралын өндіретін және заңды тұлғалардың ұйымдастыруы бойынша бақылау -салыстырып тексеру пунктінде (БСП) жүргізуге болады.

Мерзімдік салыстырып тексеру

Мерзімдік салыстырып тексеруге қолданыстағы және сақтауда тұрған өлшем құралдары жатады, олар белгілі бір салыстырып тексерудің аралық интервалдары арқылы жүргізіледі және салыстырып тексерудің аралық кезеңінде қолдануға жарамдылығын қамтамасыз етуді есепке ала отырыпбекітіледі.

Ұзақ сақтауда тұрған өлшем құралдарының сақталған мерзімі салыстырып тексеру аралық интервал мерзімінен асатын болса, онда оларды мерзімдік салыстырып тексеру жүргізбеуге болады.

Өлшем құралдарын ұзақ мерзімге сақтауға беру, өлшем құралының бумаланған, консервіленген түрі және оларды сақтау жағдайы мен соңғы салыстырып тексеру мерзімі көрсетілген акт бойынша құжат толтыру керек.

Мұндай өлшем құралдарын салыстырып тексеруден өткізу оларды пайдалану алдында жүргізіледі.

Өлшем құралдарын салыстырып тексерудің күнтізбелік мерзімін белгілейтін, осы стандарттың В қосымшасында көрсетілген нысан бойынша өлшем құралдарын салыстырып тексеру кестесіне сәйкес жүргізілуі мүмкін.

Өлшем құралдарын салыстырып тексеру кестесін құру және келісу тәртібін мемлекеттік метрологиялық қызметтің бөлімшесі немесе салыстырып тексеруді іске асыратын аккредиттелген заңды тұлғаның метрологиялық қызметі белгілейді.

Өлшем құралдарын салыстырып тексеруге, консервілеуден шыққан, шаң -тозаңнан тазартылған, қажетті жағдайда, төлқұжат, техникалық сипаттау, пайдалану нұсқауы, соңғы салыстырып тексеружөніндегі сертификатты және салыстырып тексеру әдістемесі мен қажетті жинақтаушы қондырғылары мен қоса берілуі тиіс.

Егер өлшем құралы бірнеше физикалық шамаларды өлшеуге (қайталауға ) арналған болса немесе өлшемнің бірнеше ауқымын өлшейтін болса, алайда физикалық шаманың ең кіші санын тұрақты өлшеуге немесе өлшем ауқымының ең кіші санын өлшеуге арналған болса, онда иегердің талаптары бойынша мерзімдік салыстырып тексеру шарасын, салыстырып тексерудің нормативтік құжаттарына сәйкес тексеруге болады. Сонымен қатар, өлшемнің қолданыстағы ауқымы мен өлшем құралының жарамдылығын анықтайтын физикалық шаманың санын анықтайды.

Мұндай жағдайларда өлшем құралдарына қолдану саласын көрсететін анық жазу немесе шартты белгілеулер басылуы тиіс. Сәйкес жазулар пайдалану құжаттарында және салыстырып тексеру туралы сертификаттарда да болуы тиіс.

Өлшем құралдарын күрделі салыстырып тексеру барысында (мысалы, өлшем жүйесін салыстырып тексеруде ) салыстырып тексеру мемлекеттік метрологиялық қызметтің бөлімшесінде немесе заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері шектеулі түрде ғана жасалған болса(салыстырып тексеру нормативтік құжаттарының барлық талаптарына сай келмесе), онда салыстырып тексеруді тізбектеп толық түрде жүргізуге болады: алдымен бір мемлекеттік метрологиялық бөлімшемен немесе бір аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметімен, содан кейін басқа аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерімен немесе басқа мемлекеттік метрологиялық қызметтің бөлімшесімен тексеріледі. Бұл жағдайда салыстырып тексеру нәтижесін рәсімдеуді мемлекеттік метрологиялық қызметтің бөлімшесі жүргізеді, ал мемлекеттік метрологиялық қызметтің қатысуынсыз жүргізілген болса, онда салыстырып тексерудің соңғы бөлігін жүргізген аккредиттелінген заңды тұлға рәсімдейді.

Кезектен тыс салыстырып тексеру

Кезектен тыс салыстырып тексеруді өлшем құралын пайдалануда (сақтауда) салыстырып тексерудің аралық интервалы аяқталғанға дейін жүргізеді.

Кезектен тыс салыстырып тексеру мына жағдайларда жүргізіледі:

-салыстырып тексерудің аралық интервалын реттеу қажеттілігі болғанда;

-өлшем құралын қолдануға жарамдылығын растау қажеттілігі болғанда;

-салыстырып тексеру таңбасының, өзі жабысатын лейблдің, пластикалық пломбаның зақымдануын, сондай -ақ, өлшем құралдарының бастапқы және мерзімдік салыстырып тексеруден өткенін, олардың сақталуын растайтын құжаттың жоғалу кезінде;

-сақтаудан кейінгі өлшем құралдарын қолданысқа енгізу кезінде өлшем құралын консервациялау немесе өлшем құралдары бар бұйымдарға қойылатын талаптарға байланысты сол сақтау мерзімі ішінде өлшем құралдарына мерзімдік салыстырып тексеру жүргізілмеген болса;

-өлшем құралдарын, өлшем құралдары қолданылатын бұйымдар жинағын қайта консервациялау барысында;

-өлшем құралдарын салыстырып тексерудің аралық интервалының жартысы өткеннен ұзақ сақтауға берген жағдайда;

-өлшем құралдарын салыстырып тексеру аралық

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Технологиялық процестің метрологиялық қамтамасыз етілуі
Өлшеу құралдарын калибрлеу
Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары
Метрологиялық қадағалаудың формалары
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау мен бақылау
Метрологияның теориялық негізі.
Кедендік бақылау зертханалары
Метрологиялық бақылау мен қадағалау
Қазақстан метрологиясының дамуы
Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz