Жүрек ақаулары


ЖҮРЕК АҚАУЛАРЫ
Жүрек ақаулары- жүрек іші гемодинамикасын өзгертіп, немесе қан айналысының үлкен және кіші шеңберіндегі қанның өзара тікелей қатынасын тудыратын жүрек қақпақтарының, жүрек пердесінің, жүрек қабырғасының және жүректен басталатын ірі тамырлардың тумыстан болатын не жүре-бара пайда болатын морфологиялық өзгерістері. Жүрек ақаулары көбіне қан айналысының жетіспеушілігіне әкеліп соқтырады.
Жүрек ақаулары тумыстан пайда болатын және жүре-бара пайда болатын болып екі топқа бөлінеді.
Тумыстан немесе іштен туа болатын жүрек ақаулары жүрек дамуының, эмбрионды даму кезіндегі бұзылуынан болады.
Жүре бара пайда болатын жүрек ақауларының себептері: ревматизмдік эндокардит (70-80% жағдайда), бактериялы эндокардит, атеросклероз, мерез, кеуденің, жарақаттануы және т. б. Осы себептердің әсерінен жүрек қақпақтарында қабынуға, не склерозға тән өзгерістер туады. Олардың нәтижесінде жүрек кақпақтарының жармалары қысқарып, деформацияланады. Қақпақ жармаларында тыртық, пайда болып, олардың бір-біріне жабысуына әкеліп соқтырады. Соның салдарынан жүрек қақпақтары өздеріне сәйкес жүрек тесіктерін тиісті жүрек фазасында (систола не диастола) толық жаба алмайтын болады.
Жүрек ақауының, бұл түрі жүрек қақпақтарының ақауы, немесе жүрек кақпақтарының шамасыздығы (кемістігі) деп аталады. Қақпақтар тұсындағы өзгерістер (тыртық, склерозға тән өзгерістер) жүрек тесіктерін тарылтып, олар арқылы қан жүруді нашарлатады. Жүрек ақауының бұл түрі-жүрек тесіктерінің стенозы не тарылуы деп аталады.
Қос жармалы кақпақ шамасыздығы (кемістігі)
Этиологиясы: Жүре бара болатын жүрек ақаулары себептерінің ішінде қос жармалы қақпақ шамасыздығын тудыратын жиі себептерге ревматизм мен атсросклероз жатады.
Қос жармалы қақпақ шамасыздығында болатын анатомиялық, өзгерістер: тыртықтануға байланысты қақпақ жармалары қысқарады және олардың сүйелденулеріне байланысты, қақпақ жармаларының шеттері кертіктеніп, тегістігін жояды. Тыртықтану және склероздану қақпақ жармаларығың қимылын тежейді.
Клиникасы уақытқа дейін адам ешқандай шағым айтпайды. Алғашқы шағым кіші қан айналысы шеңберіндегі қан іркілісі біршамаға жеткенде ғана пайда болады. Ауру қалыпты дене қызметі кезінде деміккенді және жүрегінің қатты соққанын байқайды. Анамнез ерекшеліктері аурудың негізгі себебіне байланысты. Егер аурудың себебі ревматизм болса, онда ауру тарихында ревматизмдік миокардит және полиартритке тән белгілер табылады. Атеросклерозда ишемия ауруының белгілерін байқауға болады.
Қарау: Жалпы қарағанда акроцианозды көруге болады. Жүрек тұсын қарағанда жайылма, биік және солға ығысқан жүрек ұшы серпіні (соққысы) көрінеді. Бұл белгінің пайда болу себебі-сол жақ қарыншаның гипертрофиясы мен дилатациясы.
Рентгенологиялық тексеру қос жармалы қақпақтың шамасыздығына тән сол жақ жүрекшенің гипертрофиясы мен өкпе артериясы шошағының шығыңқы болуы жүректің митральды конфигурациясын» (жүрек мықынының тегістелуін) тудырады.
Митральды стеноз;
(сол жақ атриовентрикуляр тесігінің тарылуы),
Этиологиясы. Митральды стеноздың ең жиі себебі -ревматизм)
Патанатомия. Ревматизмдік гранулемалар склерозының нәтижесінде (көбінесе қақпақ жармаларының түбінде орналасады) және кақпақ жармаларының бір-біріне тыртықтанып жабысуының нәтижесінде сол жақ атриовентрикуляр тесігі тарылады.
Клиникасы. Ақауға тән шағымдар қан айналысының кіші шеңберінде қан іркілісі болған кезде ғана біліне бастайды. Әуелі демігу тек күш түскенде ғана байқалады. Кейінгі ол аурудың тыныш күйінде де болады. Кейде күш түскенде және түнге қарай тұншығу болады. Түнге қарай жөтел пайда болып, ол ауру адам жатқан күйде күшейе түседі де, ауру төсекте тұрып отырса, қояды, не анағұрлым азаяды . Бұл шағымдардың туу механизмі өкпедегі қан іркілісіне байланысты. Аурудың жатқан күйінде олардың күшейе түсуі, сол қалыпта кіші қан айналым шеңберіне қан келу көбейетінін көрсетеді. Өкпе артериясының қысымының өте жоғары көтерілуіне байланысты өкпе капиллярлары жарылып, ауру қан түкіреді. Қан түкіруге қан кетудің per diapedesum механизмі де қатысады. Кейін бұл шағымдарға үлкен қан айналым шеңберінде қан іркілуге тән шағымдар (жалпы ісік, іштің өсуі т. б. ) қосылады.
Митральды стенозбсн ауыратын адамдарда -негізінен ревматизмге тән анамнез болады.
Қарау: Егер стеноз жас кезде дамыса, ауру адамның жалпы өсіп-жетілуінде кемшілік болады. Қан айналысы бұзылмаған жағдайда көзге көрінерліктей өзгерістер болмайды.
Өкпеде қан іркілуі күшейгенде ауру төсекте тұрып отыруға мәжбүр (ортопноэ) . Оң жақ қарыншаның қызметі бұзылғанда ісіктер пайда болады.
Бет- ұшының қызара көгеруі ауруды өз жасынан жас етін көрсетеді.
Оң жақ қарынша гипертрофиясының нәтижесінде жүрек соққысын және эпигастрий пульсациясын, кейде жүрек томпағын көруге болады.
Қан айналысының үлкен шеңберінде қан іркілісі туғанда іштің өскені (асцит, бауырдың өсуі және іш қабырғасы ісігінің нәтижесі) байқалады.
Атеросклероздық кардиосклероз
Кардиосклероз деп жүрек бұлшық етінде дәнекер тканіңің өсуін атайды.
Кардиосклероз атеросклероздық және миокардиттік кардиосклероз болып екі түрге бөлінеді.
Атеросклероздық кардиосклерозды тудыратын негізгі фактор-жүрек бұлшық етінің ишемиясы. Көбіне жүрек ишемиясының клиникалық белгілергі болмайды. Атеросклероздық кардиосклероздың бір түрі жүрек инфарктісінен кейін дамитын кардиосклероз.
Атеросклероздық кардиосклерэоздың клиникасында симптомдық триада болады: созыльмалы жүрек әлсіздігінің белгілері, тұрақты стенокардия белгілері және жүрек ырғағының бұзылу белгілері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz