Медиасауаттылық контестінде ақпаратты бағалау мен оған анализ жасау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Медиасауаттылық контестінде ақпаратты бағалау мен оған анализ жасау

Жоспар:
1. Ақпаратты және оған баға беру
2. Телевизия мен радионың ақпаратты ұсыну стилі
3. Медиа-гигиена және ақпаратты сұрыптау

1. Ақпаратты бағалау, оны бір жүйеге келтіру және этикалық нормаларды сақтай отырып ұсыну - медиасауаттылықтың негізгі мәйегі, іргетасы. Ақпаратты бағалау, біріншіден, оның қаншалықты шындыққа жанасатынын, ал екіншіден, аудиторияға қаншалықты қажетті екендігін анықтау. Бұл процессті жаңалыққа сыни көзқараспен қарау деп те айтуға болады. Публицистикалық мәтін, адам қолымен жасаған кез-келген зат немесе нәрсе сияқты, сапалы да, сапасыз да болуы мүмкін. Оны алдымен редакциядағы әріптестер, содан кейін оқырмандар бағалайды. Журналист өз жұмысын көпшілікке ұсынбас бұрын оны объективті және бейтарап бағалап, түзетуге тырысуы керек. Сіздің жазбаңызды қатал бағалауға жол бермеу үшін сіз өзіңіздің мәтініңізді қалай талдауға болатынын білуіңіз керек.
Кез-келген әдеби шығарма сияқты публицистикалық материал да бір-бірімен тығыз байланысты мазмұн мен формаға негізделген. Мазмұн "мәтінде не айтылған?", ал форма "ол қалай айтылған?" деген сұрақтарға жауап болады. Тақырыбынан бастап талдау жасап, стиліне, ойдың жүйелілігіне, ақпараттың өзектілігіне және грамматикалық, орфографиялық (теле-радио журналистикада орфоэпиялық) сауаттылығына мән беру керек. Яғни, талдау, зерттеу, түзеу процесстері бірінші кезең деп қарастырсақ, хабарды таратып, аудиториямен кері байланыс орнату, таратылған хабардың салдарын бағамдау екінші кезең болады.
Ақпаратты аудиторияға ұсынбас бұрын журналист өзіне бірқатар сұрақ қойып, сол сұрақтарға жауап бермек керек:
1. Мен ақпаратты қалай жазамын?
2. Әртүрлі дереккөздерді қалай жүйелеймін?
3. Бұл хабарды қандай пішінде ұсынамын?
4. Менде қандай құралдар бар?
5. Маған қандай материалдар қажет?
Дереккөздер кез келген жаңалықта маңызды рөл атқарады. Мәселен, сыни материалдарды көп ұсынатын КТК арнасының кешкі жаңалықтарында белгілі бір тақырып қозғалып, оқиға баяндалып жатса және оны тілші өз көзімен көрмеген болса, міндетті түрде сюжеттің оң жақ бұрышына сілтеме қоятынын байқағанмын. Сайттарда, блог-платформаларда, интернет-порталдарда жарық көрген хабарларды осылай ұсынады екен. Ал, оқиға орнына барып материал жинаған журналистің кейіпкерлермен кездесе алмаған жағдайында "бізге есік ашпады", "бұл ақпаратқа нақты дәлел ала алмадық", "кейіпкер байланысқа шықпады" деп жаңалықтың жалған болуы да мүмкін екендігін бірден аңғартып жатады. Жергілікті шағын басылымдар үлкен мәселелерді жазғанда, мысалы, Қазақстандағы жайттар болса Tengrinews.kz, Azattyq.org, Ресей, ТМД жаңалықтары болса Ria.ru, әлемдік ақпар болса BBC.com сияқты сайттарға сілтеме жасап барып жазатынын байқаймыз. Бұл бертінде шыққан дәстүр емес, интернеттің енді дамып келе жатқан шағында, осыдан бірнеше жыл бұрын шыққан 31 арнадағы "Ризамын" шоуында видеоконтентті YouTube-тан алып, эфирде оның кімнің арнасы екендігі айтылатын және сол видеоның төменгі жағында жазылып тұрушы еді. Бұл - деректің дәйекті болуы үшін әрі авторлық құқықтың бұзылмауы үшін маңызды дүние. Осы синтездеу, сүзгіден өткізу кезеңі медиасауаттылыққа бастар негізгі жол. Журналистің өзі өз материалын жақсы талдап, таразылай алатын болса, оқырманға шынайы хабар жетіп, сапалы контент ұсынылады.
2. Теледидардағы, радиодағы және интернеттегі әдеби тілдің жағдайы - өте өткір тақырып. Уақыт өте келе тіл өзгереді - соңғы ширек ғасырда ол айтарлықтай өзгерді. Мұның бәрі тілге сөзсіз әсер етеді, көбіне журналистер ақпараттың тілін жеңілдетуге, сөзін қысқартуға, шатастыруға тырысады.
Барлық бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты - адамның, қоғамның және мемлекеттің ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру. Бұл сондай-ақ радиоға немесе баспа құралдарына қарағанда ақпаратты толық, жылдам, сенімді және эмоционалды түрде тарата алатындығымен ерекшеленетін телевизиялық журналистикаға қатысты.
Телевизияның ақпараттық қызметі туралы айтар болсам, ақпарат ұғымының өзін тар және нақты түсіндірумен шектелу керек шығар. Қазіргі әлемдегі адамдардың экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени ақпараттарды үнемі алуы қалыпты жағдайға айналды. Демек, жаңалықтар бағдарламалары кез-келген телекомпанияның хабар тарату торабының анықтамалық нүктесі, ал қалған барлық бағдарламалар жаңалықтар таратылымы арасындағы уақыт аралығында орналасқан. Қоғам өміріндегі қалыптан тыс құбылыстарды бейнелеуге деген ұмтылысты қоғамның осындай индикаторы деп санауға болады. Бұл ақпараттық функцияны теле жаңалықтар атқарады. Тағы бір нәрсе - апаттар мен соғыстар туралы хабарлау үшін қажетті тоналдылықты табу. Әлемдік стандарт бірнеше ондаған жылдар бойы сыналған: жағымсыз жаңалықтардың көптігіне қарамастан, аудиторияны депрессия мен үмітсіздік күйінде қалдырмауы керек. Барлығы қалыпты болуға тиіс. Мұндай іс-шараларды жедел көрсету үшін үш шарт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа медиа және ақпараттық мәдениет
Жоғары сынып оқушыларына медиа-білім берудің педагогикалық шарттары
Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары
Оқушылардың ғылыми - жаратылыстану бағытында ойлау қабілеттерін дамытуды зерттеу
Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың маңызы
Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктері
Креативтіліктің анықтамалары
Лингвистикалық мультимедиалық платформалар
Сабақты өткізу әдістемесі оқыту
«12 жылдық мектептің бастауыш сыныптарында «Алгоритм» тақырыбын оқытудың әдістемесі»»
Пәндер