Жұлын, сопақша ми, артқы ми құрылысы және қызметі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

Тақырыбы : Жұлын , сопақша ми , артқы ми құрылысы және қызметі

Жұлын
Жұлын (medulla spіnalіs) -- адам мен омыртқалы жануарлардың омыртқа жотасының ішінде орналасқан орталық жүйке жүйесінің бір бөлігі. Жұлын алғаш бассүйексіздерде (ланцентниктерде) жүйке түтігі ретінде пайда болған. Қосмекенділерде аяғының пайда болуына байланысты мойын және бел тұсы жуандап, Жұлын жүйкелері иық және жамбас белдеуінде жүйке торларын құрайды. Омыртқа жотасының екі жағында орналасқан симпатикалық жүйке жүйесі жақсы дамыған. Бауырымен жорғалаушыларда олардың тіршілігіне байланысты алдыңғы ми сыңарлары сұр затының үстіңгі қабаты ми қабығына айналған. Жұлын құрылысы күрделеніп ұзара бастайды. Құстардың Жұлынының бір ұшы мишықпен, екінші ұшы вестибулалық аппаратпен байланысқан. Ал сүтқоректілердің онтогенезінде Жұлын күрделенген пирамидалық жүйемен дамиды. Жұлын өзінің жоғарғы және төменгі өткізгіш жолдарын орталық жүйке жүйесімен жалғастырып, барлығын бір орталыққа бағындырады. Бұл Жұлын құрылысы мен қызметінің эволюциясының дамуы барысында күрделене түскенін көрсетеді. Жұлынның пирамидалық жүйесінің дамуы - адам тәрізді маймылдарда, әсіресе, адамда ең жоғарғы шегіне жеткен. Жұлын адамда ауыз омыртқаның жоғарғы тұсынан басталып, 1-, 2-бел омыртқаларына дейін жетеді; 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1 - 3 құйымшақ бунақтарынан (сегменттерінен) тұрады. Ересек адамда Жұлынның ұзындығы 41 - 45 см-дей, салмағы 26 - 28 г-дай, қалыңдығы 1 см-дей. Жұлын сырты өрмек тәрізді жұмсақ және қатты қабықтармен жабылған. Қабық арасындағы қуыста Жұлын сұйығы бар. Қатты қабық әр жерінен сүйекпен жалғасады. Жұлынның ортасын бойлай жатқан сұйықтыққа толы өзек сұр заттан тұрады. Сұр заттың көлденең қимасы "Н" әрпі немесе қанатын жайған көбелек пішінді болып көрінеді. Сұр заттың сыртында ақ зат болады. Бұлар, негізінен, жүйке талшықтары мен нейроглиядан түзіледі. Жүйке талшықтары орталық жүйке жүйесіне баратын және одан шығатын импульстерді өткізеді. Жұлын, негізінен, рефлекторлық және өткізгіштік қызмет атқарады.
Жұлын жүйкелері (лат. nervi spinales nervus -- жүйке, spinalis s. medulla spinalis -- жұлын) - жұлыннан шығатын жүйке талшықтарынан құралған. Жұп жұлын жүйкелері адамда жұлынның алдыңғы (қозғалтқыш жүйке талшықтарынан құралған) және артқы (сезімтал жүйке талшықтарынан құралған) жұлын түбіршіктерінің, ал жануарларда жоғарғы (сезімтал жүйке талшыктарынан құралған) және төменгі(қозғалтқыш жүйке талшықтарынан құралған) жұлын түбіршіктерінің қосылуынан пайда болып, омыртқа өзегінен оң және сол омыртқааралық тесіктері арқылы шығады.
Құрамында сезімтал және қозғалтқыш жүйке талшықтары болғандықтан, жұлын жүйкелерін қызметі жағынан аралас жүйкелерге жатқызады. Бұлардың құрамында симпатикалық жүйке талшықтары да болады. Жұлын жүйкелері омыртқа өзегінен шыққан бойда-ақ байланыстырғыш (симпатикалық) және жұлын қабықтарына арналған қайтарма (сомалық) тармақтарды бөліп, сұр байланыстырғыш (симпатикалық) тармақтарды қосып алып, содан соң, адамда алдыңғы және артқы, жануарларда вентральды және дорсальды (сомалық, симпатикалық жүйке талшықтарынан құралған) тармақтарға ажырайды. Жұлынжүйкелерінің дорсальды тармақтары (адамда -- артқы тармақтар) омыртқа бағанынан жоғары (адамда -- омыртқа бағанының артқы жағында) орналасқан дене бөліктерін (сүйектер, бұлшықеттер, буындар, тері, олардың тамырлары), ал вентральды тармақтар омыртқа бағанынан төмен (адамда -- алдыңғы жағында) жатқан дене бөліктерін жүйкелендіреді. Аталған тармақтар өз кезегінде латеральды (беткей орналасқан мүшелерге) және медиальды (терең жатқан мүшелерге) тармақтарға тарамдалады. Жұлын жүйкелері омыртқа бағаны бөлімдеріне сәйкес: мойын, көкірек, бел, құйымшақ және құйрық жүйкелері болып бөлінеді. Олардың саны мойында 8-жүп, құйрықта 5-6 жүп, қалған бөлімдерде адам мен жануарлардың омыртқалар санына сәйкес келеді. Алдыңғы (қол) және артқы аяқтарды жүйкелендіретін жүйкелер жұлын жүйкелерінің вентральды (адамда -- алдыңғы) тармақтары түзетін: иық, бел және құйымшақ жүйке тораптарынан шығады .
Жұлын және оның құрылысы
Жұлын тек омыртқа жотасының ішіндегі ұңғылда орналасады. Ересек адамдарда оның ұзындығы -- 45 см, ені -- 15 см, салмағы -- 36 г. Жұлын жоғарғы жағынан ауыз омыртқаның (атлант) тұсынан сопақша миға жалғасады, ал оның төменгі жағы II бел омыртқадан төмен қарай ат құйрықтанып, негізгі жіпшесі II құйымшақ омыртқасына дейін жетеді де сол жерге бекиді. Құрсақтағы нөрестенің бір айлық кезінде жұлынның ұзындығы омыртқа жотасымен бірдей болады. Өсе келе омыртқадағы жұлын жаңа тауылған нәрестеде III бел омыртқа тұсында болса, ересек адамдарда II бел омыртқа тұсына дейін қысқарады. Жұлынның жуандығы біркелкі емес. Оның бас жағы жуандап, миға жалғасады, ал құйрық жағы жіңішкеріп, тармақталып кетеді. Жұлынның екі жері жуандап, буылтыққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мидың бөлімдері
Мидың дамуы, ми көпіршіктері, олардың туындылары, қалдық қуыстары. Ми қыртысы, оның қабаттары
Жүйке жүйесі.Жұлынның құрылысы
Адам миының құрлысы
Жүйке жүйесінің қызметі дамуы.Қозу физиологиясы
Орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің функционалдық маңызы
Жүйке жүйесі туралы
Орталық жүйке жүйесінің туралы
Жүйке жүйесінің гистологиясы - оқу құралы
Нейронның құрылысы қызметі
Пәндер