Сал-серілердің атасы Сегіз сері


Сал-серілердің атасы Сегіз сері.
Қазақ халқының бүгінгі дәуірінде Тәттімбеттің, Біржан салдың, Құрманғазының, Ақан Серінің халқымыздын тарихына, мәдениет мұрасына, өнер саласына келтіретін үлесі орасан зор. Көкшетау мен Обаған өлкесінде бірінші жарқырап шыққан өнер иесі - Сегіз сері. Ол - XIX ғасырдың басында туып, орта кезінде қайтыс болған кісі. Сал-серілік дәстүр - қазақ халқында өте ерте дәуірден келе жатқан, адам баласының рухани тіршілігіне көптеген жаңалық әкеліп, өркендеп-дамуына игі әсерін тигізген өнердің жарқын үлгісі. Қазақ ауыз әдебиетіне сүйенсек, ескі дәуірдегі серілік өнердің басталуы - Қорқыт баба екенін білеміз. Ол қобызшы, жырау, күйші, қобыз аспабын жасаушы кемеңгер орындаушы болған.
Арқада серілік өнерді Түрік қағанатынан кейін таратқан серінің бірі - атақты күйші, әрі ақын, жарқын ойшыл Қотан жырау болған. Кейінірек баяулап қалған сал-серілік өнер XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Арқа елінде, Теріскей Сарыарқада қайтадан күрт дамыған Оған мұрындық болған Дәстем сал Қарабасұлы мен оның шәкірті Дүйсен сері, Байжігіт, Салғара болғанын осы күнгі өнерқұмар қауым біле бермейді. Сал - серілер ел-елден қыз таңдап, ел аралап, шатыр тігіп, аң аулап, саятшылық құрып, қастарына топ-тобымен өнерпаз, сал-сері жігіттерді ертіп ән айтып, күй тартып, ойын-сауық құрып жүрген. Сөйтіп қазақ жерінде барлық жанрды қамтитын көшпелі ойын-сауықтың негізі өзегі саналатын дәстүрлі өнерімізді дүниеге әкелген. Сол кездегі тұрмыстың өзі, оларды осыған мәжбүр еткен. XVIII ғасырдың аяғында Дәстен сал мен Дүйсен сері бастап негізін салған сал-серілік өнерді іс жүзінде жалғастырушы өнерпаздар тобының Теріскей Сарыарқадағы басшылары Салғара Жанкісіұлы, Жанақ Қамбарұлы, Шағырай сал мен Жанат сері Шақшақұлдары болатын. XIX ғасырдың екінші жартысында осы өнерпаздар тобына ілесе шығып, сал - серіліктің туын көтерген, әйгілі суырып-салма ақын, жезтандай әнші, дәулескер күйші, қобызшы, он саусағынан өнер тамған шебер, ақын жырау, күйші, палуан, мерген, Сегіз сері Баһрамұлы Щақшақов еді. Ол өз тұсындағы сал-серілер мектебінің алғаш ұйымдастырушы болды. Оның тобында: ағалары Сейітжан сал, Құшан сері, құрдасы Нияз сері, Аббас, Сәду батырлар, Дайрабай күйші Нұрқожаұлы, Көрпеш ақын, Шәрке сал, Тоғжан ақын, Бәйеке әнші, Жаманқұл ақын, Құлтума ақын, Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Мырзаш, Мырзан, Балтекей секілді арқа өнірінің өнерпаздардың барлығы да бесаспап өнер иелері болған. Нәтижесінде ауасы саумал, самалы салқын, абыз әрі аңыз далада Сарыарқаның «әншілік» дәуірі туды. Атақты Біржан салдан бастап Ақан сері, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай және Балуан Шолақ Иманжүсіп, Мәдилердің болашағы орыстың бұғауына байланып. бастары бодандыққа ілікседе қазақтын зарын әнге айналдырды. XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласында сал-серілердің атасы атанған Сегіз сері Баһрамұлының шыққан тегі мен туып-өскен ортасына тоқталайық.
Мұхаммед-Қанапия Шақшақов Солтүстік Қзақстан облысының Жамбыл ауданына қарасты «Блоговещенск» кеншары жеріндегі Гүлтөбе-Маманайда, Бұқпа көлінің жағасында 1818 жылы дүниеге келген. Руы - Керей ішінде көшебе, Үш жүзге аты әйгілі Толыбай сыншының сегізінші баласы Қарабас тархан одан- Асқап, одан Көшек, оның сегізінші баласы Шақшақ, одан - Баһрам. Баһрамның жеті ұлының бірі- Мұхаммед-Қанапия. Толыбай сыншының алтыншы ұрпағы - Сегіз Сері. Мұхаммед-Қанапия сегіз жасқа келгенде анасы Жамалдан, анасының қырқы өткен сон бір аптадан кейін 47 жасар Баһрамнан айырылып, тұл жетім қалады. Сол Сегіз сері, Сүйін, Сейіткерей есімді аталары және Қуаныш деген інісімен бірге атасы Шақшақ пен әкесінің інісі Жанат серінің тәрбиесінде болады. Ағасы Көрпештің Сейітжан, Құшан есімді ересек балалары да Сегізбен бірге туа ақындық таланты бар Шақшақ атаның бауырында өседі. Щақшақтан жеті ұл туады, екі баласы Бауыржан мен Сексен екеуі де би болған. Ал Баһрам, Шағырай,
Жанат үшеуі де әнші, ақын әрі күйші боған. Бұлардың ішінде Жанат пен Шағырай сал-серілік құрғандықтан, ел ішінде сал-сері атанып кеткен. Сегіз бала кезінде ауылдық шағын медреседегі Мөңке молдадан оқып, хадисше хатта таниды. Одан кейін Болатынай, Қызылжар медресесіндн оқыды. Атасы Шақшақ 1826 жылы Қызылжардың медресесіне беріп, қосымша Прохоров деген ұстазды жалдап, 4 жыл орысша сауат аштырады. Сонымен қатар, бұл жерде оған сабақ берген ұстаздары Имамғабит сері мен өз ағасы Көрпеш Бұхара шахарындағы жоғары дәрежелі медресені бітірген айтулы әнші азаматтар еді. Осындай ағаларының тәрбиесінде өскен Мұхаммед-Қанафия сегіз жасында аң атып алып, «Сегіз» деген атқа ие болады. Өсе келе ақындығымен танылып, ән де шығара бастаған. Содан азан шақырып қойған есімі ұмытылып, Сегіз сері аталып кетеді. Зерек Сегіз сері 1830 жылы Омбының тілмәштар даярлайтын алты жылдық «Азиятская» школасына оқуға түсіп, оны бітірер 1836 жылы аталмыш оқу орны Батыс Сібір қазақтары округінің әскери училищесіне қосылып, атауын өгертеді. Осы құнды деректе айтылғандай, Сегіз сері 1836 жылы Омбының училищесін бітірген сауатты, зиялы білімі жан-жақты болған Мұхаммед-Қанапия ақ патшаның туған халқына қарсы отарлау саясатына дәнекер-тілмәш болудан бас тартқаны үшін қуғынға түскен. Сонша білімді, жан-жақты сауатты бола тұра халқы үшін басқыншыларға қызмет етуден бас тартқан Сегіз сері өмірінің соңына дейін қуғында болады. Ол туралы Қазақстанның еңбек сінірген әртісі, Қазақстан Журналистар одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі, «Сәкентанушы», Жаңарқа ауданының құрметті азаматы Серік Кәрібайұлы Оспан, Сегіз сері Мұхаммед-Қанапия Баһрамұлының Шақшақовтың өмірі мен музыкалық мұрасы деген ғылыми зерттеу кітабын Алматы - «Балауса» баспасынан басып шығарды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz