Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы


Латын әліпбиін пайдалану мемлекеттіліктің іс жүзінде барлық бағыттарын қозғайтын маңызды қажеттілігі болып табылады. Қазақ жазуының қалыптасуы күрделі және көп қырлы процесс болып саналады. Тарихи және саяси оқиғалар тілдік ортаға және олардың жазбаша ойлар жолдарын қалыптастыруына үлкен әсер етті. Ғасырлар бойы графиканы өзгертудің бір маңызды себебі қазақ дыбыстық ауқымының кейбір элементтерінің айтуы ерекшелігі болғандықтан белгілі бір алфавитті таңдауды қиындатты. Араб, латын немесе славян графиктерін пайдалана жүріп және пайдалану үшін қазақ халқының ғалымдары, әйгілі тұлғалары мен қайраткерлерінің арасындағы талай уақыт бойы келіспеушілік пен пікірталас сүйемелдеуіне пайда болды. Уақыт талаптарына байланысты, сондай-ақ ағылшын тілінде бірқатар пәндерді оқыту, жас ұрпақ үшін көп тілді ортаны дамытуға байланысты латын алфавитін таңдау туралы жалпы шешім қабылданды. Бұл мақалада осы процестің негізгі мәселелері қарастырылады.
КіріспеЕлімізде латын әліпбиіне көшу мәселесі соңғы жиырма жылда көтеріліп, соның оң жылында қызу талқыланып келе жатқан тақырыптардың бірі екендігі бәрімізге белгіліақ. «Латын әрпіне көшу - қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік» -деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін бәріміз де санамызбен түсініп, оның шынында да, қазіргі қоғамға тигізер ықпалы туралы ойлануымыз керектігі де түсінікті.
Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған кезден бастап қазақ лингвистері мен зиялы қауымының арасында латын әліпбиіне көшудің пайдасы мен зияны туралы бірталай пікірталастар туындай бастап, әлі күнге дейін жалғасын тауып келе жатқандығы да жалған емес-ті.
Бүгінгі таңда елімізде латын әліпбиіне көшу әлі де екі жақты тартыс пен талас тудырып отырған мәселе болып табылады. Халықаралық деңгейде ойлайтын ойшылдарымыз бен ұлттың нағыз жанашырлары латынға көшуді дәріптесе, кейбір зиялылар қауымы тарихтың бұл үрдісіне әліге дейін қарсы болып келеді (Latyn alipbii - ruhani tauelsizdik // https://massaget. kz) .
Қазіргі уақытта латын әрпін қолдану, ең алдымен, заман талабы болып отыр. Сондықтан да заманауи технологияларға тәуелді екенімізді мойындап, кез келген жаңа дүниелермен санасуымыз жөн сияқты. «Бұл үдеріс жақсы дайындықты және ойластырылып жүргізілуді қажет етеді. Осы орайда, ХХ ғасырда кириллица негізінде қазақ тіліндегі әдеби және ғылыми мұралардың ауқымды қоры әзірленгенін есте сақтағанымыз дұрыс. Ең маңыздысы, қазақстандықтардың болашақ ұрпағына арналған халықтың осынау қазынасы жоғалып кеткен жоқ. Біз қазақ тілін латын әрпіне көшіру жөнінде мемлекеттік комиссия құрамыз», - деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде.
Қазіргі қазақ жазуында қолданылып жүрген әліпбиді латын әріптерімен ауыстыру мәселесіне алаңдаушылық тудырып отырғандардың бар екендігін жасырмаймыз және олардың санда ры да баршылық. Бірақ бұл болашаққа батыл қадам жасап, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған тіліміздің болашағы үшін жасалған ғылыми маңызды шара деп білуіміз қажет сияқты. Қалай ойлайсыздар?
Тәуелсіз елдің негізгі белгілерінің бірі ретінде жазудың маңызы өте зор. Сондықтан да болар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «біз орыс тіліне қарсы емеспіз, біз оның қазақтар арасына қалай енгізілгеніне келіспейміз» деген сөзі көңілге көп ой салады. Себебі бұл сөз тілінің болашағын ойлаған тіл мамандары мен тілге жанашыр зиялы қауымның көкейіндегі ойды дөп басқандай. Мұны қазіргі кирилл-қазақ әліпбиіне немесе орыс тіліне теріс қарау деп емес, қайта қазіргі әліпбиіміз бен жазуымыздағы халықтың өз еркімен қалап алмаған, кешегі кеудемсоқ жүйенің өктем саясатының әмірімен күшпен таңылған кейбір кірме әріптерден арылып, таза қазақ әліпбиін жасау бағытындағы игілікті қадам деп түсінеміз (Yegemen Kazakhstan //https://www. oinet. kz) .
ЭкспериментЛатын әліпбиіне көшу, сайып келгенде, ана тіліміздің болашағын ойлап, қолданыс аясын одан әрі кеңейте түсуге мүмкіндік жа сап, тіліміздің ішкі табиғи әліпбиіміз арқылы жазудың айтуға жасап келе жатқан қиянатын болдырмай, қазақы айтылым мен жазылым талаптарын жүйеге түсіру деп түсіну керек.
Бір жазудан екіншісіне көшу халықтың осы рухани байлықтан сусындауына қосымша қиындық келтіруі мүмкін екендігі де талай адамға ой салары сөзсіз. Сондықтан әліпби мен жазу мәселесіне әлеуметтік лингвистика тұрғысынан жете назар аударған жөн. Жазу мен әліпби мәселесі бір-бірімен тығыз байланы сты болатындығын білеміз. Алдымен әр тілдің дыбыс қорын анықтап, содан кейін әр дыбысты әріптермен таңбалау қажет. Жазбаша тілді ауызша тілдің графикалық бейнесі деуге болады. Жазудың қандай түрі болмасын белгілі бір таңбалар арқылы жасалады. Әліпби жасау үшін алдымен графикалық лингвистика теориясын терең танып, тілдің дыбыс жүйесіндегі фонемалардың өзіндік фонологиялық ерекшеліктеріне жете назар аударып, бөгде тілдерден енген сөздерге қатысты фонемаларды қалай таңбалау керек деген мәселелерді шешіп алу керек, одан кейін тілдің болмысын танытатын негізгі заңдылықтарын біліп, тілдің табиғатына сай келетін, өзіндік дыбысталу ерекшеліктеріне кері әсер етпейтіндей мәселелерді ескеру керек. Жазу барысында әр әріптің өзара кездесу жиілігі де назарға алынуы тиіс екендігін көптеген лингвист-ғалымдар ескертеді (Garifolla Esim // https://kaz. caravan. kz) .
Латын әліпбиіне көшу туралы сөз қозғалғаннан бастап жұртшылық арасында пікірталас өршіп кетті. Мысалы, «латын әліпбиін қабылдаған жағдайда келешек ұрпақ кирилл жазуы негізіндегі бұрынғы бай жазба мұрамызды оқи алмай қалады» деген пікірге, екінші біреулер: «Қазақтың жазба мұрасы көп жылдық тарихы бар елдерге қарағанда (қытай, араб, француз) аз, сондықтан қазіргі жағдайда барлық жазба мұрамыз бен жәдігерлерімізді латын әрпіне бірте-бірте көшіріп алуға мемлекетіміздің мүмкіндігі жетеді» дейді. Мұндай пікірлер көпақ, көп . . .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz