Біріншілік туберкулез



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Факультет: Жалпы медицина
Дисциплина: Жалпы дәрігерлік тәжірибедегі фтизиатрия
Кафедра: Фтизиатрия және дерматовенерология
Тақырыбы: Біріншілік туберкулез

Орындаған: Саматов Ш. С.
Тобы: 640
Тексерген: Ділмагамбетов Д. С.

Ақтөбе қаласы 2020

Жоспар
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
Біріншілік туберкулездің клиникалық формалары
Диагностикасы
Емдеу принциптері
ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер

Біріншілік туберкулез (БТ)- организмге туберкулез инфекциясының алғашқы түсуі нәтижесінде дамыған ауру.
Оның дамуына екі факторлардың қосылуы тән:
* Жоғарғы вирулентті туберкулез микобактериясының организмге көп мөлшерде түсуі
* Организм реактивтілігінің төмендеуі (иммундық тапшылық)

Біріншілік туберкулездің клиникалық формалары:
* Біріншілік туберкулездік кешен (БТК)
* Кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі
Біріншілік туберкулез 0,8-1,0% құрайды. Балаларда біріншілік туберкулездің жетекші түрі- Кеудеішілік Лимфа Түйіндерінің Туберкулезі ( 50-65%), сирек-Біріншілік Туберкулездік Кешен ( 20,2-25%) кездеседі.
Біріншілік туберкулезге тән ерекшеліктер:
1. Туберкулиндік сынаманың алғашқы оң болуы-вираж
2. Әр түрлі ағзалар мен тіндердегі параспецификалық реакциялар
3. Лимфа жүйесінің айқын қатысуы
4. Бронх қабырғасының зақымдануы
5. Шырышты қабаттың реакциясы
6. Организмнің инфекцияға жоғарғы сезімталдығы, үрдістің гематогенді, лимфа-бронхогенді жолдарымен жайылуына мүмкіндік туғызады
7. Өзіндік жазылуға бейім болуы
Біріншілік туберкулездік кешен патогенезі:
Ортоградты
Өкпедегі біріншілік ошақ, осы ошақтан өкпе түбіріндегі лимфа түйіндеріне жүретін спецификалық лимфангит және сол жердегі жергілікті интраторакалді лимфа түйіндерінің зақымдануы.
Ретроградты
Алдымен түбірдегі лимфа түйіндері зақымданып, кейін қабыну үрдісі біртіндеп өкпеге өтеді.
БТКді 3 компонент құрайды:
Өкпелік: Бұл перифокалды қабыну аймағы бар казеозды пневмония
Бездік:лимфа-аденоидтық тіннің гиперплазиясы мен сипатталады, лимфа түйіндерінде төмпешіктер түзіліп, кейіннен ол ірімшік тәрізді казеозбен толады.
Тамырлық: үлесаралық перделердің қасында орналасқан лимфа тамырларының арнайы зақымдануы, бронх жолдары мен қан тамырлары бойымен туберкулездік төмпешіктердің немесе ірі ошақтардың түзілуі.
БТК клиникасы
Интоксикация симптомдары:
Ұзаққа созылған субфебрилді дене қызуы
Тез шаршағыштық, әлсіздік
Тершеңдік, тәбетінің төмендеуі
Салмақ жоғалту
Лимфаденит
Периферикалық лимфа түйіндерінің ұлғаюы, жұмсақ-эластикалық консистенциялы
Өкпенің зақымдану симптомдары:
Ентікпе
Құрғақ жөтел
Өкпе дыбысының қысқаруы
Әлсіреген тыныс
Ылғалды сырылдар
Параспецификалық реакциялар-туберкулез микобактерияларының эндотоксині әсерінен болатын арнайы емес токсикалық аллергиялық реакциялар.
Туберкулин сезімталдылығы-нормергиялық, көбінесе вираж, ерте жастағы балаларда туберкулинге сезімталдық гиперергиялық болады.
Жалпы қан анализінде: шамалы лейкоцитоз (8-15 х 109 гл), эозинофилия, лимфопения, моноцитоз, ЭТЖ-ның 10-20 ммсағ дейін жылдамдауы.
Биохимиялық анализде: диспротеинемия
Зәр анализінде: аз мөлшерде ақуыз, бірлі жарым эритроциттер мен лейкоциттер анықталады.
Рентгенологиялық көрініс
Инфильтратты немесе пневмониялық фаза
Сорылу фазасы (2-4 ай бойы уақытылы спецификалық ем жүргізу нәтижесінде)
Тығыздану фазасы (3-5 ай)
Әктену (кальцийлану) (12 ай немесе одан жоғары)
БІРІНШІЛІК ТУБЕРКУЛЕЗДІК КЕШЕННІҢ ЖАЗЫЛУЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ:
Толық сорылу
Фиброздану
Гон ошағының түзілуімен кальцилану және кальциланған лимфа безінің пайда болуы.
Кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі
Өкпе түбірі және кеудеаралық лимфа түйіндерінің арнайы зақымдануы- кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі.
Лимфа түйіндерінің бронхтар мен кеңірдекке қатынасы бойынша:
-Паратрахеалды
-Трахеобронхиалды
-Бронхопульмоналды
-Бифуркациялық
Кеудеішілік лимфа түйіндері туберкулезінің үш клиникалық түрлерін ажыратады:
-Кіші
-Инфильтратты
-Ісік тәрізді (туморозды)
Кіші түрлері: инфильтрация фазасында 1-2 топ лимфа түйіндерінің айқын емес ұлғаюымен (өлшемі 0,5-1,5 см) және аз ғана казеоздық түзіліспен ерекшеленеді.
Инфильтратты түрі: жиі бір жақты, бір немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туберкулез патоморфозы
Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі
Туберкулез – проблемалы инфекция. Аспектілері
Екіншілік мерез
Туберкулездің ағымы
Туберкулез ауруының алдын алу
Туберкулез
Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілер
Екіншілік иммундық тапшылықтар
Бүйрек үсті бездерінің қыртысты бөліктерінің аурулары
Пәндер