ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНА ТӘН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: “ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНА ТӘН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ”
Орындаған: Ганиева Т .
Тобы: 117топ 3жылдық 3курс (сырттай)
АЛМАТЫ 2021ж
ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНА ТӘН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Ұстаз - болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін және сол қоғамның сол мақсаттарды орындайтын адамдарды қамтамасыз ету қабілетін арттыру үшін тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігі себебінен әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі. Ұстаздық - киелі әpi өте қарапайым мамандық. Жер жаһанда адамзат баласы пайда болғаннан бepi әрбір пендені ойландырып, толғандырып келе жатқан қоғам құрылып жатса да, қажеттігін жоймайтын бip мәселе - баланы өмip сүруге дайындау. Бұл қиынның қиыны. Ceбeбi әр адам-қайталанбас тұлға. Өз кәсібінің шебері болуы үшін оқыту әдіс-тәсілдерін түрлендіруге тырысады. Бұл, әрине сабақта қолданатын технологиямен байланысты. М. В. Клариннің пайымдауынша, педагогикалық технология - педагогикалық мақсаттарға жетуге қолданылатын барлық жекелік инструменталдық және әдістемелік құралдарының жүйелі жиынтығы және қызмет жасаудың реттілігі. Мұғалімдердің осы технологияларды түрлендіруі үшін және ең ыңғайлысын, пайдалысын үйрету үшін білім беру жүйесінде сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі- оқытудың Кембридждік бағдарламасы. Бағдарламаның негізгі міндеті - қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби шеберлігімен өзара байланыста қарастырылады. Мұнда негізгі мәселе тиісті сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған.
Сыни тұрғыдан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету. Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу-оқушылардың білім сапасын арттырып, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып отырады, ал педагогтар үшін кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Сабақтарымның барлығында да АКТ, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін қолданып отырамын және бұның қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына оңтайлы екенін ұғындым. Александердің «балалар күннен-күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек» деген пікірін негізге ала отырып сабақ жоспарларыма осы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін енгіздім. Бұл маған сабақтарымды жүйелі жоспарлауға және тізбектелген сабақтар топтамасын құруға көмектесті. Сондай-ақ оқушылар еркін сөйлеу, өз ойларын ашық айта білу, бір-бірінің пікірін тыңдау және бағалауға үйренді.
Колледждегі тәжірибемде тақырыптарды меңгертуде сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің ассоциация, ЖИГСО, Венн диаграммасы, екі жақты күнделік, синкуейн, түртіп алу, кластер, соңғы сөзді мен айтамын, еркін жазу, автор орындығы әдістерін пайдаландым. Сондай-ақ өзара пікір алысу, талдау, талқылау туғызу үшін сабақтарымда топтық жұмысты ұйымдастырдым және топқа бөлуді әр сабағымда тақырыпқа сай түрлендіруге тырыстым. Мысалы, Абайдың «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» өлеңін меңгертуде оқушыларға бүгінгі күндеріне сәттілік тілей отыра әр түрлі жемістерді таңдау арқылы топқа бөлдім. Алма, алмұрт, шие мен лимонды таңдап топтарға бірікен оқушылардың сол жемістердің адам психологиясымен сәйкестендіру қасиеттерін оқып бердім. Мысалы, алманы таңдағандарға - сіз сынақ жасауға, жаңа бірдеңелерді іске асыруға тым құмарсыз. Сіз көпшілік ортада болуды ұнатасыз. Сіздің темпераментіңіз белсенді, өзіңізге не керегін білесіз және соған қол жеткізесіз дегенді айттым. Бұл психологиялық тест болғанымен, оқушыларға ерекше әсер етті. Олар тек сүйікті жемісін таңдап қана қойған жоқ, өздерінің ерекше қаситеттерін естіп, көңілдері марқайып қалды.
Оқытудың жаңа әдістерін пайдалануда оқушылардың бойынан мына қасиеттерді аңғаруға болады:
-әрбір оқушы өзінің жеке ойымен, өмірге деген көзқарасымен және ойлау қабілетімен ерекшеленеді;
-бір-бірінің пікірлерін қабылдауға үйренеді;
-ойын жаңа ақпараттар арқылы білдіреді, өзіне белгіліні пайдалана алады;
-өз біліміне сүйеніп, мәселенің шешімін дұрыс тауып, ойын жеткізе біледі
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сыни тұрғыдан ойлауға үйрету барысында мынадай қорытындыға келдім:
*Оқушы өмірге деген өз ойын білдіру мүмкіншілігін біледі.
*Жаңа білім бойынша өз жобалары, болжамдарын тыңдап, талқылауды үйренеді.
*Білімді өз бетімен алуға деген ынтасы, шығармашылық жұмыстарға қабілеті, танымдық белсенділігі артады.
*Білім дәрежесі деңгейін саралау, өзіндікталдау, бағалауының деңгейі қалыптасады.
*Бір-бірімен ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуге дағдыланады.
Осындай сабақтар барысында оқушылар өздерінің, бір-бірінің ой-пікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа тың идеялар туғызады. Сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушылар мұндай сабақтарда оқудың қызықты әрі жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын түсінді. Сыни ойлауға үйретудің, АКТ, диалогтік оқытудың осындай ерекшеліктерін ескере отырып, болашақта әріптестеріме де осындай жаңа әрі қызықты идеялардың тууына мүмкіншілік беретін әдістерді өз сабақтарына енгізуге ұсыныс білдіремін.
Оқу құралында соңғы жылдары әдістемемізге еніп жатқан жаңа әдіс-тәсілдер мен жаттығулар, рефлексия мен кері байланыс, тренингтер мен ойсергектер, ойындар жинақталған. Әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы мұғалім сабақты да тиімді және уақытында үнемді пайдалана алады. Әдістерді қолдану арқылы тақырып мазмұнын және мақсатын балаға нақты түсіндіре аламыз.
Мұғалім шығармашылығы - ұшы-қиыры жоқ ізденіс, өнер, қиял, тапқырлық, үйрену, даму. Үйретуші сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйретуді басты назарда ұстағаны жөн. Және сол әрекетті үйренуші атқарғаны дұрыс. Сол кезде ғана берген білім сапалы, алған білім өмірлік болары анық.
Талантты педагог, филология ғылымдарының докторы, профессор Алма Қыраубаева апайымыздың айтып кеткен ұстаздық жауһар жазбаларынан үзінді келтіре отырып бастауды жөн санап отырмыз. Тағылым берер, ұстаздық жолдың ұлағатын сездірер алтын көмбе - ой орамдары кез келген ұстазды бей-жай қалдырмасы анық. Әрі осы жинақтағы әдіс-тәсілдерді мұғалімдер, әсіресе, жас мамандар, әр сабағына шығармашылықпен пайдаланып, түрлендіріп жүргізуіне түрткі боларына үміт арттық. Сонымен: «Ең жақсы өткен сабақтың қай жерден, қалай аяқталатынын күні бұрын білмейсің. Бұл сабақты шәкірт пен ұстаздың бірлескен ізденісі деуге болады. Сабақтың барлық жағдайын алдын ала жоспарлап қою шәкірттің еркіндігіне шідер салумен бірдей.
Сабақ барысында немесе әдіс-тәсілдерді пайдалану барысында, жалпы педагогтік жолда мына қағидаларды есте ұстаған жөн.
- Шәкіртке «екі» қою арқылы тәрбиелеуге болмайды. «Екілік» - өзіңе қойған бағаң. Өзіне талап қоюға ерінген мұғалім балаға талап қойғыш болады.
- Бала әділетсіз жазалаудан, үздіксіз ескерту жасай беруден не істерін білмей, өзіне-өзі сенімсіз болып, жүйке ауруына ұшырайды.
- Мұғалім мен бала арасындағы түсініспеушілік әр адамның туғаннан жаратылысы бөлек, адамның туғаннан өзіне ғана тән табиғаты бар екенін мойындамаудан шығады. Баланың мінезін өзгертемін деуге болмайды, мінезінің жақсы жақтарын байқап, дамытуға ғана болады.
- Барлық жерде мұғалімге қойылатын талап: баланы тәрбиеле! Бірақ тәрбиенің не екенін дұрыстап түсіндірген ешкім жоқ. Тәрбиелеу дегенді - тәртіпті қылу деп ойлаймыз.
- Оқушылары тым-тырыс отыратын мұғалімнің сабағынан, қажетті жерде шулата білген сабақ қызық.
- Кісімен қарым-қатынас мәдениетін отбасынан сіңіре алмаған балаға мектепте де, өсіп, кісі болғанда да мақсатына жету қиын. Ол баланы мұғалімі өте сезімталдықпен жетектеуі қажет болады. Сүйкімсіз баладан, ертең айналасына қадірсіз адам шығуы мүмкін
- Тіл алмайтын ызақор бала кемшілігін бетіне баса беруден шығады.
- Шәкірттің сеніміне кіру қиын. Ол үшін шәкіртке әуелі өзің сенуің керек болады.
Ежелгі гректер даналыққа ұмтылу таңғалудан басталады деп есептеген.
- Баланың қайғысы мұғалімнің жақсы оқитын және жаман оқитын бала деп бөлуінен басталады. Осыдан кейін баланың рухани дүниесі тек бағамен өлшенеді.
- Кісі екеніне күмәнмен қараған баладан кісі шықпайды
- Оқушының кемшілігін көргіш болсаң, ықыласын өлтіресің.
Әдістерді тек қана сабақты түсіндіру барысында емес, сонымен қатар сергіту сәттерінде, сабақты қорытындылауда міндетті түрде пайдаланған жөн.
Бірсарынды сабақтардан баланың зерігуі пайда болмас үшін түрлі әдістерді пайдаланған жөн. Сонда баланың да қызығушылығын оята және сабаққа зейінін аудара аламыз. Әдебиет сабағында менің ойымша мына әдістерді де пайдаланған жөн:
«Айналмалы бекеттер» Әр шағын топты бекетте орналастырып, арандататын сұрақты талқылауға және ойларын қағазға немесе тақтаға жазуға 10 минут беріңіз. Уақыт аяқталғанда топ басқа бекетке ауысып алдағы топтың жұмысын жалғастырады. Ауысу әр 10 минут сайын болып тұрады, әр топ барлық позицияларда болып шыққанға және барлық топтардың ойларын ойлап шыққанға дейін жалғаса береді.
«Айырмашылығы неде?» Оқушыларға екі түрлі мəтін немесе екі түрлі сурет көрсетіңіз. Екеуінің арасындағы айырмашылықты анықтауды сұраңыз. Жауаптарын дəлелдеп отырулары керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz