Қазіргі заманғы риториканың теориясы мен қоғамдық рөлі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті

C:\Users\User\Desktop\казну эмблемма.htm.jpg

Филология және әлем тілдері факультеті

Шетел филологиясы

ЭССЕ

Тақырыбы: Қазіргі замаңдағы риторика ғылымының рөлі

Орындаған: Келдос Л.

Қабылдаған: Даутова Г.

Алматы, 2020 жыл

Шешендік өнерді ғылымда риторика деп атайды. Жалпы шешендік сөзі латын тілінен аударғанда “айту” деген мағынаны береді. Шешендік сөздер ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ауызша таралған. Біздің заманымызға дейін шешендік сөздерді қонақта, жиындарда немесе бір мәселені талқылау барысында айтылған. Көп жасаған кәрі құлақты қариялардың аузынан шыққан жүйрік ойлы жүйелі сөздерді құймақұлақ талапты жастар, өнер қуған қыз-бозбалалар жаттап алып жүрген, тұрған жерлерінде ойын-жиындарда айта жүрген.

Шешен болу адамның қабылет-дарынымен бірге, білімділігіне қатысты болып келеді. Сонымен бірге адам шешен болып тумаса да, оны өмірге ізденіс, дайындықтар арқылы қалыптастыруға да болатын белгілі. Шешендік өнер дегеніміз - дұрыс сөйлеп, сөзді дұрыс айта білу деген сөз. Яғни, адамның тіл шеберлігі, жақсы, тартымды, дәлелді, сенімді сөз айта білу.

Шешендік өнерді кез-келген адам игере алмаған. Нағыз шешен болу үшін сөзге шебер болу жеткіліксіз, табанда ақыл тауып сөйлейтін, топ алдында тайсалмай сөз бастайтын, сөз сайысында саспайтын батыл, ақылды, сабырлы болуы тиіс. Шешен кісі өз заманының озат ойшылы, оқыған, оқымаса да көкейге тоқыған, білімді, мәдениетті азамат болуы керек. Бізге мәлім Аяз би, Жиренше, Сырым мен Исатай батыр, Махамбет пен Абай «От ауызды орақ тілді» адамдар болған.

Сан ғасырлық тарихы бар шешендік өнер қай жылы, қай жерде шыққаны туралы біз үзілді-кесілді айта алмаймыз. Бірақ, кейбір зерттеулерге сүйенетін болсақ, шешендік өнердің негізін салушы Протогор, Сократ және Платон болған. Яғни, шешендік өнер ең алдымен Грецияда дамыған. Ал қазақ жерінде шешендік өнердің алғашқы нұсқалары түркі халықтарының Орхон-Енесей ескерткіштері мен көне жазба мұраларынан табылған. Ол жерде Қорқыттың айтқан нақыл сөзі жазылған. Көне жазба мұраларында М. Қашқари, Баласағұн, А. Иүгники, С. Сараий, Құтып, А. Хорезм айтқан даналық сөздер табылған. Шешендік өнердің бастауы мен даму кезеңдері 7 жарғы заңына байланысты болған.

Шешендік сөздердің мазмұн-мағынасы кең. Ол тек билік-бітім түрінде ғана айтылып қоймай, кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде мақалдап та, мысалдап та, жұмбақтап та, ақыл-нақыл түрінде де айтылған. Соның бірі шешендік мысалда біреудің басынан өткен құбылыстарды айтқан болып, сан адамның басына келетін көпке ортақ жайларды ғибрат етеді.

Ата-ананың қадірін

Балалы болып байқадым.

Ағайынның қадірін

Қаралы болып байқадым.

Жан ашырдың қадірін

Жалалы болып байқадым.

Мұндай жағдай көп адамның басынан өтуі мүмкін. Өзің балалы болғанда ата-ананың орнын жақсы ұғасың. Басыңа іс түскенде жақын-жанашырдың қадіріне жетесің дегенді құлақ қағыс етеді.

Шешендік мақал жас ұрпаққа өмірдің белгілі бір шындығын астарлап-жанамалап жеткізе отырып, ақыл-кеңес айтады. Санаңа салып салмақта деген ишара жасайды.

Жақсы адамға мал бітсе,

Ағайынның жоғына қарасады.

Жаман адамға мал бітсе,

Көрінгенмен итше таласады, - деген шешендік мақалды жоқ-жітікке қарасуға, қайырымдылық көрсетуге кеңес береді.

Ал шешендік жұмбақ кейде бір адамның ақыл-ой тапқырлығын, парасат-пайымын сынап байқап көру мақсатында да айтылған.

Шешендік сөздің үш түрі белгілі. Олар: шешендік дау, шешендік толғау, шешендік арнау.

Шешендік арнау - адамдар арасындағы қарым-қатынасты көрсетеді, халықтың көңіл-күйін бейнелейді.

Шешендік толғау - халықтың философиялық көзқарасын көрсетеді. Көп жасаған қарттардың жас ұрпаққа өсиеті айтылады. Халықтық үрім-бұтағына жеткіншектерге айтар ақылы насихаты толғау деп аталады. Жоқшылықтың азабын шеккен халықтың өмірі, қонысы, арманы айтылады. Бұқар, Шортанбай, Мұрат, Дулаттың толғаулары бар.

Шешендік дау - заттық және рухани даулы мәселелерді реттейтін ежелгі әдет заңын бейнелейді. Ар, дау, адам намысын қорғайды, ел мен елдің арасында елшілік келісім болады. Ол елдің дербестігін жердің бүтіндігін қорғайды. Үстем таптың халық мүддесін пайдаланбауын талап етеді.

Ерте замандарда шешендік сөздерді жоғарыда айтып өткендей, жиын-тойларда айтылатын болған. Ал қазір түрлі зерттеулерге байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді. Мысалы, Г. З. Апересянның бөлуі бойынша 5 топқа топтаған.

1. Әлеуметтік саяси шешендік сөз

2. Академиялық шешендік сөз

3. Сотта айтылатын шешендік сөз

4. Әлеуметтік тұрмыстық шешендік сөз

5. Діни қызметте қолданылатын шешендік

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шешендік өнер мен риториканың теориясы, қағидалары және құрылысы
Саяси идеология: теориясы мен қазіргі заманғы ерекшеліктері
Қазіргі заманғы адамның өміріндегі өнердің рөлі мен функциялары
Чарльз Дарвиннің эволюциялық теориясы және оның қазіргі заманғы дамуы
Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі мен қазіргі заманғы тәрбиелік мәселелер
Қазіргі заманғы қоғамдағы дәстүрлі құндылықтардың рөлі мен Қазақстандағы жаңғырту мәселелері
Қазіргі заманғы қоғамдағы дәстүрлі құндылықтардың рөлі: аксиология және жіктелуі
Қазақстан экономикасында минералдық шикізаттардың қазіргі заманғы рөлі мен тиімді пайдаланылуы
Қазіргі заманғы сынып жетекшісінің моделі мен рөлі: оқу-тәрбие процесіндегі міндеттері мен қызметтері
Қазіргі заманғы қоғамдағы дәстүрлі құндылықтардың рөлі: еркіндік пен жауапкершілік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz