Жеңіл атлетика және оның түрлері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жеңіл атлетика және оның түрлері

Жоспар
1.Жеңіл атлетика жаттығулары туралы түсінік.
Жеңіл атлетика негізгі қимылды жаттығулардың негізгі түрлері.
Жеңіл атлетикадағы жаттығу негізгі қағидалары.
Жеңіл атлетика- спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген.Жеңіл атлетиканың негізгі қимылды жаттығулары -- тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс.Жүру - адамның табиғи қозғалуының бір түрі болып табылады. Адам жүру арқылы тіршілік жасаудың мүмкіндіктерін ашады, кеңейтеді. Жүру кезінде адам бойындағы барлық бұлшық еттер, сүйектер, ағзалар жұмыс жасау мүмкіндіктерін арттырып бейімделеді, тыныс алу, қан айналымы, зат алмасу жүйелері жұмысы жақсарады. Спорттық жүрудің жай жүруден айырмашылығы онда адымдау жиілігі мен аяқтың жұмысына басқаша талаптар қойылады. Мысалы спорттық жүру кезінде спортшы бір минутта адым жиілігін 190-200 реттен арта қайталай алады.
Спорттық жүру жарысы кезінде арнайы төрешілер тағайындалып олар спортшының адымдауы кезінде екі аяқ табандары жерден бірдей көтерілмеуін қадағалайды. Спорттық жүріс кезінде аяқ табандарының жерден бірдей көтеріліп кетіп кеңестікте дененің қалқуының пайда болуы, адамның жүгіру түріне өтуі деп саналады. Осындай жағдай болғанда спортшыны жарыстан шығаруға шешім қабылданады.
Жүру -- 20 шақырым спорттық жүріс. Адам баласының табиғи жүруі бар. Екінші -- жүрудің спорттық түрі бар. Әрине, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі ережесі, әрбір аттаған сайын, яғни, алдыға аттаған аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды. Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмауы керек. Бұл жағдайға кез келген спортшы қалыптасып үйрене бермейді. Табиғи жүрісте көтеріліп кететін фазасы болады. Яғни, жүгірудің алғы шарты орындалады. Спорттың жүріспен жарысқа қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін көтеріліп кететін фазасын төрешілер мұқият қадағалайды.
Әдетте, жүгірудің әдісін білетін спортшылар төменгі сөреден шығудың әдісін жақсы меңгерген болса, жылдамдықтан көп ұтады. Бұл деген жүгіріс әдісін меңгерді деген сөз. Ал жоғарғы сөре жүгіріс әдіс-тәсілін меңгеруге айтарлықтай әсер ете қоймайды. Бірақ орта және ұзақ қашықтыққа жүгіргенде аяқты көтеріп алып, алға соза басудың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, біреу қысқа адымдайды, енді біреу жүгіргенде адымын ашады. Жүгірушінің жылдамдығы, міне, негізінен осы жағдайдың орындалуына байланысты.
Лақтыру -- диск, найза, граната, балға, доп және ядро. Секіру -- орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, биіктікке және сырықпен секіру, үш аттап секіру.
Жеңіл атлетикалық көпсайыс -- көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар -- жүгіру, секіру, лақтыру және кедергілерден өту.
Сөре және мәре. Жарыс барысында сөреден шығу үшін жүгіруші төменгі және биік сөре жағдайында тұрады. Қысқа қашықтыққа жүгіргенде төменгі сөре жағдайында тұрады. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіргенде биік сөре жағдайында тұрады. Төменгі және биік сөреде жүгіріп шығу әдіс-тәсілін студенттер мектеп бағдарламасынан оқып кеткендіктен, оған қайтадан оралмадық.
Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы -- жүгіру. Ол жеңіл атлетиканың барлық жаттығуларында қолданады. Сондықтан, кім болсын, жеңіл атлетикамен шұғылданғанда, ең алдымен жүгірудің айла-тәсілін меңгеруі керек.
Жүгіру - жеңіл атлетиканың негізгі түрі болып саналады. Жүгіру түрлері мен қашықтықтары әртүрлі болып келеді. Жүгіру жағдайы секіру, лақтыру сияқты қозғалыс түрлерінің де құрамында кездеседі. Жүгіруде адамның адымдауы кезінде дене ұшу, қалықтау жағдайына енуімен ерекшеленеді. Жүгіру, адам организімінің жұмыс жасау қаблетіне үлкен талаптар қойады. Асықпай жай жүгірулер түрлері адамдарды сауықтыру мақсаттарында жиі қолданылады.Қысқа қашықтықтарға жүгіру (спринт) жылдамдық пен күш қаблеттерін қажет етсе, орта және алсы қашықтықтарға жүгіру жылдамдық пен шыдамдылықты ал кедергілер арқылы жүгіру спортшыдан ептілік пен икемділікті, жылдамдықты талап етеді.
Жүгіру -- қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа қашықтыққа -- 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа800,1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа -- 5000, 10000, 20000, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады.Жеңіл атлетикада жүгірудің төрт түрі бар оларға: тегіс жерде жүгіру, кедергілер арқылы жүгіру, эстафета және табиғи ортада жүгіру түрлері енеді. Тегіс жерде жүгіру негізінен арнайы дайындалған стадион жолдарында өткізіледі және жүгіру қашықтығына сәйкес қысқа, орта, алыс қашықтық деп бөлінеді.Барлық спорттық жүгірулер бағыты бойынша сағат тіліне қарсы орындалады.Қысқа қашықтыққа 30 метрден 400 метр аралығы, орташа қашықтыққа 500 ден 2000метр аралығы, алысқа 3000метрден 10000 метр аралығы енсе, тым алысқа жүгіруге 20км. ден 30 км. аралығы және марафондық жүгіру 42км 195метрге жүгіру жатады. Кедергі арқылы жүгіру екі түрге бөлінеді: бірі кедергілерден өту және стипл чез. Кедергілерден өту арқылы жүгіру қысқа қашықтыққа 60 метрден 400м аралығында стадиондардың жүгіру жолдарында 5 тен 10-ға дейінгі ара қашықтықтары бірдей кедергілер қойылған жолдарда өткізіледі. Стипл чез 3000 метр қашықтық аралығында су толтырылған шұңқыры бар кедергілер қойылған жүгіру жолдарында өткізіледі.
Эстафеталық жүгіру - командалық жарыс болып саналады. Жүгіретін қашықтық бойына бірдей қашықтықта спортшылар орналасады. Әр спортшы өз қашықтығын жүгіріп өтіп, қолындағы таяқшаны келесі спортшыға беруі тиіс. Эстафета қашықтығы қысқа, орта және аралас қашықтықта болуы ықтимал.Эстафетаны өткізу түрлеріне қарай стадиондағы жүгіру жолын айналып жүгіру, қарама қарсы жүгіру, қала көшелерімен жүгіру т.б. болуы мүмкін.Табиғи ортада жүгіру (косс) әртүрлі қашықтықта жыл мезгілінің барлық уақыттарында өткізіледі.Марафондық қашықтыққа жүгіру әртүрлі жолдарда өткзілуі ықтимал, тек жүгіруді бастау мен аяқтау бір жерде болды.Қазіргі кезде жүгірудің сағаттық, бірнеше сағаттық, сөткелік т.б. түрлері кеңінен қолданылуда. Жеңіл атлетикада секіру түрлері ұзындыққа және биіктікке секіру деп бөлінеді. Олар орында тұрып және жүгіріп келіп секіру арқылы орындалуы ықтимал. Орында тұрып секіру арнайы жарыстар бағдарламасына енбейді, көбіне жаттығу және сынақ түрінде кеңінен қолданылады.
Жүгіріп келіп биіктікке секіру және сырықпен биіктікке секіру жоғары көлденеңінен қойылған кедергіден өтуге арналған болса, ұзындыққа секіру және ұзындыққа үш аттап секіру түрінде горизантальды бағытта алысқа секіруге негізделген.Секірудің барлық түрлері спортшыдан күш, жылдамдық, ептілік, иілгіштік, кеңестікте өзін игеру, бағдарлау сияқты қаблеттерінің жақсы дамуын талап етеді.Лақтыру орындалу түрлеріне қарай бастан асыра найза, гранат, доп лақтыру енсе, айландыра лақтыруға балға, табақ лақтыру, ал итеруге ядроны итеру жатады.Лақтыру адамнан жылдамдықпен күшті қажет етеді, басты мақсат қолдағы затты неғұрлым алысқа лақтыру болып табылады. Лақтыру кезінде адамнан аз уақыт аралығында қол, аяқ, дененің өте көп мөлшерде күш жұмсауы арқылы жылдамдық, координациялық қаблеттердің үйлесімді жұмыс жасауын қажет етеді.Көпсайыс түріне жүгіру, секіру, лақтыру т.б. түрлері қосындысы енеді. Олар үшсайыс, бессайыс т.б. деп жарысу түрлерінің санын көрсетеді. Жарыс қорытындысы әр сынақ бойынша жинақталған бағалар қосындысы бойынша анықталады.
Биіктікке секіру.Биіктіктен секіру үшін спортшы ең әуелі сілтейтін және итерілетін аяқты анықтап алады. Шамамен 7-9 м жүгіретін жерін белгілейді. Әдетте, биіктікке секіретін спортшы кермеден секіруге жүгірген кезде аса жоғары жылдамдықпен бастағанымен, кермеге жақындаған кезде жылдамдық төмендейді. Себебі, спортшы секіруге дайындалады.Бүгінде биіктікке секірудің бүкіл әлемге тараған үш түрлі жаттығуы бар. Біріншісі -- аттап секіру, екіншісі -алдыға қарай аунап секіру, үшіншісі -- шалқадан жатып өту. Қазір әлем бойынша ең жоғарғы көрсеткішті -шалқадан жатып өту әдісімен орындап отыр. Оқу процесінде қолданылатын секірудің ең қарапайым түрі аттап секіру. Сабақта биіктікке секіруді осы аттап секіруден бастайды. Секірудің негізгі айла-тәсілін үйрену үшін ең әуелі дұрыс жүгіріп келгенде сілтейтін аяқ дәл шығу керек. Сілтейтін аяқты кермеге қарай созғанда тізе бүгілмеуі керек. Екіншіден, итерілетін аяқ нақтылы өз орнына түсуі керек. Яғни, негізгі мақсат -- итерілетін аяқтың қозғалысы дұрыс орындалуы керек. Сонда ғана жаттығудың орындалуы нәтижелі болады. Жаттығуды орындаушы жерге сілтеген аяғымен түседі. Кермеден сілтеген аяқ, өткеннен кейін итерілетін аяң мүмкіндік болғанша жоғары көтеріледі.
Дала жарысы.Қазақстан ауа райының жағдайына байланысты екі өңірден тұрады. Қысы жоқ жылы өңірі де, жылға жуық қары жататын солтүстік өңірі. Қысы жоқ, жылы өңірде шаңғы тебудің орнына дала жарысы өткізіледі. Дала жарысы барлық оқу орындарының дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына кіреді.
Дала жарысы -- кедергілері көп, яғни, ойлы-қырлы жерлерде өткізіледі. Жаттығушылар, болмаса жарысқа қатысушылар, ағып жатқан бұлақ суынан өтеді, секіре алмаса, айналып өтудің жолын іздейді. Өрге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеңіл атлетиканы дамыту
Жеңіл Атлетиканыі Қазақстанда дамуы
Жеңіл атлетика спортының даму тарихы
«Жеңіл атлетика оқыту әдістемесі» оқу құралы
Жеңіл атлетиканың шығу тарихы
Жеңіл атлетиканың түрлері
Жеңіл атлетиканың даму тарихы
Жеңіл атлетика түрлері
Жеңіл атлетиканың даму жолы
Жеңіл атлетика жаттығуларынының құрылымы
Пәндер