КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
2 КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫ
2.1.Балаларды шынықтыру және сауықтыру шараларын ұйымдастыру Шынығу деп организмнің қоршаған орта факторларына, әсіресе, метеорологиялық факторларға (шынығудың арнаулы әсері) қарсы тұру мүмкіндігін арттыратын процедуралар жүйесін түсінеді. Сонымен қатар шынығу организмнің қызмет қабілетін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға иммунобиологиялық қарсы тұру (арнаулы емес әсері) дәрежесін арттырады.
Жеке әсерлердің ұзақтығы мен күшінің жүйелі түрде қайталануына байланысты, шынығуды жаттығулардың жеке түрі деп қарауға болады. Бұл жағдай шынығудың негізгі принциптерін ( ақырындап, еппен бастау және жүйелігін сақтау) анықтайды.
Балаларды ерте жастан метеорологиялық факторларға шынықтырудың маңызы өте зор. Дене температурасының тұрақтылығы химиялық және физикалық болып бөлінетін термореттеу процесі арқылы сақталады. Біріншісі- жылу бөлінуін (зат алмасу) реттеу, екіншісі- жылу беруді реттеу болып табылады.
Сыртқы ортаның температуралық факторлары, терінің терморецепторларына (жылулық, салқындық) әсер етеді. Бұл рецепторлар дененің барлық аймақтарында біркелкі таралмаған. Оның ең көп бөлігі бет терісінде, ең аз бөлігі иық, қол терілерінде орналасқан. Кейінгі жылдары терідегі жүйке жүйесінің еркін аяқталуы туралы - салқындаған кезде терідегі жиі соға бастайтын импульс яғни салқын сезгіш жіпшелер туралы айтыла бастады. Импульстер рецептордан гипотала-мусқа (организмнің жылу реттеу орталығына) барады. Жылу реттеу реакциялары өз кезегінде зат алмасу және қаңқа бұлшық еттерінің моторлы ортасымен, яғни жылу өндіру орталығымен байланыста болады.
Балалардың дене тәрбиесінің дұрыстығы - мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекемелердің алдындағы міндеттерінің бірі.Мектеп жасына дейінгі жақсы денсаулық, адамның жалпы дамуының іргетасы болып талады. Мектеп жасына дейiнгi балалардың, жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк мектепке дейінгі мекемедер, колледждер, лицейлер балаларының, жоғары оқу орындары студенттерiнiң дене тәрбиесi оқу және ұзартылған күн режимiнде, оқу жоспарларына, дене тәрбиесiнiң кешендi мемлекеттiк бағдарламаларына, санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкес сабақтан тыс уақытта және дербес жүзеге асырылады.
Мiндеттi дене тәрбиесi сабақтары бүкiл оқу кезеңi бойына аптасына мектепке дейiнгi мекемелерде - кемiнде 8 сағат, жалпы бiлiм беретiн мектепке дейінгі мекемеде - кемiнде 3 сағат, кәсiптiк-техникалық мектепке дейінгі мекемедерде, колледждерде, лицейлер мен жоғары оқу орындарында кемiнде 4 сағат жүргiзiледi.
Мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерi, жалпы бiлiм беретiн мектепке дейінгі мекемедер және басқа да оқу орындары балаларға дене тәрбиесiн беру мақсатында: дене шынықтыру машықтарын қалыптастырады, спортпен айналысуға тартады, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзедi және қоғамдық бiрлестiктер мен басқа да заңды тұлғалардың мектеп жасына дейiнгi балалардың, балалар мен студенттердiң қатысуымен спорттық iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзуiне жәрдемдеседi.
Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде, мектепке дейінгі мекемеден тыс дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдарында және оқу орындарында дене тәрбиесi үшiн қажеттi жағдайлар жасау облыстардың, қалалар мен аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарына, сондай-ақ құрылтайшыларға жүктеледi.
Дене шынықтыру жаттығулары баланың күн тәртібінде жас шамасымен үлкен орын алу керек. Олар бұлшық еттiк белсендiлiкке ғана емес, суыққа, гипоксияға да бейiмділікті ұлғайту үшін себепшi болатын факторлар болып табылады. Физикалық белсенділік орталық жүйке жүйесінің қалыпты дамуына, жадтың, оқудағы үлгерімнің жақсаруына мүмкіндік туғызады, эмоционалды-мотивациялық өрісті қалыпты жағдайға келтіреді, ұйқының жақсаруынаәсер етеді, тек физикалық қана емес, зерделі қызмет мүмкіндіктерінің де өсуі байқалады. Бұлшық еттің белсенділігін арттыру үшін, қозғалыс жүйелері мен дағдыларын жетілдіретін, сымбатты мүсін қалыптастыратын, жалпақ табанның дамуын бәсеңдететін дене жаттығуларын жасау қажет.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған мекемелерде дене шынықтыру жаттығулары топтық гимнастикалық сабақтар мен спорттық ойын-сауық түрлерінде өткізіледі. Баланың киімі қимылды қиындатпайтындай денесіне бос болу керек. Сабақтар әр түрлі және еліктіргіш болу үшін, әр түрлі заттар мен жабдықтар қолдану керек: доптар, жалаулар, құрсаулар, отырғыштар, баспалдақтар. Жабдықтар баланың бойы мен жасына сәйкес келу маңызды. Зерек бала, Біз мектепке барамыз бағдарламаларына сәйкес, 3 жастан бастап күнделікті таңғы жаттығулар өткізу керек, басында 5-6 минут (3жас) және 10-12 минутқа дейін (6 жас).
Бұнымен қоса, бос уақытта дене шынықтыру жаттығуларының айына 1 рет 10-20 минут, 6 жастағы балалар үшін 40 минутқа дейін өткізілуі қарастырылады. Гимнастикамен айналысу үшін кілемше қажет және оны тазалықта сақтау маңызды. Гимнастикалық жаттығуларды таңғы астан кейін немесе күндізгі ұйқыдан кейін 30 минуттан кейін ғана жасау керек. Балаларда таңғы жаттығуды әрдайым жасауға әдептің қалыптасқаны өте маңызды. Ұзақ, қозғалыссыз отыратын - сурет салу, илеу, қол шеберлiк сабақтарынан кейін гимнастикалық жаттығулар сеансын өткізу аса маңызды.
Біздің елімізде дене шыныңтыру маңсаттары, міндеттері адамның жан-жақты дамуы жөніндегі ілім езінің наңты бейнесін тапқан. Жеке адамның жарасымды дамуы жан-жақты ңоғам ңүру шарттарының бірі ретінде қаралды.) Біздің елімізде дене тәрбиесінің маңсаты - өмір- ге, еңбекке жәнө Отанды ңорғауға даярлау болып табылады. Бүл маңсат адамдардың дене шыныңтыруды жүзе- р ге асыратын барлың мекемелер мен үйымдар үшін бірдей болады. `
Дене шыныңтырудың аталған маңсатына сөйкес төмендегідей міндеттерді шешу ңарастырылады:
Сауықтыру міндеттері: денсаулыңты нығайту, де- нені жан-жақты дамыту, ағзаны шынықтыру, адамдардың үзақ шығармашылық өмірін қамтамасыз ету.
Білім беру міндеттері: қозғалыс дағдылары мен іо- керлікті қалыптастыру, дене қасиеттерін (жылдамдық, ептілік, икемділік, күш-қуат, шыдамдылық, т.б.) қалыптастыру, арнаулы білімді меңгеру, үйымдастырушылық қабілеттерді бойға сіңіру.
Тербиелік міндеттері: жан-жақты төрбие арқылы ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық жөне еңбек төрбие- сіне ықпал ету.
Бүл міндеттер дене шынықтырумен айналысушы жас- тарға байланысты олардың жас ерекшеліктеріне, денсау- лық жағдайына, дене дамуының деңгейіне, дене әзірлігіне, сондай-ақ кәсіптік ынта-ықыласына қарай нақтыланады.
Жан-жақты мақсаттылық, халықтық-ғылымилық дене шынықтыру, дене төрбиесі жүйесінің негізгі белгі- лері болып табылады.
Дене шынықтыру жүйесінің мақсаттылығы - жан-жақты бағытта екендігі. Дене тәрбиесі үрдісінде дене төрбиесі- мен айналысушылардың жан-жақты дүниетанымы қалыптасады, адамгершілік қасиеттерге тәрбиеленеді.
Дене шынықтыру жүйесін одан әрі дамыту Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" стратегиясында 1997 жылғы Қазақстан Республикасының халқына Жолдауында, дене шынықтыру және спорт жөніндегі Заңда, нақты қаулы- ларда көрініс тапқан.
Дене шынықтыру жүйесінің халықтығы - оның өмір талабына сөйкестігі. Еліміздің түрғындарының денсау- лығын нығайтудағы, денені дамытуды жақсартудағы табыстары, жеке адамның өл-ауқатын сондай-ақ, халықтық, үлттық спорт ойындары түрлерін дамыту болып табылады.
Халықтың дене шынықтырумен айналысу- мемлекеттік маңызды іс.
Ғылымилық - дене шынықтыру жүйесінің сипатты белгісі болып табылады. Зерттеу негізінде бағдарламалар, оқулықтар, оқу қүралдары жасалады және жетілдіріледі. Дене шынықтыру қүрал-жабдықтарына қойылатын та- лаптар анықталады, әрбір жас кезеңіне қарай дене дамуы- ның, дене әзірлігінің өлшем көрсеткіштері жасалады.
Зерттеулер нәтижесінде алынған жаңалықтардың бәрі мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық орындардың және отбасы төжірибесінде жүзеге асырылады.
Дене шынықтыру мәселелерін негіздеу мен ғылыми- зерттеу жүргізуге жүмылдыратын ғылыми-педагогика мамандарын даярлау жөнінде маңызды шаралар жүргі- зіледі.
Дене шынықтыру жүйесі төмендегі топтардан қүрыл- ған.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене шынықтыруы (отбасында, балабақшада, балалар үйінде 1 жастан 7 жас- қа дейін).
9 жылдық және орта мектепте, арнаулы оқу орын- дарындағы дене шынықтыру. Жоғары оқу орындарындағы дене шынықтыру.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне дайын- дық дене шынықтыру.
Қала, ауыл азаматтарының дене шынықтыруы, өз еркімен үйымдастырылған спорттық қоғамдар.
Сонымен қатар, дене төрбиесі сауықтыру-профилак- , тикалық, емдеу мекемелерінде, демалыс орындарында, дене жаттығуларын радио, телехабарлары арқылы беру түрінде үйымдастырылады.Дене шынықтырудың негізгі қүралдары: дене жатты- ғулары, гимнастика, спорт, ойын, саяхаттар. Жаратылыстың табиғи күштері (ауа, күн, су) жөне еңбектегі гигие- налық жағдай.
Дене жаттыгулары. Дене жаттығулары - дене шынықтырудың негізгі өзіндік қүралы. Дене жаттығулары адам- ға жан-жақты эсер етеді: олар адамның дене жағдайын өзгертеді, арнайы іріктеп өткізілетін дене жаттығулары дене шынықтыру міндеттерін шешеді. Дене жаттығула- рының ағзаға әсері толық жағдайға байланысты. Мүндай жағдайлар:
:: жаттығулар түрлерінің ағзаға өр түрлі эсер етуі;
:: дене жаттығуларын орындау барысындағы өткізілетін орын мен жағдайға байланыстылығы;
:: жаттығулар өлшемі, үзақтығы, саны жас ерекшел\- гіне қарай жаттығудың орындалуы, жынысы, дене дайындығы деңгейі және айналысушының денсаулық жағдайы;
:: сабақ барысындағы әдіс-тәсілдерді қолдануымен анықталады.
Жасөспірімдер мен балаларды дене төрбиесіне тәрбие- леуде эр түрлі жаттығулар түрлері қолданылады. Дене шынықтыру міндеттерін іске асыруда жаттығулар тиім- ділігіне, орындалу барысындағы жағдайға, дене жаттығуларын іріктеп алуға ғылыми түрғыда қарау мен дене
жаттығуларының денеге өсерін қадағалау қатаң есеп бе- руд і талап етеді.
Гимнастика - дене шынықтырудың не- гізгі қүралының бірі - адамның денсаулығын нығайту мақсатындағы арнайы іріктелген дене жаттығуларының ағзаға өсері, қозғалыс іскерлік дагдыларын дамыту, ерік- жігер ңасиеттерін ңалыптастыру, сондай-аң дене дамуын- дағы кейбір қайшылықтырды жою болып табылады.
Гимнастика жаттығулардың өр түрлілігі, ең қарапа- йым жаттығудан, күрделі жаттығуға ауысуы, аралас жат- тығулардан, снарядсыз жасанды жаттығуларға көшуі, снарядтар қолданылатын жаттығулардың ағзаға жан- жаңты өсері, сонымен қатар спортшының денесіне түсетін салмаңтың нақты реттелуі арңылы ерекшеленеді.
Гимнастикалық жаттығулар өдемі, көркем, мөнерлі, нақты орындалуымен ерекшеленеді. Ағзаға эсер ететін салмаңты реттеудің дене қызметімен қатар, емдік маңы- зы бар.
Әр түрлі жастағы спортшылардың гимнастикалық жаттығуларды кең көлемде пайдалануы жоғарыда атал- ған ерекшелікті дөлелдейді.
Дене шынықтыру жүйесінің даму кезеңінде гимнас- тиканың міндеттері анықталып жөне олардың түрлері белгіленеді.
а) негізгі гимнастика;
б) гигиеналық гимнастика;
б) спорттық гимнастика;
в) акробатика;
г) көркем гимнастика;
д) қолданбалы гимнастика, оның қүрамына спорттық қолданбалы гимнастика, өндірістік жөне емдік гимнастика жатады.
Негізгі гимнастика. Негізгі гимнастиканың міндеті - денсаулықты нығайту, қозғалыс дағдыларын жетілдіру жөне жалпы дене дайындығы, түлғаны дүрыс қалыптас- тыруға төрбиелеу, ағза жүйелерінің қызмет дөрежесін арттыру жөне дененің шынығуын қамтамасыз ету болып табылады.
Негізгі гимнастикаға: сапқа түру жөне қайтадан сап- қа түру, жалпы дамыту жаттығулары, еркін, ңолданба- лы жаттығулар, снарядта орындалатын жаттығулар, тірек секірулер, қарапайым акробатикалық жаттығулар жөне қимыл қозғалыс ойындары жатады.
Негізгі гимнастика мектеп жасына дейінгі балалар жөне бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың, орта мектеп, арнаулы оқу орындарының жөне жоғары оқу орындарының міндетті оңу бағдарламасында маңызды орын а лады.
Негізгі гимнастика спорттың өр түрімен айналысуға ңажетті алғашңы кезеңнің негізін қалыптастырады.
Гигиеналың гимнастиканьщ міндеті - адам денсаулы- ғын нығайту, денесін ңалыптастыру, денесінің дамуын жөне жүмыс істеу ңабілетін жоғарылату. Гигиеналық гимнастиканьщ негізгі міндеті - жаттығуларды іріктеп алу барысында ағзаның негізгі жүйелерінің - тыныс алу, қан айналымы, зат алмасу, бүлшық ет топтарының жүмыс істеу қызметін нығайту.
Гигиеналың гимнастиканьщ кең көлемде ңолданатын түрі ертеңгілік гимнастика болып табылады. Гигиеналың гимнастикамен жеке жөне топ түрінде айналысады. Жеке адам гимнастикамен күнделікті үйқыдан кейін айналысады. Осы жағдайда ертеңгілік гимнастиканың қүрылы- сы ңарапайым, жалпы дамыту жаттығулар тобынан ңүрылады. Бүл жаттығулар тобына кең көлемді жүрт- шылың үшін радиохабарлар арңылы берілген жаттығулар үлгісі жатады.
Гигиеналық гимнастиканың топтың түрі балалар үйін- де, мектеп интернаттарында, жазғы демалыс лагерінде, балалар алаңдарында, демалыс ойындарында, сауыңты- ру мекемелерінде, өндіріс орындарында өткізіледі.
Жеке жөне топтың сабаңтар ңысңартылған дене төрбие- сі сабағы болып табылады. Сабаң ңүрылысына жаттығулар топтары: сапқа түру жөне қайтадан сапқа түру, кедергілерден өту, снарядтарда жаттығулар түрлерін орындау кіреді.
Спорттық гимнастика - дене шынықтыру ңүралдары- ның бір түрі болып табылады. Негізгі міндеті дененің
қалыптасуы мен спорттың шеберліктің жоғары дәреже- сіне жетуге бағытталған адамның икемділігін жетілдіру болып табылады.
Оқу жүмысында спорттың гимнастиканың жүйелік бағдарламасы бар, осы бағдарлама негізінде гимнастика- лың жарыстар өткізіледі.
Акробатика қимыл-қозғалыс пен моральдық-ерік ңа- сиеттерін, күшті, ептілікті, икемділікті дамытуға кө- мектеседі, өз денесін ширақ меңгере білуге, үшңыр сезім- талдықңа, батылдыққа, табандылыңңатөрбиелейді. Ак- робатикалық жаттығулар - алдыға айналып түсу, артқа айналып түсу, көпірше жасау, пирамида жасау, тік түру. Акробатикалың жаттығулар жеке, екі адам, топпен де орындалады. Жаттығулар түрлері снарядсыз және сна- рядтарда орындалады.
Акробатикалық жаттығулар жүйелі бағдарлама бойынша орындалады, жарыстар өткізіледі.
Көркем гимнастика ңимыл-ңозғалысты жетілдіруде де спорттық сипатқа ие. Көркем гимнастиканың негізгі жаттығулары - қимыл-ңозғалыстың жоғары әсемділі- гін, үйлесімділігі мен мәнерлігін меңгертеді. Көркем гимнастика, спорттың гимнастика, акробатика сияңты спорттың бағыты бар. Көркем гимнастикамен тек әйел- дер айналысады.
Көркем гимнастиканың мазмүнынан арнайы жаттығулар, жалпы дамыту жаттығулары, сондай-аң акробатикалың жаттығулар орын алады.
Арнайы жаттығуларға жүру, жүгіру, секіру, эр түрлі айналулар, халық билері элементтері, кейбір ңимыл-ңоз- ғалыстар, өр түрлі би үйлесімділігі, музыкалық ойындар кіреді. Көркем гимнастикада доптар, қүрсаулар, орамал, жалауша секіртпелер, ленталар кең көлемде қолданылады.
Балаларға ұсынылатын жаттығуларды тәрбиешілер, медбике, ата-аналар меңгеріп алулары керек. Балалардың ықыласын шоғырландыру қиын болғандықтан, оларға тапсырмаларды ұзақ түсініктерсіз, нақты және айқын беру керек. Атауларды рационалды түрде оңайлату, мысалы, жаттығуларды мысық, құс, паровоз және т.б. жалпылай атау. Бұл жаста балаларда үйлестіру қабілеті енді ғана қалыптаса бастайтындықтан, олардан тапсырманы толығымен дұрыс орындауларын талап етуге болмайды.
Бала организмі туған күнінен бастап, термореттеуші жүйемен реттеледі, бірақ ол толық жетілмеген, әлсіз болып келеді. Балалардың терісі ересектердікіне қарағанда жұқалау және капиллярларға бай келеді. Тері бетінің көлемі де салыстырмалы түрде көбірек болады, зат алмасу процессі ересектерге қарағанда үдемелі түрде жүретіндіктен, жылу берілуіне қолайлы жағдай туады, сондықтан олар салқын тигеннен пайда болатын ауруларға бейім келеді.
Балалық шақта әсіресе, сәбилік шақта және мектепке дейінгі кезеңдерде химиялық жылу реттеу орталығының өте маңызды қорғаныш рөлін атқарады. Салқын тітіркендіргіштерге тері-тамыр реакциясының жылдамдығы жас өскен сайын арта түседі, бірақ аздаған шынығу процедурасы болуы да мүмкін. Рецепторлық аппараттар мен қан-тамыры реакцияларына қайта-қайта жүктеме түсіру, олардың қызметін жетілдіре түседі және термореттеу жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерінің жетілуін жылдамдатады. Белгілі шартсыз рефлекстерден басқа, солардың негізінде, балалар организмінде температуралық әсерлерге термореттеу жүйесін саналы түрде іске қосатын шартты рефлекстер пайда болады.
Шынығудың тиімділігі төменде көрсетілген принциптердің сақталуына байланысты:

Процедураларды қолданудың жүйелілігі;

Тітіркендіргіштердің күшін ептеп ұлғайту;

Жасына, денсаулығына және шынығу дәрежесіне байланысты шынығуды бастаған кезде, жеке бас ерекшеліктерін ескеру;

Балалардың ең жақсы жылулық жағдайда болуы;

Баланың көңіл-күйінің дұрыстығы.

Балаларды шынықтырудың құралдары болып, негізінен табиғи факторлар алынады: ауа, су, күн радиациясы. Оларды шынығуға пайдалану үшін, белгілі гигиеналық талаптар қойылады. Ауа мен су таза және белгілі температурада болуы қажет. Сонымен қатар ауаның ылғалдылығы мен қозғалу жылдамдығы да есепке алынады. Күн сәулесінің түсетін бұрышы, әсер ету үстемдігі және ұзақтығы белгілі мөлшерде болуы қажет.
Жалпы алғанда, денешынықтыру тәрбиесінің салауаттандырудағы тиімділігі екі негізгі принципті сақтағанда ғана дұрыс болады: тәуліктік қимыл-қозғалыс белсенділігіне гигиеналық нормаларға сәйкес түзетулер жүргізілуі және денешынықтыру тәрбиесінің гигиеналық негізделген жалпы моделінің болуы.
Қимыл-қозғалыс белсенділігінің дұрыс жасалған нормасы негізгі үш талаптың орындалуын: организмнің барлық жүйелерінің үнемді қызмет етуін, олардың сенімділігін және қоршаған ортаның өзгеруіне реакцияның дұрыс сақталуын қамтамасыз етуі керек.
Жылдық динамикада баланың жеке басының және ұжымның денсаулық көрсеткіштерінің жақсы жаққа өзгеруі, жас кезеңдерінің гигиеналық нормасының критерийі болып саналады.
Гигиеналық нормалардың диапозондары, өсіп келе жатқан организмнің жеке бас ерекшеліктеріне байланысты қолдануға мүмкіндік береді.
Дәрігерлік бақылаудың негізгі формалары:

Балалардың функционалдық мүмкіндіктерін анықтай отырып, денсаулық жағдайын тексеру;

Денешынықтыру тәрбиесінің жүргізілуін жүйелі түрде бақылап отыру;

Денешынықтыру тәрбиесі жүргізілетін орындарға санитарлық бақылау жүргізу;

Мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызмет-керлері мен балалардың ата-анасы арасында санитарлық ағарту жұмысын жүргізу.

Денешынықтыру тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру үшін міндетті түрде бала организмінің өсу және даму ерекшеліктері ескерілуі керек.

2.2. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы
Қазіргі күнге дейін денсаулық деген түсініктің біркелкі алынған дәлелді анықтамасы болмағандықтан, адамдардың денсаулығына дұрыс баға беру біршама қиындық туғызады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (1958) жарғысы бойынша, денсаулық деп "аурушаңдық пен дене бітімінде кемшіліктердің бар не жоғы ғана емес, сонымен қатар, адамдардың толық физикалық, әлеуметтік және рухани қолайлы жағдайларын" түсінеміз. Бұл түсінікке денсаулықтың белгісі болуға келе бермейтін, өте кеңінен алынған бағалау көрсеткіштерінің тізімі де кіреді. Ондай көрсеткіштерге әлеуметтік қолайлы жағдайлардың ішінде, кірістің мөлшері, коммуналдық қолайлылық, жеке автокөліктердің болуы т.с.с жа-тады. Халықтың денсаулығы, олардың тұрмыс жағдайларының жақсы деңгейде болуына байланысты, бірақ жоғарыда айтылған факторлар ешуақытта денсаулықтың көрсеткіші бола алмайды.
Сонымен қатар, денсаулық дегеніміздің өзі тек қана биологиялық емес, әлеуметтік категория, сондықтан оны әлеуметтік қызметтің толық бағалы, дұрыс орындалу мүмкіндігі деп те түсінуіміз қажет. Бірақ, дені сау адамдардың да, науқас адамдардың да әлеуметтік қызмет қабілетінің мүмкіндігі өте кең ауқымда болатындықтан, денсаулық сақтау ұйымының "денсаулық" деген түсінікке берген анықтамасы оның дәрежелерін сандық жағынан анықтауға мүмкіндік бермейді.
Адамдардың денсаулығы дегеніміз - оның биологиялық, физиологиялық және психикалық қызметтерінің дұрыс дамып, ұзақ уақыт сақталуының динамикалық жағдайы, әлеуметтік белсенділігі мен қызмет қабілеті жоғары деңгейде болып, күш-қайраты талмай, ұзақ уақыт өмір сүруі. Бұл анықтамаға денсаулықтың жаңадан алынған көрсеткіштері - жоғары деңгейдегі қызмет қабілеті, ғұмыр жастың ұзақ болуы да кіреді. Бірақ, осы түсініктердің әлі күнге дейін анықталған шекарасы болмағандықтан, оны денсаулықтың нақты белгісі ретінде алуға күмән туғызады. Мысалы, қызмет қабілетінің жоғары деңгейі, өте шартты түрде алынған және ол "денсаулығы мықты" деп алынған адамдардың өздерінде де өте кең аралықта толқып отырады. Ғұмыр жастың ұзақтығына дұрыс шекара қою қиын болғандықтан, олардың бір қатары И.И.Мечниковтың көзқарасына қосылып, ғұмыр жастың ұзақтығына биологиялық шекара қоюды қолдамайтындықтан осы сұрақ туралы әлі күнге дейін ортақ көзқарас жоқ. Денсаулықтың белгісі ретінде ақыл-ой, қызмет қабілеті, репродукция қызметі және т.б. анықтамалары бар, бірақ осы түсініктің әлі күнге дейін ғылыми негізделген сипаттамасы жоқ. Саны жағынан тұрақты түрде өсіп жатқан көптеген факторлар адамдар денсаулығына әсер етеді, бірақ біздің ойымызша бұл туындап отырған пікірталаста ең алдымен "денсаулық" деген түсініктің өзін анықтап, оған сай келетін, барабар көрсеткіштерді тауып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене жаттығулары - дене шынықтырудың негізгі өзіндік құралы
Күн тәртібіндегі дене шынықтыру және сауықтыру шаралары
Дене тәрбиесі міндеттері
Дене тәрбиесі жүйесінің қалыптасуы
Мектепке дейінгі мекемелерде дене шынықтыру сабағы
Дене мәдениеті теориясы мен әдістемеснің жалпы негідері
Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі
Жоғары сынып мектеп оқушылары бойындағы қимыл-қозғалыс белсенділігін дене шынықтыру құралы ретінде пайдалану арқылы қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін гимнастиканың маңызы
Дене тәрбиесінен сыныптан тыс жұмыстар туралы түсінік
Пәндер