Субтропикалық және декоративтік өсімдіктердің карантинді зиянкестерінің таралуы, биологиясы және қорғау шаралары
Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық Министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті
Реферат
Тақырыбы: Субтропикалық және декоративтік өсімдіктердің карантинді зиянкестерінің таралуы, биологиясы және қорғау шаралары.
Орындаған: Тасболат А.Т
Тобы: Зр-413қ
Қабылдаған: Раимбекова Б.Т
Алматы 2020ж
Жоспары
І. Кіріспе
Субтропикалық және декоративтік өсімдіктердің сипаттамасы.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Субтропикалық және декоративтік өсімдіктердің карантинді зиянкестері, олардың таралуы, биологиясы
2.2 Субтропикалық және декоративтік өсімдіктердің зиянкестерінен қорғау шаралары
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Субтропикалық және декоративтік өсімдіктердің сипаттамасы.Субтропикалық өсімдіктерге тропикалық және субтропикалық аймақтарда өсірілетін өсімдіктер жатады. Мысалы: анар, банан, бұрыш, алмұрт, өрік жатады.
Анар (лат. Púnica granátum) -- анар тұқымдасына жататын ағаш немесе бұта тәрізді субтропикалық өсімдік. Жабайы анар Кавказда, Орта және Кіші Азияда, Ауғанстан мен Үндістан елдерінде кездеседі. Кәдімгі анар Орталық Азия жемістерінің ішінде көп өсірілетін дақыл. Оңтүстік Қазақстанда анардың қызғылт Гюлоща, Бала-мюрсаль, Қазеке анар, Қызыл анар сорттары өсіріледі. Биіктігі 3-5 м, бұтақтары тікенекті, ашық қызыл түсті келеді. Анар жарықты жақсы көреді, құрғақшылыққа төзімді, суыққа төзімсіз. Бақта қатар аралығы 4x2 м немесе 4x3 м етіп отырғызылады. Отырғызылғаннан кейін 3-4 жылда жеміс бере бастайды. Анар тұқымынан және өсімді (вегетативті) тәсілмен, ал қолда отырғызылатын сұрыптары, көбінесе, сүректелген қалемше немесе ұластыру арқылы көбейеді. Орта есеппен әр ағаштан 25-30 кг өнім алынады. Ағаштары жемісті 30-50 жылға дейін береді. Кейбір анар 300 жылға дейін өседі. Жемісінің салмағы 200-ден 1000 г-ға дейін, дөңгелек (диаметрі - 8-10 см), шырынды, көп тұқымды, сыртында қатты қабығы бар. Жемісінің шырынында 80-90% су, 8-12% қант, 0.5-5 % түрлі қышқылдар, 3-4% көмірсу, С, B витаминдері болады.
Бұрыш (Сapsіcum) - алқа тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның оңтүстік облыстарында бір жылдық түрлері өсіріледі. Тропик аймақтарда көп жылдық өсімдік ретінде өседі. Қазақстанда бұрыштың 1 түрі -- қызыл бұрыш (С. annuum) бар. Бұрыш - жылу және ылғал сүйгіш өсімдік. Биіктігі 30-130 см, сабағынан жанама сабақшалар шығады. Жапырағы жұптасып орналасқан, жұмыртқа тәрізді тықыр немесе түкті келеді. Маусым -- шілдеде гүлдейді, гүлдері жалқы немесе жұптасқан, түсі ақ сары, күлгін түсті. Бұрышты тұқымынан алынған көшеттерінен өсіріледі. Қазақстанның оңтүстік аудандарында Бұрыштың "астрахандық", "болгарлық", "ласточка", "подарок", "ротонда" сорттары егіледі. Бұрышты тамаққа дәм беруге, маринадтауға, консервілеуге және салаттар жасауға пайдаланады. Бұрыштың аурулары: шірік, вирус, солу. Зиянкестері: жұмыр құрттар, көбелектер.
Бұрыш жемістерінің сорттарына байланысты әр түрлі пішіні, түсі және көлемдері бар жылу сүйетін өсімдік. Бұрыш Америкадағы ең ежелгі өсірілетін көкөніс деп есептелінеді. Бұрыштың шыққан елі- Перу. Жер шарының тропикалық және субтропикалық белдеулерінде өсіріледі. Бұрыш - жылусүйгіш өсімдік, оның қалыпты температурасы - 18-25 °C. Тыңайтылған топырақта ғана жақсы өседі. Тұқымы дөңгелек, ақсары түсті. Бұрыш дәмдік сапасына қарай ащы, тұщы және жұпарлы сорттарға бөлінеді. Жемісінің құрамындағы капсаицин алкалоиды оған ащы дәм береді. Бұрыш витаминдерге (А, С), оның ішінде аскорбин қышқылына өте бай. Жемісінің құрамында белок (тәтті сорттарында 2 -- 5, ащы сорттарында 1 -- 1,5) болады. Бұрыш жемісінің құрамындағы эфир майлары оған өзіне тән жұпар иіс, дәм береді.
Алмұрт (лат. Pyrus) - раушангүлдер тұқымдасына жататын жемісті өсімдік. Табиғатта 18 түрі, 5000-нан астам сорты бар. Сорттарына қарай биіктігі 20-30 метр аралығында болады. Өмір сүру ұзақтығы 50-80 жыл, кейбір түрлері 150-300 жылға дейін өмір сүреді. 8-10 жылдан кейін жеміс береді. Жапырақтары жұмыртқа пішінді немесе домалақ, ұштары үшкірлеу, ұзындығы 3-7 см. Алмұрттың гүлдеуі сәуір, мамыр айларында, жапырақтары шыға бастаған кезде басталады. Гүлдері ақ, хош иісті, жәндіктерді өзіне тартады. Бір алмұрт ағашынан 10 кг-нан 40 кг-ға дейін жеміс алуға болады. Жарық жерде жақсы өседі, көлеңкеге де шыдамды, бірақ көлеңкеде өссе, жемісті аз береді. Раушангүлділер тұқымдасының бір туысы, жеміс ағашы. Дүние жүзінде 60-қа жуық түрі белгілі. Олар ауа райы қоңыржай және субтропикалық аймақтарда өседі. Қазақстанда кәдімгі алмұрт немесе орман алмұрты (Р.communіs), Регель алмұрты (Р.regelіі),құлжа алмұрты немесе кеш пісетін алмұрт (P.serotіna) деген түрлері бар. Алмұрт көп күтімді қажет етпейді, жылу сүйгіш, суыққа төзімсіз ағаш. Алмұрт - бағалы ағаш, гүлінен аралар бал жинайды. Жемісінің құрамында 80-84,3% су, 10-13% қант, глюкоза, фруктоза, сахароза, 0,1-0,6% қышқыл, илік және 0,4% азотты заттар, В, С дәрумендері, каротин болады. Одан тосап, шарап, сусындар дайындалады. Алмұрттың негізгі зиянкестері мен аурулары -- бүрге шіркейі, Алмұрт биті, Алмұрт көк көбелегі, тазқотыр.
Өрік (Prunus armeniaca) -- раушангүлділер тұқымдасына жататын жеміс ағаштарының туысы, жеміс дақылы болып саналады. Ағаштары өте биік, 8 - 15 м аралығында. Жапырақтары жалпақ, жоғары жағы үшкірлеу, тісті болып келеді. Жеміс бүршіктері бір гүл береді, олар ақ немесе қызғылт түсті, жапырақтарынан бұрын ашылады. Жемісі етті, түкті, ал сүйегі жылтыр. Өрік - жарық, жылу сүйгіш дақыл, жеңіл ауа, ылғал өткізгіш топырақтарда жақсы өседі, ал сазды, тұзды жерлер Өрік өсіруге жарамсыз келеді. Құрғақшылыққа төзімді. Наурыз-сәуір айларында гүлдеп, шілде айында жеміс береді. Жемісі сарғыш-қызыл, жұмсағы тығыз, ортасында сүйегі бар. Дәмді, тәтті. Жылда жеміс береді. Өрік ағашы 100 жылға дейін өмір сүреді, 25-40 жыл жеміс береді. Өрікті тұқымнан және вегативтік тәсілмен қалемшелеу, ұластыру арқылы көбейтеді. Көктемде егеді. Отырғызғаннан кейін 3-4 жылы жеміс бере бастайды. 5-ші жылы 3-5 кг, 7-ші жылы 15-20 кг, ал 15-20 жылы 60-100 кг-ға дейін жеміс береді. Кавказда, Орта Азияда бір ағаштан 300-400 кг жеміс беретін сұрыптары бар. Өрік - жылусүйгіш өсімдік. Өрік желсіз, ық және күн көзі мол түсетін жерде жақсы өседі. Қырқу-кесу жұмыстарын күзде жүргізеді. Көң және минералды тыңайтқыштармен қоректендіріп тұрған абзал. Өрік ағашының өнімі - пайдалы тәтті жемістердің бірі. Өрік қантқа,органикалық қышқылдарға, ферменттерге, өзектерге, илік, азотты және пектинді заттарға, С, В1,Р, РР дәрумендеріне, каротинге, флавоноидтарға, сонымен қатар минералды заттар мен микроэлементтерге бай. Кептірілген өріктің құрамында калий мен қант көп болады. Өрікті жүрек, бүйрек ауырғанда, анемияға, жүйке ауруларына пайдасы бар. Кептірілген өрікті несеп айдағанға қолданады. Өріктен тосап, шырын, мармелад жасайды, десерт ретінде қолданады.
Декоративтік өсімдіктер (сәндік өсімдіктер). Ертеден өсімдіктер азық пен дәрілік шикізат ретінде ғана бағаланды. Навуходоносор патшасының бұйрығымен шөл далада салынған Семирамиданың аспалы бақтары ертеде әлемнің жеті кереметінің бірі болып саналған. Бұрыннан Ежелгі Грецияда өзіміз жақсы білетін гиацинт өсімдігін өсіреді. Ол грек тілінен аударғанда жаңбыр гүлі деген мағынаны береді. Бақшалы сарыгүлдер ортағасырлық христиандардың пікірі бойынша Құдай ананың ана жүрегінің азаптарын бейнелейді. Алғашқыда сарыгүлдерді Еуропадағы монастырлар мен сарайлардың жанында отырғызылған, кейін қарапайым қала тұрғындары да отырғыза бастады. Гүл өсіруші мамандар ақтан қараға дейін түрлі түсті гүлдерді өсірді. Көптеген ботаниктердің пікірі бойынша, адамдар гүлзарға отырғызған алғашқы гүл - нәркес болып табылады. Раушанды гүлдердің патшайымы деп атайды. Оның отаны - Парсы елі, ежелде Гүлістан раушан бағы деп аталған.Ежелгі гректерде бұл гүл махаббаттың, ал католиктерде ерекше рақымшылықтың символы болып саналатын.Францияда раушан гүлдерін өсіру құқығы бәрінде болмаған. Бүгінде раушан гүлдерінің 30 мыңнан аса түрі бар, олардың өсірілуі көбісі атақты адамдар немесе белгілі бір оқиғалармен байланыстырылған.
Сәндік гүлді өсімдіктер пайдалы көптеген және әр түрлі тобы бар өсімдіктер. Қазіргі кезде декоративті гүлдердің 3000-ға жуық түрі бар.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Субтропикалық және декоративтік өсімдіктердің карантинді зиянкестері, олардың таралуы, биологиясы
Америкалық ақ көбелек - Hypantria cunea Drury
Жүйелік жағдайы: Insecta, Lepidoptera, Arctiidae.
Зақымдайтын өсімдіктері: Американдық ақ көбелек ағаш және бұта тұқымдарының 250-ден астам түрін, соның ішінде алманы, алмұрт, шие, қара өрік, беке, қызыл шие, жөке ағашын, және емен ағашын зақымдайды. Қазақстанның Алматы облысы жағдайында 28 өсімдік түрінде кездеседі. Әдеби деректерде жемшөптік өсімдіктер ауқымы мынадай: Америкада 88 түрі, Еуропада 230 және Жапонияда 317 түрі келтірілген.
Географиялық таралуы: Америкалық ақ көбелектің отаны - Солтүстік Америка. Азияда: Қытай, Жапония, Корея, Түркия, Қырғызстан, Қазақстан; Еуропада: Австрия, Босния, Болгария, Хорватия, Италия, Литва, Молдова Словения, Украина, Грузия; Солтүстік Америкада: Канада, Колумбия, Жаңа Шотландия және АҚШ-та кездеседі.
Зақымдау сипаты, зияндылығы, фитосанитарлық қауіптілігі. Американдық ақ көбелек жапырақтарды зақымдайды. Жас жұлдызқұрттары жапырақтың төменгі бетіндегі эпидермисін қырып жейді. 4-5 жастарында жапырақ жиектерін кеміреді, ал содан кейін өрмекші торын өре отырып, жүйкелерімен қосып жейді. Американдық ақ көбелек зақымы өсімдіктің әлсіреп, өлуіне әкеліп соғады. Жұлдызқұрттарының түктері адамдарда аллергиялық реакция тудырады. Жеміс ағаштарының 20% жапырақсыздануы өнімді 10%, 50% кемітеді, ал 75% жапырақсызданса онда өнімсіз қалады.
Морфологиясы: Жұмыртқасы түбі жазық, диаметрі 0,5-0,55 мм шар тәрізді. Тозаң тесігі жұмыртқаның ұш жағында орналасқан, ортаға сына тәрізді енген сопақ ойықтармен қоршалған. Ойықтардың беті тегіс, сәл дөңес, тігістері тура, ұзын. Жаңа ғана салынған жұмыртқасы ашық-жасыл, кейінірек қоңыр түске енеді. Жұмыртқаларын көбіне жапырақ тақтасының астыңғы жағына тегіс те сопақ етіп, бір-біріне жақындатып, бір қабатқа салады. Әдетте жұмыртқа салынған орында 300-600 жұмыртқа болады, кейде ол 2000-ға дейін жетеді.
1-сурет. Американдық ақ көбелек
Жұлдызқұрттар. Американдық ақ көбелек Қазақстанның оңтүстік - шығысы жағдайындағы өз дамуында 7 жастан, ал АҚШ- та 11 жастан өтеді. Қуыршақтары қоңыр немесе қою қоңыр түсті, ұшында 10-15 тұқыл тікенегі бар ұршық пішінді, ұзындығы 8-15 мм, ені 3-5 мм, қуыршақ құрсағының соңында жұлдызқұрт терісі жиі болады. Жұлдызқұрт қуыршақтану алдында айналасына, денесінің ұзын түктері өрілетін өрмекші пілләсін құрайды.
Имаго. Көбелектері жібектей ақ, сирек болса да қара немесе қоңыр нүктелері бар. Аталықтары қанаттарын жазғанда 20-32 мм, денелерінің ұзындығы 9-13 мм, аналықтары ірі, қанаттарын жазғанда 24-35 мм (2-сурет), денелерінің ұзындығы 11-15 мм. Басы, кеудесі, құрсағы, жамбасы, саны және ортаңғы, артқы аяқтарының ішкі және сыртқы жақтары ақ түсті, ішкі жағын сары, сан жағын анағұрлым қысқа және ерекше ашық түсті қабыршақтар басқан. Көздері қара, мұртшаларының ұзындығы 5-6 мм, аталықтарында ирек, аналықтарында жіп тәрізді. Мұртша құрылысына қарап аталықтарын аналықтарынан оңай ажыратуға болады.
2-сурет. Американдық ақ көбелек
Биологиялық ерекшеліктері. Америкалық ақ көбелек қуыршақ кезінде жұлдызқұрттар түктерінен тұратын борпылдақ сұр пілләда ғимарат, дуал жарықтарында және топырақта қыстайды. Кейбір жазғы ұрпақтарының жұлдызқұрттары ағаш бөрікбасы жапырақтарында қуыршақтанады. Қуыршақтардың бір бөлігі диапаузаға кетеді де көбелектер бір жылдан кейін ғана шығады. Қыстап шыққан популяцияларда түнде ұшады. Көбелектердің ұшуы 20-30 күнге созылып, температура 13˚С - ге дейін төмендегенде тоқтайды. Аналығы тіршілігінің ұзақтығы көктемде 2-11, жазда 6 тәулік. Аталығы 1-4 тәулік тіршілік етеді. Қыстап шыққан ұрпақтарының ұшуы мамырда, ал жазғы ұрпақтарының ұшуы шілденің аяғы мен тамыздың басында байқалады. Жұлдызқұрттар жұмыртқадан ертеңгі және кешкі уақытта шығады. Олар 30-40 күн дамиды және өз дамуында 7 жастан өтеді. 5 жасқа дейін жұлдызқұрттар мөлшері 1,5метрге жететін өрмекші ұяларында тіршілік етеді. 6 және 7 - ші жастарында жұлдызқұрттар жеке - дара тіршілік жасайды. Олар қараңғы, құрғақ орындарда қуыршақтанады. Қуыршақтардың дамуы 14-20 күнге созылады. Зиянкес Қазақстанның оңтүстік-шығысы жағдайында екі ұрпақта дамиды. 2-ші ұрпақ көбелектері шілде айында ұшады. Зиянкестің дамуына барлық даму кезеңінде қолайлы жағдай +22+23˚С температура мен ауаныі 60-75% салыстырмалы ылғалдылығы керек.
Табу және анықтау әдістері. Америкалық ақ көбелекті табу үшін вегетациясында екі рет тексеріледі. Ол үшін зиянкесті табуға тән белгі - өрмекші ұясын іздейді. Тексеру әрбір генерацияның даму кезеңінде зиянкес зақымдаған аймақтың 30-40 км ауқымында және аймақтан шығатын негізгі көлік магистралдарының бойымен 100 км қуалай, сондай-ақ қалған бөлігінде зақымдай ошағынан 200 км-ге дейін жою үшін, бір рет жүргізіледі. Зақымдалған ағаш немесе бір-біріне жақын орналасқан ағаш топтары, сондай-ақ зақымдалған ағаштан 3-5 километр ауқымдағы зиянкес екпе ағаштар ошақ деп есептеледі. Барлық жағдайда да америкалық ақ көбелекті анықтаудың дұрыстығын тексеру үшін жиналған салынған жұмыртқалар, жұлдызқұрттар және қуыршақтар ас тұзы және формалин ерітіндісі құйылған құтыға салынады.
Шығыстың жеміс жемірі - Grapholitha molesta Busck
Жүйелік жағдайы: Insecta, Lepidoptera, Tortricidae
Зақымдайтын өсімдіктері: шабдалы, қара өрік, алмұрт, долана, беке, шие, лаврлы ағаш, бадам.
Географиялық таралуы. Еуропа: Армения, Азербайжан, Австрия, Болгария, Беларусь, Германия, Грузия, Украина, Франция, Швейцария. Азия: Қытай, Корея, Сирия, Жапония, Қазақстан, Өзбекстан. Африка: Морокко, Маврикий, ОАР. Оңтүстік, Солтүстік және Орталық Америка: Аргентина, Бразилия, Уругвай, Чили, Канада, Мексика, АҚШ.
Қазақстанда шығыстың жеміс жемірінің қоныстанған бақ алаңы 1986 га. Бұл жеміс ағаштары егілген барлық алаңның шамамен 7%-ы.
Зақымдау сипаты, зияндылығы және фитосанитарлық қауіп-қатер. Жұлдызқұрттары шекілдеуікті және сүйекті дақылдардың жемістері мен сабақтарын зақымдайды. Жемістерінің зақымдалған орындарында шайыр бөлінеді, сабақтарында жұлдызқұрттар 7-15 сантиметрге дейін жол жасайды.
Көптеген деректерге қарағанда шығыстың жеміс жемірі өзі тараған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz