Семиотикалық сын туралы түсінік



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Батенова Альбина
2-практикалық сабақ
Негізгі сұрақтар:
1. Семиотикалық сын туралы түсінік
Семиотикалық сын - әдебиеттің шарайнасы, ақылшысы, жолбастаушы пірі. Шынтуайттап келгенде, әдебиет сынмен көркейеді (Жүсіпбек Аймауытұлы), өркен жаяды, жазушының қайрағы - сыншы (Смағұл Сәдуақасұлы), демек, сын - әдебиет дамуының темірқазығы, беломыртқасы. Сын өнерінде философиялық көзқарас пен түйінді жинақтауларға, не филология ғылымының жетістіктерімен, әлемдік әдебиеттің көркемдік тәжірибелерімен мұздай қару - ланған ойшыл сыншының төрешілік тұлғасы - әдебиеттің тамыршысы, қырағы жанары. Біздер әдебиет сыншысын осы тұрғыдан бағалауға тиіспіз.
Қазақ әдеби сынының бір ғасырлық тарихын зерттеген айтулы әдебиет тарихшысы, сыншысы Тұрсынбек Кәкішұлынан кейін оның шәкірті профессор Дандай Ысқақұлының өнікті-өнімді ізденістері көркем шығармашылыққа қатысы бар қо - ғамдық ғылымдардың тоғысқан түйінінде, рухани өмір әлемінде, өмірді зерттейтін, пікір білдіретін қоғамдық сананың сан сипатты бір саласы ретінде көрініс тапқан. Бұл ретте Әдебиеттану ғылымының даму жолдары дейтін толғамында ауыз әдебиеті, ақын-жыраулар, сал-серілер шығармашылығы, жыраулар поэзиясы және әл-Фарабидің сөз өнері туралы тео - риялық қисындары, шығыстанушылар В.В.Радлов, Г.Н.Потанин, К.Н.Березин, Н.Пан - тусов, П.М.Мелиоранский, П.Н.Иль - минский, А.В.Васильев, А.Е.Алекторов еңбектеріндегі қадау-қадау түйінді ой-пікірлері, Шоқан Уәлихановтың Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде, Ыбырай Алтынсариннің әдеби- сыншылық білім-білігі, Абайдың поэзияға қойған көркемдік шарттары, Түркістан уалая - ты, Дала уалаяты, Айқап, Қа - зақ газеттері мен журналындағы сын - шы - лық-әдеби ой сілемдері, Алаш қай - рат - керлері Ә.Бөкейханның, Ахмет Бай - тұр - сынұлының, С.Торайғыровтың, Х.Дос - мұхамедұлының, М.Әуезовтің, С.Сей - фуллиннің әдебиет сыны мен тарихына, тео - риясына қатысты көзқарастарын бажайлап түсіндірген. Сонымен қатар, ХХ ғасырдағы ұлттық әдебиеттану ғы - лы - мының озық тәжірибелерін, әдеби дамудың идеялық-эстетикалық бағытын бағалап-айқындап, ұлт әдебиетінің тарихын қайта жаңғыртып, толықтырып жазуға сырлы кеңес берген.
Профессор Дандай Ысқақұлы Сын жанрлары атты монографиясында (1999) сын жанрлары үздіксіз өсу, өркендеу үстіндегі тарихи категория екендігін дәйек - теп, әдебиет, ғылым, баспасөз дамуы - мен сын жанрлары бұтақталып-же - тіліп, сонау ХІХ ғасырдың 70-ші жыл - дарындағы, яғни қазақ баспасөзі тууы тарихынан бастап (атап айтқанда, хабарламалық, дәйектемелік сипаттағы заметкалар), қалыптасу және даму жолдарын бастан кешіріп, ұшан-теңіз тәжірибе жинақтап, сынның жанрлық түрлері мен ішкі мүмкіндіктері толық айқындалған кемел шаққа жеткенін, сөйтіп, әдеби сынның әдеби хабар, аннотация, мақала, шығармашылық портрет, әдеби шолу, эссе, сондай-ақ, сынның сатиралық жанрлары тармақталып туындап және бұлардың сыншылық-бағалаушылық, талдаушылық, көркемдік, публицистикалық, ғылыми сипат-белгілері, қоғамдық-мәдени қызметі барынша көрініс тапқанын ғылыми-теориялық тұрғыдан саралайды.
Сыншы Д.Ысқақұлы әдеби-көркем үдерісте оның 1) бастамашылдық, 2) ұй - ым - - дас - тырушылық, 3) танымдық, 4) тәр - биешілік, 5) насихатшылық рөлін жік-жігі - мен, нақ-нағымен түсіндіреді. Жалпы айтқанда, сын жанрлары құ - рамдас бөліктерінің әрқайсына ғана тән ғылыми негіздері мен заңдылықтарын ай - қындайды. Сынның әдіснамасы мен әдіс-тәсілдеріне де ой жарығын түсіріп, әдеби-көркем сын әдебиеттану ғылымының ма - ңызды тарауы болғандықтан, оның мето - дологиясы да әдебиеттің тарихы мен тео - - - риясы құрамына кіретіндігін мәлім - дейді.
Қазақ әдеби сынының білгірі Д.Ысқақ - ұлының пайымдауынша, сынның басты мұрат-мақсаты - көркем шығарманы бағалау һәм зерделілікпен талдау. Демек, белгілі бір әдеби шығарманың айшықты жетістіктері мен кемшіліктерін нанымды зерделеу. Осы орайда философ-сыншы В.Г.Белинскийдің: Біздің заманымыздың рухы - талдау мен зерттеу. Енді бәрі де сынға бағынышты деген көсем пікірі көрегендікпен айтылған-ау! Әдебиет - сөз өнері, әрбір жаңа шы - ғар - ма өнер туындысы. Оқырманның көркемдік дүниетанымы сұлулыққа іңкәр. Олардың рухани әлеуетін, эстетикалық қабілетін тәрбиелеу, биік көркемдік дамудың деңгейінде қалыптастырып отыру қызметінде әдеби сынның қуат-құдіреті ересен. Ол - ізгілік пен сұлулықтың жаршысы.
Сыншы ойшылдан ақылдырақ және суреткерден таланттырақ өзгеше шығармашылық иесі (А.Н.Толстой). Д.Ысқақов Білімнің бір бұлағы дейтін еңбегінде М.Әуезовтің музей-үйін - де ширек ғасыр ішінде Алматы қала - лық қазақ әдебиеті мен өнері халық университетінде (ректоры академик Рахманқұл Бердібай) 372 дәріс (лекция-әңгіме) лекция-дискуссия, лекция-концерт түрлері бойынша ұйымдастырылып, 40 мың - дай адам қатысқандығын тәптіштеп жазады. Сыншы әрбір сабақтың өзіндік ерекшеліктері мен сипаттары, лекторлық шеберлік деңгейі, қабілет-дәрежесі қи - лы-қилы болатындығын келісті баяндайды. Халық университетінде қазақ фольклоры мен әдебиетінің және ұлт тарихының арғы-бергі дәуірлердегі өзекті мәселелері шынайылықпен қопарыла ай - тылатындығы, сондай-ақ ұлт әдебиеті алыптарының бірі - академик жазушы Сәбит Мұқановтың 1973 жылдың 23 ақпанында өткізген дәрісінде: Өткенді білу керек. Өткеннің тәжірибесі бүгінгіні білу үшін қажет... Абай - асқар тау. Ол елден шығып отыр. Ал әдеби дәстүрі жоқ, жазу-сызу өнері, мәдениеті болмаған елден Абайдай ұлы адамның шығуы мүмкін емес. Абайдай алыпты шығарған халықтың өткен тарихына, кейінгі дәстүріне зер салып қарауымыз керек дегенін келтіреді. Өте-мөте мәнді, мағыналы пікір. Сондай-ақ, С.Мұқанов Қазақ қауымы не себептен жазылғанының түп негізін түсіндірген-ді: Елді көп аралаймын. Сондай бір сапарда Шудан Арқаға асып бара жатқанда Киікті станциясына келе жатып, киік қуып адасып кеттік те, далаға түнеуге тура келді. Дала түні қандай керемет десеңізші! Бір кезде жылқы пысқырды. Түнделетіп жүрген пішенші жігіт екен. Ол мені таныды. Түрлі тақырыптарда әңгімелесіп отырдық. Бір кезде мен: Қай русың? деп сұрадым. Ол: Тұратын колхозымның аты - Карл Маркс. Басқа ештеңе білмеймін - деді. Ол өзінің тегін білмегені үшін алдымен жазушыларды, ғалымдарды кінәлады. Мен ойланып қалдым. Идея осылай туды.
Энциклопедиялық телегей білімнің иесі, ой мен сөз зергері, ха - лық эпостарын жас - тайынан көкейіне тоқып, рухын, сырын, асылын бойына сіңіріп, жатқа зулататын құймақұлақ Сәбит Мұқановтың осы бір алтын ойлары саққұлақ сыншы Д.Ысқақұлының арқасында ғылыми қол - данысқа түскен-ді. Ұлт мәдениеті та - ри - - хындағы әмбебап дарын Сәбит Мұқа - новтың сыншылық өнері жайында да Д.Ысқақұлы Дарын қыры дейтін зерт - те - месінде соны пайымдаулар жасаған. Сәбең - нің әдебиеттің тарихына, сынына, қағи - даттарына қатысты 200-дей мақала мен ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті (1932), ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихынан очерктер (1942), Жарқын жұлдыздар (1964), Халық мұрасы (1974) дейтін монографиялық зерттеу - лер жазып, оларда әдеби, сыни, тарихи теориялық ой-тұжырымдар лайықты зер - деленгенін алға тартады.
Сын өнерінің өрелі зерттеушісінің Әдебиет өрнектері дейтін еңбегінің (1996) танымдық, тағылымдық мәні айрық - ша. Мұнда Абайдың аудармалары, Шортанбай жырау жырларындағы әлеуметтік сарын, Сұлтанмахмұттың әдеби пайым - даулары, Жүсіпбек Аймауытов роман - дарының көркемдік әлемі, Мұхтар Әуе - зовтің орыс әдебиетіне қатысы, Ғабит Мүсі - реповтің ұлттық тілге көзқарасы зерт - теледі. Бұл зерттеулерінен басқа, Әдеби көр - кем сын (1987), Сын шын болсын (1993), Сын өнері (2001), Сын сонар (1993), Сырбаз суреткер (2002), Сынталқы (2005), Қазақ Елі, бір ауыз сөзім саған (2004) дейтін монографиялық еңбектері бір арнаға тоғысып, бір жүйеге түсіп, күрделі, іргелі 2 томдық Қазақ әдеби сынының тарихы деген атпен 2011 жылы жарияланған-ды. Мұнда ұлт тарихындағы әдеби сынның дәуірлері, жанрлардың жаңғыруы, сынның көркем жанрлары, ағартушы-демократтардың әдеби ой-сарындары, әдеби фольклорлық мұраның игерілуі, баспасөз және әдеби сын байланысы, сынның жаңа замандағы лингвистикалық-семиотикалық сипаты тексеріледі, бағыты, жолдары, әдіснамалық негіздері жан-жақты толық әңгімеленеді. Профессор Д.Ысқақұлының Әдебиет алыптары еңбегінде (2004) ұлт мәдениеті мен руханияты тарихындағы жарқын жұл - - дыз - дар Мәшһүр Жүсіп, Ахмет Бай - тұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Сұл - танмахмұт Торайғыров, Жүсіпбек Аймауы - тов, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин шығармашылығы талданып таразыланады. Ал Әдебиет айдынында атты зерттеуінде (2009) Түркістанда түлеп ұш - қан қайраткер, дипломат Нәзір Төре - құлов, дархан дарын иесі академик Қажым Жұмалиев, сатираның сайыпқыран сардары Темірбек Қожакеев, ұлтын ұлықтаған ғұлама Рахманқұл Бердібай, сырлы сөздің сыншысы академик Зейнолла Қабдолов, жаны - қазақ, тегі - түрік Мұстафа Шо - қай туралы әдеби ой-толғаныстары жинақ - талған.
Сыншы Д.Ысқақұлының әдеби-ғылыми шығармашылығында әдеби-мәдени деректер, тарихи мәліметтер, статистикалық мағ - лұматтар, сирек қолжазба мұралар жет - кілікті. Бұлардың баршасын құнттап-тия - нақтап ғылыми айналымға қосып отырады. Ұлт әдебиетінің тарихы мен тағдыры Д.Ысқақұлының Рухани толғамдар атты зерттеуінде (2015) байыпты баяндалған. Әсіресе, оның ұлт әдебиеті жайлы кесек ой-толғаныстары Әдебиет тарихын зерттеудің, дәуірлеудің өзекті мәселелері дейтін монографиялық очеркінде көрініс тапқан.
Әдебиет сыншысы һәм тарих - шысы профессор Д.Ысқақұлының көр - сетуінше, жаһандану жағдайында түркі халықтарының ортақ әдебиет тари - хын жасау, дәуірлерін саралау, жалпы түркі дүниесіне ортақ тарихи тұлға - ларды (мысалы, Ясауи, М.Қашғари, Ж.Ба - ласағұн) ғылыми айналымға енгізу, түр - кі халықтарының түп-төркінін б.з.б. Х ғасырдағы қытай жазбаларындағы түр - кілік деректерден бастау, түркілік әдебиет пен ұлттық әдебиеттің аражігін анықтау, әдеби жанрлардың жетілуі мен баюын дәйектеу, әдеби мектеп пен даму бағыттары мәселесін де ғылымилықпен тексеру қажеттігін ескертеді. Ол әдебиет тарихын дәуірлерге жік - теудің де тәжірибесін кеңінен қолдана отырып, тарихи-хронологиялық зерттеу әдісін қолдайды. Тәжірибелі сыншының қай еңбегінде болмасын ғасырлардың әдеби, мәдени, әлеуметтік келбеті айқын көрінеді. Сонымен бірге, энциклопедиялық сипаттағы анықтамалықтың да қызметін атқарады. Оның рухани толғамдарында Түркі әлемінің ұлы қайраткерлері, жыраулары, шайырлары Қорқыт, Махмұт Қашғари, Захиредден Мұхаммед Бабыр, Жүсіп Баласағұн, Әлішер Науаи, Низами, Раб - ғузи, Физули, Молла Панах Вагиф, Жабид Гүсейін, Е.А.Кулаковский, Жәлел Зейна - ладын оғлы Мамедкулизаде, Машраб Бабарахым, Платон Ойунский, Мырза Алекпер Сабыр (Тахирзаде) мұрасы мен өміртарихы, даналық, ізгілік жемістері қарастырылады. Сонымен қатар, ұлт руханиятының діңгегі - тілі, эпостары, тұрмыс-салт жырлары, ұлттық идеологиясы, заманауи әдеби, мәдени, ғылыми дамудың көкейкесті мәселелері, білім беру жүйесі, көркем әдебиет тағдыры (көркем шығарма оқу - елдің интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін арттырудың кепілі екендігі) айрықша зерделенеді.
Парасатты сыншының азаматтық, ин - теллектуалдық тұлғасы Мәңгілік майдан немесе тілдер тоғысындағы түркі әлемі (2014) және Түркілік ортақ термин негіздері (2014) дейтін қабырғалы, салиқалы еңбектерінен айқын танылады. Олардың мазмұны мен мәні ұлт қаһарманы Мұстафа Шоқайдың Түрік халқы - батыр халық! Түрік халқы - арыстан ер халық! Кімнен таяқ жегендей, біздің тү - рік баласы! дейтін намыс толғауымен рухтас. Саяси, экономикалық, мәдени жаһандану жер-көктің апшысын қуырып жатқанда және олар ортақ мәдениет жасау, мәдениеттердің өзіндік ерекшеліктерін жоюды, ғаламдық біртұтас жүйе құруды жанталасып ойластырып әрі іске асырып, үстемдік жасап жатқанда түркілік бірлік пен түркі әлемін сақтап қалу, атап айт - қанда, ұлттық тәуелсіздікті, сананы, тілді, рухты, дәстүрді, саясатты, психологияны, идео - логияны арашалап алу - Д.Ысқақұлы ой-тол - ғаныстарының лапылдаған жалынды өзегі.
Ол он екі томдық Қазақ Совет Энци - клопедиясы (ІІ-ХІІ томдар), төрт томдық Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедия (ІV.), Қазақстан. Ұлттық энциклопедия (І-VІ томдар), Мәскеуде шыққан тоғыз томдық Қысқаша әдеби энциклопедия (орыс тілінде. ІХ том), Түркістан, Қазақ әдебиеті, Абай, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров энциклопедиялары, академиялық Стиль сыры (1977), Дәстүр және жаңашылдық (1980), Көкейкесті әдебиеттану (2001,2002,2004), Қазақ әдебиеті тарихы - ның қыс - қаша курсы (2002), Әдебиет тео - риясы (2003), көптомдық Қазақ әдебие - тінің тарихы (VII., 2004; ХІ т., 2007), екі томдық Қазақ әдебиеттану ғылымының тари - хы (2008), Қазақтың жүз романы, т.б. сияқты іргелі еңбектерді жазуға қатыс - қан. 2013 жылы Қазақ әдебиеттанушылары энциклопедиялық анықтамалығын құрастырып шығарды.
Қазіргі әдебиеттану ғылымындағы герменевтикалық, структуралистік және семиотикалық зерттеу тәсілдері бар. Егер біз әдебиет теориясының пәндік міндетін жалпы көркем сөз атаулының арғы бергі тарихы мен құрылымдық сыпатына үңіле отырып, терең тәпсірлейтін ғылым ретінде қарайтын болсақ, онда мұның мүмкіндігінше ауқымы кең жүйелі әрі нақты теориялық пайымдарды талап ететіні түсінікті.

2. Семиотикалық сындардың ерекшеліктері
Семиотика (терминдік мәні гректің sema - белгі деген сөзінен келеді.) - тілдік белгілер мен олардың қолданылу ерекшелігін қарастыратын теория. Алғашқылардың бірі болып белгінің үш негізгі сипатың американдық философ Чарлз Пирс айқындады. 1) белгінің белгілі қатыстылығы; 2) белгінің нені білдіретіне қатыстылығы; 3) белгі мен оны қолданатындардың ара қатыстылығы. Осыған орай, сомиотика өз ішінде үш пәнге болінеді, олар: синтактика, семантика және прагматика.
Бастапқыда ғылыми айналымға жәй бір қатардағы көп теорияның бірі ретінде кірген семиотика, бүгінде гуманитарлық сала мамандарының үлкен қызығыушылығын тудырып отырған ғылыми жүйеге айналды. Әдебиетті таныу мен әдебиеттіңтеориялық сипатын саралайтын арнайы еңбектер мен оқу құралдарының бар екені белгілі. Олар өз кезеңінде әдебиеттісаралайтын нақты категориялар мен терминдердің жиынтығынан тұрады. Мұндай категориялар жүйесінде семиотика - белгі мен бораз түрінде беріледі. Кез- келген белгі білдірілетін және білдіретін зат пен құбылыстың бірлігі, олар туралы ақпараттың иесі. Мәселен, біз көзбен көрмегенімізбен арба, стол деген заттардың атын естеи отырып, ол туралы бір түсінік қалыптастыра аламыз. Белгідегі ең бастысы мағына мен оның көрінісі. Белгілер жүйесінде мағына ең үлкен әрі аса маңызды категория. Тіл де, тарихта, маххабатта бәрі-бәрі белгілер жүйесі Олай болса белгі дегеніміз не? Белгі болудық шарттары қандай? Белгінің тәндік не жандық, не басқалай құндылықтар жүйесіндегі анықтамалық қасиеті бар ма? Бар болса оны қанлай тұжырымдармен дәлелдейміз? ХІХ ғасыр басындағы бірқатар философтар заттар мен белгілердің ара- қатынасын ажыратуға талпынған болатын. Мұның қиындығы сол, кейбір жағдайларда белгі болып ұғыналатын нәрселер басқа бір құндылықтар жүйесінде жай ғана қарапайым зат болуы мүмкін (мәселен, Құранды - Алланың сөзі деп қәдірлеп қасиетті, күрделі ұғымдар мен белгілер ретінде де немесе жай көне кітәп ретінде де қарастыратындар бар) . Мәселен бұлай болғанда, жалын белгі деген ұғымды қарастыру түрлі ғылымдар жүйесінде әрбір жағдайға байланысты әрқалай болады. Демек, бұл семиотиканың нақты спецификалық нисаны жоқ дегенді білдіреді. Әлбетте, бұл жерде семиотика ғылыми немен айналысады? деген заңды сұрақтан туындайды. Ал өзі бастапқыда семиотик ғалым болып келген Е. Горный болса бұл ғылымның теориялық тіректерін түгелдей жоққа шығарады. Жоғарыда семиотиканың нақты нысандық тұрғыдағы зерттеу аясының трақсыз екенін сөз еттік. Енді мұның субъектілік анықтамасын алалық. Е. Горный бұл тұрғыда төмендегідей сезімнің жетегінде кетсе де, толықтай негізсіз де емес анықтама береді : Семиотика как наука институциализируется самими семиотиками. Знаком семиотической ориентации научной работы (которая может быть посвящена чему угодно) является использование принятой семиотической терминологии (знак, код, сигнификация, семиозис и т.п.) вкупе со ссылками на другие семиотические труды. Таким образом, определение по субъекту может звучать так: "семиотика - это то, что люди, называющие себя семиотиками, называют семиотикой".
Әлбетте, бір ғылымның негізгі теориялық тұжырымдарын түгелдей жоққа шығару үшін оны дәлелдеу керек. Әрбір дәлелдің шынайылық дәрежесі мен ғылыми апараты да үйлесім табу тиіс . Бұл тұрғыда Е. Горный өз зерттеуінде теориялық һәм практикалық тұрғыда салмақты дәлелдер келтіреді. Асылында семотика мәселенің шынайылығынан гөрі сыртқы пішіндік сипатын саралайды. Құрғақ құрылымға ұлы мағынаны телиді. Әлбетте, бұл тұйыққа апарар тәсіл. Дегенмен мәселенің мәнін емес, сыртқы механизмін, прагматикалық (мұның өзі де шартты ұғым) тиімділігін айқындауда, семиотика таптырмайтын тәсіл екенін де айтуымыз керек.
Семиотиканың - белгілер жүйесі туралы ғылым деген шартты анықтамасы бар екені белгілі. Дегенмен мұның нақтылығы бірқатар күмән туғызбай қоймайды.
Ең алдымен, қазақ прозасының өзіндік сыпаты құрылымдық ізденістер аясында талдауларға түсе бастады. Көркем мәтіндегі структуралистік, семиотикалық белгілер, сол белгілерді қарастыратын тұжырымдар негізінде сараланды. Бұл бір жағынан алғанда аталмыг (структуралистік, герменевтикалық, семиотикалық) зерттеу тәсілдерін түрлі әдістемелік жағдаяттарда қарастыруға жол ашты.
Осының нәтижесінде, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары орын алған пікірталастарда әдебиеттаныу ғылымындағы зерттеу тәсілдері мен бағыттарды алмастырып қолдану үрдісі байқалды. Бертін келе әрбірінің тақырып аясы нақтыланып әдеби бағыттардың көркем өнер мен ғылымдағы орны белгілене бастады. Өнерді танудың дәстүрлі тәсілдері мен жаңаша эксперименттік тәсілдердің арасындағы өзара бәсекелестіктер орын алды. Дәлірегі, бүгінде әлемдік әдебиеттану ғылымындағы герменевтикалық семиотикалық структуралистік, постмодернистік секілді бағыттардың әдістемелері ұлттық әдебиеттану ғылымында тың теориялық, аналитикалық талғау -- - талғамдармен толығуда. Шығарманың көркемдік табиғатына қатысты формалистік талдаудардың орнына көркем мәтіннің эстетикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениеттің семиотикалық концепциялары
Адамның мәдени тұлға ретінде қалыптасуы
ҚАЗАҚ БОЛМЫСЫНДАҒЫ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ОРНЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
МӘДЕНИЕТТАНУ: ПӘНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРІ
Тіл – мәдениеттің мәйегі
Мәдениеттің ақпараттық - семиотикалық түсінігі
Мәдениет таңбалар ретінде
Авторлық сана – мәтіннің базалық ұғымы
Қазақ тіліндегі жалқы есімдер
Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші
Пәндер