Инклюзивті білім берудің әлемдік тәжірибесі


Әлемдік тәжірибе (тарих)
Инклюзивті білім берудің әлемдік тәжірибесі
20 ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап шетелде мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған нормативті актілер пакетін әзірлеу және енгізу жүргізілуде, мүгедек балалардың ата-аналарының өздігінен ұйымдасу мәселелері, ересек мүгедектер мен олардың құқықтарын қорғаушылардың әлеуметтік белсенділігі мәселелеріне арналған және инклюзивті білім беру идеясын дәріптеуге септігін тигізетін зерттеулер жүргізіліп, басылымдар жарық көруде.
Мемлекеттік, муниципалдық мектептер қажеттіліктері айрықша балалар үшін бюджеттік қаржыландыруға ие болып, сәйкесінше, ресми түрде мүгедектер етіп тіркелген оқушылар санын арттыруға мүдделі.
Инклюзивті оқыту жайлы ережелер 2006 жылдың 13 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясымен мақұлданған «Мүгедектердің құқықтары туралы» БҰҰ Конвенциясына енгізілген.
АҚШ пен Еуропаның қазіргі білім беру саясатында бірнеше амал-тәсілдер дамуға ие, соның ішінде:
- білім алуға деген мүмкіндікті кеңейту (widening participation)
- мэйнстриминг (mainstreaming) -мүгедек түрлі мейрамдар, сауықбағдарламалары, т. б. кезінде араласуы.
- ықпалдастық (integration) -психикалық және физикалық кемтарлығы бар оларға бейімделмеген, жалпы өзгермейтін білім беру жүйесіне сай келтіру.
- инклюзия, яғни кірістіру (inclusion) -еш шектеусіз барлық балалардың талаптары мен қажеттіліктеріне жауап беретіндей етіп мектептер мен оқу бөлмелерін қайта құру.
Қазіргі уақытта АҚШ және Еуропа елдерінде ықпалдастық термині көбіне-көп кірістіру терминімен ауыстырылса, дамуында ауытқушылығы бар оқушылар термині білім алуда айрықша қажеттіліктері бар оқушылар терминімен алмастырылады.
Инклюзивті қозғалыс мектептің тиісті білім беру амалдарын, әр алуан оқыту тәсілдерін, оқыту мен коммуникативті құралдарды, т. б. қолдану сияқты жағымды жағдайларды жасау арқылы әрбір білім алушының оқудағы мақсаттарын қанағаттандыруға бағытталған.
Инклюзия барлық білім алушыларды әлеуметтендіруде тең мүмкіндіктер ұсыну мен қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты.
РЕСЕЙ
Ресейде алғашқы инклюзивті білім беру мекемелері 1980 - 1990 жылдар шебінде пайда болды.
1992 жылдың күзінен бастап Ресейде «Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың ықпалдастығы» жобасының іске асуы басталды. Нәтижесінде 11 аймақта мүгедек балаларды біріктіре оқыту эксперименталды алаңдары құрылды.
2001 жылдың 31 қаңтарында денсаулық мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың бірлескен білім алу Концепциясы қабылданды. Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істеуге педагогтарды дайындау мақсатында РФ Білім министрлігінің алқасы 1996 жылдың 1 қыркүйегінен бастап педагогикалық ЖООдың оқу жоспарларына «Арнайы (түзету) педагогикасы» мен «Денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалар психологиясының ерекшеліктері» курстарын енгізу жайлы шешім қабылдады.
2008 - 2009 жылдары инклюзивті білім беру үлгісі эксперимент ретінде Федерацияның бірқатар субъектілерінде әр түрлі типті білім беру мекемелеріне енгізіледі. Мәскеуде инклюзивті оқыту бағдарламасы бойынша 47 мектеп жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Ресейде денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалар үшін білім беру қызметтер нарығы тым шектеулі, арнайы (түзету) білім беру мекемелері оқытудың дәстүрлі формалары болып қалып келеді. Заңнамалық негізде және әлеуметтік қолдау жүйесінде анық кемшіліктер бар.
Ресейде әлі күнге дейін балалар дамуындағы ауытқушылықтарды ерте кезеңде анықтау бірыңғай жүйесі және ерте түзету-педагогикалыққолдау құрылмаған, ал шын мәнінде сапалы мектепке дейінгі түзету өткен балалардың жартысы білім алудағы шығыны көп арнайы (түзету) мектептері мен сыныптарында емес, жалпы білім беретін мектептерде оқи алады.
Мүгедек балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі қиындықтардың елеулі бөлігі түзету педагогтары (педагог-дефектолог), психологтар, тәрбиелеушілер мен әлеуметтік педагогтар сияқты білікті кадрлардыңқатты жетіспеуімен, олардың дайындық деңгейінің жетіспеушілігімен байланысты, көптеген мектеп директорлары мен мұғалімдері мүгедектік мәселесі жайлы көп біле бермейді және мүмкіндігі шектеулі балаларды қарапайым сыныптардағы оқу үрдісіне қосуға дайын емес. Мүгедек балалардың драма, би үйірмелері, спорт секциялары және т. б. қатысу мүмкіндіктері жоқтыңқасы, бұл олардыңқоғамға одан ары қарай бірігуін қиындатады.
Одан басқа инклюзивті білімге мектептердегі қажетті материалдық- жоқтығы кедергі, сондай-ақ мүгедек балаларға білім беру, денсаулық сақтау мекемелері, тұрғын үйлер мен көлікке, спорт және мәдениет мекемелеріне жетудіңөзі қиыншылық тудырады, бұл оларды қоғамнан мүлде ажыратады десе де болады.
Бүгінгі таңда РФ аумағында инклюзивті білім беру РФ Конституциясы, «Білім туралы», «РФ мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» федерациялық заңдары, сондай-ақ Еуропалық адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерін қорғау туралы конвенцияның №1 баяндамасы мен бала құқықтары туралы Конвенциямен реттеледі.
2010 жылдың 28 сәуірінде Мәскеу қаласында «Мәскеу қаласындағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың білім алуы туралы» заңы қабылданды, ол денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу, қоғамға бейімделу және бірігу қажеттіліктерін мейлінше бағытталған. 2012 жылы Ресейде « туралы Конвенцияны бекіту туралы» Федералдық заңына қол қойылды.
АҚШ
Арнайы білім беру саласындағы қазіргі АҚШ саясаты бұқаралық және арнайы білім беруді біріктіруге негізделеді. Біріктірудің негізгі үш тәсілі ұсынылады:
- негізгі бағыт-дамуында ауытқушылығы бар балаларды бұқаралық мектептердің сыныптарына орналастыруды қарастырады.
- бұқаралық білім беру бастамасы-бұл тәсіл «негізгі бағыт» тұжырымдамасынан әрі қарай тереңдеп, дамуында ауытқушылығы бар оқушылардың білім алу жағдайларын түбегейлі өзгертуді ұсынады.
- кірістіру - барлық балаларды кемтарлық түрі мен оның деңгейіне қарамастан, тұрғылықты жері бойынша жалпы білім беру үрдісіне кірістіруге негізделеді. Осындай балалардыңәрбіреуіне мамандар тобы жекелей оқыту бағдарламасын әзірлеп, соған сай оқушы үлгерімін бағалау да жүргізіледі.
Қазіргі таңда АҚШ-та 1990 жылы қабылданған «Кемтарлығы бар тұлғалардың білім алуы туралы акт» заңы әрекет етеді. Ол бала қажеттіліктеріне жауап беретін халықтық білім беру жүйесіндегі тегін оқуға кепілдік береді. Заң арнайы білім алуға құқық беріп қана қоймай, сондай-аққосымша қызметтерге (көлік, логопедиялық сабақтар, психологтың көмегі, аудиологиялық зерттеу және т. б. ) де кенелтеді.
Швеция
Бұл мемлекеттегі қажеттілігі айрықша балалардың көбі олар қажетті қолдауға ие болатын қарапайым сыныптарға біріктірілген. Анық байқалатын есту, көру кемтарлығы, ақыл-ой кемтарлығы, үйлескен ауытқушылықтары бар балалар кемтарлық түрлері бойынша ажыратылатын арнайы мектептерде оқиды, онда балалар 21-23 жасына дейін білім ала алады. Ақыл-ой кемтарлығы бар балаларға арналған арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептер ғимаратында сыныптар ашу жолымен біріктірілген. Ерте балалық аутизмге шалдыққан балалар қарапайым мектептерде кішігірім топтарда оқиды.
Франция
Франциядағы арнайы білім беру дамуында ауытқушылығы бар балаларды жалпы білім беру мектептеріне мейлінше көп біріктіруге бағытталған. Дамуында ауытқушылығы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне кірістіру 4 түрлі нұсқада жүзеге асады:
- Бала қарапайым мектеп бағдарламалары бойынша білім алады, бірақ мектепте және одан тыс оған қосымша қызметтер ұсынылады (мысалы, емдеу шаралары) ;
- Бала қарапайым мектеп бағдарламалары бойынша білім алып, қосымша күтімге ие болып, қосымша арнайы бағдарламалар бойынша оқиды (мысалы, үй тапсырмасын орындаудағы көмек) ;
- Негізгі мектеп уақытында бала арнайы сыныпта арнайы бағдарлама бойынша білім алады (әдетте, бұл психикалық даму бөгелісі бар балалар) . Басқа уақытта ол қарапайым бағдарлама бойынша өзімен құрдас оқушылармен бірге оқиды.
- Бала тек қана арнайы сыныпқа барып, онда арнайы бағдарлама бойынша оқиды (әдетте, бұл ақыл-ойында кемтарлығы бар балалар) . Бірақ ол мектеп өміріне тікелей қатысады.
Италия
Бүгінгі күні қажеттіліктері айрықша балалардың99% жалпы білім беретін мектептерде оқиды. Қарапайым сыныпта мұғалімнен арнайы көмек алу үшін бала дамуында ауытқушылығы бар деп тіркелген болу керек. Тіркеу тек ата-ананың рұқсатымен және бір жылға ғана жүргізіледі, мерзімі өткен соң арнайы көмекті ұзарту немесе тоқтату туралы шешім қабылданады.
Алайда мемлекеттік арнайы мектептер санын қысқартқан сайын жеке меншік арнайы мектептердегі дамуында ауытқушылығы бар балалар саны артуы байқалады. Білім берудегі ықпалдастықтың дамуы елдегі түрлі аймақтар бойынша үлкен айырмашылықтарға ие, өйткені бұл үрдістің мемлекеттік деңгейдегі үйлестірілуі минималды деңгейді көрсетсе, біріктіру үрдісініңөзі , қажетті мамандардың барын анықтау сияқты тиісті зерттеулерді жүргізусіз басталып кетті. Ақыл-ой кемтарлығы терең балаларды жалпы білім беру үрдісіне кірістірумен үлкен қиындықтар орын алуда. Ықпалдастық мәселесі орта мектептің жоғары сыныптарында анық байқалады - ата-аналардың бір бөлігі қарапайым сыныпта ауытқушылығы бар оқушылардың болуына қарсы, мұғалімдердің арнайы дайындығы жоқ.
Италиядағы ықпалдастықты бұл мәселенің кең мағынасында шешілген деп есептеуге болады. Алайда бұл мәселе бойынша жүйелі орталықтандырылған мәліметтерді өңдеу болмағандықтан, білім берудегі бұл ықпалдастықүрдісінің нәтижелері жайлы деректер аз.
Литва
Ақыл-ойы бүтін мүмкіндігі шектеулі балалар бұқаралық мектептердің жалпы білім беретін сыныптарында оқи алады. 1-4 сынып оқушылары сонымен қатар жеке бастауыш мектепте білім алады. 4-сыныптан кейін барлықоқушылар келесі сатыдағы мектепке көшіп, оның түрін өздері таңдай алады - не гимназия, не жүйелі мектеп.
Ақыл-ой кемтарлығы бар балалар жалпы білім беретін мектепте әрі қарай да оқи алады, бірақ арнайы сыныпта ғана. Сыныптардың екі түрі бар: жеңіл ақыл-ой кемтарлығы бар балалар үшін - «арнайы сынып» (көмекші мектеп бағдарламалары), қалыпты және күрделі ақыл-ой кемтарлығы бар балалар үшін - «дамыту сыныбы» (жеке бас бағдарламалары, және олардың көбі отбасыныңәлеуметтік қолдауына бағытталған) .
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары көп жағдайда баласының оқу бағдарламасын толық деңгейде немесе басқа балалар сияқты жылдамдықмен игере алмайтындығына көздері жетіп, оларды 4-сыныптан кейін өз еркімен арнайы (түзету) мектепке ауыстырады.
Елде дискриминация және балалардың бірдей құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері шындап шешілуде - мектеп және сынып түрін көрсететін шифрмен ғана ерекшеленетін жалпы және орта мектепті бітіру жайлы құжаттың бірыңғай формасы, түрлі мазмұндағы оқулықтардың бірдей дизайны және т. б.
Литва оқушыларды жан басына қаржыландыруға көшті -мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алудағы «себеті» қарапайым оқушыдан2-3 есе салмақты. Бұл психофизикалық ауытқушылығы бар балалардың білім беру қызметтерінен басқа түзетулік қолдау мен қосымша оқу құралдары, соның ішінде техникалыққұралдарды да қажет ететіндігімен түсіндіріледі.
Хорватия
Хорватия Республикасының заңнамасы 20 жылдан бері дамуында ауытқушылығы бар балалардыңқарапайым мектептерде оқытуға бірігу үрдісін дамытуға септігін тигізіп келеді, ең алдымен, бұл - 1991 жылғы Білім беру туралы заң мен 1992 жылғы Орта білім беру туралы заң. Білім берудегі ықпалдастық одан да кеңәлеуметтік ықпалдастықтың бөлігі ретінде қарастырылады.
Хорватиядағы ықпалдастықтыңөзіндік ерекшелігі мүмкіндігі шектеулі тұлғаның арнайы қажеттіліктерін қамтамасыз ету жауапкершілігі барлыққоғамға, соның ішінде әрбір индивид өз мүмкіндіктерін іске асырып, өзініңтолық дамуын ала алатын орта болып есептелетін жергілікті қоғамның мойнына жүктеле алатындығында.
Дамуында ауытқушылығы бар балалар балабақшаға түсуде басымдыққа ие, олар бұқаралық балабақшада не қарапайым бағдарлама бойынша, не қосымша оңалту бағдарламасы бар бейімделген болмаса арнайы бағдарлама бойынша білім алады. Мемлекет қосымша білім беру бағдарламасын өтейді.
Хорватияда бастауыш білім (1-8 сыныптар) бала мүмкіндіктеріне қарамастан міндетті әрі тегін. Білім алудағы қажеттіліктері айрықша балалар білім алуға және ондағы көмекке конституциялық тұрғыда құқылы.
Білім алушының дамуындағы ауытқушылықтың күрделілігіне байланысты бұқаралық мектеп білім берудегі ықпалдастықтың түрлі үлгілерін ұсынады: толық және жартылай. Басымдылық толықүлгілі ықпалдастыққа беріледі - ауытқушылығы бар оқушылар қарапайым сыныпта оқиды. Онда осындай үш оқушының кірістірілуіне жол беріледі және мұндайда сыныптағы оқушылар саны 25-тен аспауы керек. Аталмыш ықпалдастықүлгісінде дамуында ауытқушылығы бар оқушылар жалпы немесе бейімделген бағдарлама бойынша оқытылады.
Алғашқы төрт сыныпта дамуында ауытқушылығы бар оқушылар қайта оқуға қала алмайды да, бір сыныптан келісісіне көшеді, онда олар жекелей оқу бағдарламалары (олар қарапайым бағдарлама бойынша оқи алмаса) бойынша білім алуын жалғастырады. Бесіншіден бастап, сегізінші сыныпқа дейін арнайы білім беру мамандары (дефектологтар) және балаларды оқытатын мұғалімдер бала бұқаралық мектептің жекелей оқу бағдарламасын игермеді деп есептесе, мұндай оқушылар қайта оқытуға қала алады.
Сегізінші сыныпты бітіргенде бір қанағатанарлық емес бағаға ие бола тұра, оқушы осы сыныпта қайта қалып немесе үшінші деңгейге өте алады. Егер бала бұқаралық бағдарламаны игермесе, онда оған үлгісін ұсына алады, онда негізгі пәндер бойынша оқыту бейімделген бағдарламалар бойынша арнайы сыныпта, ал сурет, музыка, дене шынықтыру сияқты жалпы пәндер қарапайым сыныпта өткізіледі.
Айқын білінетін ауытқушылығы бар оқушылар үшін де толық және жартылай ықпалдастық түрлері ұсынылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz