Аталық және аналық жыныс жүйесі. Адамның репродуктивті жүйесі туралы түсінік


Ср. 30. 12. 20 ж. Анатомия СИМ сабағы. 21МС тобы.
Тақырыбы: Аталық және аналық жыныс жүйесі. Адамның
репродуктивті жүйесі туралы түсінік.
Аталық жыныс жүйесінің мүшелері.
Ішкі жəне сыртқы мүшелер болып екі топқа бөлінеді.
Ішкі мүшелер : Аталық жыныс безі, шəует өзегі, шəует көпіршіктері, предстат безі, бадана безі.
Аталық жыныс безі - (testis) иректі тік жəне тор каналдарынан түзілген, араларында дəнекер ұлпасы арқылы бөліктерге бөлініп тұрады. Сырты ақ қабықпен жабылған. Каналдарының құрамындағы жасушалары сперматазоидтар бөледі. Сартоли жасушалары сперма сұйықтығын бөледі.
Ата безі - ұманың ішінде орналасқан. Жоғарғы төменгі полюстері, алдыңғы артқы беті, медиалды латералды жиектері жоғарғы полюсының үстінде қосалқысы орналасқан. Қосалқысы: басы, денесі, мойын бөлігі, шəует өзегіне айналады. Шəует өзегі шəует бауының ішімен жоғары қарай көтеріліп, шат каналынан өтіп, кіші жамбас астауының ішінде бөлініп, шəует көпіршіктеріне айналады. Шəует көпіршіктері қуықтың артқы түбінде орналасқан. Өзектері предстат безінің ішімен өтіп несеп каналына ашылады. Шəует көпіршігінің қабырғасы 3 қабаттан тұрады: дəнекер, етті, кілегейлі қабаты. Кілегейлі қабатының жасушалары активті заттар бөліп сперманың сұйықтығын сақтайды.
Предстат - prostata, қабынуы простатит. Қуықтың түбінде орналасқан. Сырты сұр қабықшамен жабылған. Ет талшықтарынан жəне без ұлпаларынан түзілген. Жасушалары биологиялық активті сұйық затын сперманың құрамына қосады. Сперматазоидтардың тіршілігін сақтайды.
Бадана безі - бұршаққа ұқсайды. Предстат безінің астында орналасқан.
Сұйықтығын сперманың құрамына қосады.
Сыртқы жыныс мүшелері - бір ұма 6 қабаттан тұратын тері қапшық ішінде атабезі орналасқан. Терісінің үстінде түктер орналасқан. Сезім клеткаларына бай болады. Қорғаныс қызметін атқарады. Жыныстық қозу процесінің үстінде қатты жиырылып атабезден сперманың бөлінуіне қатысады.
Аталық жыныс мүшесі (penis) . Екі кеуекті денеден жəне етті бөліктен тұрады. Басы - денесі, түбірі - қасағаның төменгі бұрышына екі таяқшасымен бекиді. Сырты жұқа терімен жабылған. Терісі басының айналасында қатпарланып, қабырғасын күмбез түзейді.
Аналық жыныс жүйесінің мүшелері.
Сыртқы жыныс мүшелері . Əйел адамның сыртқы жыныс мүшелеріне: үлкен жəне кіші жыныс еріндері, клитор, қыздық перде, сүт бездері жатады.
Үлкен жыныстық ерін - май ұлпасына бай, жұп орналасқан тері қатпарларынан тұрады . Олардың арасындағы қуыс “ жыныстық қуыс” деп аталады. Алдында жəне артында сыртқы жыныстық еріндер бір - бірімен бірігуінен жыныстық еріндердің алдыңғы жəне артқы үзеңгісі пайда болады. Үлкен еріндердің жоғарысында май ұлпаларына бай дөңес бар. Ол түкпен жабылған. Үлкен жыныстық еріндердің сыртқы шеті түкпен қапталған, ал ішкі шеті қызғылт түсті, ылғалданып шырышты қабатқа ұқсап тұрады.
Кіші жыныстық ерін ( малая половая губа) . Жыныс қуысында үлкен жыныстық еріндермен қоршалып тұрады. Түсі шырышты қабатқа ұқсаған, жұқа қатпарлардан тұрады. Кіші жыныстық еріндердің алдыңғы шеті клиторды қоршап қатты үзеңгіше пайда болады. Ал артқы шеті үлкен еріндердің үзеңгісімен қосылады. Оң жəне сол жақтағы кіші жыныстық еріндердің арасында қынап кіреберісі бар. Қынап кіреберісіне қынап тесігі, зəр шығару түтігінің сыртқы тесігі жəне бездердің өзектері ашылады.
Клитор (clitor) кіші жыныстық еріндердің жоғарғы үзеңгісінің артында орналасқан кіші томпақ. Клитор жүйке ұштарына өте бай, олардың тітіркенуінен жыныстық қозу пайда болады.
Əйел адамның ішкі жыныс мүшелеріне : Жатыр, аналық жыныс безі, жатыр түтігі, жатыр қынабы жатады.
Аналық жыныс безі - жұп без. Кіші жамбас астауында жатырдың екі бүйірінде орналасқан. Екі бүйірі қысыңқы салмағы 5 - 7 г. Аналық жыныс безінде жыныс жасушасы өсіп - дамиды жетіледі. Сонымен бірге аналық жыныс гормоны пайда болады. Аналық жыныс безінің ішкісі милы, сыртқысы қыртысты. Милы қабаты қан тамырлары мен жүйкеге бай. Қыртысты қабаты фолликулалары бар дəнекер ұлпадан тұрады. Жетілген фолликулалар немесе графф көпіршігі лимфа жəне қан тамырларына бай. Əрбір 28 - 30 күнде жетілген графф көпіршігі жарылып жұмыртқа жасушасы іш қуысына түседі. Оны “ овуляция” деп атайды. Əйел адам 45 - 50 жасқа келгенде климакс дəуірі басталады. Климакс кезінде аналық жыныс жасушасының қызметі өзгереді.
Жатыр. Жатыр бұлшық етті мүше, кіші жамбас астауында, қуық пен тік ішектің арасында орналасқан. Жатырдың пішіні алмұртқа ұқсаған, оның денесі, түбі жəне мойны бар. Жатыр мойнының жалы қынапқа ашылады. Бұл тесік қызда дөңгелек, ал бала туған əйелде сопақша, еріндері жырымдалған болып келеді.
Жатыр қабырғасы 3 қабаттан тұрады. Ішкі қабаты эндометрий , ортаңғысы миометрий, сыртқы қабаты периметрий .
Жыныстық жетілген жатырда “овуляция” процесіне байланысты əр 28 күнде өзгеріс байқалады оны 2-3 сатыға бөледі. Етеккір сатысында жатырдың шырышты қабатындағы қан тамырлары жарылып түлейді. Жарылған қан тамырлары мен аққан қан, түлеген тері сыртқа шығады. Бұл 3 - 5 күнге созылады. Етеккірде 30 - 50 мл қан кетеді.
Етеккірден кейінгі саты 12 - 14 күнге созылады. Бұл аралықта жатырдың шырышты қабаты қалыңдайды. Жасушаларында гликоген, липидтер, витаминдер, микроэлементтер жиналып, ұрықтанған аналық жұмыртқа жасушаны қабылдауға дайындалады. Жұмыртқа жасуша ұрықтанбаған жағдайда қайтадан етеккір сатысы басталады. Етеккір қыз балаларда 12 - 14 жастан бастап келеді. 3 - 5 күнге созылады. “Овуляция” процесі етеккір аралығында пайда болады.
Қынап. Жатыр қынабы жоғарысында жатыр мойнымен, төменгі кіші жыныстық еріндері арасындағы қынап кіреберісімен шектелген. Ұзындығы 7 - 10 см. Бұлшық етті түтік. Оның кіреберіс тесігінің сыртқы шетін қыздық перде жауып тұрады. Жатыр қынабының қабырғасы 3 қабаттан тұрады.
Ішкі шырышты қабатында көлденең қатпарлары бар, ал орта қабаты біріңғай салалы еттен тұрады. Шырышты жəне біріңғай салалы бұлшық ет қабаты серпімді, созылғыш.
Сүт безі ( молочная железа ) - жұп без. Даму сатысында тер бездеріне ұқсап дамиды, бірақ атқаратын қызметі жыныс мүшелерімен байланысты. Оның үлкендігі кішілігі əр түрлі, əр əйелдің өзіне тəн ерекшелігі болады. Сонымен бірге екіқабат кезде жəне бала емізгенде оның пішіні өзгереді.
Сүт безі 2 - 4 қабырғаның тұсында, кеуденің үлкен бұлшық етінің үстінде, кеуде шандырымен оралып тұрады. Бездің ортасы үшкірленіп емізік пайда болады. Емізіктің айналасы дөңгеленіп терісі бұжырланған қоңыр болады.
Бездің осы бөлігі біріңғай салалы бұлшық еттер сезгіш жүйке ұштарына бай.
Бұлшық еттердің жиырылуынан емізік үшкірленеді, ал бала емгенде емізік ұшындағы жүйке ұштарының тітіркенуінен сүт шығады.
Адамның репродуктивті жүйесі туралы түсінік. Адамның репродуктивті жүйесі жыныс бездерінен немесе гонадалардан және жыныс жол мүшелерінен тұрады. Ер адамның жыныс жол ағзалары: ұрық шығаратын жол, қуықасты безі, ұрық көпіршіктері, жыныс мүшесі.
Әйел жыныс жол ағзалары: жатыр, жатыр түтігі, қынап. Бұған тағы сүт бездерін де жатқызады.
Адамның жыныстық немесе репродуктивті қызметтері.
Жыныс әрекеттік жүйеге жатады:
Ø Жыныс жасушаларының жетілуі, белгілі бір гормондардың әсерінде дамиды;
Ø Жыныстық құштарлық (либидо) ;
Ø Жыныстық дәстүрлі мінез-құлықтар, жыныстық құштарлық негізінде пайда болады;
Ø Жыныстық қатынас (копуляция, коитус) ;
Ø Ұрықтану үрдісі; жүктілік; босану, лактация; ұрпақ өсіру, тәрбиелеу.
Жыныстық жетілу кезеңдері.
I) пубертат; II) жыныстық жетілген кезең; III) жыныс әрекеттің бәсеңдеуі.
I. Пубертат - әйел мен еркек жыныс ағзаларының репродуктивті жүйе қызметінің құрылу кезеңі. Ол жыныстық жетілумен аяқталады - ұрпақ өрбітуге қабілетті болады. Ол өз кезегінде 3 фазадан тұрады:
1) Балалық фаза (препубертатты фаза) - жыныс жетілу алдындағы 2-3 жыл мерзімді жатқызады. Ұл балаларда 10 жасында, қыздарда 8 жасында аяқталады. Пубертат белгілерінің дамуында бүйрекүсті бездерінің гормондары қатысады.
Адренархе - жыныс жетілуінде бүйрек үсті без гормондары қатысатын уақыты мерзімі. Бұл кезең бүйрек үсті бездерінің белсенділігі төмен андрогендер синтезі мен секрециясы жоғарлауымен сипатталады. Олар қолтықасты мен шат аймағында түктер пайда болуына, қолтықасты және май бездерінің қызметтеріне әсер етеді. Қыз балаларда адренархе 6-8 жасында басталады.
2) Бейтарап фаза (меншікті пубертатты кезең) - ұлдарда шамамен 10 жастан 14 жасқа дейін, қыздарда 9-дан 12 жасқа дейін созылады. Осы шақтан жыныс бездерінің, ішкі және сыртқы жыныс ағзаларының дамуы, екіншілік жыныс белгілерінің пайда болуы тез жүре бастайды. Аталық безде эпителиальды қабаттың және интерстициальды тіннің өсуі болады.
Ана безде фолликулдардың жылдам өсуі болады, гормональды активтілік жоғарылайды. Бейтарап фаза шап аймағында түктердің өсуінен бастап, ұлдарда атабездің үлкеюінен, сүт бездерінің қыздарда ісінуімен және олардың аздап ауыру сезімімен жүреді. Ұлдарда ол алғашқы поллюцийге дейін және қыздарда алғашқы менструацияға дейін кездеседі.
Телархе -қыздарда сүт бездерінің дамуы 8-10 жас аралығында болады.
Менархе - алғашқы менструацияның пайда болуы, орташа жасы 12, 8±1, 2жас.
3) Ересек (постпубертатты кезең) - ер балаларда 14-тен 18-ге дейін, бойжеткендерде орташа 13-тен 16 жасқа дейін созылады. Жыныс әрекеттің кезекпен дамуы және екіншілік жыныс белгілерінің толық түзілуі болады. Жігіттің организмі жыныстық қатынасқа түсуге, жұмыртқа жасушаны ұрпақтандыруға, эякуляцияға қабілетті болады. Қыздарда жыныстық циклдың дамуы аяқталып, менструациялық және овуляциялық цикл жүреді.
II. Жыныстық жетілген кезең (жеткіншек) . Бұл мерзім әр адамда жеке-дара жүреді. Әйел адамдарда ол 16-18 жасына, ал ерлерде 18-20 жасқа сай келеді. Осы кезең ер мен әйелдің бала тууға дайындығымен, қанда гормондардың максимальды дәрежеде болуымен сипатталады.
III. Жыныс әрекеттің бәсеңсуі ерлерде шамамен орташа 60 жастан кейін, әйелдерде 45-50 жас шамасына сай келеді.
Адамның жыныстық мінез-құлқы - соматикалық компонент пен реттеуші механизмдер кіретін жалпы репродуктивті қызметтің іске асырылуына бағытталатын жыныстық жүйе әрекетінің көрінісі.
Әйел жыныс жүйесінің қызметі - репродуктивті.
Атқаратын қызметтері:
Аналық без:
1. Герминативті - овогенез, овуляция.
2. Эндокринді - эстроген, прогестерон, релаксиндер, ингибиндердің синтезі мен секрециясы.
Жатыр түтігі: тасымалдау (овуляцияланған жұмыртқа жасушаның жатыр түтігі бойымен жылжуына қатысады, ұрықтану) .
Жатыр: бала көтеру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz